Barcelona.kz
1.86K subscribers
8.39K photos
172 videos
153 links
“Believe.” 💙

🔴Админ @DM1FCB
Download Telegram
🚨MARCA (⭐️⭐️): «Барса» Ханси Фликтің қызыл қағазына шағым түсіреді. Клуб оның «Реал Мадридке» қарсы матчта бапкерлік орнында болуын қалайды.
14👏2
🚨 🗣️ Деку: «Мен Ханси Фликтің қуанышын көрдім, және оның айналасында осыншалық дау болатындай себеп жоқ деп ойлаймын. Бұл — шексіз қуаныш сәті, ондай кезде өзіңді ұстап қалу дерлік мүмкін емес.»

«Өзім де қуаныштан айқайлап, даусымды жоғалттым. “Барселонаны” сүйетін адамның ешқайсысы 94-минутта соғылған голды дәл солай қуанышпен атап өтпей қоймас еді.»

«Командаң соңғы сәттерде гол соққанда, ал қорғаушың шабуылшы секілді ойнағанда, эмоцияның жарылуы — табиғи нәрсе. Флик — өте сабырлы, ішкі тыныштығы бар адам.»

«Бірақ ол да адам ғой, кей сәттерде эмоцияны тыйып ұстау мүмкін емес. Бұл — футболдың мәні.»
8
🗣️ Деку: «Біз көптеген кедергілерге қарсы жүзіп келеміз, бірақ “Реал Мадридке” қарсы Эль Класикода не болса да, ешқандай сылтау іздемейміз.»
11
Қазір Де Йонг туралы көп айтылып жүр, бәрі оны мақтап жатыр?

🗣️ Дани Гарсия: «Иә, оның допты ұстау мәнері, ойын ырғағын өзгертуі және жалпы ойнау тәсілі — жоғары деңгейлі ойыншы екенін көрсетеді. Ол жарақаттарға байланысты тұрақты ойнай алмады, бірақ қазір өте керемет деңгейде.»
12
🗣 Хосе Альварес:
«Барселонада» клуб басшылығы осы маусымда төрешілердің шешімдерінде айқын айырмашылық бар деп есептейді. Олар Ла Лиганы жеңу қиын болады деп ойлайды, өйткені мәселе тек алаңда емес — сыртқы факторлар да әсер етіп жатыр.

Сенбі күні «Барселона» ішінде «Жиронаға» қарсы матчтағы төрелікке байланысты үлкен ашу-ыза болды — әсіресе Фликтың алаңнан қуылуы және басқа да даулы сәттерге байланысты.

Ал кеше «Реал Мадрид» – «Хетафе» ойынында тағы бір назар аудартқан жағдай орын алды: «Хетафе» ойыншысы алаңнан қуылды.

Неге бұл ашу туғызды? Өйткені бұған дейін дәл сондай, тіпті айқынырақ жағдай болған еді — Рашфорд қақпашымен жеке шыққанда, қорғаушы Витор Рис оның бетіне қолымен ұрып жіберген, бірақ төреші керісінше фолды Рашфордқа берді!
🤡9👎4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хави Мигель (⭐️⭐️⭐️⭐️):
Кристенсен бүгін өзін жайсыз сезініп, жаттығуды ерте тоқтатып, үйіне қайтқан.

Оның «Олимпиакосқа» қарсы матчқа қатысуы әлі де мүмкін, бірақ шешім кейінірек қабылданады.

Ферран Торрес пен Рафинья бүгін де командамен бірге жаттыққан жоқ.
😢91
❗️Карлос Монфорт (⭐️⭐️⭐️⭐️):
Агент Пини Захави бүгін Барселонаға ұшып келеді. Ертең ол «Олимпиакосқа» қарсы матч кезінде Монжуик стадионында болады.

Ол бүгін немесе ертең Жоан Лапортамен кездесуді жоспарлап отыр. Кездесудің басты тақырыбы — Роберт Левандовскидің жағдайы.

Қазіргі сәтте оның келісімшартын ұзарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұған қоса, Левандовскидің қазіргі физикалық және ойын жағдайы кез келген келіссөзді қиындатып отыр.
6
❗️Carrusel Deportivo (⭐️⭐️⭐️⭐️):
Ферран Торрес пен Рафиньяның Эль-Класико матчы алдында толықтай дайын болады деп күтілуде.
19
🎙 «Олимпиакоспен» матч алдындағы Ферминнің баспасөз конференциясы

🗣 Фермин:
«Бұл өте қиын матч болады деп ойлаймын. Бұл – Чемпиондар лигасы, ал біз ПСЖ-дан ұтылып қалдық. Сондықтан сенімділігімізді қайтарып, жақсы ойнап, жеңіске жетуіміз керек».

Шабуылдағы жарақаттар жайлы:

🗣 Фермин: «Иә, жарақаттар көп болды. Бірақ бізде бар ойыншылар өте жақсы. Мен өзімді әрқашан маңызды ойыншы деп есептеймін — мейлі стартта болайын, мейлі қосалқы құрамда. Тренер қай кезде мүмкіндік берсе, барымды саламын».

Флик сенен не талап етеді? Қанатта ойнауға дайынсың ба?

🗣 Фермин: «Бапкер мені алда прессинг жасауға, ойынды жеңілдетуге және кеңістік ашуға бағыттайды. Мен барымды саламын — қанатта да, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де».
8
«Олимпиакос» және «Реалмен» матчтарда негізгі құрамда шығасың деп күтілуде. Дайынсың ба?

🗣 Фермин: «Алдымызда екі маңызды матч және керемет апта бар. Негізгі құрамда шығамын ба — оны бапкер шешеді. Бірақ қандай рөлде болсам да, командаға жеңіс әкелуге тырысамын».

Команданың соңғы апталардағы ойынына бағаң:

🗣 Фермин: «Қазір біз қалаған деңгейде емеспіз, бірақ маусым ұзақ, уақыт бар. Команда бірлік пен еңбекқорлық танытып жүр. Алдағы апталарда, ертеңгі матчтан бастап, өз формамызды қайта табамыз».

Жазда кету туралы қауесеттерге не дейсің?

🗣 Фермин: «Мен сабырлы болдым, себебі әрқашан осында қалғым келетінін білдім. Әр түрлі әңгімелер айтылды, бірақ мен оны бақылай алмаймын. Маңыздысы — менің қалағаным орындалды, мен «Барсадамын»».
4
Ойын стилін өзгерту керек деп ойлайсың ба?

🗣 Фермин: «Бұл менің шешімім емес. Бірақ тренердің айтқаны – әрдайым команданың пайдасына. Біз аздап қиын кезеңнен өтіп жатырмыз, бірақ уақыт пен еңбектің арқасында өткен маусымдағы деңгейге қайта ораламыз».

Қорғаныстағы қиындықтар туралы:

🗣 Фермин: «Қорғаныс — тек қорғаушылардың емес, бүкіл команданың жұмысы. Біз не істеу керегін білеміз, тренердің жоспары бар. Рафинья — біз үшін өте маңызды ойыншы, ол тезірек оралса жақсы болар еді. Толық 90 минут бойы бір деңгейде ойнау мүмкін емес, бірақ біз жақсарамыз».

Жарақаттан кейін өзіңді қалай сезінесің?

🗣 Фермин: «Өзімді жақсы сезінемін, соңғы ойында 45 минут ойнадым. Егер тренер сенсе, негізгі құрамға дайынмын».
6
Ламин Ямал туралы не ойлайсың?

🗣 Фермин: «Мен Ламинді кішкентайынан білемін. Ол — әлемдегі ең дарынды ойыншы. Ол туралы көп әңгімелер болады, қысым да түседі, бірақ ол сабырлы. Біз оған көмектесеміз, себебі ол команда үшін өте маңызды».

Ертеңгі матч Класикоға әсер ете ме?

🗣 Фермин: «Біз әзірге тек ертеңгі ойын туралы ойлаймыз. ПСЖ-ға ұтылдық, енді жеңуіміз керек. Команда жақсы көңіл-күйде, бәріміз өте ынталымыз. Бұл – Чемпиондар лигасы, маңызды турнир. Жақсы ойнап, үш ұпай алу – басты мақсатымыз».
5
🗣 Ханси Флик:
«Олимпиакоста жақсы шабуыл бар, статистика бойынша олар Еуропадағы ең үздік шабуылдаушы командалардың бірі. Арсеналға қарсы ойынды көрсеңіз, олардың көптеген гол соғатын сәттері болды. Сондықтан біз өте мұқият болуымыз керек».

Команданың қазіргі формасы?

🗣 Ханси Флик:
«Қазір біз қиын кезеңдеміз, бірақ “Жиронаға” қарсы жеңіс бізге өте маңызды болды. Сол жеңістен кейін жаттығудағы атмосфера да өзгерді. Бізде жас команда бар, және мұндай жеңістер оларға үлкен мотивация береді. Матчты талдағанда позициялық ойынды, арақашықтықты дұрыс сақтау керектігін айттық. Егер қарсыласқа тым алыс болсаң, тезірек жүгіруің керек. Бізге сол элементтерді жақсарту қажет: дұрыс орналасу мен соған байланысты прессинг».
1
Ферранның жағдайы қалай?

🗣 Ханси Флик:
«Ол мен Рафинья Эль-Класикоға дейін дайын болады деп үміттенеміз. Ұлттық құрамадан оралған соң жағдайы сәл күрделі болды. Ертең алаңға шығу – тәуекел болар еді. Бейсенбіде қосымша тексерулер өткіземіз. Бастысы – ойыншылардың денсаулығы. Кейде бұл қиын, бірақ уақыт өте бәрі қалыпқа келеді».

Арсен Венгер ұсынған офсайд ережесіне не дейсіз?

🗣 Ханси Флик:
«Мен нақты білмеймін. Венгерді құрметтеймін, бірақ соңғы уақытта сөйлеспедік. Бұл жаңа ереже қандай екенін білмеймін, түсіндіріп берсе, пікір айтармын. Әзірге бұл туралы айту ерте деп ойлаймын».
1
Сіз соңғы кезде эмоциялырақ көрінесіз. Нерв болып жүрген жоқсыз ба?

🗣 Ханси Флик:
«Жоқ, мен бұрынғыдай сабырлымын. Тек эмоцияларым көбірек байқалады. “Баварияда” жүргенде 8:2 есебімен “Барсамен” ойнаған сәттерде де күлмегем. Ал қазір бәрі басқаша. Бұл клуб мені өзгертті. Мен “Барселонаны”, мұндағы адамдарды жақсы көремін. Өзімді осы клубқа арнадым. Кейде өзімді теледидардан көріп, ұнамай қалам. Немерем де мені солай көретінін ойласам, мінезімді сәл өзгертуім керек шығар».

Марк Берналь неге жиі ойнамай жүр?

🗣 Ханси Флик:
«Біз оны асықтырғымыз келмейді. Ол 100% дайын емес. Қазір өте қиын матчтар өтіп жатыр. Біз оған қолайлы ойын табамыз. Әзірге жаттығуда көбірек жұмыс істеуі керек».

Көп жарақаттарға байланысты Руни сол қапталда ойнай ала ма?

🗣 Ханси Флик:
«Иә, оны шабуылшы немесе шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де қарастыруға болады. Біз тек бастапқы құрамды емес, матч соңында алаңға шығатын ойыншыларды да ойлаймыз. Бұл шешім оңай емес».
7
Рэшфорд шабуылшы позициясында ойнай ала ма?

🗣 Ханси Флик:
«Рэшфорд – шабуылшы ретінде де, сол қапталда да жақсы ойнай алады. Біз оны осыны ескере отырып алдық. Соңғы апталарда ол жақсы формада, командаға көп пайдасын тигізіп жүр».

Сіздің дисквалификацияңыз туралы не айтасыз?

🗣 Ханси Флик:
«Бұл туралы “Олимпиакоспен” матчтан кейін сөйлесеміз. Мен төрешіге қарсы ештеңе айтқам жоқ, бірақ ол басқаша түсінді. Бұл шешімді қабылдауым керек».

Төрешілер “Реалға” көмектеседі деп ойлайсыз ба?

🗣 Ханси Флик:
«Не деп жауап берейін? (күледі) Мен мұнда небәрі 16 ай болдым, ал сіздер бұл жерде әлдеқайда ұзақсыздар, сондықтан бұл сұрақты сіздер жақсырақ білесіздер».

Рафиньяны сағынасыз ба?

🗣 Ханси Флик:
«Иә, әрине. Өткен маусымда ол біз үшін өте маңызды ойыншы болды. Мен оны қатты сағындым».

ℹ️ Баспасөз конференциясы аяқталды.
8
📊 | Ламин Ямалдың соңғы 9 Ла Лига ойынында:

⚽️ 5 гол
🅰️ 4 ассист

🔝 Осы маусымда Ла Лиганың әр ойынында нәтижелі әрекет жасаған.
13👍4🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔙 Бір жыл бұрын Гави 336 күннен кейін алғаш рет алаңға оралған еді.💙❤️
16❤‍🔥3🔥3
🗣 Томас Мюллер:
«Мен Еуропадан кетуді ойлағанмын, бірақ сонымен бірге осында қалу үшін 1-2 нұсқаны да қарастырдым.

Мысалы, егер Ханси Флик менімен хабарласып, "Барселонада" ұсынатын рөлі ұнаса, мен, мүмкін, ұсынысын қабылдар едім.

Себебі "Барселона" — үлкен клуб, және мұнда сенен не күтетінін бәрі біледі.

Әрине, "Барселона" жанкүйерлерінің мен жайлы жақсы естеліктері көп емес, бірақ мен кездескендердің барлығы өте сыпайы және жақсы адамдар болып шықты».
9👍7🖕2