Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Facebook аудиотрансляция жасау мүмкіндігін қосты. Жаңа мүмкіндік бірінші кезекте адио контентпен жұмыс жасайтын ресурстарға арналған және тура видеотранслацияға ұқсас жұмыс атқарады.
Кеше мына жаңалықты жіберіп алған болсаңыз Нокиа Apple компаниясымен соттасым жатыр. Нокианың пікірінше Apple 32 патентті бұзған. Ал алма логотипті компания шағымның ешқандай да негізі жоқтығын айтып ақталуда және екіжақты келісім бойынша шешілетін patent fee төлеуден де бас тартып жатыр. Басқаларға патентпен тыныштық бермейтін компанияның өзі де мазаланып жатқаны қызық көрініп тұр.

http://www.macrumors.com/2016/12/21/nokia-apple-patent-lawsuit/
Википедия ең көп өңделетін мақалалар рейтингін жариялады. Бірінші орында - "2016 жылы қаза болғандар" (Deaths in 2016), екінші орында - Дональд Трамп (Donald Trump) туралы мақала.
#Snapchat компаниясы #Cimagine стартапын сатып алды. Стартап толықтырылған шындық технологиясын пайдалану арқылы өнімдердің 3D моделін суретке ауыстыруға көмектеседі. Мысалы, бұл мүмкіндік мебель немесе үлкен заттарды сатып алудан алдын өлшеп көруге ыңғайлы. Fortune басылымының айтуы бойынша сатып алу құны $30-$40 млн.

Қазір жобада 20 адам жұмыс жасайды. Snapchat мақсаты стартаптан Израильде ғылыми іздену орталығын құру. Fortune басылымының пайымдауынша сатып алудағы негізгі мақсат өте білікті мамандар. Ал екінші үлкен портал TechCrunch айтуы бойынша Snapchat Cimagine стартапын маргетингтік компанияда қолдануы мүмкін.

4 жыл ішінде Cimagine америкалық жиһаз дүкені Jeromes, британдық ритейлер Shop Direct және Coca-cola компанияларымен серіктес болып үлгерді.
#Andoid жүйесіне альтернатива жасауға әрекет жасаған #Cyanogen компаниясы өзінің жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл, компанияның андройдты ауыстыра алатындай жүйе жаза алмады дегенді білдіруі мүмкін.
Танымал #YouTube блогерлары соңғы бірнеше айда жыл соңына қарай қаралым саны тым түсіп кеткені туралы айтып келеді. Шын мәнінде не болып жатқанын білуге #SocialBlade аналитикалық сервисі әрекет жасап көріпті. Олар аудиториясы 10 миллионнан жоғары ірі YouTube каналдарының статистикаларын жинап, шынымен де көрсеткіштер түсіп кеткенін анықтады. Ең төмен көрсеткіш шілде мен қыркүйек айларында болған, бұл уақытта видеороликтер қарау көрсеткіші 10%-ға дейін төмендеген.

Ең қызығы YouTube-нің бұл ізденіске жауабы "SocialBlade секілді сервистерге сенбеңдер, барлығы өтірік" деген секілді мағынада болған. Ал өз кезегінде SocialBlade де мәліметтерін YouTube-нің ресми арнайы сервистерінен алғанын айтуда. Әрине, мұнда кімдікі шындық екенін білу қиын.

Қаралым санының түсіп кетуінің тағы бір себебі хостингтің фейк қаралымдарды анықтай бастауы болуы мүмкін.
Apple компаниясында 2003 және 2010 жылдары аралығында жұмыс істеген инженер Терри Ламберт, алғашқы iPhone телефонын жасауға қалай қатысқаны туралы айтып берді.

Компанияның телефон жасау бойынша жұмыстары өте құпия түрде жүргізілген. Жай ғана жобаның лақап атауын білу үшін инженер алдымен жоба туралы мәлімет жарияламау туралы келісімшартқа қол қойған, тек одан кейін ғана жобаға қатысуға рұқсат беретін келісімшартқа отырған.

Мамандардың әр тобы үшін жобаның әр түрлі лақап аты болған. Инженерлер тобы жобаны бір атаумен атаса, бағдарламалаушылар басқа атаумен, ал негізінде барлығының жұмысы бір, алғашқы смартфон жасау. Яғни, инженерлер мен бағдарламалаушылар шын мәнінде не жасалып жатқаны туралы толыққанды мәліметке ие болмаған.

Терри Ламбертті Apple iOS операциялық жүйесінің бірінші нұсқасын ретке келтіру, дұрыстау мақсатында шақырған екен. Ол ешқашан iPhone прототипін немесе өзін көрмеген. Жұмыс кезінде ол телефонға арнайы терминал арқылы қосылған. Инженер тек ARM-процессеорда жұмыс жасайтын жүйе үстінде жұмыс жасалып жатқанын ғана білген. Терри жұмыс жасаған кезде жобаның лақап аты "Project Purple" болыпты.

#Apple #iPhone #iOS #ProjectPurple

https://www.quora.com/What-was-it-like-working-on-the-original-iPhone-project-codenamed-Project-Purple
Amazon өзінің патенттерімен таң қалдыруды қояр емес. Компания енді ұшып жүретін дирижабль қоймаларын патенттеуге сұраныс берген. Патент бойынша қойма-дирижабль 13 км-ге дейінгі биіктікте ұшып жүріп пайдаланушыларға дрондар арқылы тауарларын үйлеріне дейін жеткізіп береді. Әрине, мұндай әдістің қауіпсіздігі, қаншалықты шындыққа жақын екендігі туралы көп сұрақтар туындайды. Әйтсе де, кім біліпті ондаған жылдан соң ұшып жүрген дирижабльдерді де көріп қалуымыз мүмкін.


https://goo.gl/1GLPBr
Ақырғы кезде әлеуметтік желілер бір-бірінен көшіру арнасына түсіп кеткені байқалады: #Facebook танымал #Snapchat мүмкіндіктерін көшірсе, "#ВКонтакте" құрылуына негіз болған Facebook-тан көшіреді. Ешкімнің беті қызарып та жүрген жоқ.

Бүгін "ВКонтакте" Instagram Stories аналогы "История ВКонтакте" іске қосылғандығын жариялады. Бұл желінің арнайы бөліміне 12 секундтан ұзақ емес видеороликтер және суреттер салу мүмкіндігі. Яғни, олар лентада жарияланбайды. Ол жерге жүктелген видеолар және суреттер 24 сағат өткен соң жойылады.

Тура Instagram Stories секілді автор суретке және видеоға стикерлер мен мәтін қоса алады. Ал "История" пікірлеу үшін авторға жеке хат жазу керек. Басқаша айтқанда мүмкіндіктің барлығы толық көшірме.

Жаңа мүмкіндік iOS және Android мобильді бағдарламаларында қолжетімді: https://vk.com/blog/stories
Nvidia және Audi бірігіп 2020 жылға дейін толығымен автоматтандырылған жүргізушісіз машинаны таныстырмақ. Бірақ, машинаны қолмен жүргізу де мүмкін болады. Бірнеше жылдың ішінде мемлекеттердің жүргізушісіз машиналарға деген заңдары мен көзқарастары қалыптасып қалатыны сөзсіз. Сондықтан да болар, компаниялар уақытты құр жібермеу мақсатында қазірдің өзінде AI co-pilot жобасын ұсынды. Жоба бойынша жолдағы болуы мүмкін қауіп туралы ескертетін жүйе жасалады. Әрине, оны қазіргі машиналарға интеграциялау бойынша көптеген сұрақтар туындайды.


https://goo.gl/u6GU0g
#Redux жайлы қазақ тілінде бірінші мақала

Егер #React жайлы білсең, онда Redux жайлы естіген шығарсың. React-та ешқандай модель, шаблон, контроллер деп ажырататын концепт жоқ. Ол тек компонентті принцип бойынша жұмыс істейді. Бүкіл код html, css, js бір файлда сақталады, оның ішінде модель де бар. Мұндай концепттің артықшылығы Reactқа DOM-мен тез жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі қиын компонент жазған кезде пайда болады...

http://codeo.kz/blog/JavaScript/389.html
10 жыл алдын, 2007 жылы 9 қаңтар күні Стив Джобс ең бірінші айфонды таныстырды. Бұл күнді бірнеше себептерге байланысты ескеруге болады. Смартфондар әлемді өзгертіп жіберді. Медиа саласында, адамдардың қарым-қатынасында. Селфилер, бір күнге ғана жететін қуат, миллиардтап түсірілетін суреттер, барлық кезде интернетке қосулы болу, жылдам мәлімет алмасу, барлығы смартфонсыз орындалуы қиын еді.

Механикалық батырмалы телефондар дәуірінде сенсорлы интерфейске өту батыл қадам. Ал енді көріп тұрғанымыздай он жылдың ішінде жағдай мүлдем керісінше, барлық телефондар дерлік сенсорлы.

https://goo.gl/ZmVWQn
#Atlassian компаниясы #Trello сервисін $425 миллионға сатып алды. Сатып алу процесстері осы жылдың 31 наурызына дейін аяқталуы тиіс. Пайдаланушылар үшін сервисте ешқандай өзгерістер болмайды. Компания сервистің қазіргі жағдайын, пайдаланушыларын осы күйде қалдырмақшы.

https://techcrunch.com/2017/01/09/atlassian-acquires-trello/?ncid=rss
#Facebook хабарлауынша #Whatsapp жаңа рекорд орнатты: бір күнде 63 млрд хат, оның ішінде 8 млрд сурет, 2.5 млрд видео. 14 млрды Үндістан пайдаланушыларына тиесілі.
#Whatsapp-та gif суреттер іздеу мүмкіндігі іске қосылып жатыр. Қазірше мүмкіндік бэта нұсқада бар, жалпы бұқараға жақын арада қолжетімді болады.