Azattyq - Азаттық
12.6K subscribers
9.28K photos
3.76K videos
17 files
22K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 BBC-дің Орыс қызметі мен “Медиазона” Украинадағы соғыста қаза болған кемінде 103 275 ресейлік әскери қызметкердің аты-жөнін анықтады. Екі тарапты бітістіру талпынысы кезінде адам шығыны керісінше ұлғайған.

Тараптарды бітімге шақыру бойынша келіссөздер басталған – екі айдан астам уақыт ішінде алдыңғы айларға қарағанда көбірек некролог жарияланған. Ақпан айында орташа есеппен күніне 234 некролог жарияланған, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе көп.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔺Батыс Қазақстан аумағына құлаған дрондар: министрлік оны Ресей-Украина соғысымен байланыстырады

🔺“Қазіргі халықаралық жағдайды ескерсек, Қазақстан аумағында дронның пайда болуының ең ықтимал себебі олардың Ресей-Украина қақтығысында пайдаланылуы” деп жазған қорғаныс министрлігі Bes.media сайтына берген ресми жауабында.

🔺Ведомствоның хабарлауынша, “дрондардың ұшу бағытын өзгерту мақсатында техникалық араласу нұсқасы” қарастырылып жатыр.

🔺Министрліктің айтуынша, БҚО-да табылған үш дронға қатысты қозғалған үш іс бір өндіріске біріктірілген. Тергеуді ІІМ әскери-тергеу департаменті қорғаныс саласы мамандарымен бірігіп жүргізіп жатыр.

🔺Бұған дейін “Арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану” (399-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Батыс Қазақстан облысына құлаған дрондар жөнінде материалды оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📹 Путин мен Тоқаев, Жанболатты тергеу, сотталған миллионер

Ресей Сыртқы істер министрі Қазақстан президентінің пікіріне сын айтқаннан көп өтпей Путин мен Тоқаев телефонмен сөйлесті. Екеуі нені талқылады? Алты жылға сотталған оппозициялық белсенді Жанболат Мамайды прокурорлар 5 күн тергеген. Оған тағы бір айып тағылды ма?
Қазақстанда бизнес жасап, Ресейге кеткен миллионер сотталды. Ресей Балушкинді қайтара ма?
АҚШ Украинадағы соғысты аяқтау келіссөздерінен бас тарта ма?

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 сәуірде Украинадағы соғысты реттеу бойынша келіссөздер "шырқау шегіне" таяды деп мәлімдеді.

"Нақты бір белгіленген мерзім жоқ, бірақ біз мұны тезірек жасағымыз келеді... Егер қандай да бір себептермен тараптардың бірі процесті тым қиындатып жіберсе, "сіз ақымақ екенсіз, бұл ақымақтық деп тек кері шегінеміз", - деді Трамп Ақ үйде.
Azattyq - Азаттық
🗣 АҚШ-тан депортацияланады деген Қазақстан азаматтары туралы ақпаратқа сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді 🇺🇸🇰🇿 Бұған дейін әлеуметтік желіде "Дональд Трамптың саясатына байланысты АҚШ-та заңсыз жүрген мыңдаған мигрант депортацияланады, оның арасында…
💬Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мәлімдеме жасап, АҚШ-тан депортациялау туралы шешім шыққан қазақстандықтарды тезірек елге оралуға шақырды.

Мәселе АҚШ-тың көші-қон заңын бұзып, сол елде әлі жүрген қазақстандықтар жөнінде болып отыр.

Елшіліктің айтуынша, Америка билігі мұны CBP Home қосымшасы арқылы ерікті түрде жүзеге асыруды ұсынып отыр. Хабарламада оның сілтемесі де берілген.

Бұл жолды таңдағандарға мынадай мүмкіндіктер берілмек:
▫️рейсті таңдау құқығы
▫️тапқан ақшаны сақтап қалу
▫️ұстау мен депортациядан аулақ болу
▫️болашақта АҚШ-қа оралу мүмкіндігіне ие болу
▫️билет таппағандарға қосымша көмек беру

Елшіліктің сөзінше, бұдан бас тартқан азаматтарға бірден депортация қаупі төнеді және сот шешімін орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-та заңсыз жүрген мыңдаған мигрант депортацияланатыны, оның арасында Қазақстанның жүздеген азаматы бары хабарланған еді. Ақпанда олардың кейбірі Коста-Рикаға жіберілген еді
🗣Bloomberg: АҚШ бейбітшілікке қол жеткізу үшін Қырымды Ресей жері деп мойындауға дайын

Әлі түпкілікті шешім қабылданбады деп жазды дереккөздерге сүйенген Bloomberg.

Басылым АҚШ әкімшілігінің риторикасына назар аударады: жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп та, мемлекеттік хатшы Марко Рубио да келіссөз жедел жүрмесе, бейбітшілік келіссөзіне араласудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Bloomberg Қырым аннексиясын тану халықаралық құқық пен өзгенің жерін күшпен тартып алуға тыйым салатын келісімдерге қайшы екенін атап өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Астана маңында балалар футбол командасын апара жатқан микроавтобус апатқа ұшырады

Полицияның хабарлауынша, павлодарлық оқушылар футбол командасы мен оның жаттықтырушысы мінген микроавтобус Астанадағы жарысқа бара жатқан кезде тас жолда аударылған. Жаттықтырушы қаза болды.

"18 сәуірде Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолында «Мерседес» шағын автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала анықталғандай, көлік жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп аударылған. Шағын автобуста 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала мен жаттықтырушы болған. Апаттың салдарынан оқиға орнында жаттықтырушы қаза болды. Балалар медицина мекемесіне жеткізілген, олар дәрігер бақылауында" деп жазылған Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴"Соғыстың дұрыс емес екенін түсіндім". Ресей жағында соғысқан Орталық Азиядан барған жалдамалы қызметкердің оқиғасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Тоқаев Ресей президентінен жеке хабарлама алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады деп хабарлады Ақорда.

Министр мемлекет басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді” деп жазды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында “Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспектива” талқыланған.

Ресей жағы әзірге кездесуден ақпарат таратпады. 17 сәуірде ғана екі елдің басшылары телефонмен сөйлесіп, энергетика саласындағы әріптестікті талқылаған еді. Өткен аптада Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресейлік әріптесімен кездесу кезінде “АЭС - Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының бірі болмақ” деп мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣Axios: Трамп жеке әңгімеде Украина бойынша келіссөзден шығуы мүмкін екенін айтты

Дегенмен келіссөз әлі жүріп жатыр. Америка жағы Парижде ұзақмерзімді әрі тұрақты бейбітшілікті орнатуға бағытталған ұсыныстарды таныстырған.

Осы кездесуден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио егер бірнеше күнде тараптардың бітімге келетін ыңғайы байқалмаса, АҚШ араағайындықтан бас тартады деп айтқане еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬Владимир Путин Пасха мерекесіне орай атысты уақытша тоқтататынын айтты

Ресей жағы 19 сәуір сағат 18.00-ден бастап 21 сәуір 00.00-ге дейін барлық әскери қимылды тоқтатады” деп жазылған Кремльдің хабарламасында.

“Пасхалық үзіліс” жөнінде Путин Кремльде Ресей қарулы күштерінің жетекшісі Валерий Герасимовпен кездесу кезінде айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенбі күні Украина мен Ресей тұтқын алмасты

Әр жаққа кемінде 246 адам қайтарылды. Ресей қорғаныс министрлігі Украина жағына “ізгі ниеттің белгісі” ретінде жарақаты бар 31 адам қайтарылғанын айтты, ал Украина жағы 15 жаралы орыс солдатын тапсырған.

Украина президенті Владимир Зеленский 277 украин сарбазы оралғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, соғыс басталғалы бері Украина әскерилер мен бейбіт азаматтарды қоса есептегенде 4552 адамын Ресей жақтан қайтарған.

Видео: Азат Еуропа/Азаттық
💬 Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза болды, бірі - бала деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жексенбі күні.

"19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында "Қалқаман-Керней" автожолының 250–шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көліктердің бірінің қарсы бетке өтуі себеп болған" деп жазылған полиция хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM