DALA INSIDE
15.3K subscribers
368 photos
117 videos
1 file
932 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💥 Huawei Жаңа Қазақстанға қажетті ІТ кадр дайындайтын академия ашады!

Huawei компаниясы өткен айда екі бірдей маңызды іс-шараға қатысты. Барселонадағы технология көрмесінде Huawei "Үмітке толы интеллектуалды болашақ" концепциясын таныстырды.

Қытай алпауыты 5G-дің теңдессіз мүмкіндіктерін, цифрлық және интеллектуалды трансформацияны қамтамасыз ететін өзінің ең жаңа өнімдері мен шешімдерін ұсынды.

Бұлардың арасында: 📲 Huawei Mate 50 сериясының жаңа модельдері, 🎧 HUAWEI WATCH Buds, ⌚️HUAWEI WATCH GT Cyber секілді инновациялық өнімдер бар.

Компания 5G желісін дамытып қана қоймай, 5.5G желісінің негізін қалауға кірісіп кетті. Бұдан бөлек Huawei және Юнеско цифрлық сауатты арттыру бойынша бірлескен жоспарын жария етті. 2008 жылдан компания талантты адамдардың бағын ашатын бағдарламаны қаржыландыруда.

🧑🏻‍💻 "Seeds for the Future" бағдарламасы 150-ден астам елде 2,2 миллиондай талантты жастардың танылуына жол ашқан.

Күні кеше Huawei дарынды жастарды қолдауға тағы 150 миллион доллар бөлді. Жоба біздің елді де қамтиды.

Алдағы уақытта Huawei-дің көмегімен Жаңа Қазақстанға қажетті ІТ кадрлар дайындайтын 25 академия ашылады.
Ардагер энергетик мамандарымыз АЭС-ті күтіп жүр

Отандық энергетика саласына жарты ғұмырын арнаған ардагер энергетик Ахметкәрім Құрманғазин тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда бір де бір жаңа ГЭС-тің салынбауы, бұрынғы барымызбен ілдебайлап келе жатуымыздың өзі қауіпті екенін айтып, дабыл қағады. Ол, салыстырмалы түрде, мұны басқалар алға ілгерілеп, соны үлгідегі көлік мініп жүргенде сенің астында қақалып-шашалған ескі-құсқы «Запорождың» болуына теңейді. «Артта қалған» деген сөз жай бергі жағы, сол ескірген ГЭС-теріміз қыстағы Екібастұздың жылу жүйелері секілді сыр беріп жүрмесе десеңіз, әрине оның бетін аулақ қылсын», - дейді Ахметкәрім Құрманғазин.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын техника, технология қарыштап дамып, күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге дендеп еніп жатыр. Адам тұтынысындағы барлық техника энергияны қажет етеді. Оны айтасыз, тіпті энергиямен жылынатын бүтін тұрғын үй кешендері де бар бізде қазір. «Жылы еден» деген де әлдеқашан сәнге айналған. Осының барлығы энергия тұтынысына деген салмақты арттырып жатыр. Бірақ, соған сай энергетика өндірісі кешені бізде мүлде жаңармаған. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл қазір көп менсіне бермейтін ескі «Запорож» көлігімен жүрген секілді ғой.

«Осы сала маманы ретінде мен атом электр стансасы бар елдерге қызыға әрі қызғана қараймын», - дейді ардагер.

Энергетиктің айтуынша, бізге де тездетіп АЭС салу керек. Тоқ жетпей бара жатыр. Ескі-құсқыны жамап, алысқа бара алмаймыз.
https://dalainside.kz/03/manyzdy/06/2023/870/
Российское издание «Московский комсомолец» обратило внимание на судебный процесс над Кайратом Боранбаевым. Автор материала справедливо замечает, что расследование дела стало важным событием и за пределами Казахстана. Это неудивительно, ведь масштаб личности Кайрата Советаевича также шире географических рамок. Боранбаев – не просто крупный предприниматель. Он – меценат и общественный деятель, председатель национального Паралимпийского комитета.

В статье не обошлось без анализа финансовой составляющей. Журналисты соглашаются с доводами защиты, которые не раз звучали в зале заседания: совокупный доход группы компаний QazaqGaz превысил 265 млн долларов, а проверка Счетного комитета Казахстана не нашла в этой сделке нарушений. Несмотря на то что, по сути, в деле нет состава преступления, Боранбаев остается за решеткой с марта прошлого года.

«Либерализация судебной системы пока не стала козырем казахстанской юстиции», – считает МК. Этот тезис подтверждают и громкие акции в поддержку Кайрата Боранбаева. Артисты, спортсмены, бизнесмены из России и Казахстана открыто заявили, что знают главного фигуранта как человека слова, принципиального и смелого.

#медиа
🏦 "Bereke bank" ақыры береке тапты

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Қазақстандағы бұрынғы Сбербанкті санкциялар тізімінен шығарды. Кезінде Сбербанкті Қазақстан Үкіметіне қарасты "Бәйтерек" холдингі сатып алып, атын "Bereke bank" деп ауыстырған болатын.

"Bereke bank" ҚНРДА өткізген AQR тестінен өте алмады. Себебі қазір ол ешбір пруденциалды нормативтерді орындай алмайды. Бір сөзбен айтқанда, ол оңалу процессінде және оның маңызды қадамы - санкциялардан құтылу.

"Бәйтерек" Bereke банкін өзінде ұзақ ұстамайтын сияқты. Санкциялардан шықты, енді балансы тазарғаннан кейін міндетті түрде сатуға қойылады.

Бір сұрақ - осы операциядан мемлекет пайда таба ма? Конда "Бәйтерек" басшысы Қанат Шарлапаевтың іскерлік беделі тұрғаны анық. Үкімет Сбербанкті қаншаға, қандай талаптармен сатып алғанын әлі айтпай отыр. Оны әр азаматтың білуге толық құқы бар.

Себебі Үкімет фискалды қаржыны басқаратындықтан, банкті сатып алуда салық төлеушілердің қаржысы жұмсалғаны анық.

https://t.me/dalainside
⚡️ Балушкин бірнәрсені бықсытып жүр! Ол Мәсімовті, Мәминді және Склярды жамандады...

Шетелде бой тасалап жүрген 🚘 "Бипек Автоның" атышулы қожайыны Анатолий Балушкин Мәскеудегі соғысқұмар сайттарға мұңын шағыпты.

"АвтоВаз-дың" сыбайласы саналған әрі қазақстандық нарықты орыстың қаңсығына толтырып тастаған Балушкин пенсиядағы экс-президентке де өкпе артқан.

"Назарбаевтың үш бірдей сайлау кампаниясын мен өткеріп бердім. Сайлау штабын қаржыландыруға шытырлатып ақша санап жүрген кез-келген кәсіпкер бара бермейді. 15 жыл бойы осы науқанның шығынын көтеру маған жүктелді. ШҚО-ның дауыс беруге жарайтын тұрғындарын сирағынан сүйретіп, сайлау учаскесіне апардық. Үлкен кісіге дауыс бергендердің үлесін көтердік...", - дейді Балушкин.

Қашқындағы миллиардер өзіне шаң жуытқысы келмей бар кінәні Мәсімовке, Мәминге және Склярға аударуға тырысыпты.

"Мұрттының" қылышынан қан тамып тұрған шақта "Бипек автодан" үлес дәметкенін майын тамызып отырып әңгімелеген екен. Біз барынша сығымдап ұсындық.

❗️ "Мәсімов мені сепаратиске айналдырды. Бізді "орыс әлемінің" шпионына балап, іске саяси реңк берген де осы оңбаған.

Мәсімовтың күйеубаласы Азамат Қапенов менің кураторым есебінде жүрді.

Олардың шарты: бизнестің 10%-ын өзіме қалдырып, 90%-ын Кәрімнің қолына ұстатамын.

"Бипектің" активі 650 млн 💲- ға бағаланды. Құрылыс компаниясына иелік еттік. Бұған қоса 700-ге тарта арнайы техникамыз бар-тын. Зауытымыз жұмыс істеп тұрды.

Мәсімовтің әдепкі рэкеттен айырмасы шамалы, оның көкейін тескен ақша еді, пішен ақша...", - дейді Балушкин.

Балушкиннің байлығын басып қалуды көздеген Мәсімов - Мәмин тандемі кәсіпкерді балағаттап, экс-президентке арыз айта барған.

Сөй деген Балушкин өзін ескі Қазақстан өкілдерінің құрбаны ретінде сипаттапты.

"Ілгердегі екеу мені Назарбаевпен шағыстыруға тырысты. Мені сепаристердің санатына қосып, Шығыстағы 🇷🇺 "орыс әлемін" ұлықтайтын аудиторияның көсемі деп таныстырды. "Өңірде Қазақстанды төңкергісі келетін орыс шовинистерін топтастырып жатыр" деген мәлімет берді.
Экс-президент бұған иланып қалды. Соңғы сөзін айтып, мені сабама түсіру туралы бұйрық берген де сол кісі...", - дейді Балушкин.

Dalainside Мәсімовтің сөзін сөйлеуден аулақ, десе де "Балушкин Кремльге жұмыс істейді..." деген "мұрттының" уәжінде логика бар.

Қашқындағы миллиардердің Қазақстаннан сытылып шыққалы тек ресейлік, соның ішінде Кремль маңындағы 🗞масс-медиаға сұхбат беру бекер емес.

Біз білсек, мұндай контент Путин әкімшілігінің келісімімен ғана жүзеге асады.

Кремль Балушкинді ескі де жаңа Қазақстан жамандауға итермеледі деуге негіз бар. Алысқа барудың қажеті жоқ.

Балушкиннен "айырылғалы" АвтоВаз-дың қанаты қиылған.

Lada-ның біздің нарықтағы үлесі 42 пайыздан 2 пайызға дейін құлдыраған. Ресейдің салдыр-гүлдір көлігін өзбектің Chevrolet-і (28 пайыз) басып озған. Балушкин бұған қатты қынжылатынын жасырмайды.

Бұдан өзге "Бипек Автоның" өндірісін конкуренті Андрей Лавреньтев иелік ететін "Аллюр автоға" көшіруге сол тұстағы премьер Мәмин мен оның орынбасары Склярдың ықпал еткенін айтады Балушкин.

"Аллюрге" қатысты тағы біраз компроматпен бөлісіп, Лавреньевтің компаниясы 300 млн доллардың мемкөмегін алғанын, мұншама ақшаның суға сіңіп жоқ болғанын сөз еткен.

Айта кетелік, елде Балушкиннің үстінен іс қозғалған. Оған мемлекетке тиесілі 174 млрд теңгені қалтасына басты деген айып тағылған.

Dalainside-қа Петерборгдағы қаңырап тұрған Hyundai-дің зауытын Нұрлан Смағұлов сатып алды ақпарат жетті. Анық-қанығын алдағы күндері айтамыз.

Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
🤲 "ҚазТрансОйл"-дың бюджетке берері таусыла бастады

Ұлттық компанияның 2022 жылғы жұмысы алаңдатып отыр. 2021 жылы мұнай тасымалының операторы Қазақстан бюджетіне бар-жоғы 5,1 миллиард теңге төлеген. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ, 2021 жылы оның бюджетке 12,3 миллиард теңге әкелгенін көреміз.

Тиісінше, ҚазТрансОйлдың таза табысы күрт құлады. 2022 жылғы таза пайда - 19,8 миллиард теңге. 2021 жылды компания 50,6 миллиард теңге кіріспен аяқтағаны есте.

Бір қызығы, Қазақстан логистикалық тізбекті жаңартып жатқандықтан, мұнай тасымалының өзектілігі жыл сайын артып келеді. Демек, ұлттық компанияның жақсы табысқа шығатын жөні бар еді.

Бірақ, 2023 жылға үміт бар. Ол ақтала ма, оны бірінші жартыжылдық нәтижелерінен байқайтын боламыз.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. Ол ұзындығы 5373 шақырым магистральдық мұнай құбырлары мен 2105 шақырым су құбырларын бақылайды.

https://t.me/dalainside
🔥 "Ақжол" шынайы оппозицияға айналып келеді. Перуашев бір адамға байланған жүйенің кемшілігін айтты...

"Тоқаев? Біз парламенттік республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, елдегі барлық мәселені шеше алмайды! Билікті тежеу мен тепе-теңдік сақтауда Мәжіліс пен Мәслихат маңызды рөл атқаруы тиіс. "Ақ жол" дамудың еуропалық жолын, өмір сапасының еуропалық стандартын жақтайды", - деді партия төрағасы.

700-ге жетеқабыл адам жиналған "Ақжолдың" митингісінде Жаңа Қазақстанның қабырғасын қалауға қажетті ұсыныстар айтылды. DALA INSIDE партияның саяси бағдарламасындағы ұтымды тезистерді теріп алды.

1️⃣ Саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажет.

Смайылов? Үкіметті сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтауы керек. Сонда бұл партия өз Үкіметінің жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауапты болады.

"Өткен 30 жылда бізде қаншама дағдарыс, девальвация, әкімдер мен министрлер арасындағы коррупция дауы болды – үкімет ешқашан саяси жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кеткен емес", – деді Перуашев.

2️⃣ Сыртқа кеткен капиталды қайтармай Жаңа Қазақстан орнамайды

"Швейцарияда 82 қазақстандықтың 500 млн доллары сақтаулы жатыр. Олардың аты-жөні кім? Британия үлгісімен "шыққан дерегі белгісіз байлық" туралы заң қабылдауды талап ететін боламыз", – дейді "ақжолдықтар".

3️⃣ Мiddle class немесе орта тапты қалыптастыру

"Ақжолдықтардың" айтуынша Қазақстан байлар мен кедейлерден тұрады. Орта таптың аясы тарылып, жоғалудың алдында тұр.

"Мiddle class-ты қалыптастыру үшін әркімге өз ісін ашып, табысқа жетуге мүмкіндік беру керек", – дейді Перуашев. Жарайды, мұндайды естіп жүрміз. Кәсіп ашу не үшін не керек?

"Арзан несиелер мен әділ салықтар. Бизнеске берілетін несиені 3-4 пайызға дейін төмендетуді талап етіп, талай жыл бойы Ұлттық банкпен күресіп келеміз, күресе де береміз.

12 жыл бойы салалардың табыстылығын ескере отырып, салық мөлшерлемелерін енгізуді талап етіп келеміз. Елімізде ет немесе сүт өнімін өндірушілер де, құрылысшылар мен ірі сауда желілері де бірдей ҚҚС және ҰТС мөлшерлемелерін төлейді.

❗️ Мемлекет мұнай-газ және металл экспорттаушыларға ҚҚС-ты қайтарып берсе, банктер бұл салықты мүлде төлемейді! Яғни, байлар аз, ал күнін әрең көріп жүргендер көп төлейді.

"Ақ жол" барлық шағын бизнесті есеп беруден босатып, патентке көшіруді, жылдық патент айналымын 100 миллион теңгеге жеткізуді талап етеді. Осы арқылы ешбір мембағдарлама қамти алмаған мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға қол жеткіземіз. Шағын бизнеске мемлекеттің мойнында асылмай, өз отбасын асырап, өзгеге жұмыс беріп жатқаны үшін алғыс айту керек", – дейді Перуашев.

4️⃣ Шетелдік мұнай-газ компанияларының келісімшарттары қайта қаралсын

"Қазақстанның қазба байлығы елге тиесілі" деген ережені негізге алған "ақжолдықтар":
1. Шетелдік мұнай-газ компанияларымен келісім-шарттарды қайта қарауды
2. Олардың пайдасындағы қазақстандық үлесті ұлғайтуды;
3. Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз сияқты ірі келісімшарттардың шарттарын ашуды талап етпек.

"Өткен 30 жылда бірде-бір шетелдік инвестор бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ. Шикізат алпауыттарының экономикаға қосқан үлесі өздері үшін тапқан 💸 миллиардтаған қаржымен шектеліп отыр", – дейді осы тұста Перуашев.

Тоқ етерін айтқанда, Қазақстанда кедейлер болмауы керек. "Ақжолдың" саяси бағдарламасының түп өзегі осы.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🙅 Алматылықтар "Пинта" барларына бойкот жариялады

Бар өз концепциясына сай музыканттарға қазақша ән айтуға мүлдем рұқсат бермей отыр.

Қазақстанда бизнес жүргізіп, оның мемлекеттік тіліне тиым салу моральді тұрғыдан қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

Алматылықтар "Пинтаны" қазақша ән айтуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ енді оған бармауға да толық құқылы.

Заң бойынша ресторан, кафе, барларда ас мәзірі, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде болуы міндетті. Бірақ қазақша ән айтылсын деген талап жоқ. Ия, "Пинта" заңды бұзбады. Бірақ, алматылықтарды ренжіткен сияқты.

Алматы халқы жаппай бойкотты орындаса, "Пинтаның" қаржылық кірісі төмендейтіні анық. Бойкоттың бизнеске әсерін "Choco Family" жақсы сезінді. Тәуелсіз сарапшылар есебінше, 2022 жылдың төртінші тоқсанында оның тоқсандық выручкасы 45%-ға құлдыраған. Бойкоттан Рамиль Мухоряповтың бизнесі шамамен 120 миллион теңге жоғалтты.

"Пинта" дисконттық бизнес түріне жатады. Яғни, бағасы арзан, ал табысты желілік жүйеде, көп бар ашу арқылы табады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

@dalainside
😡 Қостанай әкімдігіне қазақтың дәстүрін өзгертетін құқықты кім берді?

Қостанайда биылғы Наурыз мерекесінде қайратты қазақ жігіттері қошқар көтеріп күш сынаспайды. Жергілікті жануарларды қорғау ұйымының өкілдері тірі қошқарды көтеріп, күш сынасу хайуанды қорлау деп үкім айтып, шу шығарыпты.

Құмар Ақсақаловтың әкімдігі, бұл ұсынысты құп алып, қазақ жігіттерге қошқар емес, қап көтеріп күш сынасуды ұсынған екен.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Дебат live: Қошановтың үндеуіндегі ең маңызды тезис

Amanat-тың төрағасы саяси ұйымның уәдеге берік боларына сөз берді.

"Қоғамның да талап-тілегі өзгерді. Президентіміз айтқандай, құр сөз, құрғақ уәденің заманы өтті.

Дәл қазіргі жағдайда айтқан сөзің – оқпен тең, берген уәдең – сертпен тең. Мұны, біз – аманаттықтар жақсы түсінеміз", - деді Қошанов.

https://t.me/dalainside
💥 Ескі жүйенің күйрерін күні бұрын білдік - "Ақжол" төрағасы

Түнеукүнгі дебатта Азат Перуашевтың аузынан шыққан осы сөз Dalainside-ты елең еткізді. Әрине, бұл мәлімдеме тақырыптағыдай тура айтылмады, дегенмен сөздің астары бізді осы ойға жетеледі.

"2019 жылы "Ақ жол" партиясы өзгерістің болмай қоймайтынын мәлімдеді...", – деді Перуашев.

Демек, партия тарапынан ескі Қазақстанға ескерту жасалынған. Отыз жылға созылған әділетсіздіктің түбі қантөгіспен аяқталарын құлаққағыс еткен. Әрісі Мәсімовтың, берісі Мәминнің тұсында "Ақжол" үнемі қағажу көріп келген.

Партияның өзгеше пікірі сол тұстағы саны басым "Нұр Отанға" ұнамай, бюджеттің есеп-қисабы, министр тағайындау және басқа да маңызды мәселеде Перушаевтың командасын шетке ысырып отырған.

Сөй деген "Ақжол" төрағасы дебатта көсіле сөйледі. Перуашев партияның негізгі 4️⃣ позициясын жіпке тізді. Бұлар:

⁃ Ұлттық ұстаным

⁃ Еркін экономика мен отандық өндірушілерді қолдау

⁃ Парламенттік республика

⁃ Де-офшоризация мен капиталдарды елге қайтару

"Ескі жүйенің тұсында қабырғасы қаланған ақша-несие, салық және инвестициялық саясатты түбегейлі қайта қарау керек. Бұл әр қазаққа ұлттық табыстан үлес беру үшін қажет", – деді Перуашев.

"Ақжол" төрағасы дебатта ескі биліктің ең үлкен қателігін де еске салды. Назарбаев дәуірінде биліктің араны ашылып, бизнесті байлап-матап тастаған. Мемлекет монополиске айналып, басы артық шенділердің саны көбейген, салдарынан жемқорлық етек алған.

Перушаевтың айтуынша ескі Қазақстанның кейбір әдеттері Жаңа Қазақстанға да жұққан. "Ақжол" төрағасы осы орайда Смайылов үкіметін сын садағын алды.

❗️"Смайылов? Қаңтардан кейін бірден Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сынды шетелдік инвесторлармен ірі келісімшарттардың талаптарын халыққа жария етуді және Қазақстанның үлесін ұлғайтуды талап еттік. Бірақ үкімет бас тартуда.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың орнына әдемі презентациялар халық арасында "слайдты экономика" деп аталып кеткен. Ал елге нағыз зауыттар, оларды көтеретін адамдар керек", – дейді Перуашев.

Дебаттағы түйін сөзде "Ақжол" басшысы салық саясатындағы әділетсіздікке тоқталды.

"12 жылдан бері салалардың ерекшеліктерін ескеретін салық мөлшерлемелерін енгізуді талап етіп келдік.

Бізде сүт өндірушілер, құрылысшылар, бөлшек сауда желілері және тауар алпауыттары бірдей қосымша құн салығын және корпоративтік табыс салығы мөлшерлемелерін төлейді.

Бірақ мемлекет мұнай, газ және металл экспорттаушыларына ҚҚС-ті қайтарады, ал барлық отбасы қарыз болып отырған банктер бұл салықты мүлдем төлемейді. Яғни, ең байлар аз, ал әрең күнелтіп жүргендер - өздері үшін және байлар үшін төлейді.

1 қыркүйекте президент Тоқаев сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді тапсырды және осы дауға нүкте қойды. Деск де, біз бұл жұмысты нақты іске асқанынша жалғастырамыз", – деді Азат мырза.

https://t.me/dalainside
ЭЛЬ-КЛАСИКО!

⚽️ Алаңда жеңіс үшін аяғына дейін күресуге дайын екі әйгілі команда кездеседі. Жақында болатын бұл тартысты жекпе-жектің бірде бір сәтін жеберіп алуға болмайды.
Командалар алаңда кездескен сайын бүкіл әлем  көрермендері ғажап текетірес күтеді.  "Барселона" Ла Лигадағы Чемпиондыққа  қол созуда, және бірінші орынды беруге ниетті емес. "Реал Мадрид" босаңсып, Чемпиондар лигасына барынша беріліп кетуі мүмкін. Нәтижені болжап білу қиын!

🔵 Ал сіз алаңдамай, ойыннан ләззат алу үшін 1XBET компаниясы өзінің сүйікті "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясын әзірледі. Эль-Класикоға ұтыс тігіп, сәтсіздік жағдайында  5000 теңгеге дейін алыңыз.

👉 Толығырақ сілтемеде
🇰🇿 Он екінші Премьер. Әлихан Смайыловтың экономикасы

Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын "Корона" мен "Қаңтар" кризисінен алып шықты. Ол 2022 жылы ел экономикасын 3,2 пайызға өсірді. Әлихан Асханұлы "Жаңа Қазақстанның" алғашқы премьеры ретінде тарихта қалатыны хақ.

Бірақ Смайылов екі басты тапсырманы орындай алмады.

Біріншісі - баға. Дәлірек айтсақ, қымбатшылықпен күрес. Бұл соғыста Смайыловтың министрлер кабинеті күйрей жеңіліс тапты. 2022 жылдың қортындысы бойынша инфляция 20,3 пайызға жетті.

Екіншісі - Ұлттық Қор трансферттері. Әлихан Смайылов 2022 жылы бюджет дефицитін 2,7 есеге қысқартып, 1,3 триллион теңгеге түсіре алды. Бірақ ол Ұлттық Қор трансферттері есебінен орын алып отыр. Әлихан Асханұлы Ұлттық Қордың ақшасын үнемдеу бойынша стратегиямызды іске асыра алмады. 2022 жылы Ұлттық Қордан 4,6 триллион теңге алынса, 2023 жылы трансферт көлемі оның алдында жоспарланған 3,2 триллион теңгеден тағы 800 миллиард теңгеге өсіп, 4 триллионға жетті.

Әлихан Смайылов жаман премьер болған жоқ. Көбіне антикризистік жұмысқа жегілді. Бір қызығы, Қазақстан тарихындағы ең нәтижелі премьер деп Серік Ахметовты айтсақ болады. Ол үкімет басқарған 2012-2014 жылдар Қазақстан экономикасының қатты дамып, өркендеген дәуірі болды. Ахметов премьерліктен кеткеннен кейін, ел экономикасы құлдырай бастады.

Проблема Әлихан Смайыловта емес. Проблема - қалыптасып қалған системада. Оны өзгерту, бұзу ешкімнің қолынан келмеді. Басқарудың жаңа жүйесі құрылмады. Баяғы модельдер, докладтар, трансферттер мен бюджет шығындары.

Жаңа премьер кім болады? Кім болса да басты мақсат - ескі басқару системасын толық бұзып, бюрократиядан арылған жаңа жүйе құру. АҚШ-тағы облигациялар кризисі дамушы елдер үшін инвестицияға таластың күшейетінін аңғартады. Қазақстан осы жаһандық таласқа ескі жүйесімен кірсе, ұтылатыны анық.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
⚡️Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды

🔹«Amanat» партиясы - 53,46%
🔹«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
🔹«Respublica» партиясы - 8,90%
🔹Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
🔹Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22%
🔹«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
🔹Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,31%.

Бәріне қарсымын - 4,47%.

Exit poll нәтижесін Еуразиялық интеграция институтының өкілі жариялады.

ЖСДП сайлаушыларынан сүйінші сұрай берсе болады, партия Парламентке өтті.

"Байтаққа" мұндай бақыт бұйырмады.

"Аманаттың" алда келері болжанды. Respublika мен "Ақжолды" басып озған "Ауылдың" көрсеткіші әлемжеліде қызу талқыға түсуде.

Институт экзит-пол нәтижесінде Мәжіліске берілетін мандатты келесідей үлестірген:

1⃣ Amanat - 40 орын
2⃣ Ауыл - 8 орын
3⃣ Respublika - 6 орын
4⃣ Ақ жол - 6 орын
5⃣ Халық партиясы - 5 орын
6⃣ ЖСДП - 4 орын

https://t.me/dalainside
🇬🇧🇰🇿  Тоқаев сайлауды ұтымды пайдаланды: Британ дипломаты Жаңа Қазақстанға үміт сыйлап кетті

Қазақстанға Британ Сыртқы істер министрі келіп кетті. Сайлаумен қабаттасқан сапар ресейлік пропаганданың назарына іліккенмен, науқанның тасасында қалды.

Джеймс Клеверлидің келісі Батыстың бізден күдер үзбегенін көрсетеді.

Лондон Ақорданы Ресейдің сыбайласы санамайды.

Ағылшындар қазақтарға консультация беруді доғармайды, тікелей инвестициядан бас тартпайды.

Клеверли сөй дей келе, "Қазақстан санкцияға ұрынады" деген қауесетке нүкте қойды.

Керісінше, екі ел арасындағы алыс-беріс артпақ.

Ұлыбритания осы күнге дейін бізге 16 млрд доллар инвестиция құйған. Қазақстан өз тарапынан британ нарығына құны 750 млн долларға бағаланған экспорт жөнелтеді.

Ағылшындар мұнай-газ экспортында қазақ билігіне Ресейдің бопсасынан құтылатын 🛣 баламалы маршрут іздестіруге жәрдемдеседі.

Лондон Қытайдың Ляньюнган портынан басталып, Еуроодаққа жететін Транскаспий дәлізін дамытуға мүдделі. Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Польша, Румынияны қамтитын маршрут Ресейге жоламайды.

Транспорт пен логистикадан бөлек білім саласында да бірлесе қимылдаймыз. Елімізде ағылшындардың әйгілі оқу орындары өз филиалын ашады.

Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Ақорда Клеверлидің сапарына дән риза. Тоқаевтың төңірегі Британ үкіметімен арадағы ықпалдастықты дамыта түсуге ынталы.

Ағылшын дипломаты украин дағдарысында Мәскеуді қолдаудан бас тартқан Астанаға алғыс білдірген.

❗️ Ағылшындар мұнай-газдан бөлек аса сирек кездесетін минералдарды да бұдан былай біздің елден жеткізуді жөн көріп отыр.

🇪🇺 Батыс осы арқылы Бейжіңге тәуелділіктен арылуды көздейді. Смартфон, электрокар, күн панелі, чиптер, сенсорлы экран секілді заманауи техника сирек ұшырасатын металдардың негізінде жасалады.   

Әлбетте, Клеверли сапары Кремль кулуарында сөз болғаны анық.

Кремль идеологтарын Ақорданың "Ұлыбританиямен арадағы әріптестік стратегиялық мәнге ие" дегені алаңдатып отыр.

https://t.me/dalainside
🌱 АЭС пен экология. Іске саясат араласқанда

Кейбір экобелсенділер АЭС салуға қарсы әңгіме айтып, халықтың алдында арзан саяси бедел жинап жүргені жасырын емес. Егер олар жан-тәнімен атом энергетикасына қарсы болса, Үлбі металургия заутының жұмысына неге қарсы шықпайды?

Осыдан-ақ, еліміздегі кейбір экобелсенділердің негізігі мақсаты саяси ұпай жинап, елге танылу екенін бірден аңғарасың. Экобелсенділерге салсақ, бәрін тоқтатып, көмір жағып, айналамызды ластап отыруымыз керек екен.

Бүгінде Қазақстанда АЭС-ке қажетті отын шығарудың түрлі өндірістік тізбектері жұмыс істейді. Қазіра АЭС-ке қажетті отын дайындау ісі де анау айтқандай қауіпті емес. Сондықтан осындай өндірістік тізбекке ие бола тұра, АЭС салмауымыз үлкен қателік.

Мамандардың айтуынша, АЭС бір жылда шамамен 13 мың тонна қалдық бөлсе, Жылу электр стансалары бір жылда 165 мың тонна қалдық бөледі екен. Ал салмақтап саралай беріңіз.

Қайсы қоршаған ортаға қауіпті?

Бүгінде АҚШ-та 99 АЭС жұмыс істеп тұр. Бірақ ешкім Құрама штаттардың экологиясы лас, халқының денсаулығы сын көтермейді деп айтқан емес.
АҚШ-та адамдардың орташа өмір сүру деңгейі – 80 жас. Ал бізде бірде-бір АЭС болмаса да орташа өмір сүру деңгейі – 64 жастан аспай келеді.
https://dalainside.kz/03/jana-qazaqstan/22/2023/895/
😭🇰🇿 Сайлаудан кейінгі Қазақстан: мұнай бағасы құлаған, бюджет шығысы өскен, көңіл-күй түскен

АҚШ Федералды резерв жүйесінің экономиканы рецессияға дайындай бастауы Қазақстанның көңіл-күйін түсіріп тастады. Рецессия, яғни әлемдік экономика өсуін тоқтатса, биржаларда мұнай фьючерстерінің бағасы төмендемек. Мұнай бағасы арзандаса, Қазақстанның экономикалық өсім бойынша барлық жоспарларына балта шабылады. Онымен бірге, бюджет шығыстары артып жатқан кезеңде сыртқы және ішкі қарыз алу ставкалары өсе бастады. Бұл ретте, бюджеттік дефицитті немен қаржыландырамыз деген сұрақ туындайды да, осы мәселелердің барлығы қордалана келіп Үкіметтің тағы да Ұлттық Қорға қол жүгіртуіне алып келеді.

Оның алғашқы қадамдары басталып кетті. 2023 жылы Ұлттық Қордан алынатын трансферт көлемі 3,2 триллион теңге көлемінде бекітілгеніне қарамастан, Үкімет қордан қосымша 800 миллиард теңге алды. Сонда трансферт 4 триллион теңгеге дейін жетіп отыр. Бұл жағдайда, баға арзан болғандықтан Ұлттық Қорға мұнайдан артық түсімдер тоқтаса, қордағы қаражат өсудің орнына азая бастайтыны анық. Кеше Brent төмендеп, сауда-саттық соңында барреліне 75,6 долларға құлады. Бір күндік арзандау 1,5 пайызды құрап отыр. Мұнай трейдерлері АҚШ рецессиясының жақын арада басталуынан сақтанып отыр. Ал бізде 2023 жылғы бюджет Ұлттық экономика министрлігінің базалық сценарийіне сай Brent барреліне 85 доллар деп терілген болатын.

Мұнай бағасының құбылуы теңге курсын да ойната бастады. Федералды резерв жүйесі біз Наурыз мейрамын тойлап жатқанда базалық ставканы 4,75 пайыздан 5 пайызға дейін көтерді. Демек, ФРС өзі үшін бірінші орында рецессия мен банктердің қиналуы емес, инфляциямен күрес екенін нақты аңғартып отыр. ФРС пен фьючерс саудасындағы осы алыс-жұлыстан кейін Қазақстан қор биржасында да теңге әрі-бері құбыла бастады. Осы аптада биржа (KASE) тек дүйсенбі күні жұмыс істеп, үш күн демалды. Бүгін ғана ашылып отыр. Дүйсенбіде USDKZT жұбы 462,72 теңгемен жабылса, қазіргі сауда-саттық деңгейі долларына 454 теңгені көрсетіп тұр.

АҚШ рецессияға ұшыраса, бар назар Еуроодақ пен Қытайға аумақ. Қытайдағы іскерлік белсенділік мұнай бағасын барреліне 70 доллардан түсірмей сақтап қалады деген үміт бар. Себебі, биыл Еуроодақтан әлемдік экономикаға еш қайран болмайды. Бірақ, АҚШ Қытайға қарсы тағы бір сауда соғысын дайындап жатқан секілді. Себебі, АҚШ арнайы барлау қызметтерінде «ковидтің қолдан жасалғанын бұлтартпайтын айғақтар бар» деген мәлімдемелер айтыла бастады. Оны Вашингтонға ұнамаған Си мен Путин кездесуінен кейінгі кезекті конфронтацияның басы деп қабылдауға болады.

Әлемдегі ірі елдердің кез-келген қимылынан арзандап кете алатын мұнайдың әр тамшысында Қазақстанның көз жасы бар. Бірақ, державалар оны түсінбейді.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Біздің жігіттерге Данияға қарсы матчта қолдау көрсетейік! Осы жексенбі, 26 наурызда ЕВРО-2024 іріктеу кезеңінің кезекті матчы өтеді. "Астана-Аренада" Қазақстан мен Дания құрамалары кездеспек. Өкінішке қарай, біздің жігіттер 0-1 есебімен Словениядан жеңіліп қалды. Даниямен ойын кезінде Магомед Алиевтің командасы маңызды қателіктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп, топ фаворитіне қарсы тұра алады деп үміттенеміз.
🔵 Қанекей, Қазақстан құрамасына жанкүйер болайық, өйткені 1XBET компаниясы өз кезегінде ойыншыларды "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясымен қолдайды! 1XBET сіздің ұтыс тігуіңіз сәтсіз болса, 5000 теңгеге дейін қайтарады. Өзіміздің жігіттерді спорт эмоцияларының бас демеушісімен бірге қолдаңыз!

Толығырақ сілтеме бойынша
💸🖐🇰🇿 "МЕGA" сауда орталықтарынан түскен 24,5 миллиард теңге Сингапур асып кетті

Алматы мен Астанадағы үш "Мегаға" иелік ететін "Mega Center Management" басқарушы компаниясы 2022 жылдың қортындысын шығарып, таза кірістен 24,5 миллиард теңгені акционері - сингапурлық компания "А.G. Overseas Pte. Ltd" есеп-шотына аударады. "А.G. Overseas Pte. Ltd" мегалардың 100 пайыз (145 780 600 жай акция) акцияларына иелік етеді, бірақ оның түпкі қожайыны - Нұрлан Сымағұлов.

2022 жыл Мегалар үшін табысты болды. Ernst@Young аудиттеген қаржылық есепке сай, 2021 жылы Мегалар Нұрлан Сымағұловқа 7 миллиард теңге әкелсе, 2022 жылы осы кіріс кем дегенде 3,5 есеге өскен. Сымағұлов түскен ақшаны дивиденд ретінде бірден Сингапурға аударып жатыр.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🏗️ "7-20-25" бағдарламасына балама табылды

"7-20-25" ипотекасы биыл 100 миллиард теңгемен ғана шектеліп қалды. Сондықтан кредит көп адамдарға жетпей, олар наразылық танытқан болатын. Әр тоқсанға бөлінген лимит - 25 миллиард теңгеден ғана. 24 наурыз күнгі жағдай бойынша 2023 жылдың басынан бері 23 миллиард теңгеге 1420 кредит берілген. Сонда, орта есеппен биыл 5 680 адам ғана "7-20-25" ипотекасын ала алады. Әрине, сұраныс одан 10 есе көп болып тұр.

Осыны ескеріп, мемлекет Отбасы банкте 7-30-25 параметрімен бағдарлама ашты. Негізі, Отбасы банкте 50/50 принципі болған. Бірақ, Отбасы банк Алматыдағы 10 ЖК-мен келісіп, ондағы 850 пәтерді 30% алғашқы жарнамен беретін болды. Қалған 20 пайызын құрылыс компаниялары өз қалталарынан шығарады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтына Алматы қаласы бойынша "Отбасы банкі" АҚ директоры Данагүл Түсіпова мәлімдеген.

Осы бағдарламаның жылдық пайызы 7% (ЖСТН 7,4%), мерзімі 25 жыл деп бекітілген. Сонда "7-20-25" бағдарламасынан тек алғашқы жарнасының 10 пайызға көп болғандығымен ерекшеленеді. Оған сұраныс жоғары болуы тиіс.

Ал, DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, "7-20-25" ипотекасын ары қарай оны қаржыландыруға Ұлттық Банкта еш ниет жоқ. Төраға Ғалымжан Пірматовтың өзі, мұндай бағдарламалардан тезірек шыққанымыз абзал деген болатын. Себебі, ол мүдделер қақтығысын туғызып, қазіргі ақша-несие саясатына керағар болып отыр.

https://t.me/dalainside
🚝 "Итергіш" мамандығы Алматыда да пайда болуы мүмкін

Жапониядағы Токио метросындағы вагондарға симай жатқан адамдарды артынан итеретін "опция" Алматы метрополитенінде де енгізілуі ықтимал.

Себебі, таңғы 8:00-9:00 және кешкі 18:00-19:00 сағатта "Байқоңыр", "Әуезов театры", "Алатау" станцияларында жолаушылардың вагондарға симай қалу оқиғалары жиілеп кеткен.

Тұрғындардың белсенді тобы бұл туралы шағымды Қоғамдық кеңес мүшелеріне жеткізбек. Алматы мәслихатының жаңа құрамы жасақталып, іске кіріскеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері аталған проблеманы талқылай алады.

Қазір перрондарда метрополитеннің кезекшілері қауіпсіздікті қадағалайды, бірақ сыймай жатқандарды вагонға итермейді.

Алматы метрополитенінің тәуліктік жолаушылар тасымал көрсеткіші 100 мың адамға жеткен. Оның шамамен 20 пайызын студенттер береді.

Алматы метросы өзін ақтамайды. Ол әлеуметтік транспорттық жоба ретінде республикалық бюджеттен субсидияланады.

https://t.me/dalainside