Бухта
337 subscribers
1.1K photos
1 video
2 files
719 links
Казахстанская финтех-компания, создающая экосистему B2B-продуктов для бизнесов любого масштаба. Компания работает на рынке с 2014 года.

Связаться с нами: hello@buhta.com
+7‒701‒081‒91‒93
Download Telegram
Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту қызмет көрсету нарығын қалай өзгертуде

Digital Business экожүйенің үш қатысушысын біріктірді:

• Орындаушы — клинер;
• OZYM — цифрлық платформа;
• Бухта — платформалық жұмыспен қамту саласындағы серіктес-интегратор.

Асет Нұрпейісов, CEO of Buhta:

«Бухтаның тарихы 2014 жылы кәсіпкерлер үшін салықтарды автоматтандырудан басталды. Сол кездің өзінде олардың көпшілігі парт-тайм қызметкерлер мен гигворкерлерді тартатын — бүгін біз соларды ресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп атаймыз. 2023 жылы Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту заң жүзінде бекітілген кезде, бізде осы бағытта қажетті тәжірибе қалыптасқан еді.

2026 жылдан бастап заңды түрде жұмыс істеу жеңілдеді, бірақ бизнеске қойылатын технологиялық талаптар артты. Біз нарыққа дайын инфрақұрылым ұсынамыз: біздің модельге қосылып, тәуекелсіз өсуге болады».


Орындаушы мен цифрлық платформа өкілдерінің пікірі мына сілтеме бойынша қолжетімді.
🔥72
2026 жылы өзіңізге қалай жұмыс істеу керек
Мамандарға арналған заңды табыс бойынша нұсқаулық

Жаңа салық режимі тапсырыстарды жалдамалы жұмысшысыз, жеке өзі орындайтындар үшін тиімді дейді Мағжан Шәмшіқан, платформалық жұмыспен қамту саласындағы «Бухта» интеграторының project-менеджері.

Ресми тізімде қызметтердің 40 бағыты көрсетілген: техника жөндеу мен таксиден бастап, репетиторлық пен аудармаға дейін. Егер айлық табысыңыз 300 АЕК-тен аспаса, бұл режим жеке жұмыс істеуге өте қолайлы. 300 АЕК ≈ 1,3 млн теңге.

Неге адал жұмыс жасау тиімдірек

1. Бизнеске жол ашылады
Заңды жұмыс істегенде, сіз бизнестің үлкен бюджеттеріне қол жеткізе аласыз, өйткені олар сіздің қызметтеріңізді заңды түрде есептен шығара алады.

2. Кредиттік тарих
Банктер ашықтықты құптайды. Тұрақты ресми кірістер төлем қабілеттілігіңізді қиындықсыз дәлелдейді.

3. Шоттарыңыздың қауіпсіздігі
Платформа арқылы түсетін ресми табыс қаржылық мониторинг тарапынан сұрақтардың туындау қаупіне жол бермейді.

Мақаланың толық нұсқасы осында.
🔥72
«Бухта» Visa алаңында банк секторына салықтық нюанстарды түсіндірді

2026 ж. 12 сәуірде Астанада банк секторы өкілдерінің кездесуі өтті, онда корпоративтік және бизнес-карталармен жұмыс істеудің қолданбалы сценарийлері талқыланды. Іс-шараға қаржы индустриясынан ≈50 басшы қатысты.

Іс-шара спикерлерінің бірі — «Бухта» project-менеджері Абылқасым Әбілденов болды. Сессия барысында ол өзекті корпоративтік және бизнес-карталардың жұмыс істеу механизмін түсіндірді.

KZ: https://clck.ru/3T5eo2

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

«Бухта» разъяснила налоговые нюансы для банковского сектора на площадке Visa

12 апреля 2026 г. в Астане прошла встреча представителей банковского сектора, где разбирали прикладные сценарии работы с корпоративными и бизнес-картами. Мероприятие собрало около 50 руководителей из финансовой индустрии.

Одним из спикеров ивента был проектный менеджер «Бухта» Абилкасым Абильденов. В рамках сессии он разобрал механику работы корпоративных и бизнес-карт, актуальные для рынка в 2026 г.

RU: https://clck.ru/3T5ekt
🔥8