Дастан Құрманбаев
21.8K subscribers
56 photos
15 videos
4 files
21 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Барлығымыз әлдебір нәрсені Алла Тағаладан ұзақ уақыт бойы сұрап келе жатырмыз. Бірақ берер емес. Бар ғой сондай нәрсеміз?! Сондай кезде шайтан бізді азғырады. “Қаншама уақыттан бері сұрап жатсың! Берген жоқ қой! Несіне сұрай бересің?!” деген сияқты ойларды салады. Әбул-Фараж Ибн әл-Жаузи деген ғалым айтады, сен ол кезде Ібіліске былай деп айт: “Мен Алла Тағалаға “дұға” деген ғибадат жасап жатырмын!”.

📚 Сайд әл-Хатир

Шын мәнінде, дұға ол — ғибадат. Сұрағаныңды беру де, бермеуі де мүмкін. Бірақ ғибадатыңды қабыл етері анық! Сондықтан да Пайғамбарымыз (ﷺ): “Қабыл ететініне кәміл сеніп тұрып дұға қылыңдар”, — дейді.
Сиқырдан сақтайтын аят ‼️

مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللَّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللَّهَ لَا يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ

мә житум биһис сихру инналлаһа сәйубтилуһу инналлаһа лә йуслиху ъамәләл муфсидиин

Әкелгендеріңнің бәрі таза сиқыр. Алла сиқырларыңды түкке тұрғысыз етеді (нағыз көз бояушылық екенін баршаға білдіреді). Өйткені Алла лаң салушы бұзғыншылардың ісін әсте оңғармайды

Баяғының ізгілерінің айтуынша, жатар алдында осы аятты оқып жатқан адамға сиқыршының кесірі тимейді. Тіпті сиқыршылар оны сиқырлағысы келіп бірдеңе істесе де, Алла Тағала оның бетін қайтарып тастайды. (“Юнус” сүресі, 81-аят)

📚 Тәфсир әл-Қуртуби, 8/368
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үш жер бар. Олар жерде ешкім ешкімді ойламайды: біріншісі, Мизанда (таразыда). Істеген істер өлшеніп, таразының ауыр не жеңіл екенін білмейінше. Екіншісі, амал дәптерлері қолға берілер кезде, дәптерінің оңынан ба, әлде солынан ба немесе артынан ба, оны білмейінше. Үшіншісі, тозақтың үстіне Сырат көпірі құрылғанда. Көпірдің екі жағында көптеген ілмектер мен қатты тікендер болады. Міне, адам бұл ілмектерден құтылып, құтылмайтынын білмейінше ешкімнің қамын жеп, өзгені ойлай алмайды.

📚 Хадис. Ибн Хиббан
Ибрахим әт-Тайми деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

“Мына екі нәрсені ойлау мені дүниенің ләззатынан айырды: өлім мен Алла Тағаланың алдында (есеп беруге) тұратын кезім”.

📚 Қуртуби. Тәзкира
Айша анамыз айтады (Алла разы болсын):

“Күнәні азайтыңдар! Расында Алла Тағаланың алдына аз күнәмен барудан абзал іс жоқ”.

Күнәнің азаюы өз кезегінде жүректің тазаруын, жұмсаруын және мейірімге толуына қамтамасыз етеді.

Макхул деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

Жүрегі ең жұмсақ адам — күнәсі ең аз адам.

📚 Ахмад. Зухд
Алла Тағаланың құлдарына берген ең үлкен нығметі — “Ләә иләәһә илләллаһты” ұғындырғаны.

Суфиян ибн Ғуяйна

📚 Хилият әл-Аулия
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Шамаң келген барлық жақсылықты жаса. Себебі жәннатқа кіруіңе қай жақсылық себеп боларын білмейсің.

Шамаң келген барлық жамандықты таста. Себебі сені тозаққа түсіретін қай жамандық екенін білмейсің.

©️ Абу Хасан әл-Зәйят رحمه الله
“Шешендіктің шегі — кісінің көңіліне тимей сөз айту”.

Бақа би Айбекұлы (1827-1911)
Forwarded from Иса ұстаздың әлемі🫀
Для сторис:)
Имам Әбу Ханифа (Алла разы болсын) бір шәкіртіне айтқан өсиетінде: “Киіміңді жаңартып жүр және иіс майларын (парфюм) көп пайдалан”, — деген екен.

Осы жердегі “жаңартып жүр” дегенін “түрлендіріп ки, яғни әр түрден, түстен ауыстырып киетін бірнеше киімің болсын” деп түсіндім. “Адам көркі шүберек” дегендей, киген киімің жаңалығымен, тазалығымен ажарыңды ашып, өн бойыңа көрік беріп тұрса, сөзің де салмақты, ісің де тиянақты көрінбей ме?!
Киімі жарасып, үстінен хош иіс аңқып тұрған адамға адам түгіл періштенің өзі үйір болмай ма?!