Azattyq - Азаттық
11.2K subscribers
10.9K photos
4.28K videos
17 files
24.2K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев…
Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада Нақышбандидің басына зиярат жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен бірге Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне барып, зиярат жасады. Мемлекет басшылары мемориалдық кешенді аралап, құран оқып, екі халыққа бейбіт өмір мен береке тіледі, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
👍24🤮2💩1🕊1
Azattyq - Азаттық
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев…
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық серіктестікті кеңейтуге уағдаласқан

Бұхарадағы келіссөздерде Тоқаев пен Мирзияев Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасын қабылдауға келіскен. Тараптар сирек металдар, көлік-транзит, су-энергетика және IT салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласқан.
👍16🤔7💩2
Azattyq - Азаттық
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев…
Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" экологиялық бастамасын қолдап, оны Қазақстан қалаларында да жүзеге асыруды ұсынған.

"Біздің Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі. Өкінішке қарай, Алматы әлемдегі ауасы ластанған ірі қалалар қатарында тұр. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынамыз", деген Тоқаев.
👍23🤔9💩4
🔴 Ресей мен Украина "175-ке 175" форматында тұтқын алмасты

Ресей мен Украина Пасха қарсаңында "175-ке 175" формуласы бойынша әскери тұтқын алмасты. Тұтқын алмасуға БАӘ арағайын болған.

🇺🇦 Украина 175 әскери қызметкері елге қайтарылғанын растады. Олардың арасында жараланғандар да бар, көбі 2022 жылдан бері тұтқында болған. Сондай-ақ 7 бейбіт тұрғын қайтарылған.

🇷🇺 Ресей тарапы да Украина тұтқынынан әскери қызметкерлерге қоса Курск облысынның 7 тұрғыны қайтарылғанын хабарлады.

⚠️ Бұған дейін тараптар "Пасха бітімін" жариялайтынын айтқан болатын, бірақ сенбіге қараған түнде өзара әуе шабуылдары жасалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25😢2
❗️ АҚШ пен Иран келіссөзі нәтижесіз аяқталды

Исламабадта жабық жағдайда өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ мәмілеге келе алмады.

🇺🇸 Келіссөзден соң АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеран ядролық қарудан бас тартуға қатысты нақты міндеттеме алуға ниет танытпағанын айтты.

🇮🇷 Иран болса Вашингтонды "шамадан тыс және заңсыз талаптар қойды" деп айыптады.

⚡️️ Сарапшылар дипломатиялық диалогтың тығырыққа тірелуі әскери шиеленіс қаупін күшейтіп, аймақтағы жағдай одан әрі ушығуы мүмкін дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍174🤬4😁2🤔2🤷‍♂1
🔥 Астанада көпқабатты үйдегі өрттен 3 бала қаза тапты

12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шығып, оқиға орнынан кәмелетке толмаған үш бала өлі табылды.

Күйік шалған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілген. ТЖМ Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен шыққан деп хабарлады.

🔎 Өрт толық сөндірілді. Қазір тұтану себебі анықталып жатыр.
😢29😱10
❗️ Нью-Йоркте мачете ұстаған біреу 3 кісіні жаралаған

🇺🇸 11 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы "Гранд Сентрал" метро станциясында қолына жүзі ұзын шапқы (мачете) ұстаған ер адам тұтқиылдан жұртқа тап беріп, үш жолаушыны жаралағаннан кейін полиция оғынан қаза тапты.

🔪 Зардап шеккендер — 84 және 65 жастағы екі ер адам және 70 жастағы әйел. Оқиға салдарынан метро қозғалысы кідірген.

👮 Күдікті қаруды тастауды талап еткен полицияның бұйрығына бағынбай, өзін "Люцифермін" деп атаған деп жазды басылымдар. Кейін полиция 44 жастағы күдіктінің аты-жөні анықталғанын хабарлады.

🎥 Қала билігі оқиғаға қатысқан полицейлердің кеудесіндегі камераларға жазылған видеолар жарияланатынын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15😁3
⚡️️️ Украина мен Ресей бірін-бірі "Пасха бітімін бұзды" деп айыптады

🇺🇦 Украина қарулы күштері 11 сәуір күні сағат 16:00-ден кейін күшіне енуі тиіс атысты тоқтату режимі 469 рет бұзылғанын хабарлады: артиллериядан атқылау және дрон шабуылдары тіркелген.

📊 Жалпы кейін тәулік ішінде 101 қарулы қақтығыс болған.

🇷🇺 Ресей тарапы да бітімнің бұзылғанын мәлімдеп, Курск пен Белгород облыстарына жасалған соққыларды атады.

🏥 Сумы облысында жедел жәрдем көлігі дрон соққысынан зақымданып, 3 медицина қызметкері жараланған.

⚠️ Тараптар бір-бірін бітімді бұзды деп айыптады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣14😡5🤔3😭32👍1
🗣 Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

🇰🇿 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі православ діни қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

🗣 Тоқаев "христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналатынын" айтқан. Ол православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өткен.

"Ұлттық бірлікпен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақтыжаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр", деген Тоқаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡13👎63💩3👍2🙏1🏆1
🔴 АҚШ пен Иран келісімге келе алмады. Ары қарай не болмақ?

И
сламабадта өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ мәмілеге келе алмады. АҚШ вице-президенті Тегеран ядролық қаруға қатысты міндеттеме алғысы келмейді мәлімдесе, Иран тарапы АҚШ-ты шамадан тыс талап қойды деп кінәлады. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤬41🤔1
🇭🇺 Венгрияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Венгриядағы 8 млн-нан астам сайлаушы парламентке 199 депутат таңдап жатыр.

Негізгі саяси тартыс — премьер Виктор Орбанның Fidesz партиясы мен Петер Мадияр жетекшілік ететін оппозициялық Tisza партиясы арасында өрбіп жатыр.

📊 Кейінгі сауалнамаларда Tisza партиясын сайлаушылардың 38-50 пайызы, ал Fidesz партиясын 29-39 пайызы қолдайтынын көрсеткен. Оппозиция парламенттегі конституциялық көпшілік орынға (138-142) ие болуы мүмкін.

⚠️ Бірақ сарапшылар Орбан билігі кезінде өзгерген сайлау жүйесі Fidesz партиясына аз дауыс алса да басымдықты сақтап қалуға мүмкіндік беруі ықтимал екенін айтады.

🌍 Сайлау геосаяси таңдау ретінде қарастырылып отыр: Мадияр бұл сайлауды Венгрияның Ресей бағыты мен еуропалық демократия арасынан бірін таңдайтын "референдум" деп атады.
👍182
❤️ Парламентін сайлап жатқан Венгрия Орбан мен Мадияр арасынан кімді таңдайды?

Еуроодақтағы экономикасы аса қуатты елдер қатарына жатпайтын, бірақ соған қарамастан, саяси рөлі нақты "салмағынан" әлдеқайда жоғары Венгрия мен өзге еуропалық елдер үшін бұл сайлау несімен маңызды? Билік басында отырғанына 16 жыл болған Виктор Орбанды сын сағатта талай рет құтқарып келген тұрақты "темірқазық" электораты кімдер? Ал қазіргі басты саяси бәсекелесі кім? Сайлау қарсаңындағы венгр қоғамының көңіл күйі қандай? Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🤔82👎1
Azattyq - Азаттық
❤️ Парламентін сайлап жатқан Венгрия Орбан мен Мадияр арасынан кімді таңдайды? Еуроодақтағы экономикасы аса қуатты елдер қатарына жатпайтын, бірақ соған қарамастан, саяси рөлі нақты "салмағынан" әлдеқайда жоғары Венгрия мен өзге еуропалық елдер үшін бұл сайлау…
🇭🇺 Венгрияда 16 жыл билік басында болған Орбан партиясы оппозициядан жеңілді

12 сәуірде өткен парламент сайлауының алдын ала қорытындысына сәйкес, оппозициялық "Тиса" партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Болжамдар бойынша, Венгрия парламентіндегі 199 орынның 138-ін "Тиса" иеленіп, премьер Виктор Орбанның "Фидес" партиясы — 54 орын,, ал әсіре оңшыл "Біздің Отан" (Mi Hazánk) — 7 орын иеленуі мүмкін.

📌 16 жыл билік басында болып келген Орбан енді партиясы оппозицияға көшетінін мәлімдеді.
📌 "Тиса" конституциялық өзгерістерді кері қайтаруға жеткілікті дауысқа ие болғалы тұр.
📌 Венгриядағы өзгеріс Еуроодақ ішінде Украинаға 90 млрд несие беруге жол ашуы ықтимал.

🗳 Венгрия азаматтарының 74,23% дауыс беруге қатысып, рекорд жаңартты.
👍48👏119👎1🔥1
Швеция Балтық теңізінде Ресейден шыққан жүк кемесін ұстады

Швеция жағалау күзеті Panama туын іліп алған Hui Yuan балкерін Истад маңында теңізде тоқтатқан.

Кеме теңізге көмір қалдықтарын төкті деген күдікке ілінді. Оны жағалау күзетінің ұшағы әуеден түсіріп алған.

📌 Кеме 9 сәуірде Усть-Лугадан шыққан
📌 Бағыты — Испания, Лас-Пальмас
📌 Жетеді деп жоспарланған мерзімі — 21 сәуір

Швеция билігі тергеу бастап, экипаждан жауап алмақ.

⚠️ Швеция бұл кемені Ресейдің Батыс санкцияларын айналып өтетін "тасадағы флотымен" байланыстырмайды, кеме мұнай емес, өзгедей жүк тасиды.
👍31🔥62
📍 Каспий теңізінде бір күнде үш рет жер сілкінді

12 сәуір күні Каспий акваториясында үш рет жерасты дүмпуі тіркелген, деп жазды "Курсив" басылымы.

Әзербайжан сейсмологиялық орталығы мәліметі
:
🔹 Уақыты: 00:47, 22:46 және 23:45.
🔹 Магнитудасы: алғашқы екеуі – 3.2, кейінгісі – 4.6.
🔹 Тереңдігі: 65 км.

Адамдар зардап шеккені я дүние-мүлік бүлінгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін 8 сәуірде де осы аймақта жерасты дүмпуі болған еді.
😱12👎21👏1🤯1
❗️ Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

13 сәуірге қараған түні "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" тас жолының 106-шақырымында Mercedes пен ВАЗ-2107 бетпе-бет соқтығысқан. Полицияның мәліметінше, Mercedes жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Жол апатынан 4 адам мерт болған.

📉 Жол-көлік апаты статистикасы:

ІІМ дерегінше, елде жыл сайын орта есеппен 2,5 мың адам жол үстінде опат болады:

• 2022 жыл – 2425 адам
• 2023 жыл – 2543 адам
• 2024 жыл – 2579 адам
• 2025 жыл – 2,5 мың адам

Былтыр елде 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 51 мың адам зардап шеккен

⚠️ Жолда сақ болыңыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢19😱54😡1
❤️Талдықорғанда "Атажұрт" белсенділеріне сот үкімі оқылып жатыр

2026 жылғы 13 сәуірде сағат 15:00-те Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Ұлтаралық араздық қоздырды" деген айып тағылған тіркелмеген "Атажұрт" ұйымы белсенділерінің ісі бойынша үкім оқыла бастады. Азаттық соттан тікелей трансляция жүргізіп жатыр: https://www.facebook.com/azattyq/videos/941273025293441
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14🤯4
Azattyq - Азаттық
❤️Талдықорғанда "Атажұрт" белсенділеріне сот үкімі оқылып жатыр 2026 жылғы 13 сәуірде сағат 15:00-те Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Ұлтаралық араздық қоздырды" деген айып тағылған тіркелмеген "Атажұрт" ұйымы белсенділерінің…
Сотқа Қытай туы мен төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеп, наразылық акциясын өткізген азаматтар тартылып жатыр. Бұған дейін адвокат Шынқуат Байжанов прокурор соттан 19 айыпталушының бір тобына 5 жыл түрме жазасын, екінші тобына 5 жыл шартты жаза сұрағанын айтқан.
🤬19🤔32
"Атажұрт" белсенділеріне үкім шықты. Айыпталушылардың біразы түрме жазасына кесілді

Жетісу облыстық соты Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеп, наразылық акциясын өткізген "Атажұрт" белсенділеріне және олардың жақтастарына үкім шығарды.

Сот айыпталған 19 адамды кінәлі деп тапты. Үкімге сай, айыпталушылардың біразына бес жылға түрме жазасы, кейбіріне бас бостандығын шектеу жазасы берілді:

Сот үкімімен айыпталушыларға мынандай жаза тағайындалды:

Бекзат Мақсұтхан, "Атажұрт" ұйымының жетекшісі – 5 жыл түрме жазас
ы.
Нәзигүл Мақсұтхан, Бекзат Мақсұтханның қарындасы әрі "Атажұрт" қозғалысының заңгері – 4 жыл 8 ай шектеу.
Гүлдария Шеризат, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы. Кәмелет жасына толмаған баласы болғандықтан жазасы кейінге шегерілді.
Гүлнәр Шаймұрат, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы. Кәмелет жасына толмаған баласы болғандықтан жазасы кейінге шегерілді.
Тұрсынбек Қаби, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
Еркінбек Нұрақын, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
Ербол Нұрлыбаев, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
Марғұлан Нұрданғазы, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
Қуандық Қосжанов, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
Ерғали Нұрлыбаев, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.

Бақытжан Шұғыл, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
Батылбек Байқазы – 5 жыл түрме жазасы.
Қанат Тұрдыбай, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жылға бас бостандығын шектелді.
Асылхан Қолхаев, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жылға бас бостандығын шектелді.
Аян Қалымбек, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл бас бостандығын шектеу.
Бақытнұр Нұрмұқан - 5 жыл бас бостандығын шектеу (қамаудан босатылады).
Беделхан Қабыләшім – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу.
Нұркелді Нұрсапа, "Атажұрттың" жақтасы – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу.
Ақжігіт Бейсенәлі – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу (қамаудан босатылады).

🔹Сотқа түрткі болған оқиға

2025 жылы қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында «Атажұрт» белсенділері мен олардың жақтастары Қытайға қарсы наразылық акциясына шығады.

Наразылар Қытай туы мен Қытай коммунистік партиясының төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеп, Шыңжаңда "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды, Қытаймен визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Оқиғадан кейін полиция "Атажұрттың" 20-ға жуық белсендісін ұстап, әуелі әкімшілік жауапқа тартып, кейін "Ұлт аралық араздықты қоздыру" бабы (174-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Құқық қорғаушылар "Атажұрт" белсенділерінің қудалануының артында Қытай тұруы ықтимал деп болжайды. Amnesty International , Human Rights Watch сияқты халықаралық құқық қорғау ұйымдары "Атажұрт" белсенділерін босатуға шақырған.
🤬45💩73
"Атажұрт" белсенділері үкіммен келіспей сот ғимаратының сыртында қарсылық білдірді. Айыпталушылардың бірі Гүлнар Шәймұрат есінен танып, жедел жәрдем алып кетті.
😢37🔥2
⚡️️ АҚШ Иран порттарына толық теңіз блокадасын жариялады

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның барлық порттарын бұғаттайтынын мәлімдеді. Шектеу дүйсенбі, 13 сәуірде Астана уақытымен 19:00-де күшіне енбек.

📍 Негізгі дерек:
КІмдерге қолданылады: Парсы және Оман шығанағындағы Иранның барлық порттарына кіріп-шығатын кемелер, қай елге тиесілі екеніне қарамастан шектеуге тап болады.
КІмдерге қолданылмайды: Ормуз бұғазы арқылы және өзге елдердің портына кіріп-шығатын кемелер.
Себеп: Исламабадта өткен АҚШ–Иран келіссөзінің (ядролық бағдарлама мен қауіпсіздік мәселесі) сәтсіз аяқталуы.
📈 Нарық реакциясы:
Жаңалықтан соң Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы қайтадан 100 доллардан асты. Жаһандық тасымалға қауіп төніп тұр.
🔥 Шиеленіс шегінде:
Иран: Иран революциясы сақшылары корпусы Ормуз бұғазына жақындаған кез келген әскери кемеге қатаң соққы беретінін ескертті.
Израиль: Иран шабуылдай қалса дайын болу үшін әскерін толық дайындыққа көшірді.
Ақ үй: Блокададан бөлек, шектеулі әуе шабуылдарын жасау нұсқаларын талқылап жатыр (WSJ).

Президент Дональд Трамп бұған дейін Иранның Ормуз бұғазында заңсыз алым жинауына жол бермеуді бұйырған. Сарапшылар Таяу Шығыстағы онсыз да шиеленісті жағдай одан сайын ушығуы мүмкін деп қауіптенеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👎7🤬71👍1