Bugin.kz
1.26K subscribers
3.62K photos
1.61K videos
9 files
2.28K links
Қазақстандағы және әлемдегі өзекті жаңалықтар
Download Telegram
Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылады.

Партия прогрессивті реформаларды ілгерілетуді, құқықтық мемлекеттің негізі ретінде заң үстемдігін орнықтыруды және мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қарапайым халықтың араласуын арттыруды көздейді.

«Біз экономикасы мықты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта беделді Әділетті мемлекетті құру және нығайту үшін барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», - делінген мәлімдемеде.


Партия өз жұмысының негізгі басымдықтарын айқындап, барша қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктер жасауды, сондай-ақ тәуелсіз әрі әділ сот жүйесін қалыптастырып, елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Осы мақсатта 16 сәуір күні бастамашыл топ Әділет министрлігіне ресми тіркеу рәсімдерін бастау туралы өтініш жолдап, ендігі кезекте жақын арада саяси ұйымның құрылтай съезін өткізу жоспарланған.

Фото: Ашық дереккөз
Депутат Алтыншаш Табулдина кәріз жүйесін талдау арқылы нашақорлықтың жасырын нүктелерін анықтауды ұсынып отыр. Бұл әдіс есірткі тұтынушыларды жасырын пәтерлер мен мектеп, университет ішінен-ақ тауып алуға мүмкіндік бермек.

Депутаттың мәлімдеуінше, кәріз жүйесіндегі судан есірткі заттарының тіпті микроскопиялық іздерін тауып, сол арқылы тыйым салынған заттарды қолданушылардың нақты орналасқан жерін қатесіз анықтауға болады.

«Кәріз құбырларынан сынама алып, нақты қай жерде - белгілі бір үйде, университетте немесе мекемеде мұндай фактілердің бар-жоғын анықтауға болады. Бұл - жұмыс істеуге болатын нақты нысаналы топтар. Біз бір ұйымда болып, тіпті аз мөлшердегі дозалардың кәріз құбырлары арқылы анықталатынын көрдік. Қай жерде - үйде, мекемеде, университетте немесе колледжде есірткі тұтынылатынын түсінуге болады», - деді ол.


Депутат ағын суларды есірткі ізіне талдаудың заманауи әдістері қазірдің өзінде кейбір ұйымдарда қолданылып жатқанын атап өтті.

Фото: Google AI
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық деңгейге жетті.

Сенат депутаты С. Алдашев «Қорғас» торабында консулдық ашуды ұсынып отыр. Сенатордың пікірінше, логистикадағы теңсіздікті жоюдың уақыты келді. Отандық тасымалдаушылардың Қытайға еркін кіріп-шығуына жағдай жасап, «жүксіз шығуға болмайды» деген шектеуді алып тастауды талап етті. Бұл қадам қазақстандық жүргізушілердің транзиттік мүмкіндіктерін теңестіруге тиіс.


Инфрақұрылымдық кедергілерді жою мақсатында депутат «Қорғасқа» ресми өткізу пункті мәртебесін беруді ұсынды. Бұл бастама арнайы экономикалық аймақтарды бір-бірімен тікелей байланыстырып, авто және теміржол қатынасын жеңілдетпек. Нәтижесінде, тасымал жылдамдығы артып, бюрократиялық тізбектер қысқарады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда автокөлік тасымалының 2,5 есеге күрт өсуі шекарадағы өткізу қабілетінің шегіне жеткенін көрсетті. Ендігі кезекте «тар жерлерді» жою техникалық мәселе емес, еліміздің транзиттік әлеуетін сақтап қалу үшін стратегиялық басымдыққа айналды.

Фото: Ашық дереккөз
10-20 сәуір аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ғылым онкүндігі өтті.

Ғылым онкүндігінің негізгі тақырыбы - Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым мен технологиялардың дамуы. Ауқымды бағдарлама халықаралық ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстел, ғылыми семинарларды, әзірлемелер көрмелерін, ашық дәрістерді, шеберлік сағаттарын және технологиялық хакатонды біріктірді. Бағдарлама аясында ХИТУ-дың Озық технологиялар орталығы ашылды. Университеттің ғылыми-технологиялық инфрақұрылымын нығайтудағы маңызды қадам болған орталық базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және осы құзыреттіліктерге оқыту бағыты дамиды. Бұл озық қолданбалы технологияларға бағдарланған жаңа буын инженер мамандарын даярлауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Фото: METU
🔥2
Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін еліміздің барлық кітапханаларында дәстүрлі «Кітапхана түні» жалпыұлттық акциясы өтеді.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.


Кітап апталығының бесінші күніндегі іс-шаралар бағдарламасы мазмұндылығымен ерекшеленеді. Кітапхана базаларында интерактивті бағдарламалармен қатар, оқырмандардың танымдық деңгейін арттыратын зияткерлік жарыстар, өнер вернисаждары және поэзиялық кештер өткізу жоспарланған.

«Бұл бастама кітапханаларды тек оқу орны емес, заманауи мәдени-танымдық кеңістік ретінде дамытуға бағытталған. Акция аясында оқырмандар үшін жаңа форматтағы шаралар ұсынылып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру көзделіп отыр», – делінген хабарламада.


Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық аймағын қамтып отыр.

Фото: Ашық дереккөз (ЖИ)
3 қыркүйекте «Қазақ тазысы мен төбет күні» деген мереке атап өтіледі. Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен 3 қыркүйек — «Қазақ тазысы мен төбеті күні» болып жарияланды. Аталған құжат ресми түрде 28 сәуірден бастап күшіне енбек. Бұл шешім ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында қабылданып отыр.

Қазақы ит тұқымдарына арналған арнайы күннің пайда болуы — сала мамандары үшін үлкен мүмкіндік. Енді ит өсірушілер мен кинологиялық орталықтар тек көрмелермен шектелмей, кәсіби деңгейде білім алмасып, жарыстар өткізе алады.
Айта кетейік, бұл бағыттағы ең үлкен жеңіс 2024 жылдың қыркүйегінде тіркелді: Амстердамдағы алқалы жиында қазақ тазысы жеке тұқым ретінде алдын ала танылып, еліміз ресми стандарт иесі мәртебесіне ие болды.

Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандағы балалар «Kids Go Free» бағдарламасы бойынша биыл да ел ішінде тегін саяхаттай алады. Егер тур ресми туроператордан сатып алынса және балалар ата-анасымен бірге саяхаттаса, мемлекет 2-ден 17 жасқа дейінгі балалардың авиабилет құнын төлеп береді.

«Kids Go Free» бағдарламасының басты ерекшелігі — лицензиясы бар туроператорлардан турпакет сатып алған жағдайда, 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар үшін ұшақ билетінің құны толықтай мемлекет есебінен өтеледі, бұл отбасылық бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.


Бұл бағдарлама ішкі отбасылық туризмді дамытуға көмектеседі. Жоба іске қосылған сәттен бастап 5500-ден астам бала Қазақстан бойынша билетке ақша төлемей ұшу мүмкіндігін пайдаланған.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде ата-аналар балаларымен бірге Алакөлдің шипалы суына, Каспий жағалауындағы Маңғыстау өңіріне, тарихи Түркістанға және заманауи Астана мен Щучинск-Бурабай курорттық аймақтарына жиі барады.

Фото: Ашық дереккөз
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министр Үкіметте өткен брифинг барысында спикер төлем мерзімін қысқартуға бағытталған қадамдарды түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұл шешімге әлеуметтік көмекті иемдену мақсатында қолданылған заңсыз схемалардың анықталуы себеп болған.

«Мысалы, бір есепші 10 ұйымда жұмыс істеп, бәрінен бірден шығып кетіп, қорға жұмыссыз ретінде өтінім берген. Енді оған орташа жалақысына сәйкес төлем жасалуы керек. Қазір жәрдемақы төлемдерінің ең жоғарғы шегі қайта қаралып жатыр, өйткені реттеуді қажет ететін тұстар бар», – деді Ертаев.


Үкімет брифингінде жәрдемақы мерзімінің қысқаруына заңсыз айла-шарғылардың жиілеп кетуі себеп екені айтылды. Мамандардың мәлімдеуінше, заңсыз схемалар арқылы төлем алу фактілері анықталғаннан кейін осындай шешім қабылданған.

Фото: Ашық дереккөз
Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен болған кездесуді Қазақстанның білім және ғылым саласы үшін мәні зор, айрықша белгі ретінде бағалауға болады. 

Ашық дәрісте Рае Квон Чунгтің баяндамасы  мазмұнды әрі терең әңгімеге ұласып, адамзат болашағы, ғылым мен технологияның рөлі, экологиялық жауапкершілік пен орнықты даму мәселелерін қамтыды. Бірақ бұдан да маңыздысы – бұл кездесуде жастардың әлеуетіне, білімге және жаңа идеялардың қуатына жоғары баға берілді. Дәл осындай кездесулер университеттегі студенттер мен оқытушылық құрамға шабыт беріп, дүниетанымды қалыптастырып, жетістіктердің негізін қалайды.

Ғалыммен болған кездесуде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті озық ой, академиялық ашықтық және жоғары стандарттарға ұмтылыс тоғысатын алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: METU
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа төте жол салынып, екі елдің бас қалалары мен Өскемен-Өлгей арасындағы тұрақты әуе рейстері қайта іске қосылмақ.

Ақордада өткен келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Моңғолия арасында төте автокөлік жолын салуды және Астана – Ұлан-Батыр мен Өскемен – Өлгей бағыттары бойынша әуе рейстерін қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

«Екі елдің президенті Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берді», - деп хабарлады Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға қолдау көрсеткені үшін Моңғолия басшысына алғыс айтып, бұл қадамдар білім, мәдениет және туризм салаларындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ логистикалық кедергілерді жоюға жол ашатынын атап өтті.

Видео: Aqorda
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», – деп жазылған жазбада.


Бүгін еліміздің әр аймағында ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар, ауқымды фестивальдер ұйымдастырылуда.

Видео: ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі
Астана қаласының прокуратурасы мен полиция департаменті жолдардағы тәртіпті күшейту мақсатында агрессивті жүргізушілерге қарсы шараларды қатаңдатты. Енді жылдамдықты асырып, көлікті қауіпті айдайтындар тек айыппұлмен құтылмайды, олар «ұсақ бұзақылық» жасады деп айыпталып, 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Мәлімет бойынша кейбір жүргізушілер үшін айыппұл төлеу үйреншікті әдетке айналып, оларды тәртіпке салуға септігін тигізбеген. Осыған байланысты, прокуратура агрессивті жүргізушілердің әрекетін ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша саралау туралы шешім ұсынды. Бұл норма енді құқық бұзушыларды 15 тәулікке дейін қамауға алуға мүмкіндік береді.


Жаңа талаптарға сай, қатаң жаза шаралары жол ережесін жүйелі әрі қасақана бұзып, өзге қозғалыс қатысушыларының өміріне қауіп төндіретіндерге бағытталады. Сондай-ақ өздерінің жолдағы заңсыз әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялап, бұзақылығын мақтан тұтатын жүргізушілер де жіті бақылауға алынып, енді оларға қатысты әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде елімізде Жасанды интеллект университеті ашылатынын мәлімдеді.

Бүгінде 650 мыңнан астам студент Al Sana бағдарламасымен білім алып жатыр. Алдағы уақытта жасанды интеллект және deeptech-технологиясына қатысты тағы да 100 мың маман даярлауымыз керек. Биыл елімізде жаңа үлгідегі технологиялық білім ордасы – Жасанды интеллект университеті ашылады. Бұл ғылым саласы үшін маңызды оқиға болмақ. Енді алдымызда тұрған өзекті міндет: біз осы салада білікті маман даярлау ісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Дарынды жастарды тартып, оларға сапалы білім беру қажет. Сондай-ақ келешегі зор технологиялық жобалар мен компанияларға қолдау көрсету айрықша маңызды. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесі де еліміз үшін тиімді болары анық, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының әлеуетін арттыруға, оларға цифрлық дағдыларды үйретуге баса мән беріп отырғанын жеткізді.

Фото: Aqorda
World Happiness Report 2026 қорытындысы бойынша Қазақстан жаһандық бақыт индексінде 33-орынға тұрақтады. Бір жыл ішінде еліміз өз көрсеткішін бірден 10 сатыға жақсартып, зерттеу тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

World Happiness Report – БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup компаниясының бірлескен, әлемдегі өмір сапасын бағалайтын ең ауқымды зерттеуі. 2026 жылғы есепке 147 мемлекет еніп, бағалау тікелей тұрғындардың субъективті пікіріне негізделді.

Биылғы нәтиже бойынша, Қазақстан тек 33-орынға көтеріліп қана қоймай, Франция мен Сингапур сияқты алпауыттарды артта қалдырып, үлкен сенсация жасады. Бұл жетістік өмірге қанағаттану сезімі тек ЖІӨ немесе экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, әлеуметтік қолдау мен ішкі сенім сияқты терең факторлармен байланысты екенін дәлелдеп отыр.

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев
Мәжілісте өткен үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) мүшесі Тілеген Қаскин «Болашақ» бағдарламасына қатысты тексеріс қорытындысын жариялады. Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік стипендия белгіленген талаптарға сай келмейтін азаматтарға негізсіз беріліп келген.

Жоғары білім саласындағы түйткілді мәселелердің қатарында «Болашақ» бағдарламасын басқару мен әкімшілендіру процесі ерекше атап өтілді.

«Іріктеудің жалпы критерийлеріне сәйкес келмегеніне қарамастан, министрліктің (Ғылым және жоғары білім – ред. ескертпесі) шешімімен жеке тәртіппен 340 үміткерге 7,7 миллиард теңге көлемінде стипендия тағайындалған. 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс берілген», - деді ЖАП мүшесі.


Сондай-ақ Тілеген Қаскин жасанды интеллект бағытына арналған квоталардың игерілмеу мәселесін ерекше атап өтті. Палата мәліметіне сәйкес, бұл сала бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-еуі ғана иегерін тапқан. Ал қалған 49 орын мақсатсыз пайдаланылып, өзге бағыттарға қайта бөлініп кеткен.

Фото: Ашық дереккөз
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде туып-өскен 22 жастағы қандасымыз Бүрлен Әділетқызы атамекенді велосипедпен шарлап, елдің тыныс-тіршілігін өз көзімен көруді мақсат еткен. Жас велосаяхатшы өз сапарын киелі Маңғыстау жерінен бастап, қазіргі уақытта мұнайлы астана Атырауға табан тіреді.

Шыңжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы Бүрлен үшін бұл сапар жай ғана туристік мақсат қана емес, тарихи Отанымен танысудың, қазақ даласының кеңдігі мен халықтың болмысын тереңірек түйсінудің ерекше жолы болмақ.

«Менің мақсатым – 3 айдың ішінде Қазақстанның барлық өңірін аралап шығу. Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі, табиғаты мен адамдарының мінезі бар. Мен соның бәрін сезінгім келеді», – дейді Бүрлен.


22 жастағы бойжеткеннің жалғыз өзі велосипедпен жолға шығуы көпшілікті таңғалдырып отыр. Оның бұл қадамы Қазақстан туризмін дамытуға ғана емес, жастар арасында ерік-жігер мен төзімділікті насихаттауға, спортшы жастарды шабыттандыруға, жас саяхатшылар қатарын арттыруға маңызды үлес қосады.

Фото: Бүрлен Әділетқызы
24 сәуірде «Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық студенттік конференциясының финалы өтті. Онда жас мамандар «Елдік PR: Қазақстан имиджі» конкурсы аясында өз жобаларын таныстырды. Биылғы іс-шара PR, цифрлық технологиялар және экологиялық жауапкершілік тақырыптарын қамтыды.

Фестиваль алаңы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ұйымдастырылды. Фестивальге А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, Astana IT University, DKU, UIB, ХАТУ, Тұран университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Almaty Management University, Yessenov University және Zhanibekov University қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс жас мамандардың Digital және AI-құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан бейнесіне заманауи көзқарастарын ұсынатын кеңістігіне айналмақ.

Айта кетейік, «Сиреневый PRорыв» халықаралық студенттік конференциясын PR-шы клубы 2002 жылдан бері өткізіп келеді, ал 2026 жылы бұл байқау алғаш рет фестиваль форматында ұйымдастырылып отыр.

Фото: ХАТУ
👍1
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы қазақ киносының аңызы, Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетпек. Продюсер «Қыз Жібек» фильмі арқылы халықтың ықыласына бөленген актрисаға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған қамзолға қатысты бейнеүндеу жариялады. Бейнеүндеуде продюсер тарихи экспонатты тапсырумен қатар, фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға құрмет ретінде бағалы тон кигізіп, ай сайын бір миллион теңге көлемінде қаржылай сый тағайындады. Продюсер бұл қадамы арқылы ұлттық мәдениетке еңбегі сіңген тұлғаға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан.

Сондай-ақ продюсер актрисаның мәңгі Қыз Жібек және мәңгі қазақ қыздарының символы болып қалатынын айтып, мәртебесін ұлықтай отырып, оны алдағы «Қазақ аруы» байқауына құрметті қонақ ретінде ресми түрде шақырды.

Фотоколлаж: Politico.kz
👍1
«Prshy» клубының ұйымдастыруымен «Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық студенттік конференциясы аясында «Елдік PR: Қазақстан имиджі» конкурсының қорытындысы жарияланды.

Биылғы конференция академиялық мазмұн мен практикалық бағытты біріктіретін инновациялық фестиваль форматында өтті. Іс-шараға Қазақстанның және шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында қоғаммен байланыс, журналистика, маркетинг, менеджмент, туризм және халықаралық қатынастар бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің PR және коммуникация саласындағы тәжірибелік машықтарын шыңдау, визуалды сторителлинг мәдениетін дамыту және медиа-жобаларда жасанды интеллект технологияларын саналы әрі шығармашылық тұрғыда қолдануға ықпал ету.

Фото: ХАТУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы – NVIDIA компаниясының вице-президенті Николо Мартин Капрезбен және Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында еліміздің технологиялық болашағына қатысты стратегиялық мәселелер талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жақын арадағы басты мақсаты – алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналу екенін нақтылады. Бұл мақсатқа жету жолында NVIDIA технологияларына негізделген суперкомпьютер кластерлерін іске қосу ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам елдің технологиялық дербестігін нығайтудағы шешуші фактор болмақ.

NVIDIA және Firebird AI өкілдері өз кезегінде Арменияда жүзеге асырылып жатқан ұқсас жобаларының тәжірибесімен бөлісті. Бұл халықаралық тәжірибе Қазақстандағы ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану барысында ескерілетін болады.

Фото: Aqorda