Azattyq - Азаттық
💬Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мәлімдеме жасап, АҚШ-тан депортациялау туралы шешім шыққан қазақстандықтарды тезірек елге оралуға шақырды.
Мәселе АҚШ-тың көші-қон заңын бұзып, сол елде әлі жүрген қазақстандықтар жөнінде болып отыр.
Елшіліктің айтуынша, Америка билігі мұны CBP Home қосымшасы арқылы ерікті түрде жүзеге асыруды ұсынып отыр. Хабарламада оның сілтемесі де берілген.
Бұл жолды таңдағандарға мынадай мүмкіндіктер берілмек:
▫️рейсті таңдау құқығы
▫️тапқан ақшаны сақтап қалу
▫️ұстау мен депортациядан аулақ болу
▫️болашақта АҚШ-қа оралу мүмкіндігіне ие болу
▫️билет таппағандарға қосымша көмек беру
Елшіліктің сөзінше, бұдан бас тартқан азаматтарға бірден депортация қаупі төнеді және сот шешімін орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ-та заңсыз жүрген мыңдаған мигрант депортацияланатыны, оның арасында Қазақстанның жүздеген азаматы бары хабарланған еді. Ақпанда олардың кейбірі Коста-Рикаға жіберілген еді
Мәселе АҚШ-тың көші-қон заңын бұзып, сол елде әлі жүрген қазақстандықтар жөнінде болып отыр.
Елшіліктің айтуынша, Америка билігі мұны CBP Home қосымшасы арқылы ерікті түрде жүзеге асыруды ұсынып отыр. Хабарламада оның сілтемесі де берілген.
Бұл жолды таңдағандарға мынадай мүмкіндіктер берілмек:
▫️рейсті таңдау құқығы
▫️тапқан ақшаны сақтап қалу
▫️ұстау мен депортациядан аулақ болу
▫️болашақта АҚШ-қа оралу мүмкіндігіне ие болу
▫️билет таппағандарға қосымша көмек беру
Елшіліктің сөзінше, бұдан бас тартқан азаматтарға бірден депортация қаупі төнеді және сот шешімін орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ-та заңсыз жүрген мыңдаған мигрант депортацияланатыны, оның арасында Қазақстанның жүздеген азаматы бары хабарланған еді. Ақпанда олардың кейбірі Коста-Рикаға жіберілген еді
Әлі түпкілікті шешім қабылданбады деп жазды дереккөздерге сүйенген Bloomberg.
Басылым АҚШ әкімшілігінің риторикасына назар аударады: жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп та, мемлекеттік хатшы Марко Рубио да келіссөз жедел жүрмесе, бейбітшілік келіссөзіне араласудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Bloomberg Қырым аннексиясын тану халықаралық құқық пен өзгенің жерін күшпен тартып алуға тыйым салатын келісімдерге қайшы екенін атап өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Полицияның хабарлауынша, павлодарлық оқушылар футбол командасы мен оның жаттықтырушысы мінген микроавтобус Астанадағы жарысқа бара жатқан кезде тас жолда аударылған. Жаттықтырушы қаза болды.
"18 сәуірде Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолында «Мерседес» шағын автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала анықталғандай, көлік жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп аударылған. Шағын автобуста 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала мен жаттықтырушы болған. Апаттың салдарынан оқиға орнында жаттықтырушы қаза болды. Балалар медицина мекемесіне жеткізілген, олар дәрігер бақылауында" деп жазылған Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады деп хабарлады Ақорда.
“Министр мемлекет басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді” деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында “Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспектива” талқыланған.
Ресей жағы әзірге кездесуден ақпарат таратпады. 17 сәуірде ғана екі елдің басшылары телефонмен сөйлесіп, энергетика саласындағы әріптестікті талқылаған еді. Өткен аптада Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресейлік әріптесімен кездесу кезінде “АЭС - Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының бірі болмақ” деп мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дегенмен келіссөз әлі жүріп жатыр. Америка жағы Парижде ұзақмерзімді әрі тұрақты бейбітшілікті орнатуға бағытталған ұсыныстарды таныстырған.
Осы кездесуден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио егер бірнеше күнде тараптардың бітімге келетін ыңғайы байқалмаса, АҚШ араағайындықтан бас тартады деп айтқане еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
“Ресей жағы 19 сәуір сағат 18.00-ден бастап 21 сәуір 00.00-ге дейін барлық әскери қимылды тоқтатады” деп жазылған Кремльдің хабарламасында.
“Пасхалық үзіліс” жөнінде Путин Кремльде Ресей қарулы күштерінің жетекшісі Валерий Герасимовпен кездесу кезінде айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Зеленский "30-сағатқа атысты тоқтатуға" келіскенмен Ресейді оның шарттарын бұзды деп айыптады
Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу ұсынған "30-сағатқа атысты тоқтатуға" келіскенмен Ресей украиналық қалаларға дрон жіберіп, артиллериямен атқылап режимді қазірдің өзінде бұзды деп мәлімдеді.
Киев пен Мәскеу 19 сәуірде кезекті рет тұтқын алмасты…
Киев пен Мәскеу 19 сәуірде кезекті рет тұтқын алмасты…
Сенбі күні Украина мен Ресей тұтқын алмасты
Әр жаққа кемінде 246 адам қайтарылды. Ресей қорғаныс министрлігі Украина жағына “ізгі ниеттің белгісі” ретінде жарақаты бар 31 адам қайтарылғанын айтты, ал Украина жағы 15 жаралы орыс солдатын тапсырған.
Украина президенті Владимир Зеленский 277 украин сарбазы оралғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, соғыс басталғалы бері Украина әскерилер мен бейбіт азаматтарды қоса есептегенде 4552 адамын Ресей жақтан қайтарған.
Видео: Азат Еуропа/Азаттық
Әр жаққа кемінде 246 адам қайтарылды. Ресей қорғаныс министрлігі Украина жағына “ізгі ниеттің белгісі” ретінде жарақаты бар 31 адам қайтарылғанын айтты, ал Украина жағы 15 жаралы орыс солдатын тапсырған.
Украина президенті Владимир Зеленский 277 украин сарбазы оралғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, соғыс басталғалы бері Украина әскерилер мен бейбіт азаматтарды қоса есептегенде 4552 адамын Ресей жақтан қайтарған.
Видео: Азат Еуропа/Азаттық
"19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында "Қалқаман-Керней" автожолының 250–шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көліктердің бірінің қарсы бетке өтуі себеп болған" деп жазылған полиция хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан заңы шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салады. Бұған дейін украиналық "Хочу жить" ұйымы Ресей жағында соғысып жүрген/соғысқан 600-ден астам қазақстандықтың тізімін жариялаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
84 жастағы Аққоян Рысалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади екеуі де бұрын марафондарға қатысып жүрген деп айтылады. Дәрігерлер марафон кезінде екеуінің жүрегі тоқтағанын айтты. Алдын ала диагноз – өкпе эмболиясы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Украина жағының айтуынша, “30 сағаттық бітім” кезінде Ресей әскері тарапынан 446 атқылау және 24 штурм тіркелген. Ресей жағы украин әскерінің ресейлік нысандарды 444 рет атқылағанын, дронмен 900 соққы жасағанын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Департаменттің айтуынша, 3,5 және 7 жастағы қыздар үйде жалғыз болған. Сенбі күні таңертең анасы оларды сырттан жауып, кетіп қалған. Үйіне келгенде газдың иісін сезген. Есінен танып қалған қыздарды анасы ауруханаға апарғанмен кеш болған. Олар естерін жимай, реанимацияда көз жұмған.
Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқаны хабарланды. Балалардың жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторындағы палестиналық парамедиктер мен құтқарушылардың ажалына себеп болған қателігін қайғылы оқиғадан кейін бір айға жуық уақыт өткенде ресми түрде мойындады. ЦАХАЛ жексенбі, 20 сәуір күні жариялаған тергеу қорытындысында биыл 23 наурызда Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында медициналық жедел жәрдем және палестиналық құтқарушылар мінген автокөліктер "жедел іс-қимыл кезіндегі түсініспеушілік" кесірінен оқ астында қалғаны айтылған. Израиль әскері "жау күштері тарапынан елеулі қауіп төніп тұр" деп қателескенін мойындаған..
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Израиль армиясы Газа секторындағы құтқарушылар қазасына кінәсі барын мойындады
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторындағы палестиналық парамедиктер мен құтқарушылардың ажалына себеп болған қателігін қайғылы оқиғадан кейін бір айға жуық уақыт өткенде ресми түрде мойындады. ЦАХАЛ жексенбі, 20 сәуір күні жариялаған тергеу қорытындысында…