Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Бағдарламалау тілдері тарихы: Delphi - жай бағдарламалау тілі ғана емес

Delphi дегенде бірінші кезекте Borland фирмасы жасаған Object Pascal тілінің негізінде бағдарламалар жазатын орта елестейді. Ол тіл Turbo Pascal тілінің мұрагері, ал Turbo Pascal болса 1970 жылы Никлаус Вирт шығарған Pascal тілінен бастау алады.

#Delphi #TurboPascal #Pascal #Lazarus

http://codeo.kz/blog/delphi/388.html
#Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру

Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі.

https://codeo.kz/blog/delphi/400.html
Embarcadero компаниясы #Delphi және C++ Builder бағдарламаларының Community Edition (тегін) нұсқасын ұсынды. Бұл нұсқа өзіне жұмыс жасайтын программисттерге, студенттерге, стартап және коммерциялық емес ұйымдарға арналған. Тегін қолдану талаптары:
- сіз өзіңізге жұмыс жасайтын программистсіз және жылына Delphi немесе C++ Builder арқылы жасалған бағдарлама сатудан 5000 доллардан аз пайда табасыз;
- сіздің компанияңыз табысы жылына 5000 доллардан аспайтын кішігірім компания (5 адамға дейін).
#ДелфиТірі