Beyneutoday
690 subscribers
187 photos
67 videos
58 links
Жаңалықтар, оқиғалар, афишалар.

Біздің Instagram-дағы парақшамыз: instagram.com/beyneutoday
Download Telegram
Қазір Бейнеуде Тәуелсіздік алаңына жиналғандар әлі тұр. Әкімдік өкілдері келіп, наразылармен диалог жүргізіп жатыр.
Beyneutoday
Қазір Бейнеуде Тәуелсіздік алаңына жиналғандар әлі тұр. Әкімдік өкілдері келіп, наразылармен диалог жүргізіп жатыр.
Бір белсенділер жиналғандарға тарайық деп жатыр, екінші белсенділер тарамаймыз деп тұр.
Айта кетейік, қазір Бейнеуде газ құю бекеттері ашылды. Газдың бағасы 55 теңгеден сатылып жатыр.
"Дикий Арман" деген атпен танымал криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев ұсталды, деп хабарлады терроризммен күрес жөніндегі бас штаб.
Жаңаөзендегі шеруге шыққандар екіге бөлінді. Бірі үйге тарайық деп үндесе, екінші топ алаңда қалмақ.

Дереккөз: @orda_kz
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтының мәліметінше, осы жылдың алтыншы қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1 тармағымен, мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске қатысады.

Бұған дейін ол елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты қабылданған шаралар туралы айтатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ, бүгін ауыс-түйіс болады.
"Президент Үкіметті отставкаға жіберді. Қазір барлық министр міндетін атқарушы... Президент кім қалып, кім қызметінен кететінін өзі шешеді. Үкімет қайтадан құрылады. Әрине, кадрлық өзгерістер болатыны сөзсіз", - деген еді Президенттің баспасөз хатшысы.
Тимур Құлыбаев бүгіннен бастап "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғарды.
Өткен тәулікте Маңғыстауда 172 адамнан коронавирус анықталды.
Самат Әбіш қызметінен босатылды

Назарбаевтың немере інісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болған.

Бұған дейінгі мәлімдемеде, оны еңбек демалысында деген еді.
Қайырлы күн! Демалыстарыңыз жақсы өтсін:)

Біз телеграм арнамызды ұзақ уақыттан кейін, қайта бастадық.

Сіздер барсыздар ма?:)
Қазір Бейнеуде өзекті тақырып аудан әкімінің сайлауы.

Аудан әкімінің сайлауына тағы бір кандидат құжат тапсырды. Алтыншы болып Бейнеу аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен Сынабаев Хисмет Смагзамович құжаттарын ұсынды.
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 2 қазан күні Бейнеу ауданы әкіміне 2 кандидатты тіркеді:

Біріншісі Азирханов Бекзат Басшиевич, 1981 жылы туған, қазақ, жұмыссыз. Бейнеу ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Екіншісі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы, 1976 жылы туған, қазақ, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауылының тұрғыны. «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу 10 қазанға дейін жалғасады.