Codeo
218 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Танымал #YouTube блогерлары соңғы бірнеше айда жыл соңына қарай қаралым саны тым түсіп кеткені туралы айтып келеді. Шын мәнінде не болып жатқанын білуге #SocialBlade аналитикалық сервисі әрекет жасап көріпті. Олар аудиториясы 10 миллионнан жоғары ірі YouTube каналдарының статистикаларын жинап, шынымен де көрсеткіштер түсіп кеткенін анықтады. Ең төмен көрсеткіш шілде мен қыркүйек айларында болған, бұл уақытта видеороликтер қарау көрсеткіші 10%-ға дейін төмендеген.

Ең қызығы YouTube-нің бұл ізденіске жауабы "SocialBlade секілді сервистерге сенбеңдер, барлығы өтірік" деген секілді мағынада болған. Ал өз кезегінде SocialBlade де мәліметтерін YouTube-нің ресми арнайы сервистерінен алғанын айтуда. Әрине, мұнда кімдікі шындық екенін білу қиын.

Қаралым санының түсіп кетуінің тағы бір себебі хостингтің фейк қаралымдарды анықтай бастауы болуы мүмкін.