Жалпы алғанда бұған дейін министрлік Шымкент МӨЗ-інің өндіріс қуатын алдымен 9 млн тоннаға, одан 12 млн тоннаға жеткізу туралы жоспар барын хабарлаған еді.
Мерзім 2029 жылға қарай деп айтылған. Жыл сайын тұтынушылар көбейіп келе жатқандықтан, дәл сол жылға қарай мотор отыны қайтадан тапшы болып қалуы мүмкін.
ПКОП — Орталық Азиядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Өндіріс қуаты — жылына 6 млн тонна. Елдің қажетін, әсіресе, мотор отынымен қамтамасыз етіп отыр. Жауапты министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Қазақстан мен Қытай арасында үкіметаралық келісім жобасын дайындаған.
Оның ішінде шикізат, инфрақұрылым және энергоресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану және әлеуетті инвесторлардың қарсы міндеттемелерін ұсыну мәселелері қаралған.
Алдын ала жасалған есеп бойынша, жоба іске асырылса, автобензин өндірісін — 700 мың тоннаға, әуе отынын — 700 мың тоннаға, дизель отынын — 3,9 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ПКОП президенті Ерболат Қожабаев былтыр жыл соңында зауыттың өндіріс қуатын 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға ұлғайту жобасындағы басты мәселелерді шешетін жол картасына қол қойған. Соның ішінде жаңа жобаға керек жер телімдерін бөлу және өндірістік-технологиялық қажеттерге су үздіксіз беріп отыру мәселесі қамтылған.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa Қазақстан жұртшылығына ұсынылмақ
Сурет Сфорциада Варшавалық кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан көрінісі деп танылған.
La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады. Бұл бірегей мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.
Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.
https://dalanews.kz/kz/article/oner-alemindegi-oqyga-qazaqstanda-algash-ret-leonardo-da-vynchydin-la-bella-principessa-tuindisi-usiniladi.html

⚡️ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫҢ ЖАҢА ШЕГІ ҚАНДАЙ?
Қазақстанда тауарлық газ бағасының жаңа шегі белгіленді. Энергетика министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды.
2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлерге мың текше метр тауарлық газдың көтерме бағасы мынадай болады деп бекітілді:
⏺ Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында — 52 033 теңге;
⏺ Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстарында — 63 905 теңге;
⏺ Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 59 268 теңге;
⏺ Жамбыл облысында — 58 866 теңге;
⏺ Ақтөбе облысында — 34 333 теңге;
⏺ Қостанай облысында — 48 424 теңге;
⏺ Қызылорда облысында — 45 522 теңге;
⏺ Маңғыстау облысында — 32 942 теңге;
⏺ Батыс Қазақстан облысында — 31 637 теңге;
⏺ Атырау облысында — 23 996 теңге;
⏺ Шығыс Қазақстан облысында — 10 891 теңге.
Сонымен қатар ішкі нарықта тауарлық газды көтерме бағамен сатқандағы шек те нақтыланды. 2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ҚҚС қоспағанда мың текше метр газдың бағасы максимум мына шектен аспауға тиіс:
⏺ Астана - 29 757 теңге;
⏺ Алматы - 29 873 теңге;
⏺ Шымкент - 29 341 теңге;
⏺ Ақмола облысы - 29 757 теңге;
⏺ Ақтөбе облысы - 11 445 теңге;
⏺ Алматы облысы - 29 873 теңге;
⏺ Атырау облысы - 13 018 теңге;
⏺ Батыс Қазақстан облысы - 14 743 теңге;
⏺ Жамбыл облысы - 28 626 теңге;
⏺ Жетісу облысы - 29 873 теңге;
⏺ Қарағанды облысы - 29 757 теңге;
⏺ Қостанай облысы - 25 521 теңге;
⏺ Қызылорда облысы - 12 136 теңге;
⏺ Маңғыстау облысы - 21 594 теңге;
⏺ Түркістан облысы - 29 341 теңге;
⏺ Ұлытау облысы - 29 757 теңге;
⏺ Шығыс Қазақстан облысы - 7 563 теңге.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Қазақстанда тауарлық газ бағасының жаңа шегі белгіленді. Энергетика министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды.
2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлерге мың текше метр тауарлық газдың көтерме бағасы мынадай болады деп бекітілді:
Сонымен қатар ішкі нарықта тауарлық газды көтерме бағамен сатқандағы шек те нақтыланды. 2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ҚҚС қоспағанда мың текше метр газдың бағасы максимум мына шектен аспауға тиіс:
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ОТАНДАСТАР ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ ТУЫНДЫСЫМЕН ТАНЫСУДА
La Bella Principessa - 15 ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған итальяндық ақсүйектерге жататын жас қыздың портреті. Жоғалып кетіп, қайта табылған туынды шебердің ең жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұған дейін картина әлем бойынша бес рет қана қойылып, көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырған еді.
https://dalanews.kz/kz/article/qasim-jomart-toqaev-leonardo-da-vynchydin-ademi-xanshayim-kartynasinin-tupnusqasin-tamashaladi.html

Қазақстанда мұнай жеткізуге қатысты ережелер өзгертіледі. Энергетика министрі осындай жобаны «Ашық НҚА» сайтына жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2018 жылы жасалған мұнай жеткізу кестесін жасайтын ережелерге біршама өзгеріс керек.
Атап айтқанда, кестені жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (егер болса), мұнай өңдеу жоспарлары мен қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ мұнай тасымалдау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлеміне қарай әзірлеу ұсынылып отыр.
Келесі бір бөлімдегі өзгеріс мынадай: жер қойнауын пайдаланушылар есепті алдыңғы айдың бесінші күніне дейін көмірсутек саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы мұнай жеткізуге өтінім береді. Егер өтінім бермесе, орган кестеге енгізуге жататын мұнай көлемін өзі айқындайды.
Бұйрық жобасына түсіндірме жазбада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 130-бабының 1-тармағына сәйкес, ішкі нарықтың қажетін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар кестеге сәйкес Қазақстан аумағында қайта өңдеу үшін, ал мұнай өңдеу зауыты апатқа байланысты тоқтаған жағдайда болатыны көрсетілген. Кесте көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен қалыптастырылады.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
Арман Қасенов былтырдан бері Qazaqstan Investment Corporation (QIC) басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.
Мансап жолын 2002 жылы қаржы секторынан бастаған. 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтаған.
Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.
Вице-министр болып тағайындалған соң ол QIC-тегі қызметінен кетеді.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Kazakhmys Copper компаниясы 2024 жылдың I тоқсанында таза табысын былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 2,5 есе азайтқан. KASE қазақстандық қор биржасының сайтында жарияланған аралық қаржы есебіне сүйенсек, биылғы таза табыс мөлшері — 25,6 млрд теңге. Былтыр ол көрсеткіш 64,7 млрд теңге болған еді.
2024 жылдың I тоқсанында компанияның сатып алушылармен жасасқан келісімшарттарынан түскен табысы 306 млрд теңге болып отыр. 2023 жылдың осы кездегі көрсеткіші 395 млдр теңге болған еді. Осы қаражаттың басым бөлігі катодты мыс (218 млрд теңге), құйма алтын (36 млрд теңге) және түйіршік күміс (17 млрд теңге) сатқанның есебінен түскен.
I тоқсандағы өнімдердің негізгі сатып алушылары қатарында Қытай (125 млрд теңге, былтыр — 101 млрд теңге), Түркия (92 млрд теңге, былтыр — 150 млрд теңге), Қазақстан (62 млрд теңге, былтыр — 73 млрд теңге) мен АҚШ (6,9 млрд теңге) бар. Америка Құрама Штаттары негізгі сатып алушылар қатарынан Ұлыбританияны ығыстырды. 2023 жылдың I тоқсанында ол 16 млрд теңгеге өнім сатып алған еді.
Сатылған өнімнің таза құны 211 млрд теңгені құрады, осылайша компанияға 94 млрд теңге көлемінде жалпы табыс түскен. Салық ұсталғанға дейінгі пайда 36,5 млрд теңге болды. Үш ай ішінде компания 10,8 млрд теңге мөлшерінде корпоративтік табыс салығын төледі. Ал бір жыл бұрынғының көлемі 16 млрд теңге болған.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM