“Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт. Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт” дейді халық даналығында.
Баланың көзінше әйеліне “анау бол, мынау бол” деп кемшілігін тізіп айта берсе оны көрген баланың алдында анасының қадірі қандай болмақ?! Баланың шешесін қадірлемеуі осыдан шығады...
Ал баланың сана-сезімі, намысы, ұяты, жігері қалыптасып өсіп келе жатқанда айыбын ел көзінше жерге тығып айта берсе жас өскіннің сағы сынбай ма екен?! Өзіне деген сенімділігі төмендемей ме екен?! Жасықтық осыдан шығады...
#деген_екен

Әбу Жағфар әт-Табари деген ғалым өлім аузында жатқан кезде қасындағылар бір сахабадан қалған дұғаны оқиды. Ғалым оны ести сала қағаз, қаламын алдырып жазып алады. Сонда адамдар “осындай хәлде жатқаныңда мұның саған не қажеті бар?” деп сұрайды. Бұл сұраққа ғалым “Адам білім алуды өле-өлгенше тастамауы керек!” деп жауап береді.
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
Ертеректе Басра мешітінің имамы болған Фарқат деген ғалым әйгілі (табаға табиғин) ғұлама Суфиян әс-Саури ауырып қалыпты деген хабарды естіп, көңілін сұрап барады. Барса, ғұлама қатты ауырып өлім аузында жатыр екен. Бір кезде көңілін сұрап келгендердің біреуі бір хадис айтады. Ол хадис Суфиян әс-Сауриге ұнап қалады да, дереу төсегінің астынан қағаз, қаламын шығарып жазып алады. Айналасындағы адамдар “Осындай жағдайда жатып несіне әуре боласыз?” дейді. Сонда ғұлама “Жақсы емес пе?! Тірі қалсам жақсы нәрсе естіген болам, өлсем жақсы нәрсе жазып кеткенім болам” деген екен.
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
Адамның бойындағы Алла Тағала жақсы көрмейтін (Құранда аталған) 8 жаман қасиет:
1. Алла кәпірлерді жақсы көрмейді. 3:32
2. Өркөкірек тәкаппарларды ұнатпайды. 16:23
3. Өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды. 7:31
4. Алла ашық айтылған көңілге дақ түсіретін ауыр сөзді еш ұнатпайды. 4:148
5. Шүбәсіз, Алла шектен шығатындарды жақсы көрмейді. 2:190
6. Алла (аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылған һәм өзгелерді Өзіне серік етіп қосқан) залымдарды жақсы көрмейді. 3:57
7. Шүбәсіз, Алла опасыздарды мүлде ұнатпайды. 8:58
8. Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды. 31:18

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЖЫЛЫҚ (ҚҰДСИ ХАДИС)
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.у.) былай деген: Алла Тағала «Қандайда бір құлымның деніне саулық берсем, ризығын мол етсем, бірақ ол бес жылда бір рет Маған келмесе, онда ол сөзсіз мақрұм қалады» деп айтты.
(Хадисті Әбу Яғла «Сунанында» және Ибн Хиббан сенімді тізбекпен келтірген)
Қажылық – қадым заманнан келе жатқан көне ғибадат. Қажылық дегеніміз – Жер бетіндегі ең бірінші тұрғызылған Үйге барып, Алла тағалаға құлшылық ету.
Ол – Исламның бес қазығының бірі, өмірінде бір рет болса да оны орындауға шамасы жететін мұсылманның парызы.
«Қандайда бір құлымның деніне саулық берсем…», яғни әрқандай ауру-сырқаттардан аман қылып, қажылық сияқты ғибадаттарды атқаруға жететін денсаулық берсем дегені. Бірақ пенде Алла тағаланың берген денсаулығын және басқа да нығметтерін Оған ғибадат қылуға емес күнә жасауға пайдаланса, онысы шүкіршілік емес күпіршілік болады. Құран Кәрімде: «Алланың нығметін күпірлікке айырбастап, өз қауымдарын жермен-жексен болатын мекенге орнықтырғандарды көрдің бе? [1]», – деген. Кейбір ғалымдар аяттағы «күпірлікке айырбастап» дегенді «Алланың нығметтерін күнә жасауға пайдаланып [2]» деп тәпсірлеген. Егер пенде өзіне берілген денсаулық, бос уақыт, байлық т.б. нығметтерді ғибадат қылуға пайдаланса, онда Алла Тағалаға шүкірін (рахмет, алғысын) ісімен көрсеткен болады. Сол үшін де пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Не үшін аяқтарың іскенше намаз оқисың?» деп сұрағанда «Шүкіршіл құл болмаймын ба? [3]» деп жауап берген.
«Ризық-несібесін мол етсем…», яғни күнделікті тұрмыс-тіршілігінен артылатындай, ұмра, қажылық рәсімдерін атқаруына жететіндей мөлшерде ризық-несібе берсем дегені. Бұл бір жағынан, қажылық рәсімін атқарушыға қойылатын талаптарға жатады. Себебі ол Меккеге барып-қайтқанша қатын, бала-шағасының жеткілікті нәпақаларының болуы шарт. Сахабалар «Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы [4]» деген аяттағы «шамасы жету» туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Көлік пен керек-жарақ [5]» деп түсіндірген. Яғни, өзінің барып-қайтуына жарайтын көлігі мен керек жарағы және қатын, бала-шағасының нәпақасы.
«Бірақ ол бес жылда бір рет Маған келмесе…», яғни дәл осындай дені сау, ризық-несібесі мол күйде бес жыл сүріп, бірақ қасиетті Меккеге қажылық не ұмра [6] рәсімін атқаруға келмесе дегені. Хадисте «Маған келмесе» деп айтылуының себебі, қажы – Алланың қонағы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қажылық пен ұмра жасаушылар – Алланың қонақтары. Егер олар дұға қылса, дұғалары қабыл болады. Егер кешірім тілесе, күнәлары кешіріледі [7]» деп айтқан. Тағы бір хадисте «Алланың қонақтары үшеу – Алла жолында соғысқан жауынгер, қажылық жасаушы және ұмра жасаушы [8]» деп айтылған.
«Онда ол сөзсіз мақрұм қалады», яғни қажылық не ұмра ғибадаттары үшін берілетін көп жақсылықтардан құр қалады дегені. Имам әл-Мунауи оның себебін «Раббсына деген махаббатының жоқтығынан» деп түсіндірген. Яғни, барлық мүмкіндігі бола тұра қасиетті мекенге бармаған адамның іс-әрекетін жүрегінде Алла тағалаға деген махаббатының жоқтығының немесе аздығының белгісіне балаған. Бұндай адамның құр қалатын жақсылықтарының ең үлкені – күнәларынан тазару мүмкіндігі. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кім Алла (ризалығы) үшін қажылық жасап, (рәсімді атқару барысында) жаман сөздер мен істерден аулақ болса, анасынан жаңа туғандай (күнәдан пәк) күйде оралады [9]» деп айтқан.
Шариғат бойынша, 1) балиғат жасына толған, 2) ақыл-есі дұрыс, 3) дәулетті мұсылманға өмірінде бір рет қажылық рәсімін атқару – парыз. Бес жылда бір рет қажылық не ұмра рәсімдерін атқару – мустахаб (ұнамды іс).
1. Құран 14:28;
2. Ж. Әл-Қасими. Әл-Уағз әл-матлуб мин қути әл-Қулуб, 136-б;
3. Әл-Бухари, Муслим;
4. Құран 3:97;
5. Әл-Хаким, әл-Байхақи.;
6. Ұмра – кіші қажылық. Қажылықтың бұл түрі ешкімге парыз емес. Ол Пайғамбардың (с.а.у.) сүннеті. Оны әркім ерік-қалауы бойынша, сауап үшін, Алла Тағаланың ризалығы үшін істейді;
7. Ибн Мәжә;
8. Ән-Насаи;
9. Әл-Бухари, Муслим.

Алла Тағала дүниесі үшін еңбек етіп, бірақ ақиретінен бейқам жүрген адамды жақтырмайды.
📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол.
Абай
Пендеге иман өзі ашады жол.
Абай
Кейінгі буын сахабалардың айтатын бір сөзі бар: “Боз бала күнімізде Пайғамбардың тәрбиесінде болдық. Ол бізге Құраннан бұрын иманды үйретті. Сосын барып Құранды үйретті. Сонда біздің иманымыз одан сайын арта түсті”. (Ибн Мәжә)
Міне, осы сахабаларды, олардың көзін көрген табиғиндер мен табиғиндердің ізіне ерген табаға-табиғиндерді “сәләф” (бұрынғылар) дейді. Өйткені олар жоғарыда баяндалған діни тәлім беру жүйесін көрген кісілер еді. Оларға Пайғамбардың өзі “ең жақсы буын” деп ерекше баға берген және олай болуының себебін “бұлардан кейін өтірікші, опасыз мұсылмандар шығады” деп түсіндірген. Одан бөлек “Құран оқиды, бірақ Құран олардың өңештерінен ары қарай өтпейді”, “сендердікінен де (сахабаларға айтып жатыр) жақсы қылып намаз оқиды, бірақ оқтай атылып діннен қалай тез шығып кеткенін өздері де білмей қалады” деген хадистерді көптеп кездестіруге болады…
Хәкім Абай айтады:
“Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол”.
Иман не, Ислам не, мұсылман кім екенін білмейтін, бірақ қауға сақал қойып алып, бес уақыт намаз оқитын адам әуелі “имандылықты”, яғни иманның талаптарын үйренуі керек. Әйтпесе “Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол”.
Ал иманның талабы не еді? Оны Пайғамбарымыз “Қайда болсаң да, Құдайдан қорқуың және адамдардың барлығына көркем мінезді болуың” деп шегелеп тұрып айтып кеткен. (Бұхари)
“Мұсылман деген кім?” десең, хадисте оның да жауабы бар: “Мұсылман деген — басқа адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам”. (Бұхари)
Кінәрат Құран мен хадисте емес, сол Құран, хадиспен жүреміз немесе бұрынғы “сәләфтің” жолымен жүреміз деп айтып, бірақ іс жүзінде нәпсінің жетегінде жүретін білімсіз, имансыз мұсылмандарда болып отыр ғой…

Барлығымыз әлдебір нәрсені Алла Тағаладан ұзақ уақыт бойы сұрап келе жатырмыз. Бірақ берер емес. Бар ғой сондай нәрсеміз?! Сондай кезде шайтан бізді азғырады. “Қаншама уақыттан бері сұрап жатсың! Берген жоқ қой! Несіне сұрай бересің?!” деген сияқты ойларды салады. Әбул-Фараж Ибн әл-Жаузи деген ғалым айтады, сен ол кезде Ібіліске былай деп айт: “Мен Алла Тағалаға “дұға” деген ғибадат жасап жатырмын!”.
📚 Сайд әл-Хатир
Шын мәнінде, дұға ол — ғибадат. Сұрағаныңды беру де, бермеуі де мүмкін. Бірақ ғибадатыңды қабыл етері анық! Сондықтан да Пайғамбарымыз (ﷺ): “Қабыл ететініне кәміл сеніп тұрып дұға қылыңдар”, — дейді.

Сиқырдан сақтайтын аят ‼️
مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللَّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللَّهَ لَا يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ
мә житум биһис сихру инналлаһа сәйубтилуһу инналлаһа лә йуслиху ъамәләл муфсидиин
Әкелгендеріңнің бәрі таза сиқыр. Алла сиқырларыңды түкке тұрғысыз етеді (нағыз көз бояушылық екенін баршаға білдіреді). Өйткені Алла лаң салушы бұзғыншылардың ісін әсте оңғармайды
Баяғының ізгілерінің айтуынша, жатар алдында осы аятты оқып жатқан адамға сиқыршының кесірі тимейді. Тіпті сиқыршылар оны сиқырлағысы келіп бірдеңе істесе де, Алла Тағала оның бетін қайтарып тастайды. (“Юнус” сүресі, 81-аят)
📚 Тәфсир әл-Қуртуби, 8/368

Үш жер бар. Олар жерде ешкім ешкімді ойламайды: біріншісі, Мизанда (таразыда). Істеген істер өлшеніп, таразының ауыр не жеңіл екенін білмейінше. Екіншісі, амал дәптерлері қолға берілер кезде, дәптерінің оңынан ба, әлде солынан ба немесе артынан ба, оны білмейінше. Үшіншісі, тозақтың үстіне Сырат көпірі құрылғанда. Көпірдің екі жағында көптеген ілмектер мен қатты тікендер болады. Міне, адам бұл ілмектерден құтылып, құтылмайтынын білмейінше ешкімнің қамын жеп, өзгені ойлай алмайды.
📚 Хадис. Ибн Хиббан
📚 Хадис. Ибн Хиббан
Ибрахим әт-Тайми деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):
“Мына екі нәрсені ойлау мені дүниенің ләззатынан айырды: өлім мен Алла Тағаланың алдында (есеп беруге) тұратын кезім”.
📚 Қуртуби. Тәзкира

Айша анамыз айтады (Алла разы болсын):
“Күнәні азайтыңдар! Расында Алла Тағаланың алдына аз күнәмен барудан абзал іс жоқ”.
Күнәнің азаюы өз кезегінде жүректің тазаруын, жұмсаруын және мейірімге толуына қамтамасыз етеді.
Макхул деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын):
Жүрегі ең жұмсақ адам — күнәсі ең аз адам.
📚 Ахмад. Зухд

Алла Тағаланың құлдарына берген ең үлкен нығметі — “Ләә иләәһә илләллаһты” ұғындырғаны.
Суфиян ибн Ғуяйна
📚 Хилият әл-Аулия
Суфиян ибн Ғуяйна
📚 Хилият әл-Аулия