DALA INSIDE
15.3K subscribers
369 photos
117 videos
1 file
934 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💥 Көлгінов тергеуге барып жүр

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Антикор тергеушісіне аптасына бір рет барып, сұрақтарына жауап беріп келеді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Экономикалық қылмыстар бойынша тергеушіні Алтай Сейдірұлының Астана қаласын басқарған кезіндегі бірнеше ірі жобасы, әсіресе коммуналды шаруашылық пен отын-энергетика саласындағы қабылдаған шешімдері қызықтырып отыр.

Қазір Көлгінов Қазақстан аумағын тастап ешқайда шыға алмайды.

2016 жылдан бастап Алтай Көлгінов үлкен өңірлер мен қалаларға әкім бола бастады. Алдымен Батыс Казақстан облысын басқарса, 2019-2022 жылдары Астана қаласына әкім болды. 2022 жылдың аяғында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына дейін шарықтады. Алайда жарты жыл өтпей, 2023 жылдың жазында барлық лауазымынан айрылды.

Көлгіновке айып тағыла ма? Ол жағы белгісіз. Тіпті куәгер ретінде аман қалуы да мүмкін. Қазір тергеушілер әр эпизодты майшаммен қарауда.

DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Гульжан Ергалиева, кто вы такая?..

Таяуда Алматының орыстілді тұрғыны Гульжан Ергалиева өзінің желідегі парақшасында «Мұндай нақұрыстарды не істеуге болады?» деп айналасына сұрау тастап, пост жазыпты.

Бұл жолы Гүлекең «нақұрыс-идиот» деп өзі жылдар бойы күресіп жүрген ескі билікті емес, екі қолға бір жұмыс таппай Алматының іргесін паналап, күнелтіп жүрген ауыл қазағына сын садағын бағыттапты.

Бұдан кейін біздің де талағымыз тарс айырылды. Өйткені біз де Гүлекең айтқан «нақұрыс-идиоттардың» біріміз. Қалаға сіңіскенімізге бар болғаны 5-10 жылдың жүзі болған шығар. Сондықтан талай қазақ апамыздың сөзін өз ауласына лақтырылған тас ретінде қабылдағаны анық.

Сонда Ерғалиқызын не мазалайды дейсіз ғой? Оның ойынша Алматының айналасы ауыр және қорқынышты конгломератқа толып кетіпті.

Апамыздың ойынша мұндай “жат элементтер” еліміздің абыройын асқақтатқан чемпиондарды танымаса, пышақтап өлтіре салудан тайынбайды-мыс. Бұл жерде алжасқан Ергалиева мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімін меңзеп тұрғанын түсіндік.

Бірақ Денис Тен Алматының шетінде емес, қаланың қақ ортасында пышақталмады ма? Бұған Алматының айналасындағы елді-мекен тұрғындарының не қатысы бар? Түсініксіз?..

Айтпақшы, апамыз өз жазбасында ауыл қазағын маргинал қылмыскерге теңейді, оларды көргенде “ақымақтардың армиясын” көргендей болады екен. Қарапайым ауыл қазағы Гүлекең өшігетіндей не істеп қойды? Сол жағын ұқпадық. Бірақ мұны жайдан-жай қалдыруға болмайды.

Бұдан кейін апаймыз ауыл қазағын ары қарай тағы айыптай түседі.

– Бұл ақымақтар автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, соның кесірінен аялдамада тұрған қарапайым адамдар қаза тапты. Қаланың шетінде осындай бейадамдар көп қоныстанған – олар егеуқұйрық сияқты өмір сүреді. 50 шаршы метр бөлмеде 30 адам болып тұра береді (құдды солардың үйіне күнде барып, шай ішіп жүрген адамдай гәпіріпті). Мұндай адамдар қалада күмәнді жұмыс істеп, топтасып ұрлық жасап, Алматыда субмәдениет қалыптастыруда, – деп лағып кетіпті.

Апамыздың осы сөзінен оның Рысқұлов көшесінен төмен қарай аттап баспағанына ондаған жыл болғанын байқағандай болдық.

Баяғыда жарнамалық газеттердің жылжымайтын мүлік сататын бөлімінде «ниже Рысқұлова не предлагать» деген ескертулер жүруші еді. Соны билік әрең қойдырып еді. Енді Гульжан Ергалива сол әңгімені қайта бықсытып, ауыл қазағының ар-намысын аяққа таптап отыр.

Сөз соңында алжасқан апамыз «Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік орындары мұны зерттеп, шара қолдануы қажет. Қаланың ортасындағы қоғамдық орындарға тұмсығын тықпасын, ❗️ Алматының шетіндегі өздерінің “гаремдерінен” аяғын аттап баспасын!» – деп Алматыдағы қазақтарды екіге бөліпті.

Иә, күні кеше ғана автобуста орын алған жағдай бәрімізді шошытты. Бірақ осы қайғылы оқиғаны алға тартып, тұтас ауыл қазағын тілдейтін «Гульжан Ергалиева, кто вы такая?». Бұл ел ішіндегі араздықты қоздыру емес пе? Ергалиеваның жауапқа тартылуын талап етеміз!

Нұрлан Жұмахан, арнайы DALA INSIDE үшін
🌲 Сатыбалдысыз Жаңа жыл: салафит бизнесмендерге ауыр міндет артылды

Сот Қайрат Сатыбалдыны жаңа жылға дейін босатпай қойғандықтан, ол кеше мемлекетке тағы 55,4 миллиард теңге қайтарды.

Заңсыз иеленген активтерді қайтару науқанының жылдық есебі үшін Сатыбалды берген қаржы кәдімгідей позитивті рөл ойнады. Бірақ "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдыдан кемінде тағы 120 миллиард теңге қайтаруға ниетті. Ол үшін Сатыбалдыға уақыт керек болып тұр. Себебі, ол түрмеден мүлде қайыршы болып шықпас үшін, кезінде өзі демеген, қолдаған салафит бизнесмендерге үшбу хат жолдамақ. Бизнесмендерден кемінде 40 миллиард теңге жинаса, өзінің соңғы 120 миллиард теңгелік активтерін мемлекетке бере алады.

Егер ақша келсе, Қайрат Сатыбалды шамамен наурыз мейрамына таман босап шығады деп жоспарланған. Одан кейін Сатыбалдының жүріс-тұрысы, транзакциялары Қаржы мониторингі агенттігінің толық бақылауында болады.

Әзірге оның ағымдастары "Харам Жаңа жыл" атты акциямен көзге түспек. Жер-жерде бюджет қаржысына тұрғызылған мерекелік алып шыршалар өртелетін болады. Алғашқы шырша Таразда өртелді. Енді Ақтөбе, Орал сынды қалаларда да шыршаға шабуыл жасалады деп күтілуде.

Қайрат Сатыбалды тағдыры DALA INSIDE назарында. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥚 Қазақстан "жұмыртқа кризисіне" дайындала бастады

Келесі аптада Үкімет осыған қатысты жабық кеңес өткізуді ойластырып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Елде жұмыртқа 4 ай бойы қымбаттап келеді. Өткен аптада оның қымбаттауы 0,7 пайыз көрсетіп, әдеттегі баға өсуі нормасынан екі есе асып кетті.

Бұл Ресейдегі жұмыртқа тапшылығының салдары болуы мүмкін. Ресейде қазір жұмыртқа дағдарысы белең алып отыр. Баға қымбаттағандықтан, отандық құс фабрикаларына жұмыртқаны Ресейге экспорттау өте тиімді бола бастады.

Ресей Премьері Михаил Мишустин үшін жетпей жатқан жұмыртқаны Қазақстаннан алдыру оңтайлы вариант болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте қазақтың Әлиханы қиналып қалуы мүмкін. Премьер Смайылов өткен желтоқсанда жылдық инфляция деңгейін 9,3 пайызға түсіріп, президент алдындағы уәдесін толық орындаған болатын. Ол үшін 2024 жылдың басында инфляцияны 9-9,5% коридорында ұстап отыру өте маңызды.

Жұмыртқа инфляция себетіндегі негізгі тауардың бірі. Ол күрт қымбаттаса инфляция деңгейі дереу өсе бастайды.

Қазір елімізде 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і жұмыртқамен айналысады. 2022 жылы Қазақстан 5 миллиард дана тауық жұмыртқасын өндірген болатын. 2023 жылы да шамамен осы көлемді сақтап қалды. Елдегі жұмыртқа ішкі тұтынуды жабуға әрең жетеді. Артық жұмыртқа экспортына біздің фабрикалардың қауқары жоқ.

Қазақтың Әлиханы отандық жұмыртқа нарығын барынша қорғайтын болады. Министрлер кабинетінің басты мақсаты - оның тапшылығын болдырмай, бағаны төмен деңгейде сақтап қалу.

DALA INSIDE жұмыртқа соғысының бел ортасында болады. Бізге жазылып қойыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Төңкерістің түп иесі: Назарбаевты темір тор күтіп тұр ма?..

Ескі Қазақстанның өкілдері Мағауиннің сұхбатын естіген де, елеген де жоқ.

Есесіне, Тоқаевтың "Егеменге" шыққан етектей мақаласы ескі гвардияның тарапынан мұқият синтезделіп, терең анализ жасалуда.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Назарбаев кланы "сұхбаттың салдары қандай болады?" деген сауалдың төңірегінде ойланып толғануда.

Дүйім елді дүрліктірген мақалада Тоқаев Қаңтар оқиғасының тасасында Назарбаевтың жақтастары тұрғанын мойындаған.

Осынау трагедияға триггер болған саяси шешімді кімдер қабылдағанын (Шәріпбаев & Құлыбаев) тұспалдап өткен.

Бекетаев, Байбек, Мәсімов сынды экс-президенттің шабармандары Ақорда мен Кітапханаға алма-кезек кіріп, сөз тасығанын, мұның соңы мемлекеттің шаңырағын шайқалта жаздағанын жасырмай айтқан.

Бұдан туатын логикалық сауал: өзі босатқан орынды өзі тартып алмақ болған әрі мемтөңкеріс жасауға талпынған Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Экс-президенттің ет жақындары мен сенімді серіктері түнеукүнгі сұхбаттың перспективасынан, яғни, ұзақ мерзімді қауіп-қатерінен сескенуде.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай желтоқсанның қақ ортасында кенеттен 🇷🇺 Мәскеуге жол жүрген Назарбаев Кремль көсеміне Сатыбалды мен Самат Әбіштің мәселесінен бөлек, "Қаңтар оқиғасы қайталанар болса, Тоқаевқа ара түспеу..." туралы бұйымтайын жеткізген. Пүтін бұл ұсынысты қабыл алды ма, жоқ па ол жағы жұмбақ 💬

DALA INSIDE Назарбаевтан кейін араға апта салып Петерборға аттанған Кемелұлының жүзі жүдеу, көңілі әлденеге алаң екенін аңдаған еді. Сол жолғы жиында Пүтіннен аулақ жүруге тырысқанын да Назарбаев сапарының табымен байланыстырған едік.

Қалай болған күнде ескі Қазақстан есе жібергісі жоқ. Назарбаев жақтастары "Егеменге" шыққан мақалаға жауап дайындап жатыр. Ескі гвардия Қаңтар 2.0 қайталанғанын қалайды.

Ал Жаңа Қазақстанның қолындағы жалғыз көзір - Мәсімовтың саяси эффектісі әлсірей бастады. Халық бәрінің артында тұрған "басты кейіпкерді" сұқ саусағымен көрсетуде.

Әбішұлы? Экс-президент әлі талай дүниені былықтырады. Арнамызды аңдып отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
💸 Forbes манипуляциясы. Сатыбалды Байтасовтың духын "сындырды" ма?

Қайрат Сатыбалды қайтарған ақша миллион адам тұратын Шымкенттің бір жылдық бюджетінен асып кетті. Антикор "Қайрат Сатыбалдының 650 миллиард теңгеге бағаланатын активтері қайтарылды" деп мәлімдеген. Қазіргі бағаммен бұл 1,4 миллиард доллар.

Бірақ осыншама байлығы бар Қайрат Сатыбалды неге Форбстың байлар тізімінде болған жоқ? Соңғы рет Сатыбалды бұл тізімде 2018 жылы көрінді және сол кезде оның дәулеті 163 миллион долларға ғана бағаланды.

"Қайрат Сатыбалды 2018 жылы Forbes иелеріне өте түсінікті ескерту жасады. Сатыбалды ескертуінің немен аяқталатынын "Сауат Мыңбаев трагедиясынан" бәріміз көрдік. Рейтинг жасаушылар Сатыбалдыны ашуландырғысы келмеді. Оның талабы бірден орындалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Осыдан Форбс тізіміне шынымен дәулетті, бірақ оны жария қылғысы келмейтін азаматтардың ілінбейтінін аңғаруға болады. Сондықтан оны объективті тізім деп қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат жария болғанда, бұл тізімде біз аты-жөнін ешқашан естімеген белгісіз тұлғалар да пайда болар еді.

Сатыбалдыға келсек, қайтарылған 1,4 миллиард доллар оның барлық активтері емес. Кезіндегі үзеңгілес азаматтарға да біраз нәрсе жазылып қойған. Және Сатыбалды жазасын өтеп шыққаннан кейін олар бойынша дивидендтер талап ететіні түсінікті.

Қайрат Сатыбалды ісі аясында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бірақ енді тағы бір бап қозғалып отыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.

DALA INSIDE мәліметінше "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдының сотын биылғы наурыздан қалдырмай бастап кетуге ниетті. Негізгі тергеу жұмыстары аяқталды. Қазір Прокуратура мен Сот арасында ішкі консультациялар жүруде.

DALA INSIDE бір көзі осы процестің ішінде болады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌅 Асқар Мамин саяси аренаны біржолата тастады

Қазір ол Ыстамбұлда демалып, Истикләл көшесі мен Таксим алаңында көбірек қыдыратын болған. Босфорға қарап, кешкі уақытын ойланумен өткізеді.

"Жаңа Қазақстан" тарапынан әзірге Асқар Маминге сұрақ жоқ. Сондықтан ол шетелге емін-еркін шыға алады. Ал онымен кезінде қызметтес болған көптеген шенеуіктерге Қазақстан аумағын тастауға бейресми тиым салынған. Яғни, шекарадан өткізбейді.

DALA INSIDE Асқар Ұзақбайұлын ұмытпайды. Бізге жазылып алыңыздар.

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM