Бір ой келді…..
101 subscribers
7 photos
Download Telegram
Тавтология болса, тек “Құдай қаласа” деген сөзден болсын!
5🤔1
Жұмыс, шаруа, оқу, достар күте тұрар,
Ата- ананы күттірмеу керек шығар!
5🔥2
🔥2
Тарауықта көңіл күйім түсті.
Мешіт Алланың үйі, онда дүние әңгіме айтуға болмайтынын бәрі білер. Тарауық басталмай тұрып уағыз тыңдаған ешкім жоқ, гүбір-гүбір әңгіме, “мен мұнда” деп қолын созған адамдар. Түсінбеймін, досың жаныңда тұрып намаз оқуы парыз ба? Әлде сен оның оқығанын, ол сенің оқығаныңды міндетті түрде көру керек пе? Куәлік етеді десең, ақыретте куәлік берер ондай адамның мыңы тұр. Әлде сапта тұрғанда хәл сұрасып, сәждеде әңгімелесесің ба? Не үшін? Неге ондай, менің миыма сол күйі жетпеді. Әйй досыңмен мешітке дейін дос, мешітке кіргенде “дұшпан” болшы. Әңгімелеспе, қарама! Құр құлшылығыңды істе. Қайтарда бірге қайтам десең, шүкір, телефоның бар ғой(намаз кезінде міндетті түрде шырылдайтын). Біреуге пайдамыз тимесе де зиянымыз тимесінші, өтініш!
Достарыңызға ескерте жүріңіз!
9🔥3
Қыздардың камера алдында GRWM түсіретіндігіне ашуланып, кейін өзімнің 5-сыныпта дш-ға қыздармен бір бөлмеде киінетініміз есіме түсіп, қоя салдым)
🤣92😁1
Адамнан сұрау - кемшілік,
Алладан сұрау - құлшылық!
десем…
👍52👏1
Құдайдың назарында ұстап тұрған тек күнәларымыз болмасын🤲
8👍2
Банктың емес, истихараның “одобрениясы” қатты қуантсыншы!)
👍86
Айналамдағы адамдармен қарым қатынаста көбіне мен ұтыламын, бірақ ол түптің түбінде менің ұтқаным!
🔥10👀1
Қазір пұттың мәселесінен көрі, бұттың мәселесі жиірек боп тұр😢

заман-ай.
👏61🔥1
Үйленуден бұрын, үйлену тойымда бір щегол ән айтпаса екен деп уайымдаймын😂
🤣101
Қазақтарлың логикасын түсінбеймін. Әжелеріне “Асыл әже” деген білезік сыйлап жатады. Ол әже өзіне әже емес қой🤣. Әже боп “әже” деген білезік тағып жүру оған керек па?🤣
Біз мысалы, “қолқанатым немерем”, “сүйікті балам” деген браслет берсе өлсе де тақпайсың ғой😂.
Ол кісілер тек көңіл үшін тағып алатын сияқты жәндеріім🥹😆
7😁2🤣1
Ураа 101 болдық😍🥳
👏5
Кейбір қызға таңға жуық клубта коктейліңді бір жігіт төлеп беруін “таңғы береке” емес екенін қалай түсіндірсе болады))
🤣12
Айт намазында әдеттегідей адам көп.
Айт намазы - уәжіп.
Үлкен кісілерге 5 уақыт намазды парыз емес, уәжіп дейміз ба не істейміз енді?😅😂

Құрбан айт құтты болсын!
5🔥2
Алдында бір кісі мешіттің құрлысын бітіруге көмек керек деп жазды, мүмкін маған көмек керек болғасын жазды ма екен деп қоямын🙁
13👏2👍1
Бір ой келді….. pinned «Жәй ойымды жазамын, бұл жазбаларымды оқыған адамның біреуі келісер, біреуі келіспес, әйтеуір керегін алса болды) Айтқым келгені мен үлкееен бір философ емеспін, әр ойымның дұрыс болуы шарт емес, бұл каналда тек өз ойыммен бөлісемін!»
Есек, шошқа сияқты адамдарды ғайбаттамаңдар, олардың еті де харам😂
6😐1
Көп қыздардан байқаймын тұрмысқа шықпаудың себебі “қазір қыздар дамып кеткен, жігіттер бір орында тұрып қалған” деп түсіндіреді. Тредстен, тик-токтан байқап қалдым. Сосын күлдім😂
Ешкім дамып кеткен жоқ! )
Кейбір қыздар бір-екі курс оқып, эстет суреттер түсіріп, инстасын жүргізіп дамып кеттім деп жүр екен😅
Кейбір жігіттер де бір- екі курс сатып алып, классический киініп, “дофамин, тестестерон” деген сөзді жаттап алып, “мен дамып кеттім” дейді екен😅
Адам туылғанда ойында арамдық, жаман әдет, т.с.с нәрселер болмайды. Ал әділдік, шынайылық, адалдық секілді нәрселер 100% тік болады.
Біз қазір тек осы 100% ке толтыру үшін тырысып жүрген адамдармыз. Біз дамып жатқан жоқпыз, тек сол бұрынғы адам күйімізге келе жатырмыз.
Ал егер сол күйіңе жетіп, одан әрі кемелденсең, міні сол кезде ДАМЫП КЕТТІМ деп айтыңыз.
4🔥2👏1
Адамды ең қатты қажытатын - әділетсіздік екен.
🔥5💋1