Sen sūlu
48 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
86 жасына қараған шағында танымал модельер, кутюрье, стилист, фотограф Карл Лагерфельд қайтыс болды. Карл Лагерфельд 1984 жылы Karl Lagerfeld Impression өз киімдер линиясын шығарды. Ал он жылдан соң  Chanel үйінің көркемдік директоры болды. Сонымен қатар Chloé, Fendi және мода индустриясының басқа да лидерлерімен жұмыс жасады.Chloé, KL, Jako парфюмдерінің авторы. Кутюрье фотографияға қызығатын, бірнеше кітап жазды, тіпті баспа үйін де ашты. Ол бір сұхбатында жеке кітапханасында 300 мыңнан астам кітап бар екенін айтқан. Кітап пен парфюм туралы айтсақ
Paper Passion иіссуын айту керек. Кітаптың хош иісі бар бұл парфюмды —  Гез Шоен, Герхард Штайдл, Wallpaper Magazineмен бірлесіп жасап шығарды.  Сән әлеміндегі осындай гигант, интелектуал, біртуар тұлға бүгін көз жұмды. Бақұл бол, Карл Лагерфельд.
​Косметолог кабинетінде:
-SPF кремді жағып...
- Білем, білем. Жағып жүрмін күнде таңертең.
- Бір рет қана ма?!!
- Енді таңертең жұмысқа, еще күн шықпай тұрып барамын. Күні бойы офисте. Күн батқанда үйге қайтам. Несіне жаға берем.
- Сіз білесіз бе сіздің ноутбугыңыздан, тіпті смартфоннан теріңіз сәулеленетінін?
Ары қарай сотка мен компьютерлердің зияны туралы ұзааақ лекция болды.
Қыздар, жолдастар. Шынымен сотканың, компьютердің сәулесі қауіпті. BBCден бұл туралы мақала оқыдым. Сәулелендіру деңгейі жоғары смартфондар қытайлық OnePlus және Huawei брендтері, сонлай-ақ Nokia-ның Lumia 630 смартфоны.
SAR (сәулелендіру деңгейі) төмен смартфондар Sony Experia M5 (0,14), Samsung Galaxy Note 8 (0,17) және S6 edge+(0,22), Google Pixel XL (0,25) Samsung Galaxy S8 (0,26) және S7 edge (0,26) екен. Айтпақшы жатар смартфонға көп үңілем, кітап оқимын әдетте. Көзді шаршатпау үшін Twilight қосымшасын пайдаланамын. Әдетте түнде телефоннан экранынан шығатын "көгілдір жарық" ұйқыңызды ұрлап, көзіңізге зиян тигізеді. Ал Twilight мобильді қосымшасы смартфон жарығын реттейді.
Екі скролдық жазбамның түйіні SPF кремін қыста да, күн бұлыңғыр болғанда да, кеңседе жүргенде де жағып жүріңіз. Әсіресе егер күні бойы компьютер алдында отырсаңыз, кеңсеңіздің терезелері үлкен болса, қандай да бір пилинг жасасаңыз.
Күшті бір App тауып алдым. Sommelier Du Parfum деп аталады. Өзіңіз ұнататын парфюмдеріңізді, ноталарды, бағасын енгізіп өз профайлыңызды жасайсыз. Сізге жағды-ау деген иіссуларды ұсынады. Қалаған парфюмдарыңыз туралы негізгі ақпаратты тауып береді (бағасы, композициясы, шлейфі және т.б.). Баркод (штрихкод) сканнер арқылы иіссуларыңызды тексеруге болады. Айтпақшы өзіміздің Француз үйінен алған Mancera Roses Vanille қорабында штрихкод болмай шықты. Басқа барлық қораптарда бар, мұнда мүлдем жоқ. Құтысында да жоқ. Әлде қорап сыртындағы целлофанда кетті ме екен? 🤔 Қалай ойлайсыз бұл нені білдіреді?
Күн ыстық. Жоқ менде суыққа төзбеушілік бар. Суықтан дірілдегенше ыстықтап быршып отырғаным жақсы 😆 Бірақ дәл бұлай емес әрине. Астананың өзінде кеше 30 градус болды. Оның үстіне менің күнге аллергиям бар. Күн көзіне 15 артық шықсам қызарып, бөртіп шыға келем 😳 Сондықтан SPF кремсіз жазда өмір сүре алмаймын. Ал күнге күйдіңіз делік. Онда күйікті жеңілдетудің бірнеше амалы бар. Әр организмге әрқалай әсер етеді. Олар:
☀️ Пантенол/Бепантен (спрейі жақсы)
☀️ Спасатель кремі
☀️ Салқын компресс. Дәкені салқын суға (1 стакан суға 0.5 шай қасық сода не крахмал қосуға болады) салып, жиі ауыстырып отырып 15 минуттай ұстаңыз
☀️ Салқын душ
☀️ Кокос/зәйтүн майы
☀️ Алоэ гелі
☀️ Айран/қаймақ (бетке айран не қаймақ жағып алып күнге мүлдем шығуға болмайды. Бұл процедуралардың барлығын салқын, көлеңкеде жасау қажет)
☀️ Картопты үккіштен өткізіп күйген жерге жағу
☀️ D Витамині (20-30 тамшысын ішу керек) D витаминін ішке қабылдау тері регенерациясын жылдамдатады, қызарғанын басады.
☀️ 1% гидрокортизон мазі (жұқалап күйген жерге жағу керек)
Французский домға ескі помадаңызды әкеліп берсеңіз жаңасына 35% #жеңілдік
Инстаграмда бір аккаунт бар. Американ хирургі Ким Барденнің парақшасы. Омырауына имплант салдырған әйелдердің аурулары туралы жазады. Әгәрәки кеудеңізді үлкейтіп имплант салғыңыз келіп жүрсе бір қарап шығыңызшы. Парақшасы
ПРЫЩ ЖӘНЕ КУШОН
 Бір жарым ай болды иегіме прыщ шығып жүйкеме тиеді. Дәл маңызды кездесу алдында ыздиып шыға келеді.
Бұрын беті безеу адамдарды көріп ойлайтынмын "құдайым-ау қазір не көп, косметологиялық құралдар көп, косметологтар көп, емдемей ма" деп.
Өзімде шыққанда көрдім ғой. Чего я тока не делала-ла. Спиртпен сүртіп, содадан маска жасадым. Цинковый мазьді жақтым. Алоэ, каланхоэден примочкалар жасадым. Масло чайного дерева дегенді алдым. Айтпақшы "мың дертке дауа" қара тмин майын да жаққанымды мойындаймын))  Бірнеше күнде кетеді, қайтадан шығады. Иегімдегі оңбағандарды кушонмен жасырып қоямын аздап))
Кушон деген рақат қой. Текстурасы тоналды крем, BB-кремнен де әйбат)
Қорабы пудра сияқты. Бірақ ұнтақтың орнына крем сіңген губка тұрады. Бетке опа жағатын спонжды сол шылқыған губкаға басып-басып бетіңізге жаға бересіз.   Теп-тегіс болып жағылады. Бетің демалады (пораларды бітеп тастамайды). Күн ыстық болса не терлесең тоналка сияқты ағып кетпейді. Оның үстіне SPF қорғанысы, басқа да пайдалы компоненттері де бар. Сөмкеңнен алып кез келген сәтте пудра сияқты жаға салуға болады. Айнаның алдында сағаттап отыра алмайтындар үшін күшті. Бір минутта спонжигімен бетті фшык-фшык еткізіп жүре береді.
В общым әңгіме безеу туралы еді ғой.
Безеу иек тұсына шықса демек сізде келесі проблемалар болуы мүмкін:
🔅 асқазан-ішек жолдарында бір гәп бар
🔆 гормоналды фон бұзылған
🔆 женский проблемалар.
Асқазан-ішек жолдарында енді вряд ли. Екі ай бұрын гидроколонотерапия курсын жасағам (оой, бұл процедураны айтсам әлі көзіме жас келеді 😅) . Одан бері қатаң диетадамын. "Орындығым" дұп-дұрыс.
Гормоналды фонға күмән болды. Бірақ Олимпке барып ТТГ, Т3, Т4, Т4 своб., анти ТПО, анти-ТГ гормонларының анализін алдым. Онлайн консультация арқылы көрсетіп едім, эндокринолог норма шегінде деді.
Женский жақтан да проблема жоқ. Мамырда санаторийде бос жатпай толық тексерілгем.
Бүгін косметологыма барғанда кушон туралы кездейсоқ әңгіме болып кетті. Кушон губкасын ауыстырып тұрмасаң да күнара жуып тұр дейді. 😑 сатып алғалы бері бір де бір рет жуған емеспін 🤪😳
Міне ол немене Михаил ұлы)) Бір инфекцияны губкаға жұқтырып оны матырып-матырып үнемі иегіме жағып қоямын.
Тоқсан сөздің түйіні -  кушон спонжиктерін үнемі жуып жүріңіздер, қыздар) 😘
Биоревитализация қартаюға тосқауыл қоятын косметологиялық процедуралардың ең бейкүнәсі шығар. Себебі организмге жат зат енгізбейді. Біздің барлығымызда онсыз бар гилаурон қышқылының инъекциясы жасалады. Тек жас ұлғайған сайын оның көлемі азая береді де бетімізге әжім түсе бастайды. Қанша процедура қажет, нәтижесі қашан байқалады, кімге жасауға болмайды? Бұл туралы косметологымыз процедура барысында айтып берді. Видео сапасы "үлкен экрандардан" көрсетуге арналмаған 😉
#косметологкабинеті
Косметикалық скрабты қолданған соң микропластиктің теріде қалып қойған бөлшектері
Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллажының жанында ұзақ тұрдық. Раушан, Лаванда мен ванильді қарадық. Бұрышта тұрған Aqua Allegoria Mandarine Basilic Guerlain назар аудартты. Тест жасап білегімнің ішкі жағына бір рет пыш еткіздім. Ақыры таңдау жасап иіссуымызды алдық. Бағана сыртқа шығып бара жатқанда өзімнің Guerlain l'interdit-імді сеуіп шыққам. Үйге келдім. Беті-қолымды жуып, киімімді ауыстырдым. Өз иіссуым үнсіз. Ал әлгі бір себім Mandarine әлі айқайлап тұр. Неге осы тестіден еріп келген жалғыз ауыз иістің айқайы қаттырақ шығады ә?
Бірде Иль Де Ботэге кірген едім (Мәскеудегі прафюм және косметика дүкені). Көп парфюмның ішінен Byredo-ның Bal d'Afrique-сын таңдадым. Бұл өзі танымал иіс емес. Бірақ өзіне ғана тән інжір, ветивер сезілетін шығыс ноталары бар. Сеуіп алдым да өзімнің талғампаздығыма риза боп салонды аралап жүрмін. Бір кезде бір консультант әйел маған жақындады. Өзі біртүрлі. Қалған кеңесшілерге ұқсамайды. Жасы келіп қалған зиялы әйел сияқты. Мектептегі география пәнінің мұғалімі бар ғой, сондай тип.
– Byredo ма?
– Иә, (Көптің бірі емеспін, талғампаздығымды қара дегендей мақтанышпен)
– Нашар таңдау.
– ... (сөз таба алмай аңтарылып қалдым. Мынау әйел сенің таңдауың құсық деп тұр ғой маған?!)
– Жүріңіз сізге одан да басқа бір иісті көрсетейін.
Әлгі апайдың артынан екінші қабатқа көтерілдім. Мұнда адам аз, сұранысқа ие емес иістер тұрады негізінен. Ол мені Rancé стендіне әкелді де "міне" деді қолыма Triomphe-ты ұстатып. "Бұл соңғы құйылымдар, кейінгі шығатындары мұндай емес" деп жатыр.
Септім. Ұнаттым. Сатып алдым. Бірнеше күннен соң, әрине. Парфюм үйіндегі есімде қалған консультант осы жасы келіп қалған әйел еді.
Бұл Таня Миронованың Непарфюмерный подкастында айтқан естілігі. Ол қазір Кот д'Азур Университетінде (Франция) осы саланы зерттейді. Ойлау қабілетінен иіс сезу қабілетіңіз күштірек дамыған болса, подкаст ұнайды)))
Француз үйінде DQ хош иістеріне жеңілдік болып жатыр екен. DQ Women World және DQ Men World Edp - 50 мл 34 835 теңге, ал Edt- 50 мл 27 095 теңге. Сүйікті әншіге деген махаббатыңыз парфюм алуға көндірер ме еді, Dears?
Павлодар қаласындағы қарапайым отбасының баласы. КИМЭПте қаржыгер мамандығы бойынша оқиды. 10 жылдан соң мансабын қалай елестетесіз? Танысып қойыңыз, Celine, Louis Vuitton дизайнері болған, Kanye, Jay-Z, Chalamet және басқа да жұлдыздар үшін образдар жасаған Абзал Исабеков. Balu KZ сұхбаты сіздерге де ұнап қалар)
Кеше haute couture аңызы Пьер Карден (Pierre Cardin) 98 жасында дүниеден өтті.
Принтты колготки, жағасыз ұзынша пиджактарды және көптеген сәнді дүниелерді ойлап тапқан кутюрьеге біз де қарыздармыз. Не үшін?
Ең алғаш прет-а-порте көрсетілімін 1959 жылы қарапайым Printemps универмагында өткізді. Дәл сол жерде өз коллекциясын сата бастады. Дизайнерлік заттардың арзандауының арқасында енді оларды тек бай-бағландар ғана емес, қарапайым тұтынушылардың да қалтасы көтере бастады. Бұл әрекеті үшін Пьер Карденді кәсіподақ haute couture қатарынан шығарып тастады. Дегенмен бірнеше жылдан соң Карден кәсіподаққа оралып қана қоймай, оның төрағасы болды. Ал көптеген сән үйлері қарапайым адамдарға жақындай түсті.
Қандай крем сатып алам деген сұрақты жиі естимін. Бетіңе не қажет деймін ондайда. Теріңіз сұрланып, солғын тартып, ауру адамның өңіндей болса, бетіңізге әр беру керек. С витаминді сарысу, эссенция алып, ниацинамиді бар крем жағуды ұсынар едім. Безеу, қызару сияқты проблемаларды салицил мен азелаин қышқылдары шеше алады. Бір компонент кремде, бір компоненті эссенция, серум сияқт құралда болса тамаша. Кейде екі компоненті де бар заттар да кездесіп қалады. Ұсақ әжімдермен күреске ретинол мен церамидтер тамаша. Айтпақшы суық түсіп, ретинол маусымы басталды. Ретинол пилингтерін, маскаларын қорықпай жасай беруге болады. Сонымен қандай крем аламын дейтіндерге қысқаша кесте жасағандай болдым 😊
Айтпақшы, косметика, сән, уопщым қыздарский тема туралы бір жақсы подкаст бар. Авторларының бірі Көгершін Сағиева. Доджь телеканалының журналисі. Подкаст атауы "Золушка курит". Осы подкасттың cоңғы эпизодына "Don't touch my skin" брендінің авторы Адель Мифтахованы шақырған екен. Өте пайдалы әңгіме болды. Apple podcastта сілтемесі. Castbox сілтемесі
Қайда барсаң әңгіме Squid Game туралы. Инстаграмда Louis Vuitton парақшасын ашып қалсам, сериалда қашқын қыз Кан Се Бёк рөлін ойнаған Ho Yeon Jung суреті тұр екен. Louis Vuitton ресми аккаунтында ендәгәрі Хо Ён Жуң Global House сән, сағат және зергерлік бұйымдардың жаңа амбассадоры болатыны жазылыпты. «Кальмар ойыны» сериалы 27 жасар модель танымалдығын арттырып жіберген. Netflix-те сериал шықпай тұрып оның аккаунтына жазылушылар саны 400 мың шамасында болған. Қазір 16,7 млн (бұл сан әлі де өсуі мүмкін, соңғы бір тәулікте ғана 1,5 млн фоллоуер қосылды). Бірақ Ho Yeon Jung-ның модельдік карьерасында Louis Vuittonмен қызметтестік кеше басталған жоқ. Ол 2017 жылы Louis Vuitton сән көрсетіліміне қатысқан болатын. Ол кездегі образы, шашының түсі де басқа еді. Сізге қай образы ұнайды, қою қара шаш па әлде жирен бе?
Косметика алуға тұрарлық инстадүкендер
Негізі бар ғой крем тұрмақ, скраб, шампуньдердің өзін «хозяюшка» сияқты дүкендерден алмаймын. Ол дүкендерге қайдан келгенін ит білсін. Түрлі әңгімелер естіген соң. Бірде бір инста дүкеннен The Ordinary эмульсиясын алып, бетімді құртып алғам. Цехте жасалған самопал деп топшыладым. Содан бері косметика алсам, дәріхана, немесе сенімді кәсіби дүкендерден аламын. Сондықтан өзім инстадан қарап жүріп, сеніммен алатын дүкендеріммен бөлісейін.
korner.kz
Дүкендері Алматы және Ақтөбе қаласында бар. Бағалары өте бюджетті. Басқа қалаларға жеткізу сервисі бар. Небәрі 3-5 күн аралығында косметикасы мұқият оралған қорапшаларды пәтеріңізге дейін жеткізіп береді. Жеткізу ақысы Қазақстан қалалары үшін 1600 теңге көлемінде (ақтаулықтар үшін 1900 теңге).

mixit_kazakhstan Ресейлік бренд. Зертханалық косметика. Ресейлік брендтің бағасы онша арзан да емес, бірақ эффектілі. Шампунь/бальзамы/скраб, бет жуатын құралдары, уопщым тазартатын құралдары өте жақсы. Маскаларын аса түсініңкіремедім. Альгинат маскалары бірден қатып қалады, шешкенде бетті қызартып жіберді. Альгинат маскаларынан корейлік брендтерге жететіні жоқ әлі.

ecomixkz табиғи компонент, экокосметика іздейтіндерге ұсынарым осы. Инстасынан қарап, таңдап, eco-mix.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан тапсырыс беруге болады. Алматыда жеткізу қызметі 900 теңге, Қазақстан бойынша 800 теңге. Иә, маған да өте странды көрінді. Бірақ өзім Құрманғазы көшесіндегі дүкенге барамын. Он мыңнан асатын сомаға тапсырыстар тегін жеткізіледі. Бірақ бар ғой, экокосметиканы жазда сериясымен алдым, бірақ бұрынғы брендтерімен қайта оралдым. Қазір тек сабын, сусабын, ұсақ түйектерін аламын.
qazyna_beauty Ең жақсы косметиканы жинаған, негізінен бағасы ортадан жоғары. Бірақ маған бүл дүкеннің консультанттары ұнайды. Әйтеуір бір нәрсені сатып жіберу емес, өте білімді, тері күтімі туралы сағаттап сөйлесе алатын адамдар. Керек болса бюджетті нұсқаларын да рекомендейді. Инстаграм арқылы да консультация беріп, теріңізге қажетті құралдар тізімін жасап бере алады.
Кейін бір жолы Iherb-тен алдыратын косметика мен витаминдер туралы жазам. Әзірге осымен тәмам.
Өткенде айтқан инстаграм аккаунттардың бірінде ерлердің бет күтімі туралы пост шықты. Видеода жігіт бетін тазартып тұрып пилинг құралдары туралы айтып берді. Комменттерді шамамен сезген шығарсыздар)) Айтайын дегенім, ешкім бет күтімін бай табамын, қыздарды қаратамын деп жасамайды. Бет күтімі еркекке де, әйелге де қажет. Өзі үшін. Әрине, әйел мен еркектің бет күтімі сәл ерекшеленеді. Сол туралы жазайын.
Еркектердің бет күтімі әйелдердікінен сәл өзгеше. Оған бірнеше фактор себеп. Ең алдымен — гормондар. Тестостерон деңгейі жоғары болғандықтан еркек терісі 20-25% қалыңдау әрі тығыздау. Тері бездері де әйелдердікіне қарағанда белсендірек жұмыс істейді. Сондықтан еркектер арасында бет терісі майлы, аралас тері типажы көбірек кездеседі. Алайда акне (безеу) әйелдердікіндей тез жазылып кете қоймайды, жас кезіндегі безеу іздері де тереңірек қалады. Оған қоса еркектердің қырыну процесі бар, қышқыл ортасы әйелдердікінен жоғары. Сондықтан отыздан аса бастағанда сезімталдығы артады, гидролипид барьері бұзылады. Нәтижесінде ыстық-суық, лосьон, әтірлерге де беті ашып, қызарып шыға келеді.
Бір жақсысы еркектер терісінде коллаген көбірек. Сондықтан әжім кешірек түседі. Есесіне бет терісі қалың әрі тығыз болғандықтан әжім тереңдеу. Әсіресе маңдай мен қас ортасындағы әжім еркектердің бетіне драма мен жас қосып тұрады. Бұл кезде әжіммен күресу қиындай түседі. Әдеттегі серум, кремдер көмектесе қоюы екіталай.
Еркектер терісінде меланин де көбірек. Сондықтан анау-мынау күнге бола пигмент дақтары мазалай қоймайды. Бірақ қырықтан аса бастағанда меланин азаяды. Сол кезде күннен қорғанып SPF кремдерін қолданып жүргені абзал.
Енді күтімге назар аударайық, ерлердің күтім косметикасында не болғаны жөн. Ең алдымен бетті тазалауға мән беру керек. Қара дақтар мен безеудің алдын алу үшін скраб, лосьон және АНА қышқылдары бар пилингті аптасына бір рет қолданған жөн. Кейде осы тониктің не қажеті бар деп жатады. Әйелдер тониктен бас тартса да, еркектерге тоник міндетті түрде қажет деп ойлаймын. Теріде қалған сабын, қырыну құралдарының қалдықтарын жойып, ылғалдандыру керек. Бірақ құрамында алкоголь жоқ тоник алған жөн. Бетке ылғал қажет. Мейлі бетіңіз майдан жылтырап тұрса да. Майлы бетте ылғал жеткілікті деген сөз емес. Сондықтан крем, серум алғанда ылғалдандыратын компоненттерге мән беріңіз. Сонымен қысқаша айтқанда еркектердің бет күтімі процедурасы (25-40 жас аралығындағы) мынадай: тазарту — теріні түлету (аптасына бір рет) — қырыну — тоник жағу — ылғалдандыру.
Ол үшін сізге қажет 4 зат:
• Бет жууға арналған гель немесе көбік;
• Скраб немесе пилинг;
• Тоник (қырынған соң жағатын лосьон);
• Бетке жағатын крем (ылғалдандыратын).