Codeo
219 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Сонымен, Highload Cup конкурсы жайлы. DevOps маман ретінде маған highload тақырыбы өте қызық. Үлкен нагрузкаға шыдап беретін, төзімді жоба жазу қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмалардың бірі.

Ресейде бұл бағытта Яндекс пен Mail.ru үлкен тәжірибеге ие. Ең үлкен аудиториялы жобалардың барлығы дерлік осы компанияларға тиесілі. Екі компания да жыл сайын қызметкерлерін өздері оқытуға әрекет жасайды, курстар, конкурстар ұйымдастырады. Highload Cup сондай конкурстардың бірі.

Конкурс шарты қарапайым, техникалық тапсырма бойынша REST сервис жазып, docker контейнер жинап, push жасау қажет. Ол кейін Yandex.Tank арқылы атқыланып, сервистің қаншалықты эффективтілігі, жоғары сұраныс кезде өзін қалай ұстайтыны тексеріледі. Сұраныстардың барлығына жауап беру үшін ең аз уақыт жұмсаған шешіп жеңімпаз болады. Бүгін финал басталатын күн, финалға өтетін қатысушылар анықталды деуге де болады, соңғы атқылаулар жақын арада басталуы керек.

Конкурс тілдер соғысына да айналып кетті. Бастапқы кезде алғашқы ондықты Go тілінде жазылған шешімдер алып тұрды. Тек соңына қарай ғана C және C++ тілдерінің шешімдері қаптап кетті. Яғни, Go тілінде жылдам жазуға және өте жақсы нәтижелерге жетуге болады. Осыған қарап бұл тіл қазіргі кезде миркосервистер үшін өте қолайлы дей аламыз. Алғашқы жиырмалықта бір Java тілі бар, оның өзі http серверді нольден өзі жазып шыққан. Рейтингті бір қарап шығуды ұсынамын https://highloadcup.ru/rating/round/1/.

Ұйымдастырушылар үшін конкурс өте күрделі өтті, бірнеше күн 24 сағат онлайн отырды десек те болады. Өйткені бастапқы кезде 100 ғана қатысушы күтілген екен, ал шын мәнінде 2000 адам қатысып көрген.

Егер конкурстан тыс күш сынап көремін деушілер болса техникалық тапсырма мұнда. Тағы бір апта шешімдер қабылдана береді.

Конкурста мен де күш сынадым, тек 178-орында тұрақтандым. Нәтиже көңіл толтырарлықтай болмағанымен, өзім үшін жаңа технология Tarantool in-memory деректер қоры мен Lua бағдарламалау тілінде біраз тәжірибе жинап алдым.

Жеңімпаздар анықталған соң тағы бір жазба болады :)

#highloadcup2017