Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Жесең ғибадат, жемесең де ғибадат. Ішсең ғибадат, ішпесең де ғибадат. Ұйықтасаң ғибадат, ұйықтамасаң да ғибадат. Ораза нендей керемет ғибадат.
Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)
Рамазан айына төрт көзіміз түгел жетуді Алла нәсіп етсін!
Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)
Рамазан айына төрт көзіміз түгел жетуді Алла нәсіп етсін!
Сүлейменнің құсы бір қауымның Ислам қабылдауына себепкер болды. Ал бір түйір құмырсқа Сүйлеймен әскерінің бағытын бұрды. Сол сияқты қарға Адамның балаларына жерлеуді үйретті. Кит Юнус пайғамбарға қамқор болды. Піл Қағбаны қиратудан бас тартты. Кей адамдар малдан да төмен деген осы шығар…
📚 Та-әммуләт
📚 Та-әммуләт
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Қадір Мырза Әлі
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Қадір Мырза Әлі
Ең жақсы адам — басқаларға пайдасы ең көп тиетін адам.
Хадис
Хадис
Forwarded from Абылай Кенжалы
Кітап сыйлау күні 14-ақпан болса, кітап оқу күні – қалған 364 күн. Кітап оқу күні деген арнайы мереке жоқ. Әрбір күн – кітап оқу күні.
Кітап сұрауды біледі, бірақ оқуды білмейтін адамдардың қатарынан болып қалма)
Кітап сұрауды біледі, бірақ оқуды білмейтін адамдардың қатарынан болып қалма)
Әркіммен бір әзілдесе берме. Әйтпесе айбатың кетеді және ақымақтар басыңа шығады.
Сәдуақас сахаба
Сәдуақас сахаба
Әзірет Омар рамазан айы келгенде “Қош келдің, күнәларымыздан тазартатын ай!” деп айтады екен.
Егер рамазан айында күндіз ораза ұстай алмасаң, түнде (тарауих) намаз оқи алмасаң — күнәларына бұғауланған мақұрым болғаның.
Хасан Басри
Хасан Басри
Күнәні көп істеп, тіпті күнәларың аспанға жетсе де, тәубе етсеңдер Алла кешіреді.
Хадис. Ибн Мәжә
Хадис. Ибн Мәжә
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Исламдағы ғибадаттар адамды белгісіз бір тылсым дүниелермен байланыстыратын, мәні жоқ, мағынасы жоқ іс-қимылдарды талап ететін түсініксіз жоралғылар емес. Ол — адамды жақсы қасиеттерге баулитын, қандай жағдай болса да сол қалпынан таймауға жаттықтыратын діни парыздар.
Мұхаммед Ғазали “Мұсылманың мінезі”
Мұхаммед Ғазали “Мұсылманың мінезі”
Бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді:
“Мен намазды тек
• Менің ұлықтығымның алдында бас иген,
• Менің құлдарыма жоғарыдан қарап тәкаппарланбаған,
• күнә істеп Маған қасарысыпаған,
• күні бойы мені зікір еткен,
• кедейлерге, жолда қалған жандарға, жесірлерге мейірім көрсеткен,
• қайғыға душар болғандарға жаны ашып, қамқорлық қылғандардан ғана қабыл етемін”.
Әл-Баззар
“Мен намазды тек
• Менің ұлықтығымның алдында бас иген,
• Менің құлдарыма жоғарыдан қарап тәкаппарланбаған,
• күнә істеп Маған қасарысыпаған,
• күні бойы мені зікір еткен,
• кедейлерге, жолда қалған жандарға, жесірлерге мейірім көрсеткен,
• қайғыға душар болғандарға жаны ашып, қамқорлық қылғандардан ғана қабыл етемін”.
Әл-Баззар
Ұсама деген сахаба әңгімелейді: Біз Пайғамбардың ﷺ алдында бейне бір төбесінде құс қонып тұрған адамдай қозғалмай, бірде біреуіміз үндемей (уағызын ұйып тыңдап) отырған едік. Бір кезде бір топ адам келді де: “Алланың құлдарының ішінде Аллаға ең қатты ұнайтыны кімдер?”, — деп Пайғамбарға ﷺ сұрақ қойды. Сонда ол кісі оларға: “Мінезі ең жақсылары”, — деп жауап берді.
Табарани
Табарани
Ғалымдар айтады: “Ақылдың” мағынасы — ұстау. Кім мына үш жағдайда өз-өзін ұстай алса ақылды болғаны:
1. Күнәні қалап тұрғанда;
2. Ашуланып тұрғанда;
3. Басына қайғы келгенде;
1. Күнәні қалап тұрғанда;
2. Ашуланып тұрғанда;
3. Басына қайғы келгенде;
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың, ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Абай
Сұм нәпсiң үйiр болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың, ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Абай
Кейде бір адамның бойындағы мінездер бір-біріне қеріағар болып жатады. Ал енді екі адамның мінезі араласқанда қарама-қайшылық болмауы мүмкін бе? Сол үшін де Құранда: “Біз сендерді бір-біріңе сынақ еттік. Сабыр етесіңдер ме?”, — дейді. (“Фұрқан” сүресі, 20-аят)
#отбасы_тағылымы
#отбасы_тағылымы
“Жүрек көзден жақсы көреді, ал ақыл екеуінен де қатты көреді”.
ليطمئن قلبي романынан
ليطمئن قلبي романынан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Егер жүрек Жаратушысына деген махаббаттан босаса, оның орнын нәпсі қалауларына, дүниенің қызықтарына деген құмарлық басады. Өйткені жүрек айна сияқты: айнада әйтеуір бір нәрсенің бейнесі тұратынындай, жүректе де әрқашан бір нәрсеге махаббат болады.
“Адам және Алланың Жердегі әділдігі” кітабынан
“Адам және Алланың Жердегі әділдігі” кітабынан