Azattyq - Азаттық
11.1K subscribers
10.9K photos
4.3K videos
17 files
24.3K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Осы сәуірдің басында Сауд Арабиясы мен Қазақстан ителгі сұңқарлардың санын қалпына келтіру үшін бастаған ортақ бағдарламасының аясында Жетісу облысындағы Алтынемел ұлттық паркіне 34 саудиялық ителгіні әкеліп ұшырды. Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстың Қазақстандағы популяциясын реттеу үшін Сауд Арабиясы жыл сайын Қазақстанға ондаған құс әкеліп отырмақ.
👍305👏1
Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті, Украина мен Иран мәселесін талқылады

АҚШ пен Ресей президенттері – Дональд Трамп пен Владимир Путин телефонмен сөйлесті. Әңгіме 1,5 сағатқа созылған.

Трамп Путинмен телефонмен сөйлескенін растап, "өте жақсы" әңгіме болғанын айтты. АҚШ президентінің сөзінше, Украина мен Иран мәселесі талқыланған. Трамптың айтуынша, ол Путинге Украинамен "кішігірім бітім" жасауды ұсынған, Путин оған келіседі деп үміттенетінін жеткізді.
🤬19😁91👍1👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сенат депутаттары қаңғырған жануарлар туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтармақшы. Олар қаңғырған жануарларды ұстағаннан кейін бес күннен соң эвтаназия қолдану туралы норманы алып тастауды ұсынады. Есесіне қаңғырған жануарлардың санын реттеу тәртібін әрбір аймақтың мәслихаты өзі шешуі керек деп санайды.

Бұған қоса, қаңғыбас (бұралқы) жануар деп чип қана емес, бірінші кезекте иесі жоқ жануарларды атау ұсынылып отыр. Олардың сөзінше, талқылау кезінде сенатқа азаматтардан 300-ден астам шағым-ұсыныс түскен.
😡14👍9🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысында мал белгісіз індетке шалдығып, жаппай қырылып жатыр.
😱28👎31
Зеленский 9 мамыр күні атысты тоқтату туралы Ресейдің ұсынысының жай-жапсарын АҚШ-тан анықтауды тапсырды

“Өкілдеріме АҚШ президентінің командасына хабарласып, Ресейдің қысқа уақытқа атысты тоқтату туралы ұсынысының жай-жапсарын білуді тапсырдым” деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский телеграмда.

Оның сөзінше, Украина бейбітшілікке ұмтылады және соғысты аяқтау үшін дипломатиялық талпыныстарды жалғастыра береді.

“Мәселе нақты неде болып отырғанын анықтаймыз: [мәселе] Мәскеудегі парадты бірнеше сағат тыныш өткізу жөнінде болып отыр ма әлде одан да ауқымдырақ нәрсе ме?” деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, Киев “қауіпсіздік пен тұрақты бейбітшілікті” қамтамасыз ететін ұзаққа созылатын атысты тоқтатуды ұсынады.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин 29 сәуірде АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон әңгіме кезінде “Жеңіс күнін атап өту кезеңінде атысты тоқтатуға дайын екенін” мәлімдеген. Бұл жөнінде оның көмекшісі Юрий Ушаков айтқан.

Жеңіс күніне арналған парад Мәскеудегі Қызыл алаңда 9 мамырда өтеді. Ұзақ жылдардан бері алғаш рет оған әскери техника қатыспайды. Кремльдегілер мұны Украина жағынан төнген “террористік қатермен” байланыстырған.
🔥15👍5🤡43🤬1
Azattyq - Азаттық
Астанада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза болды Ақпаратқа қарағанда, Бабақұмаров төбелес кезінде соққыға жығылып, қаза болған. Ержан Бабамқұмаров еңбек жолын 90-жылдары Алматы әкімдігі аппаратынан бастаған. Кейін президент әкімшілігіне…
Астана соты бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне айыпталған ер адамды 11 жыл түрмеге кесті

Сотталушы – 37 жастағы Е.К есімді адам “Адам өлтіру” бабы бойынша кінәлі деп танылған. Үкім биыл 20 ақпанда шыққан, күшіне енген. Бірақ ол жөнінде енді ғана хабарланып отыр. Сот жабық өткен.

Ержан Бабақұмаров былтыр қазанда Астанада төбелес кезінде соққыға жығылып, қаза болғаны хабарланған еді. Іс материалдарына қарағанда, өзара таныс адамдар сөзге келіп қалып, ізінше төбелескен. Бабақұмаров сол кезде алған жарақаттан көз жұмған.
👍9😱6👎2🤔1
"Шекарасыз тілшілер": Қазақстанда сөз бостандығы тарыла түсті

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының сөз бостандығы рейтингісінде Қазақстан ахуал ең қиын елдер категориясында 8 сатыға төмендеді. Былтыр Қазақстан әлемдегі 180 елдің арасында 141-орынды иеленсе, биыл 149-орынға сырғыды.

Баспасөз қорғау ұйымының айтуынша, Қазақстанда журналистер заңнамалық тұрғыдағы қысым ғана емес (мысалы, Қылмыстық кодекстегі бұлыңғыр жазылған "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен қудалау), сонымен бірге аңду, қорқыту, кейбір жағдайда ұстау немесе үйқамаққа жіберу сияқты түрлі тосқауылдарға кезігіп отыр.
🤬22😁10👏3🤷‍♂1😢1🤨1
🚀 Байқоңырдан "Cұңқар" ("Союз-5") ракета тасығышы алғаш рет ұшырылды. Бұл зымыран он жыл жасалды

Не болды?

30 сәуір 23:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Cұңқар" ("Союз-5") ракета тасығышы сынақ барысында бірінші рет ұшырылды. Бұл туралы Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Бұған дейін "Сұңқардың" ұшырылуы 27 наурызға, одан кейін 4 сәуірге белгіленіп, бірақ кейінге шегерілген.

Ведомствоның мәліметінше, "Сұңқар" ұшу-конструкторлық сынақ аясында "Бәйтерек" ғарыш кешенінің 45-айлағынан ұшырылған. Министрлік ракета сынағын "тарихи оқиға" деп атап, Қазақстанның ғарыш саласына атсалысуына жаңа мүмкіндіктер ашады деді.

"Сұңқар" ("Союз-5") деген қандай зымыран?

"Сұңқар" ("Союз-5") – Ресей мен Қазақстанның орташа ауыр екі сатылы ракета. Ресейдің "Прогресс" кешенінде жасалған. Бұл зымыранды жасауды Ресей 2015 жылы бастаған. Алғашқы сынағы 2017 жылы өтуі керек еді, бірақ бірнеше рет кейінге қалған.

"Бәйтерек" деген қандай жоба?

2004 жылы Ресей және Қазақстан президенттері Байқоңырда "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Келісім бойынша, Астана Байқоңырдағы инфрақұрылымды жаңартып, ал Мәскеу коммерциялық мақсатта пайдалануға жарайтын зымыран дайындап шығаруы керек еді. Жобаның құны 223 млн доллар болады деп айтылды, кейін бұл сома жеті есе өсті.
💩18🔥8🤔8👎1😁1
Астанада журналистер елдегі сөз бостандығы жағдайын талқылады. Жиынға ЕО өкілі қатысты

30 сәуірде Астанада "Құқықтық медиа орталық" баспасөзді қорғау ұйымының бастамасымен журналистер бас қосып, Қазақстандағы сөз бостандығы мәселелерін талқылады. Журналистердің құқығын қорғайтын ұйымның өкілдері жыл басынан бері елде баспасөз өкілдеріне қысым күшейгенін мәлімдеді.

Бұл шара дүниежүзілік баспа еркіндігі күніне орай жыл сайын ұйымдастырылады. Жиынға Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Ааро Юлитало келіп, "ашық қоғам құрудың алғышарты пікір плюрализмін қолдауда" деп атап өтті.

"Еуропа одағы барлық аймақтағы серіктестермен ынтымақтаса отырып, БАҚ бостандығы мен плюрализмін қолдауға, сондай-ақ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ниетті. Біз ілгерілеу тек диалог негізінде мүмкін болатынын түсінеміз. Сондықтан кәсіби пікір алмасуға арналған мұндай алаңдар ерекше құнды" деді Юлитало.

"Құқықтық медиа орталық" қоғамдық қорының жетекшісі Диана Окремова Қазақстанда журналистерге кейінгі бірнеше айда құқықтық, цифрлық, физикалық және бюрократиялық қысым күшейгенін мәлімдеді. Ол құқықтық қысым деп ЛГБТ пропагандасына қарсы заңның қабылдануын және журналистердің Қылмыстық кодекстің 274 бабы, яғни "Көрінеу жалған ақпарат тарату" айыбымен тергеуге ілігуін айтса, цифрлық деп редакция ресурстарына DDos-шабуылдар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұғаттау екенін жеткізді.

Жиын жайлы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
👍7🤔41
Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіретін компаниядан үлес алған

АҚШ президентінің ұлдары – кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп (сурете) Қазақстандағы вольфрам кен орнына қатысы бар компаниядан үлес алған. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамптың ұлдары Қарағанды облысындағы кен орнын өндіру бойынша құрылған металлургиялық холдингке кірген компаниядағы үлесті былтыр тамызда иеленген.

Осы аптада Трамптың ұлдары үлес алған компания және тағы екі компания Kaz Resources брендіне біріккен.

Былтыр қарашада америкалық америкалық Cove Kaz Capital Group LLC және қазақстандық "Тау Кен Самұрық" ұлттық компаниясы Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орнын қазу бойынша келісімге келген. АҚШ тарабы біріккен кәсіпорынның 70 пайыз үлесін иеленген.

Қарағандыдағы кен орындары – вольфрам қоры бойынша әлемдегі ең ірі жер саналады. Бұл жобаға Қытай мен Ресей компаниялары да үміткер болған.
👍17🤔84🤬4😁3
Туапсе екі аптада төртінші рет шабуылға ұшырады

30 сәуір түн ауа Ресейдің Туапсе қаласына тағы да дрондар шабуылдады. Бұл туралы Краснодар аймағының жедел штабы хабарлады.

Штаб теңіз терминалына жасалған шабуылдан зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіруге 41 техника, 128 адам жұмылдырылды дейді.

Бұл – кейінгі екі аптада Туапседегі мұнай базасына жасалған төртінші шабуыл. 16 сәуір мен 20 сәуірдегі мұнай базасына шабуылынан соң алапат өрт болып, түтін ауаға тарап, мұнай өзендерге төгілген. 28 сәуірде мұнай зауыты тағы да шабуылға ұшырап, Туапсе аймағында төтенше жағдай жарияланған.

Ресей қорғаныс министрлігі 1 мамырда Ресей аумағында, аннексияланған Қырымда, Қара теңіз бен Азов теңізінде Украинаның 141 дронын атып түсірдік деп есеп берді.
👍27🔥9🍾32
Тәжікстанда 30 сәуірдегі қалың жауыннан соң ондаған үй мен ғимаратты су алып, кейбір жерлерді шу шайған. Билік қазір шығын көлемін есептеп жатыр. Бұл туралы Тәжікстанның төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап, Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, Душанбедегі екі аурухананың жертөлесін су алған, бірнеше көшедегі тұрғын үйге су кірген. Рудаки ауданында орта мектепке су кірсе, Душанбе маңындағы ауылдарда бензин құю бекеті, кірпіш зауыты, елу сотық ауыл шаруашылық жерін су шайып кеткен. Гиссар ауданында лай батпақ 200 метр жолды жауып қалған. Тағы бір ауылда мектепке батпақ пен су кірген.

Хатлон облысында тұрғын үйлер, жолдар, ауыл шаруашылық жерлері бүлінсе, Дангарда елу үй бүлінген. Соғды облысында үйлер мен инфрақұрылымға зиян келгені, Исфара қаласында автокөпір бұзылғаны хабарланды. Төтенше жағдай комитеті қазір өзендердегі су деңгейі бақылауда, барлық жол мен өткелдер ашық, көліктер жүріп жатыр деді. Құтқару қызметі зардап шеккен аймақтарда жұмыс істеп жатқаны айтылды.
🙏5🔥2🤬2👎1
Қазақстан жағажайдағы Азия ойындарда сегіз медаль (бір алтын) иеленді

🥇Қытайдың Санья қаласында Жағажайдағы Азия ойындары аяқталып, Қазақстан бір алтын, бір күміс, үш қола медальмен жалпы есепте 12-орын алды. Алтыншы рет өткізілген ойындарда джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) чемпион болды.

🥈Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды.

🥉Қола медальды джиу-джитсудан Батыр Теңізбай (62 келі), Әлинұр Қуатұлы (69 келі), Сейілхан Болатбек (77 келі) және құзға өрмелеуден эстафетада Ришат пен Рашид Хайбуллиндер, су добынан ерлер құрамасы иеленді.

Жағажайдағы Азия ойындарында жалпы есепте алғашқы бестікке Қытай (24 алтын), Таиланд (10 алтын), Иран (9 алтын), Вьетнам (3 алтын), Филиппин (3 алтын) енді.

Орталық Азиядан Өзбекстан бір алтын, Қырғызстан бір қола жүлде алды.

Келесі жағажайдағы Азия ойындары 2028 жылы Филиппиннің Себу қаласында өтуі тиіс. Бұл ойындарда жарыстардың көбі ашық аспан астында, жағажайда болады.
👍11🔥52🤮1
Трамп пен Мерцтің “текетіресі” тұсында АҚШ Германиядан 5 мың әскерін әкетеді

Пентагонның өкілі Шон Парнеллдің айтуынша, Америка әскерін әкету туралы бұйрықты қорғаныс министрі Пит Хегсет берген.

“Әскерді әкету алдағы 6-12 айда аяқталады деп ойлаймыз” деді Парнелл.

Бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц Американың Иранмен соғыстағы стратегиясын сынап, Вашингтонның нақты жоспары жоғын айтып, бәріне зиян келіп жатқандықтан соғысты аяқтау қажеттігін айтқан. Ал Трамп Мерцті “өз міндетін нашар атқарып жатыр” деп мәлімдеп, Германияның өз мәселелері жетіп артылатынын, арасында энергетика мен көші-қон мәселелері барын да айтқан.

2025 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша Германияда 36 мыңнан астам Америка сарбазы шоғырланған. Бұл Еуропадағы ең ірі америкалық әскери контингент.
👍76😁6🤔2😱2
💬 Қамаудағы қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов тағы 5 жыл түрмеге кесілді

2022 жылғы Қарақалпақстандағы наразылық бойынша 16 жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қосымша жаза тағайындалды. "Мекеменің шырқын бұзды" деп айыпталған Тәжімұратов 5 жылға бас бостандығынан айырылды және "ерекше қауіпті қылмыскер" деп танылды. Сот үкімімен қатаң режимдегі колонияға жіберіледі. Бұл туралы Түрікменстанның адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры хабарлады.

Қордың хабарлауынша, сот үкімін 1 мамыр кешке Науаи қалалық сотының судьясы Дилобар Пардаева оқыған. Құқық қорғау ұйымының айтуынша, 16 жылға сотталған Тәжімұратовтың жазасына нақты қанша жыл қосылатыны белгісіз. Қордың айтуынша, кейбір болжамға сәйкес, сот бірінші үкімдегі әлі өтелмеген жазаға 2,5 жыл қосқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎18🤬181
Azattyq - Азаттық
🗣Польшада ұсталған қазақстандық әскери атташенің көмекшісі жөнінде не белгілі? Orda сайтына сенсек, шілде соңында Польшада “тыңшылық” бабымен ұсталған қазақстандықтың аты-жөні Әнуар Бигембай. Шамамен 30-35 жаста. Екі баласы бар, бірі Киевте туған. Ресейдің…
❗️Тоқаев Польшада “тыңшылық” күдігіне ілінген қазақстандықты босатуға көмектесті

Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

“Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі. Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді” деп жазды баспасөз хатшысы.

“Өзге елдің әскери барлау қызметіне тыңшылық жасады" деп күдікке ілінген қазақстандықтың босатылуына, Айбек Смадияровтың сөзінше, Беларусь және Ресей президентері де атсалысқан. Сол үшін Тоқаев оларға алғыс айтқан.

“Мемлекет басшысы таяуда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды” деп жазды баспасөз хатшысы.

Тоқаев бұған қоса, Польша билігіне “орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп” хат жолдамақ.

Бір күн бұрын саясаттанушы Арсен Сәрсеков дереккөзге сүйене отырып, өзінің телеграм-арнасында аталған қазақстандық Польша мен Беларусь арасында "беске бес" формуласы бойынша жүргізілген алмасу барысында босатылып, Қазақстанға оралғанын жазған.

Былтыр тамызда Польшада "тыңшылық жасады" деген күдікпен қазақстандық әскери атташенің көмекшісі ұсталғаны белгілі болды. Польша билігінің айтуынша, күдікті “Польша мен оған одақтас әскери құрылымдарына қатер төндіру мақсатында тыңшылықпен айналысқан”. Польша ақпарат құралдарының жазуынша, күдікті Ресей мүддесіне орай "тыңшылық жасаған болуы мүмкін". Күдікті айыпты мойындамаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26😁8👎32🤔2🤯2💩2
АҚШ-тың 2027 жылғы қорғаныс бюджетінің жобасында Украинаға қаржы қарастырылмаған

Ақпаратты Пентагонның қаржы жетекшісі Джулс Херст растады.

Киевке көмек қысқарса да, АҚШ-тың қорғаныс саласы бойынша жалпы сұранысы рекордтық 1,5 трлн долларға жетті. Бұл қазіргі көрсеткіштен 50 пайызға көп.

Мұндай өзгеріс 28 ақпанда басталған Иранға қарсы әскери операциямен байланысты. Әскери қимылдарға шамамен 50 млрд доллар жұмсалған деген дерек бар. Ал қару-жарақты қалпына келтіру үшін сарапшылардың бағалауынша, бірнеше жыл керек.
👎33🔥6😁32
🛰️ Шатырдағы рейдтер: Түркіменстанда полиция Starlink терминалдарын іздеп жатыр

Түркіменстан полициясы үйлерді аралап, шатырларын тексеріп, Starlink спутниктік интернет терминалдарын іздеп жатыр. Баяу әрі шектелген интернеттен мезі болған азаматтардың кейбірі Starlink-ті қосып алған деді жергілікті тұрғындар.

Елдің шығысындағы Түркіменабад қаласындағы тұрғындардың сөзінше, полиция қызметкерлерінің рейдіне шенеуніктер де қосылған.

"Олар келеді де, бірден шатырға шығады. Кімде не барын тексереді. Егер Starlink жүйесін тапса, оны тәркілейді" деді аты-жөнін айтпаған Түркіменабад тұрғындарының бірі Азат Еуропа/Азаттықтың Түркімен қызметіне.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬17😡5😁1
📈 БАӘ ұйымнан шыққаннан кейін ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ альянсының жеті елі маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 188 000 баррельге арттыруға келісті, деп хабарлады дереккөздерге сүйенген Reuters.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, мамырда да осыған ұқсас шешім қабылданған( тәулігіне +206 000 баррель). Бірақ оған ұйымнан шыққан Біріккен Араб Әмірліктерінің үлесі кірмейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤔3
✈️АҚШ-тан "көші-қон заңнамасын бұзған" 26 өзбек азаматы депортацияланды

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі жанындағы "Дүние" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейінгі рейстер тәрізді бұл жолғысын да америкалық чартерлік Omni Air International әуе компаниясы атқарған.

Биыл қаңтарда дәл осы әуе компаниясы АҚШ-тан 44 өзбек азаматын еліне депортациялаған еді. Сол кезде бұл Дональд Трамп билікке келгелі бергі 11-ші рейс екені айтылған еді. Наурызда тағы 65 адам қайтарылды.
🤔6👍2