Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
#Twitter аяққа тұра алмай жатқан көрінеді. Әлеуметтік желі әлі сатып алушы таба алар емес. Өйткені АҚШ-та компания сатып алу процессі өте күрделі, көптеген органдар және АҚШ үкіметінің келісімін алу керек.

Twitter пайда әкелмейді, ал жұмысты жалғастыру үшін қымбат инфраструктураға ақша төлеу керек. Қазан айында компания қызметкерлер санын қысқартты, ал одан соң шетінен топ-менеджерлер қызметтерінен кете бастады:
- Адам Мессингер, техникалық директор;
- Джон Макфапленд, өнімдер бойынша вице-президент;
- Адам Бейн, бас операциялық директор;
- Адам Шарп, БАҚ-пен және жаңалықтармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы.

Аталған адамдар твиттерден соңғы екі ай ішінде кетті. Компания жақында #Vine қысқа видеолар сервисін жапты және #Periscope-ні толығымен твиттерге қосты. Бұл онлайн трансляция сервисінің жақында өмірі аяқталуы мүмкін екендігін білдіреді.

Көреміз, 2017 жылы Twitter дағдарыстан аман-есен шыға ала ма екен.

https://techcrunch.com/2016/12/20/twitters-cto-adam-messinger-is-leaving-the-company/?ncid=rss&utm_source=feedburner&utm_medium=feed&utm_campaign=Feed%3A+Techcrunch+%28TechCrunch%29&sr_share=twitter