Baribar Media
201 subscribers
3.88K photos
326 videos
4 files
10.5K links
Бізде бәрі бар! Мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы сайт.
Download Telegram
Мас күйде әкесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Алматы облысында туған әкесін соққыға жығып, өліміне себеп болған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот мәліметінше, 2024 жылғы 10 қазанда Қайнар ауылында айыпталушы мен оның әкесі арасында тұрмыстағы жанжал туындаған. Алкогольдік масаң күйде болған ер адам әкесінің басы мен денесіне қолымен де, аяғымен де бірнеше мәрте соққы жасаған.

Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі кеуде тұсынан алған ауыр жарақаттар салдарынан болғанын көрсетті. Қабырғалардың сынуы мен өкпенің зақымдануы травматикалық шокқа әкеліп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Сарапшылар кемінде 15 соққы жасалғанын анықтап, бұл жарақаттарды өмірге қауіпті ауыр зиян ретінде бағалаған. Айыпталушы сотта кінәсін мойындамағанымен, тергеу барысында берген бастапқы жауабы мен жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын толық дәлелдеген, — делінген хабарламада.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Жаза…
28 сәуірде еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

28 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар түнде Астана, Көкшетау, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толығырақ: https://baribar.kz/267085/28-sauirde-elimizdin-4-qalasynda-aua-sapasy-nasharlaidy/
217 млн доллар: Майкл Жексон туралы фильм рекорд орнатты

Аңызға айналған поп-музыка жұлдызы Майкл Жексон туралы түсірілген «Майкл» фильмі прокаттың алғашқы кезеңінде рекордтық табысқа жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, картина әлем бойынша 217,4 миллион доллар жинаған.

Lionsgate студиясының мәліметінше, оның 97 миллион доллары АҚШ пен Канада нарығына тиесілі. Фильм музыканттар туралы өмірбаяндық картиналар арасында жаңа рекорд орнатып, бұрын көш бастап тұрған Straight Outta Compton және Bohemian Rhapsody фильмдерінің бастапқы табысын басып озды.

https://youtu.be/Uyo5QqMSvsc

Фильм әншінің жеке өміріне қатысты даулы тақырыптарды да қамтиды. Майкл Жексон кезінде өзіне тағылған сексуалдық зорлық-зомбылық айыптауларын жоққа шығарған, ал 2005 жылы сот оны толық ақтаған.

Картина өнерпаздың отбасы ішінде де түрлі пікір туғызды. Мәселен, Жанет Жексон түсірілімге қатыспаған болса, әншінің қызы Пэрис Жексон фильмге сын айтқан.

Басты рөлді…
Атырауда көші-қон заңнамасын бұзғандар елден шығарылды

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, аталған азаматтар соттың Қазақстан аумағынан шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары оларды елден күштеп шығару шарасын қолданған.
Шетел азаматтары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Тәжен-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстан аумағынан шығарылды, — делінген хабарламада.
Құзырлы органдардың дерегінше, заң бұзған азаматтарға алдағы бес жыл ішінде Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.

Толығырақ: https://baribar.kz/267094/atyrauda-koshi-qon-zannamasyn-buzgandar-elden-shygaryldy/
Астанадағы SOS батырмалары қалай жұмыс істейді?

Астанада тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 40 SOS жедел шақыру батырмасы орнатылып, тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, батырмалар адам көп шоғырланатын орындарда — теміржол вокзалдары, базарлар мен қалалық саябақтар аумағында орналасқан.

Жүйе төтенше жағдай кезінде азаматтарға полициядан жедел әрі қолжетімді түрде көмек сұрауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері SOS батырмалары арқылы полицияға тоғыз өтініш келіп түскен. Барлық хабарлама бойынша тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, оқиға орындарына дер кезінде жетіп, қажет тексеру жұмыстарын жүргізген. Мәселен, кешкі уақытта Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында күдікті тұлғалар туралы хабарлама тіркелген. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, аумақты тексеріп, мән-жайды анықтау шараларын қабылдады, — делінген хабарламада.

Полиция тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға…
Рұқсатсыз ұшуға болмайды: авиация саласына қатаң ескерту

Көлік министрлігі тиісті рұқсат құжаттарынсыз авиациялық жұмыстар жүргізуге жол берілмейтінін ескертті. Мәлімдеме азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі атынан жасалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, авиациялық жұмыстарды тек белгіленген тәртіппен берілген, тиісті сертификаты бар пайдаланушылар ғана орындай алады. Ал мұндай куәліксіз немесе пайдалану спецификацияларынсыз қызмет көрсету Қазақстан заңнамасын бұзу болып саналады және жауапкершілікке әкеледі.

Ресми талаптар бойынша, пайдаланушылар:

- авиациялық жұмыстарды орындауға арналған жарамды куәлікке ие болуы;
- әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі;
- ұшуға рұқсат пен авиация персоналының біліктілігін растауы;
- азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруы;
- ұшу қауіпсіздігі талаптарын, оның ішінде метеорологиялық минимумдар мен пайдалану шектеулерін сақтауға тиіс.

ААК…
Енді 14 жастан бастап бизнес ашуға болады. Заң талаптары қандай?

Қазақстанда 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін бастай алады. Алайда бұл мүмкіндік нақты құқықтық талаптармен шектелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

31 арнаның Информбюро бағдарламасының мәліметінше, негізгі талаптардың бірі – жасөспірімнің кәсіп бастауына ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Егер мұндай келісім болмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелетке толмаған азаматты толық әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі талап етіледі.

Қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекс бойынша, жеке кәсіпкерлік – азаматтың өз атынан, өз тәуекелімен табыс табуға бағытталған дербес қызмет.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе eGov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер мен e-Salyq Business…
Елде мейрамханалар саны артты: қай өңір көш бастап тұр?

Қазақстанда мейрамхана бизнесі қарқынды өсіп келеді. 2026 жылдың I тоқсанында жаңа құрылыс аяқталғаннан кейін 15 мейрамхана пайдалануға берілген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

DATA HUB мәліметінше, бұл – кейінгі жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде жасалған есептеулер бойынша, бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

Жаңа және жаңғыртылған мейрамханалардағы жалпы отыратын орын саны 4,3 мыңға жетіп, бір жыл ішінде екі есеге жуық өскен. Бұл – кейінгі сегіз жылдағы I тоқсан үшін рекордтық деңгей. Дегенмен, статистикаға қайта жаңартылған нысандар да кіретіндіктен, бір мейрамхананың орташа сыйымдылығын нақты есептеу мүмкін емес. 2025 жылы тіркелген жоғары өсімнен кейін де нарықтағы қарқын сақталып отыр: жыл қорытындысында отыратын орындар саны 53% артқан, — делінген хабарламада.

Қай өңірде мейрамхана қымбат?

Жалпы 4,3 мың орынның құны 9,5 млрд…
Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 06:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Даналық көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жөндеу аймағында ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта қойылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қозғалысқа енгізілетін шектеулер туралы ақпарат 2GIS және Яндекс Карталар қосымшаларында, сонымен қатар @AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланады.

Толығырақ: https://baribar.kz/267114/almatyda-shemyakin-koshesinin-bir-boligi-uaqytsha-zhabylady/
«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы 10-15% өсуі мүмкін

Не болды?

«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы 10-15% өсуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Шәкіртақы сомасы үкіметтік баспасөз отырысында талқыланды. Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахметтің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы кейінгі 15 жылда өспеген. Әлемде инфляция деңгейі артып келеді. Сондай-ақ кейбір шәкіртақыы иегерлері шетелге отбасымен бірге барып оқып жүр.

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант санын азайтып, шәкіртақы мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр.

Шәкіртақы сомасы ел мен қалаға байланысты өзгереді. Мысалы, Нию-Уорк ең жоғары шәкіртақы шамамен 2,2 мың доллар. Басқа аймақта бұл сомадан аздау. Грант саны қысқарып, шәкіртақы мөлшері артуы мүмкін, — дейді халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет.

Контекст

Естеріңізге салайық, «Болашақ» бағдарламасының талабына…
Үсік жүреді. Қазақстанда 29 сәуірде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 29 сәуірде болатын дауылды ескертті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

29 сәуірде Батыс Қазақстан облысына жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде облыстың шығысы мен солтүстігінде температура 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысына тұман түседі. Облыстың батысы мен солтүстігінде температура 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Ақмола облысына да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында температура 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар облысының шығысындағы температура 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Жетісу облысының кей жерінде жылдамғы секундына 25 метрге дейін жел соғады, өрт қаупі әлі де бар.

Абай…
Stadler вагондары: Астанадан жүретін жаңа пойызды іске қосу кейінге қалды

Не болды?

Астанадан жүретін Швейцарияның Stadler вагондарын іске қосу кейінге қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр

Мәлімет

Көлік министрлігі Stadler вагондарын 2026 жылғы мамырда іске қосуды жоспарлап отыр. Үкіметтің баспасөз отырысындағы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың сөзінше, Stadler вагондары сынақтан өткен соң техникалық ақау анықталған. Қазір Stadler компаниясы техникалық ақауды түзеп жатыр.
Алдағы бір ай ішінде вагондарды қабылдап алып, іске қосуды жоспарлап отырмыз, — дейді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Контекст

Естеріңізге салайық, ҚТЖ Stadler вагондары биыл сәуірден бастап Астанадан Алматы, Семей, Шымкент, Атырау қалаларына қарай төрт бағыт бойынша жүретінін хабарлаған еді.

Толығырақ: https://baribar.kz/267130/stadler-vagondary-astanadan-zhuretin-zhana-poiyzdy-iske-qosu-keiinge-qaldy/
Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек төленеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төленетін ақшалай үлес, жәрдемақы және өзге де төлемдер қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тиісті бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енді.

Министрліктің мәліметінше, бюджеттен үнемделген қаражат есебінен әскери қызметшілерге берілетін материалдық көмек көлемі ұлғайған. Енді төлемдердің ең төменгі мөлшері елдегі ең төменгі жалақы деңгейіне теңестірілген.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртынан туысы қайтыс болған жағдайда төленетін әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының бес есесіне дейін жетіп, шамамен 425 мың теңге болады.

Ал некеге тұру, бала туу немесе асырап алу, мүлікке залал келу не емделу қажеттілігі туындаған жағдайда 255 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қарастырылған. Министрлік бұл өзгерістер әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті, — делінген хабарламада.

Толығырақ:…
Кресло, жалюзи. Қазақстанда тұрмыста қолданатын сөздерді аударған адамға ақшалай сыйлық беріледі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстағы заттар атауы шеберханасы» деген республикалық байқау жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Институт байқаудың мақсаты күнделікті тұрмыста орысша айтып жүрген зат, құрылғы атауына мемлекеттік тілде сәтті балама табу екенін хабарлап отыр.

Байқау 2026 жылғы 24 сәуір мен 13 мамыр арасында өтеді. Шарты мынадай:

1. Байқауға қатысатын адам Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақ тілінің ұлттық корпусы (https://qazcorpus.kz/) туралы Instagram немесе Facebook парақшасына пост салып, институт парақшасын белгілеуі керек.
2. Аударатын сөздер тізімінен 10 зат атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеуі керек.

Үміткер байқауға қатысу үшін байқау шартында көрсетілген тапсырманың жауабын ayagul.omar@gmail.com электрон поштасына 2026 жылғы 10 мамырға дейін жолдайды.

Қазақшаға…
Тоқаев пен Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.

Израиль президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.

Толығырақ: https://baribar.kz/267146/toqaev-pen-gertsog-alem-ai-ortalygynyn-qyzmetimen-tanysty/
Енді жол ережесін бұзған көліктер ақылы түрде эвакуацияланады

Астанада жол ережесін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, енді арнайы эвакуаторлар жұмыс істеп, ереже бұзған жүргізушілердің көліктерін коммуналдық тұрақтарға жеткізеді.

Бұл шешім көлік жүйесін кешенді дамыту аясында қабылданған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер қозғалысқа кедергі келтіріп, қауіпсіздікке әсер етеді. Тұрақ және аялдау ережелерін бұзу көшелердің өткізу қабілетін 50% дейін төмендетеді. Қазіргі таңда елордада 600 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Автоматтандырылған жүйелер күн сайын 2 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтайды, — делінген хабарламада.

Эвакуация ең алдымен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, тротуарларда және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда заңсыз қойылған көліктерге қолданылады. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда да жүзеге асырылады.

Жүйе толық…
Домбыраны харам деген Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

Не болды?

Әлеуметтік желіде домбыраны харам деген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Диапазон» басылымының мәліметінше, Ақтөбеде тұратын ер адам әлеуметтік желіде домбыраны «харам» деп видео жариялағаны үшін қамауға алынды.

35 жастағы Азат Қоныс ханафи мазһабын мысалға келтіріп, домбыра, гитара мен балалайканы харам деген видео жариялаған еді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті видео діни жек көру тудыруы мүмкін деп хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Күдікті әлжеліде діни жеккөру мен алауыздықты арттыратын мәлімдеме жариялаған. Күдікті жедел-тергеу кезінде ұсталды, — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қазір күдікті уақытша қамау изоляторында отыр. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Полиция азаматтарға ұлттық құндылықтарды жария түрде қорлау, нәсілі мен дініне қарай алауыздықты…
Оңтүстік Кореяда экс-бірінші ханымның жазасы 4 жылға ұлғайды

Оңтүстік Кореяда апелляциялық сот бұрынғы бірінші ханым Ким Кон Хиге қатысты үкімді қатаңдатты. Нәтижесінде бұған дейін тағайындалған 20 айлық жаза төрт жылға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сеуль жоғарғы соты шешімі бойынша, Ким Кон Хи төрт жылға бас бостандығынан айырылып, 50 миллион вон (шамамен 34 мың доллар) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сот оны Deutsch Motors компаниясының акция бағасын жасанды түрде көтеруге бағытталған манипуляцияларға қатысы бар деп таныды. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол осы әрекеттерден 810 миллион вон көлемінде пайда тапқан.

Айта кетейік, Ким Кон Хи бұған дейін пара алу ісі бойынша 20 айға сотталған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бір ұйымнан қымбат сыйлықтар алған. Экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы бұл үкіммен келіспей, апелляцияға жүгінген. Алайда прокуратура жазаны тым жеңіл деп бағалап, қосымша эпизодтар бойынша ақтау шешіміне де қарсылық білдірген. Соңғы шешім…
Қазақстанға Ресей әншісі Дима Билан келеді

Елімізге биылғы қарашада Ресей әншісі Дима Билан келеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ресей әншісінің концерті 20 қарашада Алматыдағы «Алматы арена» мен 22 қарашада Астанадағы «Барыс аренада» өтеді.
Қазақстан, сөйтіп… Мен Ресейдегі Threads-тегі басты адам ретінде ең басты Қазақстанға шығып барамын, — деп жазды әнші парақшасына.
Билет бағасы 20 мың теңгеден басталып, 50 мың теңгеге барады.

Бір айта кетерлігі, Дима Билан Ресейдің Украинаға соғысын ашық қолдайды. Ол Ресей әскеріне жарияға жар салмай, жасырын көмектесіп жүрген.

Толығырақ: https://baribar.kz/267178/qazaqstanga-resei-anshisi-dima-bilan-keledi/
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

Талғар қаласының әкімі болып Нұрхан Әділхан сайланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, Нұрхан Әділхан 1981 жылы Таразда дүниеге келген. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін «құқықтану» және «қаржы және экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында Жамбыл облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарында, Талғар аудандық Әділет басқармасында, Алматы облысы Әділет департаментінде басшылық қызметтер атқарған. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке секторда түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

Еске салайық, 2024 жылы Шерзат Болат өліміне байланысты резонансты оқиғадан кейін қала әкімі қызметінен кеткен еді. Оның орнына Арыстанбек Әбілқайырұлы сайланған болатын.

Алайда бір жыл екі айдан кейін Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Толығырақ: https://baribar.kz/267180/talgar-qalasyna-zhana-akim-sailandy/