Дастан Құрманбаев
21.8K subscribers
56 photos
15 videos
4 files
21 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Алла Тағала дүниесі үшін еңбек етіп, бірақ ақиретінен бейқам жүрген адамды жақтырмайды.

📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол.

Абай
Кейінгі буын сахабалардың айтатын бір сөзі бар: “Боз бала күнімізде Пайғамбардың тәрбиесінде болдық. Ол бізге Құраннан бұрын иманды үйретті. Сосын барып Құранды үйретті. Сонда біздің иманымыз одан сайын арта түсті”. (Ибн Мәжә)

Міне, осы сахабаларды, олардың көзін көрген табиғиндер мен табиғиндердің ізіне ерген табаға-табиғиндерді “сәләф” (бұрынғылар) дейді. Өйткені олар жоғарыда баяндалған діни тәлім беру жүйесін көрген кісілер еді. Оларға Пайғамбардың өзі “ең жақсы буын” деп ерекше баға берген және олай болуының себебін “бұлардан кейін өтірікші, опасыз мұсылмандар шығады” деп түсіндірген. Одан бөлек “Құран оқиды, бірақ Құран олардың өңештерінен ары қарай өтпейді”, “сендердікінен де (сахабаларға айтып жатыр) жақсы қылып намаз оқиды, бірақ оқтай атылып діннен қалай тез шығып кеткенін өздері де білмей қалады” деген хадистерді көптеп кездестіруге болады…

Хәкім Абай айтады:
“Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол”.

Иман не, Ислам не, мұсылман кім екенін білмейтін, бірақ қауға сақал қойып алып, бес уақыт намаз оқитын адам әуелі “имандылықты”, яғни иманның талаптарын үйренуі керек. Әйтпесе “Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол”.

Ал иманның талабы не еді? Оны Пайғамбарымыз “Қайда болсаң да, Құдайдан қорқуың және адамдардың барлығына көркем мінезді болуың” деп шегелеп тұрып айтып кеткен. (Бұхари)

“Мұсылман деген кім?” десең, хадисте оның да жауабы бар: “Мұсылман деген — басқа адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам”. (Бұхари)

Кінәрат Құран мен хадисте емес, сол Құран, хадиспен жүреміз немесе бұрынғы “сәләфтің” жолымен жүреміз деп айтып, бірақ іс жүзінде нәпсінің жетегінде жүретін білімсіз, имансыз мұсылмандарда болып отыр ғой…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Барлығымыз әлдебір нәрсені Алла Тағаладан ұзақ уақыт бойы сұрап келе жатырмыз. Бірақ берер емес. Бар ғой сондай нәрсеміз?! Сондай кезде шайтан бізді азғырады. “Қаншама уақыттан бері сұрап жатсың! Берген жоқ қой! Несіне сұрай бересің?!” деген сияқты ойларды салады. Әбул-Фараж Ибн әл-Жаузи деген ғалым айтады, сен ол кезде Ібіліске былай деп айт: “Мен Алла Тағалаға “дұға” деген ғибадат жасап жатырмын!”.

📚 Сайд әл-Хатир

Шын мәнінде, дұға ол — ғибадат. Сұрағаныңды беру де, бермеуі де мүмкін. Бірақ ғибадатыңды қабыл етері анық! Сондықтан да Пайғамбарымыз (ﷺ): “Қабыл ететініне кәміл сеніп тұрып дұға қылыңдар”, — дейді.
Сиқырдан сақтайтын аят ‼️

مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللَّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللَّهَ لَا يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ

мә житум биһис сихру инналлаһа сәйубтилуһу инналлаһа лә йуслиху ъамәләл муфсидиин

Әкелгендеріңнің бәрі таза сиқыр. Алла сиқырларыңды түкке тұрғысыз етеді (нағыз көз бояушылық екенін баршаға білдіреді). Өйткені Алла лаң салушы бұзғыншылардың ісін әсте оңғармайды

Баяғының ізгілерінің айтуынша, жатар алдында осы аятты оқып жатқан адамға сиқыршының кесірі тимейді. Тіпті сиқыршылар оны сиқырлағысы келіп бірдеңе істесе де, Алла Тағала оның бетін қайтарып тастайды. (“Юнус” сүресі, 81-аят)

📚 Тәфсир әл-Қуртуби, 8/368
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үш жер бар. Олар жерде ешкім ешкімді ойламайды: біріншісі, Мизанда (таразыда). Істеген істер өлшеніп, таразының ауыр не жеңіл екенін білмейінше. Екіншісі, амал дәптерлері қолға берілер кезде, дәптерінің оңынан ба, әлде солынан ба немесе артынан ба, оны білмейінше. Үшіншісі, тозақтың үстіне Сырат көпірі құрылғанда. Көпірдің екі жағында көптеген ілмектер мен қатты тікендер болады. Міне, адам бұл ілмектерден құтылып, құтылмайтынын білмейінше ешкімнің қамын жеп, өзгені ойлай алмайды.

📚 Хадис. Ибн Хиббан
Ибрахим әт-Тайми деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

“Мына екі нәрсені ойлау мені дүниенің ләззатынан айырды: өлім мен Алла Тағаланың алдында (есеп беруге) тұратын кезім”.

📚 Қуртуби. Тәзкира
Айша анамыз айтады (Алла разы болсын):

“Күнәні азайтыңдар! Расында Алла Тағаланың алдына аз күнәмен барудан абзал іс жоқ”.

Күнәнің азаюы өз кезегінде жүректің тазаруын, жұмсаруын және мейірімге толуына қамтамасыз етеді.

Макхул деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

Жүрегі ең жұмсақ адам — күнәсі ең аз адам.

📚 Ахмад. Зухд
Алла Тағаланың құлдарына берген ең үлкен нығметі — “Ләә иләәһә илләллаһты” ұғындырғаны.

Суфиян ибн Ғуяйна

📚 Хилият әл-Аулия
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Шамаң келген барлық жақсылықты жаса. Себебі жәннатқа кіруіңе қай жақсылық себеп боларын білмейсің.

Шамаң келген барлық жамандықты таста. Себебі сені тозаққа түсіретін қай жамандық екенін білмейсің.

©️ Абу Хасан әл-Зәйят رحمه الله
“Шешендіктің шегі — кісінің көңіліне тимей сөз айту”.

Бақа би Айбекұлы (1827-1911)
Forwarded from Иса ұстаздың әлемі🫀
Для сторис:)