Codeo
219 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Ақырғы кезде әлеуметтік желілер бір-бірінен көшіру арнасына түсіп кеткені байқалады: #Facebook танымал #Snapchat мүмкіндіктерін көшірсе, "#ВКонтакте" құрылуына негіз болған Facebook-тан көшіреді. Ешкімнің беті қызарып та жүрген жоқ.

Бүгін "ВКонтакте" Instagram Stories аналогы "История ВКонтакте" іске қосылғандығын жариялады. Бұл желінің арнайы бөліміне 12 секундтан ұзақ емес видеороликтер және суреттер салу мүмкіндігі. Яғни, олар лентада жарияланбайды. Ол жерге жүктелген видеолар және суреттер 24 сағат өткен соң жойылады.

Тура Instagram Stories секілді автор суретке және видеоға стикерлер мен мәтін қоса алады. Ал "История" пікірлеу үшін авторға жеке хат жазу керек. Басқаша айтқанда мүмкіндіктің барлығы толық көшірме.

Жаңа мүмкіндік iOS және Android мобильді бағдарламаларында қолжетімді: https://vk.com/blog/stories
#Facebook хабарлауынша #Whatsapp жаңа рекорд орнатты: бір күнде 63 млрд хат, оның ішінде 8 млрд сурет, 2.5 млрд видео. 14 млрды Үндістан пайдаланушыларына тиесілі.
Ресейде Дуров, батыста Марк Цюкерберг. 80 млн шақты фейсбук пайдаланушыларының мәліметі бөгде қолдарға тиіп, саяси анализ жасауға қолданылған. Яғни, Америкадағы президент сайлауына тікелей қатысы бар деген күдік бар. Сондықтан да болса керек бұл жолғы мәліметтер (бірінші рет емес және тек қана фейсбукте ғана емес) жайылып кетуі ерекше шулы болды. Шулы болғаны сонша Марк конгрестің алдында екі күн қатарынан 5 сағаттан сенаторлардың сұрағына жауап берді.

Қазірше Марктың жауабынан белгілі болған нәрселер:
1. Фейсбуктың ақылы нұсқасы пайда болуы мүмкін
2. Фейсбук осы жылдан бастап "трольдармен" күресті бастайды. Яғни, фейк жаңалықтар мен боттардан құтылу жолдарын іздейді
3. Әлеуметтік желіде терроризммен күресуге 200 шақты адам жұмыс жасайды, олардың саны жақын арада өсуі мүмкін

Басқа көп сұрақтар "дилетант", яғни, әлеуметтік желі мен интернет құрылымын онша түсіне бермейтін адамдардың сұрағы екені көрініп тұр. Бірақ, осы адамдар мемлекет деңгейінде заң шығаруы керек. Проблема сол баяғы ұрпақтар қайшылығына да тірелген сияқты.

#facebook
https://bit.ly/2Hlsf9W