DALA INSIDE
15.3K subscribers
368 photos
117 videos
1 file
932 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
📺 Теледидар көруге болады, бірақ қосуға болмайды

Тоқаевтың тапсырмасы әлі тағайындалмаған жаңа премьерді састыратын болды. Себебі: 700 мың әлеуметтік аз қамтылған адамға төлемді 14%-ға көбейтуі керек және дәл осы уақытта Ұлттық Қорға қол салуды азайту тапсырылды. Ал отставкаға кеткен үкімет биылғы бюджетті бекітіп, әр тиынды қайда жіберетінін жоспарлап қойған болатын. Биыл дифференциалды салық жүйесіне өтіп үлгермейді. Онымен бірге, осы салыққа қатысты жаңа премьер мен олигархтар арасында ауыр әңгімелер жүретіні түсінікті.

Ал жаңа премьер кім болады дегенде, DALA INSIDE дереккөзі Ақорданың Тимур Сулейменов пен Ерболат Досаевтың, ал Үкіметтің Әлихан Смайылов пен Серік Жұманғариннің кандидатураларын енгізгенін айтады. Министрлер кабинетін жасақтау "Аманат" партиясына тапсырылды деп жария айтылса да, іс жүзінде президентпен алдын-ала консультацияларсыз шешім қабылданбайды.

Қалай болғанда да, жаңа премьер үшін маневрлар коридоры тарылып қалғаны көрініп тұр. Тапсырмалар нақтыланып қойылды. Оны орындау инструменттері санаулы ғана. Сондықтан кім келсе де, Үкіметтің жаңа басшысынан айтарлықтай креатив күту асығыстық болар еді. Биылғы Парламент тым сөзі көп, еркіндеу форматта жасақталғандықтан Үкімет заңды өткізерде баяғыдай техникалық шешімдермен құтылып кете алмайды. Премьерге осы парламент пен жаңа Қазақстанның кейбір қағидаттары айтарлықтай проблема алып келмек.

https://t.me/dalainside
🏦 Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкінен дивиденд шығара алмай қалуы мүмкін

Биыл Халық банк тобының негізгі қожайындары - Тимур мен Динара Құлыбаевалар банктің былтырғы табысынан 386 миллиард теңге дивиденд алуы тиіс болатын.

Алайда, мемлекеттік көмек алған банктердің акционерлеріне төленетін дивидендті шектеу туралы заң нормаларына өзгерістер енгізілгендіктен, жағдай өзгеріп кетуі ғажап емес. Балансында мемлекеттік субординацияланған облигациялар бар банк қожайындары табыстан дивиденд алу үшін ҚНРДА-ның арнайы рұқсатын күтетін болады. Халық банктің балансында Казкомді өзіне қосып алған уақыттағы мемлекеттік көмектің іздері бар.

ҚНРДА төрайымы Мадина Әбілқасымова әңгіменің қаржылық тұрақтылық бағдарламасына қатысқан 6️⃣ банк туралы екенін растады. Жалпы, дивидендтік шектеудің енгізілуіне «Jusan bank» акционерлерін кінәлауға болады. Жусан кейсінен кейін, мемлекет акционерлердің әрекетін жіті бақылай бастады.

Dalainside жағдайды бақылауда ұстайды. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🔥 Тоқаев vs Назарбаев кланы: әулетке тиесілі контрабанда каналының жолы кесілді

Жаңа Қазақстан кедендік бақылаудың мүлде жаңа алгоритмін іске қосқалы отыр. Бұдан былай шекарадан өткен тауар атаулы елге кірген сәттен діттеген жеріне жеткенше қатаң қадағалауда болады.

Шетелдік басылымдар, соның ішінде Financial Times мұны Ресейге салынған санкциямен байланыстырған-ды. Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша жаңа жүйе ең алдымен Назарбаев әулетін есеңгіретіп, ескі Қазақстанға күйрете соққы беруді көздейді.

Оған статистикадағы жер мен көктей алшақтық себеп болып отыр. Мынаны қараңыз:

🇨🇳 Қытайдың кеден қызметі "Бейжің былтыр Қазақстанға 16,3 млрд 💰-дың өнімін жеткізген" дейді.

🇰🇿 Біздің "таможня" өз кезегінде "өткен жылы Қытайдан Қазақстанға 11 млрд 💰-дың тауары өткен" деп бет бақтырмай отыр.

Кімнің сөзіне сенеміз? Жемқорлық үшін басы кететін Қытай шенеуніктері жалған мәлімет берді дегенге илана қоймаймыз.

Есептеп көрсек, екі арадағы алшақтық 5,3 млрд долларды құрайды екен! Демек, осынша көлемдегі контрабандалық тауар шекарадан баж салығына ұрынбай, "бармақ басты, көз қыстының" көмегімен өткен. Осы арада бұдан түскен пішен ақша кімнің әмиянына ауды деген сауал туындайды?

Dalainside дереккөзінің айтуынша экс-президенттің қомағай інісі әлі де болса әлсірей қоймаған, кедендегі Болат Назарбаевпен аффирленген құрылымдар шекарадан күреп табыс тауып отыр. Жаңа Қазақстан экс-президенттің сантехник інісіне тиесілі контрабанда каналдарын толық бітеп тастауға тырысуда.

Айтқандай арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Forwarded from ₸engestan🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В сеть слили запись выступления Кайрата Боранбаева на судебном заседании 28 марта. В своей речи предприниматель указал, что потерпевшая сторона направила в суд некомпетентного специалиста. Почему Серик Ибраев согласился на клоунаду и откуда взялся ущерб, если QazaqGaz заработал на сделке 20 миллионов долларов? Видео с субтитрами: смотрите, слушайте!
🙈 Қазақтардың сүйікті саясаткері Путиннің сөзін сөйлеуге кірісті...

ОДКБ-ның Бас хатшысы, өзін "Назарбаевтың төл өнімі" санайтын Иманғали Тасмағамбетов Батыс елдеріне Кремльдің сәлемін жеткізді.

"Киевке үсті-үстіне қару-жарақ жеткізіп жатқан АҚШ пен Батыстың кесірінен үстел басына отырып, мәмілеге келу мүмкін болмай тұр..." - деді қазақтардың сүйікті саясаткері.

Имекеңнің арғы жағында саудасы біткен Путиннің сұлбасы көрінеді. Украинаны үш күннің ішінде жаулап алмақ болған басқыншылардың көсемі келіссөзге келудің амалын таппай, аласұрып жүргені сезіледі.

Dalainside дереккөзінің айтуынша Тасмағамбетов Мәскеуге бауыр басып қалған. Имекеңнің Ресей астанасынан кеткісі жоқ. Оның ресейшіл ұстанымы күнге-күнге айқындалып келеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Көп күттірген Англия Премьер-Лигасы!

Құрамалардың матчтарына жалғасқан үзілістен кейін бізге клубтық футбол қайта оралды. Әдеттегідей ағылшын Премьер лигасы аясында үздік матчтар өтеді. Чемпиондыққа талас біткен жоқ және қызық әлі алда.
Турдың басты матчы Манчестерде “Этихад Арена” стадионында 1 сәуірде өтеді, сайыста чемпиондыққа үміткер “Манчестер Сити” мен осы маусымда орташа өнер көрсетіп жүрген “Ливерпуль” күш сынасады.
"Ситиліктер" матч фавориттері, алайда "скаузерлер" қол қусырып қарап отырмай, соңына дейін күресуге дайын!

🔵 Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы естеріңізге салады, бірінші толықтыруға әрбір жаңа ойыыншы аккаунтына 200 000 дейін бонус алады. 1XBET.KZ-пен бірге сүйікті командаңызға жанкүйер болыңыз және өз фавориттеріңізді қолдаңыз.

Толығырақ сілтемеде
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍 "Қазақстаннан бөлінісі келетіндер жай ғана кетіп қалыңдаршы"

Әлеуметтік желіде Артем атты жігіт "Қазақстаннан тәуелсізбіз" деп жариялаған бір топ адамға Қазақстаннан кетіп қалуды ұсынды.

"Тіпті билеттеріңді алып берейік", - дейді ол.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын "өздерін Петропавл тұрғындарымыз" деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇦Петропавлдағы провокация: Жаңа Қазақстан Киевтің тізе бүкпеуін тілеуде

Қазақстаннан бөліну туралы талап қойған Қызылжар қаласындағы бір топ коллаборанттың үндеуі Ақорданы аса қатты алаңдатып отыр.

Тоқаев идеологияға жауапты тұлғалардың мұндай олқылыққа жол бергеніне қынжылыс білдірген.

Президенттің теріскейді қазақтандыру туралы тапсырмасы өз деңгейінде орындалмаған, солтүстіктегі орыстанған аудиториямен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілмеген.

Солтүстікке қазақ көшін құйылтқысы келген Бурахан Даханов секілді белсенділердің бастаған ісі жоғарыдан жәрдем болмағасын орта жолда тоқтап қалған.

Ал популист депутаттар мұндай машақат тірлікпен айналысудан басын ала қашады.

Теріскейдегі орыстілді бұқара 🇷🇺Кремльдің уағызына уланып, пиғылы бұзыла бастаған. Өңірдегі орыстанған қазақтардың арасында Путинді пір тұтатындар көп.

❗️ Осы факторларды есепке алған Тоқаев алдағы уақытта теріскейге қатысты кардиналды шешімдер қабылдайды.

Идеология саласында ауыс-түйістер орын алып, түнеукүні қабылданған ақпараттық доктринаға өзгерістер енеді.

КНБ-дағы ақпараттық қауіпсіздікке жауап беретін бөлімді де күрделі өзгерістер күтіп тұр.

Кешегі инциденттен кейін Ақорда идеологтары Киевтің тізе бүкпеуін тілеуде. Путиннің асқына бастаған параноясын ауыздықтау Украинаның майдандағы ерлігіне байланысты.

🇺🇸Батыс пен АҚШ альянсы Киевке қару жеткізуді толастатпай, көмекті ұлғайта түссе, күндердің күні Кремль де тәубесіне түседі.

Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында тиісті министрлік Ресейдің пропаганда каналдарын бұғаттауды ойластыра бастауы тиіс.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Ongar_online
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылжарлық сеператорлар кешірім сұрап тұр.
Айтуларынша бұлардың түк кінәсі жоқ екен. Біз бұларды дұрыс түсінбеппіз ғой. Ана видеоны интернетке таратқан оңбағандарды жазалау керек)
👮 Серік Күдебаев Эгей теңізінің суына аяғын малды

Қазақстаннан Қырғызстан арқылы қашқан Серік Күдебаев Бодрумнан уақытша пана тапты дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Онда Назарбаевтың резиденциясы бар және осы демалыс орнын Серік Күдебаевті кезінде Алматы полициясының басшысы етіп тағайындаған Ахметжан Есімов арагідік қадағалап қояды. Бірақ Түркия мен Қазақстан арасында экстрадиция бойынша келісім бар болғандықтан, Күдебаев Бодрумда тұрақтамай, Дубайға ұшады деп болжануда.

Оның қашуын қазір Дубай мен Бодрумда орын тепкен Назарбаев кланы аса құптай қоймаса да, лажы жоқ, өз қолын өздері кесе алмады. Күдебаев шапырашты, Назарбаев пен Есімовке ағайын болып келеді.

"Қаңтар оқиғасы" кезінде Алматы облысының облысының полиция департаментін басқарған, комендант болған Күдебаев полиция ғимаратын тастап, Қаскелеңдегі ауылына кетіп қалған болатын. Қылмыстық әрекетсіздік бабымен айыпталып, сотталуы тиіс еді. Сот басталғанға дейін ол "Ешқайда кетпеу" жөніндегі қолхатпен жүрді. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Дереккөз мәліметінше, экс-генерал Күдебаев наурыздың 22-інен 23-іне қараған түні Қырғызстан шекарасын Шу жақтан кесіп өткен.

Күдебаевтің өзі жоқ болса да, оның соты өте ме? Егер өтетін болса, сот үкімі сырттай шығарылатын болады. Оның қазіргі айыбына, сот шешімін бұзып, заңсыз қашқаны үшін қосымша айып тағылып, жазасы ауырламақ.

Күдебаев туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
🏦 “Home Credit Bank” АҚ Fitch-тен алғаш рет “ВВ -” деңгейінде рейтинг алды, болжам “Тұрақты”


Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық «Home Credit Bank» АҚ-ға «ВB-» деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) берді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

«Бұл «Home Credit Bank» АҚ 2022 жылдың желтоқсанында болған акционерлердің ауысуынан кейін дербес қаржы институты ретінде алған алғашқы рейтингіміз. Fitch-тің мұндай жоғары рейтингі банктің тұрақты қаржылық жағдайын, оның республиканың бөлшек кредиттеу нарығындағы мықты позициясын, адаптивті және табысты бизнес-модельдің болуын көрсетеді деп санаймыз. Home Credit Bank биылғы жылды өтімділіктің жеткілікті қоры мен меншікті капиталдың айтарлықтай деңгейіне ие бола отырып аяқтады. Бұл банктің тәуекел-тәбет тұрғысынан консервативті саясат жүргізетіндігінің тағы бір дәлелі болды, сонымен қатар банктің топ-менеджменті тарапынан операциялық шешімдер қабылдаудағы жылдамдық пен икемділікті атап өту керек. Өткен жылы Home Credit Bank цифрлық банкингті дамытуды, клиенттеріміз үшін бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді құруды жалғастырды, мобильді қосымшаны жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізді», – деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлшек кредиттеу сегментіндегі белсенді ойыншы болып табылады. Клиенттердің белсенді базасы 1,5 млн адамды құрайды, оның 90%-дан астамы Банктің кемінде екі өнімін пайдаланады.

Банк активтері 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 538 млрд теңгені, меншікті капиталы 132,8 млрд теңгені құрады. Меншікті капитал мөлшері бойынша Home Credit Bank 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы 10 ірі банктің қатарына кіреді.

https://t.me/dalainside
📈 Huawei 2022 жылдың қорытынды есебін жариялады

Huawei компаниясы 2022 жылға арналған жылдық есебін жариялап, 2022 жыл бойы тұрақты жұмыс істегені туралы, осы арқылы 642,3 миллиард юань кіріс және 35,6 миллиард юань таза пайда алғаны туралы хабарлайды.

Huawei ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруда. 2022 жылы Компанияның жылдық шығындары 161,5 миллиард қытай юанін құрады, бұл Компанияның жылдық кірісінің 25,1% құрайды, ал соңғы 10 жылда ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған жалпы шығындары 977,3 миллиард қытай юанінен асады.

Компанияның жылдық есебіне арналған баспасөз-конференциясында Huawei Директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Сюй: «2022 жылы күрделі сыртқы орта мен нарықтық емес факторлар Huawei қызметіне теріс әсер етуді жалғастырды», - деді.

https://t.me/huaweimediatalks
Іс-шараға Huawei компаниясының қаржы директоры Сабрина Мэн де қатысты.

Ол «Біздің қаржылық жағдайымыз тұрақты. 2022 жылдың аяғына пассивтер коэффициенті 58,9%, ал таза ақша қалдығы – 176,3 миллиард юань құрады. Сонымен қатар, біздің активтеріміздің жалпы балансы бір триллион юаньға жетті. 2022 жылы біздің жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындарымыз 161,5 миллиард юаньға жетті, бұл жалпы кірістің 25,1% құрай отырып, Huawei тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды», - деді.
«2023 жыл Huawei компаниясының тұрақты дамуы үшін өте маңызды болады», - деп атап өтті, Huawei Директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Сюй.

«Huawei компаниясында қажеттінің барлығы – өсу мүмкіндіктері, тұрақты бизнес портфолиосы, бірегей бәсекелестік артықшылықтар, тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің тұрақты сенімі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қомақты қаражат салуға батылдық бар».

2022 жылғы барлық қаржылық есептер «Үлкен төрттікке» кіретін KPMG тәуелсіз аудитінен өтті. 2022 жылғы жылдық есепті жүктеу үшін келесі сілтеме бойынша сайтқа кіріңіз https://www.huawei.com/en/annual-report/2022.
⚡️ Мұрат Нұртілеу. Смайылов үкіметіндегі Тоқаевтың көзі мен құлағы

Кешегі күнге дейін Президент әкімшілігін басқарған Мұрат Нұртілеу өзіне үйреншікті, сыралғы салаға қайтып оралды. Ол енді еліміздің сыртқы саясатына жетешілік етеді және вице-премьерлікті қатар алып жүрмек. Тоқаевтың шинелінен шыққан Нұртілеудің қазіргі қызметін қомсынып, мұны құлдырауға балап отырғандар бар.

Dalainside Нұртілеудің калибріндегі саясаткерге мұндай үкім шығаруға асықпайды.

Тоқаев өзінің сенімді кадрын кезекті рет от пен суға салғалы отыр. Президенттің шешуші сәтте Нұртілеуге арқасүйеуі алғаш рет емес. Аласапыран шақта солқылдақтық танытқан ҰҚК-ны "мұрттының мұрасынан" тазарту әуелде біздің кейіпкерімізге жүктелген еді. Қауіпсіздік комитетінде саяси талдау және барлау жұмысымен айналысқан "Тоқаевтың адамы" Қаңтардың аптығы басылғаннан кейін АП-ға ауысқан-тын.

Ендігі жерде Нұртілеу Жаңа Қазақстаның сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарына координация жасайды. 1998 жылдан осы бері осы саланың қазанында қайнап келе жатқан шебер дипломат Тоқаевтың сеніміне селкеу түсірмейді деген ойдамыз.
Геосаяси ахуал ширығып тұрған сәтте сыртқы саясатта есе жібермеу маңызды.

Ақорда көрші елдің шабына жармасқан Ресейден бәрін күтуге боларына көзі жеткен. Демек, көпвекторлы саясатты ұлттық мүддемен қабыстырып, оны Жаңа Қазақстанның өмір салтына айналдыру одан сайын актуалды бола түспек. Осы тұрғыдан алып-қарағанда СІМ-дегі ауыс-түйістің логикалық шешімі бар.

Dalainside дереккөзінің айтуынша Тоқаев Нұртілеуді "дағдарыс менеджері" деп санайды. Оған дейінгі Тілеуберді де осал емес, алайда салаға шешім қабылдай алатын басшы ауадай қажет.

Ресейлік пропаганда Нұртілеуді "сұр кардинал" деп есептейді. Назарбаевтың тұсындағы Әбіқаевтың статусы қандай болса да, Тоқаевтың дәуіріндегі Нұртілеудің келбеті де соған ұқсас.

Оның Үкіметтегі миссиясы да айқындалып қойған, ол министрлер кабинетіндегі Тоқаевтың көзі мен құлағы болады. Вице-премьерге Мемлекет басшының тарапынан түсетін аса күрделі әрі жауапты жұмыстар жүктелмек. Тоқаев Нұртілеудің тазалығын бағалайды. Ол ескі Қазақстанның әдетінен ада: өткен отыз жылда қазақстандық шенді-шекпенділердің өне-бойына таралып кеткен түрлі ауру-сырқауға қарсы иммунитеті бар. Жеке басқа қатысты дау-шарға да ілікпеген.

Ендігі жерде Тоқаев өзінің сенімді кадрын сыртқы саясатта сынап көрмек.

https://t.me/dalainside
Барселона vs Реал Мадрид матчында 5000₸ дейін қайтару мүмкіндігі.

"Барселона" 🔴🔵 мен "Реал Мадрид" 🟣⚪️ - футбол тарихында ерекше орын алған екі ұлы команда. Бұл екі клуб бір бірімен 100 жылдан астам уақыт қарсылас және алаңда өте көп кездеседі. Олардың арасындағы әрбір матч - дүние жүзі бойынша футбол жанкүйерлерінің назарын әркез өзіне аударатын нағыз қызықты ойын.

Командалар осымен үш рет кездесіп, үшеуінде де каталондықтар жеңген еді. "Корольдік" клуб қарсыласынан басым түсе алар ма екен?

🔵 🔵 Бұл нәтижеге сіздің алаңдамауыңыз спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясын әзірледі. Сүйікті командаңызға ұтыс тігіңіз, ал 1XBET сәтсіздік жағдайында, Сізге 5000 дейін қайтарады!

🔥 Толығырақ сілтемеде
💸 Тимур мен Динара Құлыбаевтар миллиардер ретінде әлемді мойындатты

Олардың байлығы бір жылда тағы 1 миллиард долларға өскен. Бұл туралы Forbes журналы жаңартқан әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы тізімінен белгілі болды. Әлемдік байлар қатарында алты қазақстандық бар.

Тимур мен Динара 7,6 миллиард доллар ортақ байлықпен тізімнің 636-шы сатысын иеленді. Ал Владимир Кимнің байлығы 4,6 миллиард долларға дейін азайған. Өткен жылы оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланған еді. Тағы бір төл олигарх Болат Өтемұратов 100 миллион доллар жоғалтты. Қазір ол 2,7 миллиард доллар байлығымен рейтингте 1104-ші орында тұр. Kaspi Bank қожайыны Вячеслав Ким 3,6 миллиард долларымен 1513-орыннан 787-ші орынға көтерілді.

Байлардың байлығы артса да, ол елдегі жағдайдың жақсаруына еш әсер бермеді. Үкімет қымбатшылықпен күресте дәрменсіз болып отыр. Ал азаматтар тапқан табыстың 70 пайыздан астамын тамаққа жұмсауда.

https://t.me/dalainside
🔥🇷🇺 Ресей дінаралық қақтығыстың алдында тұр

Бір мешіт үшін Кавказ бөлініп кетуі мүмкін. Мәскеуде салынуы тиіс ең үлкен мешіттің құрылысына Косино-Ухтомское ауданының орыс тұрғындары қарсы шығып, құрылысты тоқтатып тастады. Олар бұл жерде православтар үшін қасиетті көл бар екенін алға тартады. Және алып мешіт арғы бетте тұрған шағын шіркеуді көлегейлеп, басып тастауы мүмкін.

Бұл Мәскеу халқының 30 пайызын құрайтын мұсылмандардың да өре түрегелуіне алып келді. Әсіресе Кавказ өкілдері, ММА, UFC жекпе-жекшілері жақтастарын жинай бастаған. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та үн қатып, мешіт құрылысына қарсы жергілікті орыстарды Украинадағы соғысқа жіберу керек деп мәлімдеді.

Екі тарап та принципиалды позиция ұстап отыр. ММА-дағы орыс жекпе-жекшілері мешіт салғызбаймыз десе, Кавказ палуандары мешіттің бой көтеруіне ешкім кедергі бола алмайды деді. Орыстар сол жерге күнде жиналып, кетпей тұр. Мәселеге Ресей президенті Путин араласады деп күтілуде.

Негізі, осындай тұрмыстық даудан басталған дүниелер алып империялардың ыдырауына әкеліп соғады. Кавказға Ресей туынан көрі Ислам туы жақын екені білініп отыр. Олар "Егер дінімізді сыйламаса, Ресей үшін неменеге Украинада қан төгіп жүрміз?" деген сұрақтар қоя бастады.

https://t.me/dalainside
🇰🇿🇨🇳 Қазақстан Еуразиялық одаққа Қытайды кіргізуді ойлана бастады

Қытай биыл импорт бойынша Қазақстанды Ресейден жұлып алмақ. Және Ресей оған ештеңе істей алмайды. "Қорғас" халықаралық сауда әріптестігі орталығына біздің тарап үлкен мән беріп отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның ең ірі импортері атануы ықтимал. Онда Ресей ұзақ жылғы генемондығынан айрылады. Солтүстік федерациядан келетін импорттың құлдырауы өткен жылдың жаз айынан басталған. Ресейде көлік, жиһаз құрастыру күрт азайды. Халықаралық компаниялар кеткеннен кейін ішкі нарықта дефицит бар.

Қазақстан импортындағы Ресей үлесі 2021 жылы 43 пайыз болатын. 2022 жылдың қортындысы бойынша ол 35 пайызға түсті. Биыл жыл бойы осы төмендеу жалғасып келеді, сонда 2023-тің қортындысы бойынша Ресей үлесінің 30 пайыздан түсетіні анық. Ал ұлттық статистикаға қарасақ, 2021-2022 жылдары Қытай өз бізге деген импортын 20 пайыздан 26 пайызға дейін көтерген. «Қорғас» ашылса, ол тағы өседі. Демек Қытай өзінің тарихи титулын қайтарып алмақ.

Қазақстан Қытайдың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына мүдделі. Ол керемет саяси баланс туғызар еді. Және Кремльдің "одақтың идеясын біз емес, 1994 жылы Назарбаевтың аузымен Қазақстанның өзі айтқан" деп көпшік қоя беретінін пайдаланып, одақты құруші ретінде оның тізгінін Мәскеуден жұлып алып, Бейжіңге бере аламыз. Егер ондай маневр істей алсақ, бізге Одақтан шығудың да қажеті жоқ. Ресей мен Қытай арасындағы оператор атанып, күшейіп алуға болады.

Ал Ресей бізге өз тауарларымызды өткізетін нарық ретінде керек. Қанша дегенмен ол үлкен нарық. 2022 жылдан бастап Қазақстанның Ресейге экспорты кем дегенде 50%-ға өсті. Қазір біздің сыртқы сауда айналымымыз 134,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Біздің сауда профицитті, яғни жағымды баланс бар. Экспортымыз импорттан 34,4 миллиард долларға артық.

Ал төлем балансы бойынша Қазақстан оның есебінің жаңа методикасын қабылдап отыр. Баланс профициті айтарлықтай қысқаратыны анық. Бірақ ол қауіпті емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев үшін тарихи сәт туды десе де болады. Ортақ үстелге Бейжіңді тарту бүкіл құрлықтағы қауіпсіздік трансформациясын бастайды. Және оның дирижері Ресей болмайды.

Сол себепті, Кремль Еуразиялық экономикалық одаққа Қытайды кіргізгісі келмей отыр. Егер Қазақстан Армения, Қырғызстанды өз жағына тартса, Ресей мен Беларусьті дауыс басымдығымен жеңіп кететіні анық. Одаққа Қытай келген күні Өзбекстан сол күні қатарға қосылады. Болашақты тіпті бұл одақтан Ресей мен Беларусьті шығарып жіберу мүмкіндігі де жоққа шығарылмаған.

https://t.me/dalainside
🇺🇲 Теңізшевройл құпиясы. Аудиторлар ТШО-ның Қазақстанды алдап, қаржыны заңсыз шетелге шығарып келгенін дәлелдей ала ма?

DALA INSIDE қолына түскен «JANARU» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілі Бақтыбай Жұмаділдиннің хатына сәйкес, жергілікті қамту саясаты бойынша тендерлерді басымдықпен жергілікті компанияларға беруі тиіс «Теңізшевройл» жұмысшыларды тамақтандыру бойынша 700 миллион долларлық контрактты шетелдіктерге заңсыз беріп келген.

Қазір осы контракттың иесі «Compass Group Қазақстан» фирмасы. Ол 700 миллион долларға Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды тамақтандырады. Ал оның 100% акциясы британдық Compass Group International компаниясына тиесілі. Барлық табыс бірден шетелдік акционерге аударылып отыр. Бұдан, отандық компаниялар жұмысшыларды тамақтандыра алмай ма деген сұрақ туындайды.

Осының алдында, «Compass Group Қазақстан» фирмасы ҚазМұнайГаз-Сервис Компас деп аталып, оның 40 пайызы Қазақстан мемлекетіне тиесілі болған. Алайда, 2017 жылы осы үлес 2 миллиард теңгеге сатылды. Бір қызығы, үлесті бағалағанда фирманың ұзақ мерзімді контракттары, оның болашақ табысы ескерілмеген.

ТШО мәселесімен Жоғарғы аудиторлық палата айналысуы тиіс. Себебі, «ҚазМұнайГаз-Сервис Компас» біріккен кәсіпорны бас директорының бұрынғы орынбасары Мұрат Тұрысбековтың айтуынша, осы схема арқылы ТШО-ның қазақстандық үлесінен кем дегенде 30 миллиард теңге сыртқа заңсыз шығарылған.

ТШО бүгін өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Оның бергі жағында жетістіктер, көрсеткіштер айтылып, қошеметтелгенімен, ар жағында шетелдіктердің жасап кеткен және жасап жатқан былықтары мен қылмыстары аз емес.

Dalainside бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside