Sen sūlu
48 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Қазақ еркектері және косметика турасында айтып қалдық қой. Осы біздің еркектердің косметикаға қатысты жарнамасын байқадыңыздар ма? Бір жылдары Кореяға барғанда керсінше косметика дүкендеріндегі постерлерде негізінен жігіттердің суреттері екенін байқаған едім. Ал қазақтың танымал еркектерінің ішінде тек Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеннің жарнамасын ғана көрген екем. Айтпақшы Димаштың парфюмына қатысты мына жарнама жымитты. Біздің жігіттердің косметологияға қатысты жарнамасын көрсеңіздер, бөлісе отырыңыздар
Лазер эпиляциясы туралы күшті видео шығыпты Vert Dider каналында. Қара түктер эпиляциясы эффектісі неге жақсырақ, жақсы нәтиже үшін неге бірнеше процедура керек деген сұраққа жауап табасыз. Дегенмен лазер эпиляциясы мәселені түбегейлі шешу емес, тек ұнамсыз процедура арасын бір жылға дейін созу екенін еске салайын. Сондықтан өзім классикалық шугарингті жөн көремін 😊