Azattyq - Азаттық
12.6K subscribers
9.29K photos
3.77K videos
17 files
22K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Ташкенттің сақалмен күресе бастағанына алаңдады

АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Дэниел Розенблюм өзбек құқық қорғау органдарының еркектер сақалын мәжбүрлеп алдыра бастағанына алаңдаушылық білдірді. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады.

"Полицияның еркектер сақалын күштеп алғыза бастағаны алаңдатады",– деді елші Ташкентте өткен баспасөз конференциясында.

Eurasianet басылымының жазуынша, Дэниел Розенблюм "діни еркіндікке нұқсан келтіру - Өзбекстанда кейінгі бес жылда жүріп жатқан рефомаларды жоққа шығаруы мүмкін екенін" айтқан.

Басылымның жазуына қарағанда, АҚШ мемлекеттік департаменті 2020 жылдың желтоқсанында Өзбекстанды діни еркіндік бойынша "айрықша бақылаудағы ел" (Special Watch List) тізімінен шығарған.

t.me/azattyq
Әкесі мен атасы барған, енді немересі оқып жүр. Темір көпірдегі қаусаған мектеп құлауға шақ тұр

Қазақстанда кезекті оқу жылы соңына жетті. Елдегі 7,5 мың мектептің арасында өткен ғасырдың басында салынған, әбден тозған ғимаратта отырғаны да бар. Ақтөбе облысы Темір көпір ауылындағы бастауыш мектеп 1938 жылы саманнан тұрғызылған үйде орналасқан. Ата-анасы баласын құлағалы тұрған мектепке жіберуге қорқады. Биліктің жаңа мектеп салуға уәде еткеніне бірнеше жылдың жүзі болған.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq
Бестөбе белсенділерінің ісі: Прокурорды кент адамдарының Әблязовпен байланысы қызықтырды

Ақмола облысының екі экобелсендісінің үстінен қозғалған қылмыстық істе прокурор күдіктілер мен куәларға шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязов жайлы сұрақтар қойды.

Бұл істегі күдіктілерде "әлеуметтік араздық туғызды" деген айып тағылған. Қазір сот процесінде куәгерлер сұралып жатыр.

Сұрақ кезінде мемлекеттік айыптаушының әрбіріне Мұхтар Әблязовтың Бестөбедегі ахуал жайлы видеосын көрген-көрмегенін сұрағаны куәгерлерді таңырқатты.

— Ешқандай да видеоролик көрмедім. Әблязов қайда, біз қайда? Оның бұл жерге не қатысы бар? — деп куәгердің бірі прокурорға қарсы сұрақ қойды. Өзге куәгерлер де осыған ұқсас реакция білдіріп, саясатты араластырмауды, халықтың экология жайы бойынша наразылық білдіргенін айтты.

t.me/azattyq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Үтік басып жылатып, қинап алған Алматы...» Айтыс кезінде ақын Қаңтар оқиғасын жырлады

Алматыдағы «Асыл домбыра 2022» айтысында маңғыстаулық ақын Арғынбек Қалбаев қаңтар оқиғасы туралы айтты. Ол биліктің қарапайым халықты «террорист» деп атағанын, тергеу мекемелеріндегі ұсталғандардың жаппай азапталғанын жырлады. Жұрт оның сөзіне жамырай қол соқты.

t.me/azattyq
"Уральские авиалинии" компаниясы Ресейден Қырғызстанға "Жүк – 200-ді" тегін жеткізетін болды

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі келісімге 17 мамырда қол қойылғанын хабарлады. Елшілік мәліметіне қарағанда, "Жүк – 200" Ресейдің Челябинск, Уфа, Минеральные Воды, Нижневартовск, Қазан, Самара, Сочи қалаларынан Қырғызстанның Ош қаласына және Самара мен Сочиден Бішкек қаласына тегін тасымалданады. "Жүк 200-ді" жіберуші әуекомпаниясына перрон және әуежай алымы үшін төлеуге тиіс.

Сәуір айында Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Қырғызстанның Ресейде өлген 15 азаматын ("Жүк – 200") жіберуге атсалысқан. Алайда Қырғызстан заңы бойынша, қайтыс болғандардың туыстары мен жақындары денені әкетуге жұмсалған шығынды жабуға тиіс.

t.me/azattyq
Ресей әскері Украинаға басып кірген 3 айда Ауған соғысындағыдай шығынға ұшырады

Бұл ақпаратты 23 мамырда Британия барлауы жариялады.

Украинадағы соғыс туралы кезекті ақпаратында британ барлауы Ресей әскерінің көп шығынға ұшырағанын жекелеген бөлімшелерінің тактикалық дайындығының нашарлығына, командалық басқарудың икемсіздігіне және әуеден қолдаудың жеткіліксіздігіне байланыстырды.

Мамыр айының ортасында Британия барлауы Ресей ақпанда Украинаға басып кіру үшін жинаған құрлықтағы әскерінің үштен бірінен айырылғанын жариялады. Ол кезде шамамен 150 мың жауынгер болған. Алайда оның қаншасы өлгені белгісіз.

t.me/azattyq
Қазақстан Еуразия экономика одағы елдері арасында инфляция екпіні бойынша екінші орында тұр

Cәуір айында Қазақстан инфляция бойынша Еуразия экономика одағына (ЕЭО) мүше елдер арасында екінші орынға шықты. ЕЭО елдері арасында ең үлкен инфляция сәуір айында Арменияда байқалған — 2,3 пайыз, Қазақстан мен Қырғызстанда — екі пайыздан, Ресей мен Беларусьта — 1,6 пайыздан. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық статистика бюросына сілтей отырып Kursiv.Media басылымы жазды.

"Бір жылда (2021 жылдың сәуірі мен 2022 жылдың сәуірі аралығы) тарифтер мен тұтыныс тауарлары және қызмет көрсету Ресейде 17,8 пайызға, Беларусьте — 16,8 пайызға, Қырғызстанда — 14,5 пайызға, Қазақстанда — 13,2 пайызға, Арменияда — 8,4 пайызға артқан", — дейді хабарда.

Бір ай ішінде алкогольсіз сусындар Ресейде - 22,6 пайыз, алкоголь мен темекі — Қырғызстанда — 15,2 пайыз, киім мен аяқ киім — Беларусьте — 9,5 пайыз, тұрмыстық заттар — Ресейде — 24,2 пайыз, көлік саласындағы қызмет бәрінен көбірек Беларусьте — 26,2 пайызға қымбаттаған.

t.me/azattyq
Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон "мемлекетке опасыздық жасау" деген бап бойынша әзірге 72 сағатқа қамауға алынды

Бұл жөнінде Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Кёрпек хабарлады.

Сейсенбі күні таңертең Молдованың Жемқорлықпен күрес прокуратурасы мен Ақпарат және қауіпсіздік қызметі "заңсыз жолмен байыды, Отанын сатты" деген күдікпен Додонның үйі мен тағы 11 ғимаратты тінтіді.

18 мамырда Молдованың Бас прокуратурасы Додонның үстінен қылмыстық іс қозғалып, Молдова олигархы Владимир Плахонюктен пара алды деген күдікке ілінді. Оған 2019 жылы түсірілген видео жазба ілік болған. Жасырын камераға жазылған видеода Плахотнюктің сол кездегі президент Игорь Додонға қара пакет бергісі келгені көрінеді. Додон пакетке жақындамаған, бірақ оны әлдекімге беруді тапсырған. Видеодан Додон мен Плахотнюк парламентте конституциялық көпшілікті құрайтын коалиция құру мәселесін талқылағаны байқалады. TV-8 мәліметіне қарағанда, Додон "Путинге үнемі әлдене жазып тұратынын" айтқан.

t.me/azattyq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның батысындағы Атырау қаласында Украинадан босып келген шаңырақ тұрып жатыр. Соғыстан қашып, қызы мен жиен-немересін ертіп бас сауғалаған Людмила Мырзағалиеваны Атыраудағы қайын жұрты күтіп алған.

t.me/azattyq
АҚШ Қытайдың "тәрбие лагерьлеріндегі" азаптаулар туралы баяндама жариялады

24 мамырда Коммунизм құрбандарын еске алу қоры Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлеріндегі" азаптаулар туралы баяндамасын жариялады. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан бұл қор Шыңжаң полициясының ішкі компьютерлік желісіне кірген.

"Шыңжаң полициясының файлдары" деп аталатын құжатта өлкенің тұрғылықты халқын лагерьлерде азаптағанын растайтын ондаған мың фото және видеодәлел бар. Атап айтқанда, баяндамада полиция қызметкерлерінің жаттығуы кезінде қамаудағыларды қалай жәбірлегені туралы кадрлар кездеседі. Мысалы, лагерьдегі адамдарды кісендеп, оларды ұрып-соққан.

Шыңжаң полициясының ішкі компьютерлік желісіндегі файлдарды Коммунизм құрбандарын еске алу қорының қытай зерттеулері бөлімінің директоры Адриан Зенц алған.

t.me/azattyq
Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған төрт адамға 6 жыл түрме жазасы берілді

Бұл туралы Азаттыққа 24 мамырда қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Төртеуі де өткен аптада "Тонау" бабының 3-тармағы негізінде қозғалған бір қылмыстық іс бойынша сотталған. Қылмыс "төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан" жаза ауырлаған. Істің басқа да мән-жайы хабарланбады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-20 мамыр аралығында Алматының қылмыстық соттарында 11 үкім шыққан. Он істегі 17 адам бас бостандығынан айрылған. 11 істің тоғызы "Ұрлық" бабы негізінде қозғалып, 15 адамның ісі қаралған.

t.me/azattyq
Қазақстан СІМ Самарқанда туристерге электрошокер қолданғаны жайлы ақпаратқа реакция білдірді

"Қазақстан сыртқы істер министрлігі не жағдай болғанын түсіну үшін хат жолдады. Біз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, министрлік Самарқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің Қазақстан азаматтарына электрошокер қолданғаны туралы видеоны зерттеген.

"Өзбекстан қоғамы құқық қорғау органдарының бұл әрекетін сынап жатыр. Қалай дегенмен, біз жағдайды бақылап отырмыз", - деп мәлімдеді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, Самарқан құқық қорғау органдарында қызметтік тексеріс басталған, туристерге электрошокер қолданған қызметкерлер жұмыстан шығарылған.

t.me/azattyq
Техаста бастауыш мектепке жасалған шабуылдан 22 адам қаза болды

Әзірге толық емес мәліметке қарағанда, күдіктіні полиция атып өлтірген. Бұл жөнінде CBS агенттігі хабарлады.

Оқиға сейсенбі, 24 мамырда болған. Штат губернаторы Грегг Эбботтың айтуынша, шабуылдаушы мектепке қарумен (винтовка) кіріп, оқ атқан. Мектепте 7 мен 10 жас аралығындағы балалар оқып жатыр. Күдікті 18 жаста деп айтылады.

Шабуыл кезінде кемінде 15 адам зардап шеккен. Сәрсенбіге қараған түні 10 жастағы қыз бен 66 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, шабуылдаушының аты-жөні Сальвадор Рамос. Ол жалғыз өзі әрекет еткен деп айтылады. Шабуылға қандай оқиғаның түрткі болғаны белгісіз. Қала тұрғындары мен мектеп оқушыларының басым бөлігінің тегі испан. Оқушылардың көбі тұрмысы нашар отбасылардан шыққан деп жазды The Texas Tribune сайты.

t.me/azattyq
Украинада соғыс басталғалы үш ай. Осы аралықта не болды?

Ресей Украинаға басып кіргелі үш ай болды. Алғашында Киевті екі күнде басып алады деген орыс әскері қазір шығыстағы қалаларды қоршай алмай дал. Батыс елдері орыс басқыншылығын тоқтату үшін Украинаға көмегін үздіксіз жіберіп жатыр.