Beyneutoday
689 subscribers
187 photos
67 videos
58 links
Жаңалықтар, оқиғалар, афишалар.

Біздің Instagram-дағы парақшамыз: instagram.com/beyneutoday
Download Telegram
20 миллионға жақындап келеміз

1 қыркүйекте халық саны 19 944 726 адам болды. Жыл басынан бері өсім - 178 мыңға жуық.

Қалаларда 12,4 млн, ауылдарда 7,5 млн тұрғын бар.
2023-2024 оқу жылы: оқушылар қалай демалады

Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының уақытын белгіледі.

🔸 күзгі каникул - 30 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін;

🔸 қысқы каникул - 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін;

🔸 көктемгі каникул - 2024 жылдың 21-31 наурызы аралығында.

Сондай-ақ бірінші сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша демалыс 2024 жылдың 5-11 ақпаны аралығында беріледі.
“Бейнеу-Ақжігіт -Өзбекстан шекарасы” автожолына ақылы жүйе енгізу іске қосылды. Қазақстан Республикасы көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, 9 қазаннан бастап ақылы жол енгізіледі. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» Акционерлік қоғам Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Ануарбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ақы енгізуге байланысты «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» бойында, 84+150 шақырым 1 стационарлық бақылау пункті және 85 шақырым орналасқан жылыту пунктінің ғимаратында клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі 1 орталық орнатылды. Әр учаске бойынша автокөліктерден алынатын төлемақы автожолдың техникалық санатына байланысты болмақ.

- Аталған автожолда жеңіл көліктер төлемнен босатылады, тек 2-6 санатқа жататын жүк көліктерінен ақы алынады. Ақылы жолдармен жол жүру ақысын төлеу тәсілдері бар. Арнайы төлем QR арқылы жүзеге асады. Ал, Екінші деңгейдегі банктердің POS терминалдары арқылы жүзеге асады,- дейді Мерей Шахарбаев.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеу маңында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

9 қазанда сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Бейнеу ауылынан келе жатқан АГП-20T 3813Н гидравликалық жүк көлігі солға бұрылу кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апатынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен Бейнеу аудандық ЖІБ-нің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

mangystaumedia.kz
Бейнеу ауданы әкімінің сайлауына
5 кандидат тіркелді.

Бүгін 10 қазан сағат 18:00 кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

Тіркелген кандидаттар:

• Азирханов Бекзат Басшиевич, 1981 жылы туған, қазақ, жұмыссыз. Бейнеу ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

• Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы, 1976 жылы туған, қазақ, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауылының тұрғыны. «Amanat» партиясынан ұсынылған.

• Сали Нұртас Төребекұлы, 1992 жылы туған, қазақ, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

• Сынабаев Хисмет Смагзамович, 1962 жылы туған, қазақ, «Нұрсад» ЖШС-ның директоры, Сарға ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

• Хайруллин Есет Мендибаевич, 1975 жылы туған, қазақ, «Батыс»- «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Маңғыстау қосалқы бөлімі Бейнеу станциясының бастығы, Бейнеу ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Ал сайлау алдындағы үгіт алдындағы үгіт бүгін 10 қазанда сағат 18.00-де басталып, 4 қарашада сағат 00.00-де аяқталады.
Бейнеу ауданы полиция бөлімінің жаңа бастығы тағайындалды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Оразов Нұрсейт Неруұлы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Нұрсейт Неруұлы 1985 жылы 6 ақпанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылында дүниеге келген. 2003 жылдың қыркүйегінде ҚР ІІМ курсанты атанды.

Ішкі істер органдарында 2003 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Оразов Нұрсейт өз қызметін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы ІІБ жедел уәкілі қызметінен бастады. Әр жылдары ол әртүрлі қызметтерде, соның ішінде жол-патрульдік полицияда және жергілікті полиция қызметінде басшылық қызметтер атқарды.

Полиция подполковнигі Нұрсейт Неруұлы Ақтау және Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

2023 жылдың сәуір айынан бастап Жаңаөзен қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды және осы лауазымды қазіргі уақытқа дейін атқарды.
Бейнеуде алғаш рет аудан әкімінің сайлауы өтуде

Бүгін, 5 қараша күні елімізде тұңғыш рет 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімін сайлау өтіп жатыр. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Әкімдері сайланғалы отырған 42 ауданның біреуі Маңғыстау облысына тиесілі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Бейнеу ауданында орналасқан сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі бар. Оның 17-і - Бейнеуде, қалған 13-і - ауылдық жерде.

Комиссия құрамына 188 адам тартылған. Аудан бойынша 40 134 адам дауыс беру құқығына ие.
Бейнеу ауданы әкімінің сайлау қорытындылары жарияланды.

2023 жылғы 5 қарашада Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 40134 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 11624 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 2, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 93 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бейнеу ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Сали Нұртас Төребекұлы үшін сайлаушылардың 2178 дауысы берілді,

Хайруллин Есет Меңдібайұлы үшін сайлаушылардың 213 дауысы берілді,

Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы үшін сайлаушылардың 8556 дауысы берілді,

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 202.

Сайлау қорытындыларымен Бейнеу ауданының әкімі болып Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы сайланды, 1976 жылы туған, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауданында тұрады.
Сүйінші, қазақ елі! Халық саны 20 миллионға жетті.

Бүгін Тоқаев осындай мәлімдеме жасап, отандастарымызды құттықтады.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Мектеп және колледждерде сабақ онлайн форматында өтеді


Маңғыстау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп пен колледждерде
11 желтоқсан күнгі сабақ онлайн форматында өтеді.

Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.

Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті режимде жұмыс істейді. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады, делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысымен кездеспек болған.
Beyneutoday
Маңғыстауда 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысымен кездеспек болған.
Маңғыстау облысы, Батыр ауылының 20 жастағы тұрғынын полицейлер ұстады. Ол 5-сынып оқушысына сексуалдық сипаттағы сөздер жазып, кездесуге шақырған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ASTANA арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл деректі бесінші сынып оқушысының анасы айтты. Ол қызының WhatsApp арқылы біреуге үнемі хат жазып тұрғанын байқаған. Әйел қыздың телефонына қараса, көптеген әдепсіз хабарламаларды көрген. Бір жас жігіт қызына киімсіз және басқа да көптеген ұятсыз суреттерді жіберуін өтінген.

Қыздың анасы бір айла қолданды. Ол қызының атынан бейтаныс жігітпен хат алыса бастады. Анасы қызының атынан "ата-анам үйден кетіп қалды" деген желеумен жігітті кездесуге шақырады. Кездесуге келген жас жігітті телефонына түсіріп алып, полиция шақырған.

Қазіргі уақытта полицейлер 19 жастағы жігітті ұстады. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс) Мұнайлы ауданы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ПБ-да тіркелді.

Полицейлердің ақпараты бойынша, қазір тергеу жүріп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.  

Видео: Lada.kz
Маңғыстауда соғды қызғалдағын жұлғандарға қылмыстық іс қозғалады

Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген соғды қызғалдағы гүлдеп жатыр. Егер өңірге келушілер мен тұрғындар соғды қызғалдағын жұлса, қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Соғды қызғалдағы - биіктігі 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдіктің түрі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара, қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады.

Соғды көктемнің ортасында наурыздан сәуірге қараған уақытта гүлдей бастайды. Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстаудың құмды аймақтарында немесе сирек, сазды, шөлейтті жерлерде өседі.

Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін гүл.
Биыл мектепте соңғы қоңырау бола ма

Биыл оқу жылы 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады.

Бірқатар облыстардағы су тасқыны жағдайына байланысты және соңғы күн сенбіге келіп тұрғандықтан, оқушыларға сынып сағаты өткізіледі. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылды қорытындылайды.

11 (12) сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және арнайы "Алтын белгі" төсбелгілерімен марапаттау 12-15 маусым аралығында барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін өтеді.
⚡️Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты лауазымынан босатты

Ол бұл қызметті 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап атқарған еді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеуде жаңа субұрқақ салынып жатыр.

Аудан әкімі Рахымжан Шалбаев аудан орталығында салынбақ жаңа субұрқақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Және де игі бастамаға сәттілік тіледі.

Субұрқақтың жалпы көлемі 970 м2 құрайды. “Тәуелсіздік” алаңында орналасқан…
Нұрдәулет Қилыбай – Маңғыстау облысының жаңа әкімі

Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрынғы бас директоры қызметін атқарды.

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.