DALA INSIDE
15.2K subscribers
373 photos
121 videos
1 file
983 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
👉🫦 Жүнді жүн тартты: Love Айка "досьесі" Қазақстандағы салафизмнің құдайды алдап келгенін дәлелдеп отыр

Қазақстандағы ең ірі секс-барон, беделді сутенер Love Айканың желіде тарап кеткен клиенттер тізіміндегі азаматтардың 60-70 пайызы сақалды болып шыққан. Үстінде жүні барлардың астында жүні барларға ессіз құмарлығы шариғат нормасын бұзып, ауыр күнаға батырып отыр. Ол - Зина деп аталады.

Шариғат бойынша ер азамат тек заңды некедегі жарымен жыныстық қатынасқа түсуі тиіс. Бірақ отандық салафиттер Шариғаттың осы қатаң заңын бұзып жіберген. Теологтар "Зина тозаққа апарады" дейді. Намаз оқып, күнәні жуып шайғандай болу көмектеспейді екен.

Елдегі салафизм офисі де бұл тізіммен таныс. Бірақ еш реакция бермейтін болды. Жәл..птердің "қарапайым халық" тізімінде салафиттер көп болса, VIP тізімде әншілер мен шенеуіктер өріп жүр. Не болса да, тізім айды аспанға шығарып, елдегі біраз саяси құбылыстардан назарды өзіне алып кетті.

DALA INSIDE осы тізімді әрі қарай қазуға аса құлықты да емес. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👬 Путинтану ғылымдарының докторы. Назарбаевқа жаңа жұмыс табылды

Бірнеше елдің барлау қызметі мен дипломатиялық корпустары Нұрсұлтан Назарбаевты кеңесші ретінде тарту туралы "жабық консультациялар" өткізе бастады. Нұрсұлтан Әбішұлы видеоларды қарап, қай жерде Ресей президенті Владимир Путиннің өзі, ал қай жерде оның сыңары (двойник) болғанын анықтап беруі тиіс. Назарбаев Путинды 2000 жылдан бері өте жақсы зерттеді. Олар 20 жыл бойы жылына бірнеше рет кездесіп жүрді. Сондықтан бұл жұмыс бірінші президенттің қолынан келетіні анық. Тек Назарбаевтың ондай ұсынысқа қалай қарайтыны, реакциясы әзірге белгісіз болып тұр.

Путиннің сыңары бойынша ақпараттар Батыстан бөлек Қытайды кәдімгідей мазалай бастады. Төраға Си дипломатиялық корпусына ешқандай сыңар, подделкалармен қол алыспаймын деген қатаң позициясын білдіргелі бері, Пекин Путинмен кездесу мәселесін майшаммен қарау үстінде.

Ал Батыс Путиннің шын Путин екенін анықтау үшін жасанды интеллект күшіне де жүгіне бастады.

Адамды дауысынан тану технологиясымен айналысатын Speech Craft Analytics негізін қалаған маман Дэвид Поуп Владимир Путиннің осы аптада Орыс халық кеңесінде сөйлеген сөзі мен биыл мамырдағы Жеңіс күніндегі сөзінің аудиоларын 10 функция бойынша тексеріп, екі шарада екі түрлі адамның сөйлегенін анықтаған. Әр адамның саусақ іздері сияқты, дауыс тембрінде де ешкім қайталай алмайтын бірегей ерекшеліктері болады дейді, Дэвид Поуп.

Путиннің Путин емес екендігі дәлелденсе, әлемдік саясатты үлкен дау күтіп тұр. DALA INSIDE солтүстік жаққа ұзақ қарап отыр. Бірге қарайық 👇

https://t.me/dalainside
DALA INSIDE ватсап каналы ашылды

Міндетті түрде жазылып алыңыздар! Болашақта ватсап телеграмды басып озады.

Ватсап канал ұдайы жаңарып отырады

https://whatsapp.com/channel/0029VaFUhwc8fewslvtYb702
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Ойл Транспорт Корпорэйшн" компаниясының директоры Ербол Тұрниязовтың "West Oil Software" компаниясы жүргізушілерінің еңбек жағдайлары туралы "Сұрауы бар" YouTube-арнасына берген сұхбатынан
Жетібайда ереуілге шыққан "West oil Software" жүргізушілерінің жалақылары орташа есеппен алғанда 735 мың теңгені құрайды.

Оған қоса, 2017-2018 жылдары олар "Oil Transport Corporation" (ОТК) компаниясында жұмыс істеп, екі жақты келісім бойынша жұмыстан өз еркіммен шыққанда 10-11 млн теңгені құрайтын өтемақыны алған. Бұл сол келісім-шарттың түпнұсқасы, жұмыскердің аты-жөні құпия сақталған. Мұндай ақшаны алып, ешқандай реніштеріміз жоқ, еш кінәраттарымыз жоқ деген келісімге қол қойғаннан кейін, қайтадан бізді ОТК компаниясына алындар деп талап етіп жатыр. Бұл заңсыз әрекет әрі манипуляцияның белгісі емес пе?
🪕 Орысша айтысатын Балғынбекке жаңа шанс берілды

"Жаңа орыс мектептерін аштық". Россотрудничествоның ойынша биыл олар Қазақстанда жақсы нәтижеге жеткен.

Ресейдің жұмсақ күші болып саналатын Россотрудничество биылғы жылдың есебін дайындай бастады. Есептің Қазақстанға қатысты тарауы ауқымды болып шықты. Онда Россотрудничество Қазақстанның оңтүстігінде ашылатын үш орыс мектебін өзінің жетістігіне жатқызған.

Россотрудничество статистикасы орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстанның Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап тұрғанын көрсетеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.

Қазақстанда биыл 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оның 70,7 пайызы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін таңдаған.

Қаймана қазақтың ордасы - Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Ресей осы аймақтың мүлде орыс тілінен айрылып қалу қаупімен күреспек. Осы үш мектепке Россотрудничество қаржыны аямайтын болады.

Одан бөлек, қазақ халқының орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін келесі жылы Россотрудничество орысша айтыс ұйымдастыруды қолға алмақ. Яғни, домбырасын күйлеткен қазақ ақындары мүшайрада орысша айтысуы тиіс. Оған демеушілік ету "Роснефть" басшысы, атынан ат үркетін суперолигарх Игорь Сечинге табысталады. Алғашқы Гран-приге 1 миллион доллар, ал екінші, үшінші орынға коттедждер, 4-5 орындарға Лексус автокөліктері, 6-10 орындарға 20 миллион теңгеден қою ойда бар. Мұндай жүлделер қойылса, Балғынбек бастаған ақындар орыс тілін Пушкиннен артық меңгеріп алары сөзсіз. Орысша айтыс тікелей эфирден көрсетіледі деп жоспарлануда.

"Я руски знаю қарачо,
Мне нужен Лексус, да ты че" деген шедеврлерді тыңдайтын күн де алыс емес сияқты.

DALA INSIDE Россотрудничество креативінің көбейетінін сезіп отыр. Иә, кішкене өзгергендері, жаңаша жұмыс істегендері өздеріне де қажет қой. Арнамызға жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
⚡️ Назарбаев университеті құрдымға кеткелі тұр! Экс-президенттің бұғалтыры байбаламға басты...

Талай жыл Назарбаев университетіне жетекшілік еткен Шигео Қатсу Қазақстан халқына хат жолдап, Назарбаев университетіне ара түсуді сұрапты. Айтуынша, экс-президент негізін қалаған оқу орнының есігіне құлып салынуға жақын.

Депутаттар тарапынан сынға ұшырап, кем-кетігін көбейіп кеткен университеттің тағдыры қыл үстінде.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай ескі Қазақстаннан мұраға қалған оқу орны қарша бораған критикадан бүгін-ертең құтылмайды. Мұрат Әбенов бастаған депутаттар мен Сырым Итқұлов сынды атышулы блогерлер универді төпелетіп ұру туралы тапсырма алған.

Мекеме басшылығы сіз бен бізге есеп бермейді. Осыдан 12 жыл бұрын Назарбаев университеті, Назарбаев мектептері мен Назарбаева қорына "айрықша статус" берген заң осынау оқу орнын қоғамдық бақылаудан "арашалап" тұр. Соңғы үш жылдың өзінде универді "асырауға" 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген. Ал, нәтиже қайда? Универді көтеруге, дамытуға жұмсалған алтын уақыт, есіл ақша текке кеткен. Депутат Әбеновтің шырылдап жүргені де содан.

"НУ басшылығы елең-алаң күйде жүр. Қаржыландырудың күрт кемуі, мемлекеттің қолдаудың әлсіреуі, саяси қысымның күшейуі жақсылыққа әкелмейді. Алдағы апталарда Назарбаевтың, кешіріңіздер, Назарбаев университетінің тағдыры айқындалады. Оқу орны құрдымға кетсе, Жаңа Қазақстанның репутациясына дақ түседі. Сіздерден инвесторлар да теріс айналады", - дейді Шигео.

Қатсуды қобалжытып отырған бір фактор бар:

Назарбаев университеті құрылғалы 13 жыл өтті. Оқу орнын айрықша статустан айырып, жақсылап аудит жүргізер болса талай шикілік шығары ғажап емес. Мұндай жағдайда Шигеоның басына бұлт үйіріледі...

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша алдағы күндері Дариғамен аффирленген медиа-ресурстарда Назарбаев университетіне араша сұрайтын контент күрт көбейеді.

Ескі Қазақстанның дәуірлеп шағында тұсында оқу орнының басшылығынан бөлек, атышулы "Жусан банктің" бұғалтериясын жүргізген Шигео мырза бір тықырдың таянғанын сезіне бастады. Жапондық топ менеджер ескі жүйеге қатысты біраз былықты біледі. Шиегоның милы басын пайдаланған әулет әзір шетелдік банктерде іріп шіріп жатқан қисапсыз байлықты шетке шығарып үлгерді.

Бұл туралы құнды ақпарат қолымызда тұр. Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
💥 Маңғыстаудағы West Oil Software компаниясындағы ереуілге қатысты

West Oil Software көлік компаниясындағы жағдайға байланысты Бәсе (бұл дереккөзге сенім жоқ) сілтемелерімен көптеген хабарламалар алдым.

Бұл туралы не айтуға болады?

Компания Маңғыстаумұнайгазға көліктік қызметтерді ұсынумен айналысады. Штатта 540 аса адам жұмыс істейді. Компания 2018 жылы West Oil Software-ге өткен Ойл Транспорт Корпорэйшн (ОТК – ҚазМұнайГаз ҰК еншілес компаниясы) экс-қызметкерлерінің негізінде құрылған. Ауысу кезінде қызметкерлерге 5 жылдық жалақының 50%-ы ұсынылды (орта есеппен әрбір экс-қызметкер 10 млн теңгеден алған болатын).

Kompra.kz сайтының ақпаратынша қазіргі орташа айлық жалақылары 740 мың теңгені құрайды (ЕТҚ 2022 жылы - 5 млрд теңге, 2023 жылдың 11 айында - 6,2 млрд теңге).

5 жыл өткеннен кейін экс-қызметкерлер оларды қайтадан Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қарастырылған (жоғары жалақылар және түрлі премиялар) ҚазМұнайГаз компаниялар тобына қосуды талап етіп отыр. Қызметкерлер ОТК қызметкерлері сияқты ұқсас жұмыстарды орындап жатқанына наразы, бірақ бұл басқа заңды тұлға.

https://t.me/NRG_monitor/1957
Жаңа Қазақстан мақалы: "Митингке шықпаған балаға емшек бермейді"

Маңғыстауда көлік жүргізушілері ереуілге шығып жатқан "West oil Software" жекеменшік компаниясының басшылары өз жұмысшыларын тыңдап, мәселені шешудің орнына бастарын құмға тыққан түйеқұстай тығылып қалған. Компания басшылығы тарапынан шиеленіске жағдайды шешуге бағытталған ешбір әрекет байқалмады. Жекеменшік компания жұмысшыларымен келіссөзді жалғыз "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы жүргізуге мәжбүр. Осы мәселе біраз сұрақтар туғыза бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Тағы бір мәселе, өндіріс 4 күн бойы тоқтап тұрғандықтан, қыруар шығындар қордалана бастады. Соның қырсығынан компанияның бюджетке төлейтін салығы қысқармақ. Ол Маңғыстаудағы зейнеткерлер, әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы аналардың аузынан жырып, ас жегенмен бірдей. Бұл жауапкершілік кімнің мойнында болады?

Бүгін дейін ереуілдеп жатқан шопырлардың жалақылары орташа есеппен алғанда 735 мың теңгені құрайды. Оған қоса, 2017-2018 жылдары олар "Oil Transport Corporation" (ОТК) компаниясында жұмыс істеп, екі жақты келісім бойынша жұмыстан өз еркіммен шыққанда 10-11 млн теңгені құрайтын өтемақыны алған.

Заң бойынша, сотпен заңсыз деп танылған ереуіл қатысушыларын жұмыс беруші арнайы баппен жұмыстан шығаруға құқылы. Маңғыстаудағы еңбек нарығы "митинг шантажының" сынақ алаңына айналып бара жатыр. Осыған құнығып кеткен азаматтарды жұмыстан шығарып, олар басқа өңірдегідей сияқты жұмыссыздық немесе 150 мың теңге айлыққа жүрудің не екенін ертерек түсінсе, болашақтағы көптеген проблемалардың алдын-алуға болады.

Бүгін 750 мың теңгені аз деген адам дегенін істете алса, ертең 2 миллион сұрайды. Оны көрген көршілері де, таныстары да "мен де мәселемді осылай шешіп алайын" деп митингілеп шығады. Бүкіл Қазақстан митингтен босамай, ешкім жұмыс істемесе біз қалай дамимыз?

DALA INSIDE "митингпен шантаж жасау" дертінің кең етек жая бастағанын көріп отыр. Арты жақсылыққа апармайтыны анық. Еңбек митингіне қатысты нақты ережелер, кәсіподақтардың статусын арттыру бойынша кешенді жұмысты қолға алатын уақыт келді. Бізге жазылуды ұмытпаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақыры  «West Oil Software» ЖШС-ның басшылығы өз жұмысшыларының ереуіліне қатысты мәлімдеме жасады.

«West Oil Software» ЖШС-ның директоры Қаржаубаев Тлеген Өмірзақұлы.
⚡️Нұрекең Мәскеуде жүр. Бүгін 16 желтоқсан...

Экс - президент Тәуелсіздік күні Ресейге тартып отырған. DALA INSIDE-қа белгілі болғандай ертең Әбішұлы Путиннің қабылдауында болады.

Кремль көсемі кездесуге аса ынтызар емес, алайда тықақтап тұрып алған Нұрекең ақыры діттеген мақсатына жетсе керек.

Ақордамен аффирленген телеграм каналдардың айтуынша Әбішұлы атышулы мемуарын алдыға салып барады. "Менің өмірім" дейтін ғұмырнамалық еңбегінде экс-президент Путиннің мақтауын асырып, астына көпшік төсеген-ді.

DALA INSIDE дереккөзінің мәлім еткеніндей Назарбаевтың Кремль көсеміне көзбе-көз айтар жеке бұйымтайы бар...

Тәуелсіздік күні Мәскеуге ұшып кеткен "тұңғыштың" әрекетінен-ақ, оның ұлық мерекеге атүсті қарайтынын аңғаруға болады.

Кремльден ұзап шықпайтын Путиннің Әбішұлын шамалы күте тұруға шыдамы жетер еді.

Демек, зейнеткердің жүрегі тыныш емес. Әлденеге алабұртып жүр. Тәуелсіздік мерекесін тәрк етіп, Мәскеуге аттанып кеткен Нұрекеңнің бұл кетісі тегін емес деп топшылауға болады.

DALA INSIDE ертеңгі кездесудің астарына үңілуге тырысуда. Арнамызды бақылап отырыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
🤌 Қазақстан Батьканы жаңа жылдан кейін жазаламақ

Қазақстанның Германияға мұнай экспортына кедергі келтіріп отырған Беларусьтің әрекетіне тиісті жауап ойластырыла бастады. Бұл туралы Министрлер кабинетіндегі жағдаймен таныс DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Қазақстан, Германия және Ресей биыл "Дружба" құбыр жүйесі арқылы Германияның "Шведт" мұнай айыру зауытына жылына 1,2 миллион тонна қазақ мұнайын жіберуге келіскен еді. Құбыр Ресей, Беларусь, Польша арқылы Германияға барады. Енді күтпеген жерден Минск өзі арқылы өтетін учаске тарифын тоннасына 455,94 рубльден 653,8 рубльге дейін, яғни 43,4 пайызға көтереміз деп қиғылық салуда. Егер тарифтер күрт өссе Қазақстан тарапы қосымша 1 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырайтын болады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға деген көзқарасы соңғы кездері оңды болып жүрген жоқ. Бірақ Батька не істесе де, Қазақстанның оны жазалайтын қуатты рычагы болмай тұр. Минскті тек беларусь азық-түлік импортын шектеу арқылы сәл ренжітуге болады.

Үкімет үйіндегілер тарифті орнында қалдыру үшін барын жасап көрмек. Германияға мұнай экспортын үзуге болмайды. Себебі, келісімдерге қол қойылған. DALA INSIDE осыны бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ West Oil Software жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартты...

20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil Software жұмысшыларымен келіссөз жүргізуге талпынды. Алайда жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Қарақия ауданының әкімдігі.

Төретаев кеше West Oil software-дің наразы қызметкерлерімен кездескен. Әкім наразы қауымды сабырға шақырып, мәселені үстел басында шешуді ұсынған. Жұмысшылар әкім ұсынысын қабыл алған.

20 желтоқсан күні таңертең «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Маңғыстау Мұнай Газ» басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы мен Қарақия ауданының әкімі ереуіл өтетін жерге келіп, уағда бойынша келіссөз процесін бастауға шақырды.

Алайда, West Oil Software бұған дейінгі уәдеден айнып, келіссөзді бастаудан бас тартқан.

- Арнайы комиссия келіссөз жүргізуге дайын. Бұл жағдайды реттеудің ақылғы қонымды жолы, оны пайдалану қажет, - деді Дәулетжан Хасанов жиналғандарға.

Алайда, WOS қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөзден бас тартты.

WOS-тың бірқатар мамандарының жалақыны «ҚазМұнайГаздағы» еңбекақымен теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары орынсыз екенін ескеру қажет. Неге?

WOS-тың кей қызметкерлері бұрын "ҚазМұнайГаздың" еншілес ұйымдарының қызметкері болған және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққан әрі аталған бағдарлама аясында 5 жылдық жалақысының 50% алған. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 млн теңгені құрады. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес.

Ереуілге байланысты "West Oil Software" ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығынға батуда.

https://t.me/dalainside
🪨 Тас басын иіп, қазақ ұлтының мүддесін мойындады. Қазақстан ОДКБ-ны толық сындыра алды

10 күннен кейін Қазақстан ОДКБ төрағалығын қолына алады. Оның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Қазақстан қалай жұмыс істе дейді, солай жұмыс істеуге дайынмын" деп отыр.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, біраз ішкі консультациялардан кейін, Иманғали Нұрғалиұлының саяси салмағын ескере отырып, Ақорда оны ротация аясында ОДКБ хатшылығында қалдыратын болып шешкен.

Енді Тасмағамбетов Қазақстанның ОДКБ-ға қатысты берген "Жол картасын" қабылдап, сол бойынша ұйымның келер жылғы жұмысын бекітпек. Негізгі ауқымды шаруалар - әскери жаттығу жұмыстары. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан полигондарында жеті жаттығу өткізу жоспарланған.

Тасмағамбетов ОДКБ төрағалығына отырып алып, тура Путин мен Лукашенко сияқты "Ұжымдық Батыс қауіп төндіріп тұр. АҚШ, Еуропамен күресу керекпіз" деген сарындағы пластинаны қайта-қайта айналдыра бастаған. Онысы Путинге майдай жақса, Ақорданың ашуын келтірген.

Ресей идеологиясы ықпалында қалып, біраз батыл мәлімдеме жасап кеткен Тасқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емеурінмен ескерту жасаған болатын. Тасмағамбетов сабасына тез түсіп, дер кезінде жел ауанын байқады.

ОДКБ туралы айтарымыз аз емес. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
🇰🇿🥚🇷🇺 Жұмыртқа соғысы: Ресей мен Қазақстан таласқа дайындала бастады

Ресейдегі бағасы күрт қымбаттаған жұмыртқа Кремльді аяғынан тік тұрғызды. Жаңа жылға дейін жұмыртқа бағасы түспесе, министрлер мен губернаторлардың бастары кетуі мүмкін. ВЦИОМ-ның жабық зерттеуінде "жұмыртқа бағасы екі есе өссе, халық наразылығы артып, сайлауға барайын деп отырған Путиннің рейтингі құлдырайтыны" анық көрсетілген. Бұған мазасызданған Кремль үкіметті басқарып отырған Михаил Мишустинге жерді төңкерсе де, жұмыртқа бағасының қымбаттауын 60% пайыздан асырмауды тапсырды. Ресей үкіметі бірден жұмыртқа импортына баж салығын алып тастады. Және мүмкін болса, Қазақстандағы бар жұмыртқаны өздеріне алып кетуді ойластырып отыр.

Ресейдің біздің жұмыртқаға ауыз салуы Жаңа жылға дейін инфляцияны 10 пайызға түсіру үшін жанталасып жатқан қазақ үкіметінің бар жоспарын бұзайын деп тұр. Осыған орай, қазақтың Әлиханы ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты жиын өткізіп, оның жабық есіктің артында өткен қысқа бөлігінде жұмыртқа соғысына дайындығымызды пысықтауға кірісті. DALA INSIDE дереккөзі, Қазақстанның жұмыртқа экспортына уақытша шектеу қою мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Үкіметке қалай болғанда да, Жаңа жылға дейін жұмыртқаны қымбаттатпау керек.

Жұмыртқа соғысында кім жеңеді? Смайылов па, Мишустин бе? Оны алдағы уақытта білетін боламыз. DALA INSIDE қоңырауы әр үйде қосулы болсын.

https://t.me/dalainside
🔥 Бағдат Мусин "Қазақтелекомға" кетпек

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа жылдан кейін "Қазақтелеком" ұлттық компаниясын басқаратын болады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның министр лауызымында отырғанына үш жылға жуықтады.

Бағдат Мусин еліміздегі цифрландыру ісіне жауап беріп жүрді. Жетістіктері де, кемшіліктері де болды. Тіпті Жапонияны басып озған кездері енді тарих қойнауына енбек.

Мусин үшін ұлттық компанияны, әсіресе "Самұрық-Қазына" қорына қарасты ұйымды басқару таңсық емес. Ол 2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Сол жылдары ол тіпті өз айлығын қысқартамын деп жастық максимализмге барған еді. Қазір қырыққа толғандықтан, ондай қылық шығара қоймайтыны белгілі.

DALA INSIDE дереккөзі "Мусиннің өзі Қазақтелекомға баруға қарсы емес" дейді. Соңғы уақытта бітпей кеткен совещание, жиын, коллегиялардан қажи бастаған. Министрлікке қарағанда Қазақтелеком тыныштау жер. Айлығы да жақсы.

Мусин келсе, онда Қазақтелекомның "мәңгі билеушісі" Қуанышбек Есекеев орнын босататын болады. Есекеев басқа лауазымға емес, тікелей тергеушілерге баруы да ғажап емес. "Ескі Қазақстан" шлейфінен келе жатқан, Сатыбалды, Jusan істеріне қатысты оған да біраз сұрақтар бар.

DALA INSIDE Мусин мен Есекеев тағдырын мониторингке алды. Бірге бақылайық 👇

https://t.me/dalainside
Audio
<unknown>
👊 Судьяларға компромат жинау науқаны басталды

ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Темірлан Шонаев жиналыста судьялардың үстінен компроматтар болса, белсенді әкелуін сұрауда. Жалпы, сот корпусында ауқымды реформа жасау мақсатында, судьяларға ауқымды ақпараттық шабуылдар ұйымдастырылатын болады. Артынан масштабты тазалаулар басталмақ.

Реформа өз жемісін бере ме? Әлі кесіп айту қиын. Бізге жазылыңыз 👇

https://t.me/dalainside