жарық
592 subscribers
174 photos
4 videos
49 files
46 links
бұл арнада:
✨️сезімдер,
🕯ойлар,
📚қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті,
🕊өлең,
🎯өмір,
🪐ғалам бар.

арна әкімшісі: үлкен сезімдерге толы кішкентай жүректің иесі 🐣
Download Telegram
Агата Кристи...

Детектив жанрын осы кісі арқылы таныдым. Әуелі "Убийство в Восточном экспрессе", "Смерть на Ниле" романдарын оқыдым да, араға уақыт сап "Пять поросят" сосын "Десять негритят" романдарын оқыдым. Бүгін "Труп в библиотеке" романын тәмамдадым. Әр оқиға өздігімен керім ғой. Десе де соңғы романның оқиға желісінде Эркюль Пуаро емес, мисс Марпл детектив болады.

Қызығы дипломмен жағаласып, Агата Крисимен "ауырдым". Автордың романдар желісімен фильмдер де түсірілген екен, дым қарамайтын адам едім, фильм қарадым. "Убийство в Восточном экспрессе", артынша-ақ "Смерть на Ниле" фильмін көрдім. Оқиға желісі қалай өрбитінін, аяғы қалай боларын да анық біліп отырған соң, тек экранизациялауы қалай екенін күтіп отырады екенсің... Десе де, кітапта қалай жазылса, мен қалай елестете алсам, фильм соны бере алғаны күшті. Жалпы ұнады...

Ендііі "Убийство Роджера Экройда", "Тайна семи циферблатов", "Убийства по алфавиту" деген романдарын оқығып келеді.

#неоқыдым
*пішінәй🥹

Менің ұққаным бойынша "Хүгге" - жайлылық сезімі. Бұл сөзді түсінуге тырысқаннан, сезіну - оңай. 🙃
Бақыт - кішкентай дүниелерді сезіне білуде жатыр. Жарық, жылылық, жұмсақ киім, сұхбаттасу... Жай ғана өмірді сезіну. Қазіргі сәтті қабылдау.

#неоқыдым
Бүгін осы романды аяқтадым.

"Абыл мен Қабыл". Жанымда жүрген құрбыларым тақырыбын оқыған соң, әры қарай парақтамады. Сұратпай айтайын, роман желісі - діни сарында емес. Тек оқиғалардың детальдары бар. Біз бала күннен білетін кейіпкерлер Абыл мен Қабыл бар, Бекторы бар, Дәруіш бар, қара қарға бар... Пәтер иесі де оңай адам емес сияқты. Жә, қош...

Роман желісі қызық. Сиам егіздердің басынан кешкен оқиғалары, сезімдері, сенімдері, қабылдаулары бөлек. Бір жүрекке екі кеуденің қаны кеп соққанда, қалай тулайды дейсіз. Бір басын көтере алмай, ойларында сан сұрақ арпалысып жатқан мына бізде сол екеуінің қарама қайшылығы бар ғой.
Романдағы көзбояушылық, билік, ұмтылыс, жанталас, ар мен ұят, қызға қойылған сын осы күнгі біздің өмір.

Деталь боп берілген радио қабылдағышта да, алажіпте де, Абылдың санасында да бір тылсым, жауапсыз кеткен дүниелер бар. Қара қарғаның ақ ниеті бар екені де қызық. Біз үшін қарға қара ниетті құс емес пе еді?
... тоқтай алмай бәрін айтып қойғым кеп тұр. Оқитын роман.

#неоқыдым
Менің қазіргі жұмысым оқумен тікелей байланысты. Жақсысы да, жаманы да сол. Соңғы 12 күнде:

1. Көптомдық классикалық зерттеулердің 3-і томын оқыдым. Ол текстология саласына байланысты екен.

2. Геология саласы, оның ішінде жер динамикасына байланысты материалдарды оқыдым. Жер қатпарлары, құбылыстар, жер сілкінісіне дейін зерттейді екен ғой...🫠

3. Оралхан Бөкейдің "200 грамм энергия", "Ардақ", "Биғаң", "Дос сыры", "Жасын", "Жесірлер", "Жылымық", "Иғаң", "Маңдайдан бағың шайқалса", "Мәшәбина", "Тортай мінер ақ боз ат" сосын "Шұғыла" атты әңгімелерін оқыдым. Қайталап оқығаным тек екі шығарма. Қалғаны өзім үшін жаңа әңгіме болды.

4. Қазір Мұхтар Әуезовтың "Ақын ағасын" оқып отырмын.

#неоқыдым
Соңғы екі-үш күнде Шәрбану Құмарованың "Сезім патшалығы" атты романын оқыдым. Шыны керек, автордың тілі де, романның желісі де ұнаған жоқ... Қисынға сымайтын оқиғалар көп. Оқуым керек болған соң ғана соңына дейін оқыдым...🫠

#неоқыдым
Қанат Тілеухан "Шатырдағы әйел"

#неоқыдым

Бұл жинақта "Қайтқан қыз", "Қараша", "Медаль", "Шатырдағы әйел", "Менің шешелерім", "Жезде", "Құдайдың үйі", "Әке күнделігі", "Көк кәстүм-шалбар", "Жерлеу", "Қарыз" және "Жаназа" атта повестьтері мен әңгімелері бар екен.

Қанат ағаның мықты документалист екені, журналист екені баршаға аян шығар. Әңгімелері, сұхбаттары, деректі фильмі де ғаламторда бар. Бұрынырақ "Медалін" оқып едім. Кеше үйге жеткенше алғашқы 3 әңгімесін оқыдым. Түнімен жұмыс қарап, бір-екі сағат көзшырымын алдым да, тұрғаннан осы кітапты бас алмай оқып, аяқтадым.

Бояусыз қазақ қоғамы, адамдардың жай-күйі, сезімдер, әрбірімізде бар, қалыптасып кеткен стереотиптерді де нәзік жеткізіпті. Тақырыптарының өзі ауызға жеңіл болғанмен, жүрекке ауыр. Қоңыр әңгіме оқығыңыз келгенде, шам жағып қойып оқитын кітап.📚
Алматының көпқабатты ескі үйлердің ойын алаңқайларынан бөлек, қай көшесінде де, қай бағында да орыс кемпірлер бір-бір ит-мысығын көтеріп, еріндеріне далап жағып алып, шаштары қобырап тіміскіленіп жүреді... Иә... "Орыстың кемпірлері неткен бақытты. Біздің кемпір-шалдар баласын бағып қартайғаны аздай, немерелерімен азан-қазан боп жатады" деп ойлайтынмын.

Бүгін соңғы айларда жазылған екі әңгімені оқыдым. Екеуі де осы тақырыпты басқа қырынан ашыпты...

Бірі Жәудір Нартайдың "Люданың хаты" атты әңгімесі.
Бірі Ретбек Мағаздың "Таня" атты әңгімесі.

Шыны керек, жүрегім ауырды. Қартайғанда жануардан өзге жаныңды ұғар жанашырың қалмағаны тірінің өлімі ғой. Мұрныңды көкке көтеріп жүргенмен, жаның жер тартып тұрса, жабырқаған жаныңды я жарың, я балаң ұға алмаса, не көршіге, не досқа шағына алмай сүйкімің кетсе, жарық дүниенің жарығынан да безінесің ғой...

"Бәлкім ол ақпанның жапалақтап жауған аппақ ақ ұлпаларына терезеден қарап, бір кіршіксіз бейдауа сағыныш құшағында қамалып, манаурап отырған болар..." дейді Жәудір.

"Таня әуелі айна алдына келіп сирен түсті шашбауын шешті. Қолына Ваняның суретін алып кеудесіне басып, аз тұрып үш қайтара иіскеді." -дейді Ретбек.

Күнге бетін төсек отырған шұғылалы жүздердің артында көлеңкелі ғұмыры жатқанын аңғара бермейміз ғой... Пендеміз.

#неоқыдым
📚Альбер Камю "Посторонний"

Бұл туынды шағын ғана, 100 беттің айналасында. Тілі - жеңіл. Оқиғаның өрбуі де жеңіл... Автор кейіпкерінің образын ашу мақсатында болса керек, өте қысқа, хабарлы сөйлемдерді қолданған. Ешқандай күрделілік жоқ...

Бірақ... Қабылдау, түсіну қиын. "Қалыпты" адамдарға сай сезімдер мен шешімдер кейіпкерде жоқ. Жылау, қуану, күйіну... ешқандай көзбояушылық та жоқ. Кейіпкерде қалай бар, бәрі солай... Алжирде жатқан тұтқынға сай да шығар...

"Ағыраптағы аты жоқ адам" сияқты, басты кейіпкердің есімі аталмай, тек оқиға бойында бірер жерде тегі аталады. Десе де романда (повесть десек те болар) толық осы адамның болмысын ашады...

Психологияда "Алекситимия" деген түсінік бар. Бұл дегеніміз - ешқандай сезімді сезбей, "сезімге келгенде мылқаулық" таныту. Осы синдроммен ауыратын да сияқты... Оны уақыт телді десек те болар.

Анасы қайтқанда жыламауы... Бір жүрген қызды жақсы көре ме, білмеуі... Көршілерінің көзқарастары, өмірлері... адам өлтіруі сот... тергеу... өлім жазасы...

#неоқыдым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM