Дастан Құрманбаев
23.7K subscribers
63 photos
13 videos
4 files
16 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Суфиян ибн Динар деген (табаға табиғин) ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

Мен Әзірет Әлінің серігі Баширден:

“Маған бұрынғылардың амалын айтып берші”, — деп сұрадым. Ол:

“Олар аз амал істеп, көп сауап алатын еді”, — деді.

“Неге олай?”, — деп сұрап едім,

“Өйткені олардың пейілдері таза еді ғой!”, — деп жауап берді.

📚 Зуһд
Бақыт

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,
Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!
Мүмкін емес бұл өмірден исіну.
Болу керек ән әдемі,
Күй сұлу.
Бақыт деген бұлтты күні — жадырау —
Бақыт деген жұмыс болса — сүйсіну!
Келтіретін адам болсаң елге мін,
Неге керек босқа өмірге келгенің!
Бақыт егер байлық болса — бергенің,
Керек болса — Отан үшін өлгенің!
Өмір мына лыпып тұрған ұстара.
Өлім келсе,
Қай туысың түсті ара?!
Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың
Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!

Қадыр Мырза Әлі
Ақылы аздың ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.

Халық даналығы
Арам жолмен бір дирхам алмау — жүз мың дирхам садақа бергеннен жақсы!

Табиғин ғұлама Мәлик ибн Динар (Алла рахымына алсын)

📚 Әл-Мажалис уа Жауаһир әл-Ғилм

📌 Күнәні, харамды тәрк ету де ғибадат және ғибадаттың ең үлкені!
Сиқырды қайтаруға ең жақсы көмектесетін нәрсе ол — пайғамбарымызға ﷺ
Алла Тағаланың Өзі үйреткен нәрсесі, яғни “Фәләқ”, “Нәс” сүрелері.

Тәпсір ғалымы Ибн Касир (Алла рахымына алсын)
Бақытты адам — иманын сақтауға, күшейтуге көмектесетін әйелі бар адам.

Хадис ғалымы Ибн Ражаб (Алла рахымына алсын)
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Расында, нәпсі жамандыққа бұйырушы. Аллаға бойсұнуда ол саған қарсы келсе, сен де оған күнәлі істе қарсы шық!

Хасан әл-Басри ( Алла рахым етсін)
Жұмсақтықтан жұрдай адам — барлық жақсылықтан мақұрым қалады!

📚 Хадис
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!».

«Қасас» сүресі, 24 аят.

©️ Мұса пайғамбардың дұғасы.
Ғалымдарымыз салиқалы жар табу үшін де осы дұға оқылатынын айтқан.

Өйткені келесі аятта былай делінді:

«Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің бірі имене келді…». (Қасас 25-аят)

#бойдақтарға
Осыдан сан ғасыр бұрын “Арақ — барлық жамандықтың бастауы” деп пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ айтып кеткен жоқ па?! Ішкен адам ақылынан адасады. Ақылынан адасқан соң айуандықтың барлық түріне барады: қатынын өлтіреді, жақынын зорлайды т.б.. Оның харам болуының да себебі сол, ақылдан адастыруы ғой…
Сол сияқты “ақылдан адастыру” деген сипаты бар ішетін, шегетін, иіскейтін т.б. заттардың барлығы да шариғаттағы “қияс” жолымен харам етіледі ‼️
Өз басына келмейінше, бәрі де ақыл айтқыш.

Мысырлық жазушы, ақын Аббас әл-Аққад
Ақиреттің “мәһірі” азғантай! Бар болғаны ықыласты жүрек пен зікір етуші тіл.

Әбул-Фараж Ибн әл-Жаузи (Алла рахымына алсын)
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Кімде-кім біреуден қарыз аларда қайтармаймын деген ойда болса, Алла Тағаланың алдына ұрлықшы болып барады”.

📚 Әт-Тарғиб уат Тарһиб
Тәубе деген — өкіну!

📚 Хадис. Ибн Мәжә
Ел айырылса көбіне бар,
Жол айырылса кеңіне түс.

Мақал
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бірі: қажы – бес парыздың – бай адамға,
Төрт түлік төңірегі сай адамға.
Парыз емес уақа жоқ бармаса да,
Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға.
Пайғамбар: «Байлар қажыға жүрсін!» – депті,
«Мені келіп үмбетім көрсін!» – депті.

Мәшһүр Жүсіп
Forwarded from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім

Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!)

Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ.

Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық.

[Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті.

[Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?!

Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз).

“Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған.

Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары.

Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған.

Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?!

Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)!

Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді.

“Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх…

Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік.

1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған).

2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан.

3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар.

4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.)

5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар.

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық.

Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген.

Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂

Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес!

Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым).

#панказахизм