Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Apple компаниясында 2003 және 2010 жылдары аралығында жұмыс істеген инженер Терри Ламберт, алғашқы iPhone телефонын жасауға қалай қатысқаны туралы айтып берді.

Компанияның телефон жасау бойынша жұмыстары өте құпия түрде жүргізілген. Жай ғана жобаның лақап атауын білу үшін инженер алдымен жоба туралы мәлімет жарияламау туралы келісімшартқа қол қойған, тек одан кейін ғана жобаға қатысуға рұқсат беретін келісімшартқа отырған.

Мамандардың әр тобы үшін жобаның әр түрлі лақап аты болған. Инженерлер тобы жобаны бір атаумен атаса, бағдарламалаушылар басқа атаумен, ал негізінде барлығының жұмысы бір, алғашқы смартфон жасау. Яғни, инженерлер мен бағдарламалаушылар шын мәнінде не жасалып жатқаны туралы толыққанды мәліметке ие болмаған.

Терри Ламбертті Apple iOS операциялық жүйесінің бірінші нұсқасын ретке келтіру, дұрыстау мақсатында шақырған екен. Ол ешқашан iPhone прототипін немесе өзін көрмеген. Жұмыс кезінде ол телефонға арнайы терминал арқылы қосылған. Инженер тек ARM-процессеорда жұмыс жасайтын жүйе үстінде жұмыс жасалып жатқанын ғана білген. Терри жұмыс жасаған кезде жобаның лақап аты "Project Purple" болыпты.

#Apple #iPhone #iOS #ProjectPurple

https://www.quora.com/What-was-it-like-working-on-the-original-iPhone-project-codenamed-Project-Purple