⚡️ҚР Ұлттық банктің 11 сәуірге бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 515,18 теңге, евро – 570,66 теңге, рубль – 6,06 теңге деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды dalafinance.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:
Астана
1 АҚШ доллары: сату – 513 теңге, сатып алу – 520 теңге.
1 евро: сату – 576 теңге, сатып алу – 586 теңге.
1 рубль: сату – 6,02 теңге, сатып алу - 6,12 теңге.
Алматы
1 АҚШ доллары: сату - 514,1 теңге, сатып алу – 517,1 теңге.
1 евро: сату – 577 теңге, сатып алу – 584 теңге.
1 рубль: сату – 5,99 теңге, сатып алу - 6,11 теңге.
Шымкент
1 АҚШ доллары: сату – 514 теңге, сатып алу – 517 теңге.
1 евро: сату – 573,8 теңге, сатып алу – 581,5 теңге.
1 рубль: сату – 5,98 теңге, сатып алу - 6,05 теңге.
(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside

❗️Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды
ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

❗️Қытай баж салығын тағы көтерді
Қытай АҚШ тауарларына салынатын баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін көтерді. Жаңа тарифтер 12 сәуірден бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар, Бейжің Дүниежүзілік сауда ұйымына Вашингтонның үстінен тағы арыз түсірді. Бүгін ҚХР Қаржы министрлігі "егер Ақ үй баж салығын көтеруді жалғастыра берсе, Қытай тарапы еш әрекет етпейтін болады, өйткені қазіргі тарифтердің өзінде америкалық тауарларды нарықтық тұрғыда қабылдау мүмкіндігі жоқ" деп мәлімдеді.
Айта кетсек, күні кеше АҚШ Қытай тауарларына салынатын баж салығын 145%-ға дейін көтерген болатын.

❗️Жаңаөзенде "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы директоры Байшуақов төрт жылға сотталды
Сотпен Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Бұған дейін Антикор қызметкерлерінің әшкерлеуімен ұсталған Байшуақовқа 65 млн теңге жымқырды деп күдік келтірілген.

❗️Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАДБ басшысымен кездесіп, халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарын талқылады.
2024 жылдың қорытындылары:
✔️ банк Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар қаржы салды;
✔️ инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60%-ға жетті.
Инвестиция:
✔️ банк елімізге 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында 3,8 млрд доллар инвестиция құю жоспарын мерзімінен бұрын орындады.
2025 жылға жоспар:
✔️ жалпы сомасы 4,5 млрд доллардан асатын жобалар ұсынылды;
✔️ мына салаларға 1 млрд доллардан астам инвестиция салу көзделген:
- энергетикалық нысандарды жаңғырту;
- жаңартылатын энергия көздері;
- көлік және логистика салаларын дамыту;
- республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу;
- инфрақұрылым нысандарының құрылысы;
- өнеркәсіп және цифрлық технологиялар.
Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Айта кетсек, Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылғы жағдай бойынша, ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 млрд долларды құрайтын 305 жоба енген; негізгі бағыттары: көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау.

🏗 "Наурыз-2025" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы заем берілді
Бүгінгі таңда Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша барлығы 1 047 кредиттік өтінімді мақұлдады. Алғашқы заем кісі қолына тиіп те үлгерді.
Биылғы жылғы "Наурыз" бағдарламасы бойынша алғашқы қолжетімді несиені Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны Бексұлтан Қазиуллин ресімдеді. Ол жедел медициналық жәрдем станциясында 🧑🔬фельдшер болып жұмыс істейді. Облыс тұрғыны Оралда бастапқы нарықтан онлайн-ипотека арқылы пәтер сатып алды.
Банк сайтындағы мәліметке сүйенсек,"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар тізіміне 12 000 қазақстандық ілінген, оның 4 577-сі немесе 38,1% тұрғын үйге кезекте тұр. Олардың жартысына жуығы (16,8%) халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.
Бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі республикалық маңызы бар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрады. Бұл - 7 880 адам. Облыстық маңызы бар қалалардан бағдарламаға 3 506 адам кірді, тағы 560 банк клиенті аудандарда және 54 салымшы моноқалаларда тұрады. Қатысушылардың басым бөлігі немесе 7 112 адам - 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас қазақстандықтар. Олар, әдетте үйленген және балалары бар болып келеді. "Наурыз 2025" бағдарламасына қатысушылар пулында 25% - тұрғын үй төлемдерін алушылар, яғни әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

🤛 Жыл басынан бері 12 мыңнан астам банктік шотты арнайы прокурорлар бұғаттады
Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, 2,1 млрд теңгеден астам есірткіден түскен кірістерді қамтитын бұл шоттар үшінші бір тұлғаларға (дропперлерге) рәсімделген.
Олардың 5 млрд теңгеден астам соманы құрайтын мүлкі, 6 млн доллар болатын криптовалютасы бұғатталды.
Биылғы жылдың үш айында аталған алаяқтық түрінің үлесі 3,9%-ға төмендеді. Жалпы шығын 41,4 млрд теңгені құрайды, бұл - өткен жылғы нәтижелерден екі есе аз көлем. 11,7 млрд теңге өтелді. Асылов өтемақы бойынша жұмысты күшейтуді уәде етті.