🚫 Ресейдегі ең көне құқық қорғау ұйымдарының бірі – "Мемориал" адам құқығын қорғау орталығы ел аумағындағы қызметін доғаратынын мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, оны "экстремистік ұйым" деп тануды сұраған Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша, "өте құпия" белгісі соғылған істі сот жабық режимде қараған, адвокатты сотқа қатыстырмаған.
⚖️ 9 сәуірде Ресейдің Жоғарғы соты "Мемориалды" "экстремистік ұйымдар" тізіміне енгізіп, Ресейде оның қызметіне тыйым салды.
📌 Құқық қорғаушылар бұл шешімді Ресейдегі азаматтық қоғамға саяси қысымды күшейтудің жаңа кезеңі деп атады.
📚 "Мемориал" — 1989 жылы әйгілі совет диссиденті академик Андрей Сахаровтың қатысуымен құрылған, Совет одағындағы қуғын-сүргінді және Ресейдегі саяси қудалауды зерттеумен айналысқан.
🇰🇿 Совет одағында билікке Михаил Горбачев келгеннен кейін басталған қайта құру мен жариялылық саясаты кезеңінде дүниеге келген ұйымның идеялық ықпалы советтік Қазақстанға да жеткен: оның бейресми бөлімі негізінде кейін "Әділет" тарихи-ағарту қоғамы құрылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға маңызды үлес қосты.
⚠️ Ресей заңы бойынша, "экстремистік" деп танылған ұйымды қаржыландыру, қызметіне қатысу немесе символикасын пайдалану әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡14😢3❤2🔥2💩2👎1
NASA мәліметінше, төрт астронавт мінген ғарыш кемесі капсуласы Калифорния маңындағы Тынық мұхитына жоспарға сай сәтті қонған, экипаждың төрт мүшесінің де жағдайы жақсы. Олар 11 сәуір күні Астана уақытымен таңғы сағат 5:08-де Жерге оралған.
🌕 Осылайша адамзаттың жарты ғасырдан астам уақыттан кейінгі Айға қайта жасаған сапары сәтті аяқталды.
🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп "Артемида-3" экипажын ғарыш сапарынан аман-есен оралуымен құттықтап, "келесі қадам – Марс" деп мәлімдеді.
👨🚀 "Артемида-2" миссиясы экипажының құрамы: NASA астронавтары Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық астронавт Джереми Хансен. Олар Айды шамамен 8 мың шақырым қашықтан айналып ұшып өтті.
📌 Адамзат тарихында Айды жақыннан көрген адам саны енді 28-ге жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👏10👍2
Иран парламентінің спикері Мохаммад Бақер Ғалибаф АҚШ-пен келіссөз бастау үшін екі талап орындалуы тиіс деп мәлімдеді:
▪️ Ливанда атысты тоқтату;
▪️ Иранның бұғатталған активтерін босату.
🗣 Ғалибаф бұл талаптар АҚШ жағымен алдын ала келісілген, сондықтан олар орындалмайынша келіссөз басталмайды деді.
🇮🇷 СІМ басшысы Аббас Арақчи де осы ұстанымды қолдады.
🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп бұл талапқа байланысты берген жауабында Иранның "қолында қысқа мерзімді бопсалаудан басқа дәнеңе жоқ" деп мәлімдеді.
📍 АҚШ-Иран келіссөзі 11 сәуірде Исламабадта өтеді деп жоспарланған. АҚШ делегациясын вице-президент Джей Ди Вэнс бастап барады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🤔4👎3❤2
Azattyq - Азаттық
🗣 Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысымен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хат жолдады. Тоқаев "адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты", делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хат жолдады. Тоқаев "адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты", делінген Ақорда хабарламасында.
💩19👍15🥱1
Саяхат, әдемі табиғат, шетелдегі бақуатты өмір. Тайланда тұратын қазақ қызы Наташаның желідегі парақшалары Қазақстандағы қым-қуыт тіршіліктен алыс, әдемі әлем болып көрінетін. Бірақ, ол биыл 31 наурызда 30 жыл бойы айта алмай келген сырын ақтарды: 17 жасында Наташаны ауылындағы төрт жігіт зорлап, Жайық өзені жағасына тастап кеткен. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Зорланғанын 30 жылдан соң жариялаған Наташаның оқиғасы
Саяхат, әдемі табиғат, шетелдегі бақуатты өмір. Тайланда тұратын қазақ қызы Наташаның желідегі парақшалары Қазақстандағы қым-қуыт тіршіліктен алыс, әдемі әлем болып көрінетін. Бірақ, ол биыл 31 наурызда 30 жыл бойы айта алмай келген сырын ақтарды: 17 жасында…
😢18👎2🤯2🤷2
Ақтөбе облыстық әскери соты парашютпен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан курсанттың ісі бойынша екі әскери қызметкерді "қызмет міндетіне салғырт қарағаны үшін кінәлі" деп танып, үкім кесті:
⚖️ Нұржан Айденов – 4 жыл 6 айға;
⚖️ Заманбек Төлеген – 5 жылға бостандығынан айырылды.
💸 Сот Қазақстанның қорғаныс министрлігін жәбірленуші тарапқа 20 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.
🙅♂️ Соңғы сөзінде екі айыпталушы да тағылған айыпты мойындамады. Айденов парашютті жинаған адам мен қойма жетекшісінің әрекетіне құқықтық баға берілмегенін, "дайын емес парашютті қалай берген?" деген сұрақ жауапсыз қалғанын айтқан.
📌 Былтыр шілде айында Ақтөбеде парашютпен секіру жаттығуы кезінде Талғат Бигелдинов атындағы Әскери әуе күштері институтының курсанты қаза тапқан. Тергеу аясында әскери майор Нұржан Айденов пен сержант Заманбек Төлеген күдікті деп танылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔10👍8❤1
Таяу Шығыстағы соғыс аясында Еуроодақ елдері 2026 жылдың бірінші тоқсанында Ресейдің сұйылтылған табиғи газын импорттауды арттырған, деп жазды Financial Times. Басылым Kpler талдау компаниясы деректеріне сүйенген.
📈 Қаңтар-наурыз аралығында ЕО-ға шамамен 5 млн тонна ресейлік сұйылтылған газ жеткізілген, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17 пайыз көп.
💵 Жеткізілген газдың жалпы құны 3 млрд доллардан асқан.
📍 Негізгі қабылдау порттары: Бельгия, Франция, Испания және Нидерланд елдері.
⚠️ Бұл өсім ЕО-ның 2027 жылға дейін Ресей газынан толық бас тарту жоспарына қарамастан тіркеліп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎21🔥4💩2
🇵🇰 АҚШ пен Иран делегациялары қарулы қақтығысты тоқтату бойынша өзара келіссөз өткізу үшін Исламабадқа жетті.
🇺🇸 Вице-президент Джей Ди Вэнс бастаған АҚШ делегациясы құрамында президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және күйеу баласы Джаред Кушнер де бар.
🇮🇷 Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад Багер Ғалибаф бастап барды. Құрамына СІМ басшысы Аббас Арақчи, қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиян және Орталық банк төрағасы Абдолнасер Хеммати енген.
🕒 Tasnim мәліметінше, Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер бүгін күннің екінші жартысында өтуі мүмкін.
⚠️ Бұған дейін Иран келіссөзге дейін Ливанда атысты тоқтату және бұғатталған активтерді босату туралы шарт қойған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🤔3
🇺🇦 11 сәуірге қараған түні Ресей Одессаға жаппай әуе шабуылын жасап, 2 адам қаза тауып, кемінде 2 адам жараланған. Балабақша, жатақхана және инфрақұрылым нысандары зақымданды.
📍 Полтава облысы Лубны ауданында дрон түсіп, 1 адам мерт болды, тағы 1 адам жараланды.
📍 Херсон облысы Федоровка ауылында ресейлік "Молния" дроны шабуылынан 73 жастағы әйел көз жұмды.
📍 Никопольде жанып кеткен екі жүк көлігінің бірінің 67 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
⚠️ Херсонның Корабель ауданынан да шабуыл салдарынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26❤1
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев күтіп алған.
"Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20💩5❤1🤡1
Azattyq - Азаттық
Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада Нақышбандидің басына зиярат жасады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен бірге Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне барып, зиярат жасады. Мемлекет басшылары мемориалдық кешенді аралап, құран оқып, екі халыққа бейбіт өмір мен береке тіледі, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен бірге Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне барып, зиярат жасады. Мемлекет басшылары мемориалдық кешенді аралап, құран оқып, екі халыққа бейбіт өмір мен береке тіледі, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
👍24🤮2💩1🕊1
Azattyq - Азаттық
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық серіктестікті кеңейтуге уағдаласқан
Бұхарадағы келіссөздерде Тоқаев пен Мирзияев Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасын қабылдауға келіскен. Тараптар сирек металдар, көлік-транзит, су-энергетика және IT салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласқан.
Бұхарадағы келіссөздерде Тоқаев пен Мирзияев Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасын қабылдауға келіскен. Тараптар сирек металдар, көлік-транзит, су-энергетика және IT салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласқан.
👍16🤔7💩2
Azattyq - Азаттық
Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" экологиялық бастамасын қолдап, оны Қазақстан қалаларында да жүзеге асыруды ұсынған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" экологиялық бастамасын қолдап, оны Қазақстан қалаларында да жүзеге асыруды ұсынған.
"Біздің Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі. Өкінішке қарай, Алматы әлемдегі ауасы ластанған ірі қалалар қатарында тұр. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынамыз", деген Тоқаев.
👍23🤔9💩4
Ресей мен Украина Пасха қарсаңында "175-ке 175" формуласы бойынша әскери тұтқын алмасты. Тұтқын алмасуға БАӘ арағайын болған.
🇺🇦 Украина 175 әскери қызметкері елге қайтарылғанын растады. Олардың арасында жараланғандар да бар, көбі 2022 жылдан бері тұтқында болған. Сондай-ақ 7 бейбіт тұрғын қайтарылған.
🇷🇺 Ресей тарапы да Украина тұтқынынан әскери қызметкерлерге қоса Курск облысынның 7 тұрғыны қайтарылғанын хабарлады.
⚠️ Бұған дейін тараптар "Пасха бітімін" жариялайтынын айтқан болатын, бірақ сенбіге қараған түнде өзара әуе шабуылдары жасалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25😢2
Исламабадта жабық жағдайда өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ мәмілеге келе алмады.
🇺🇸 Келіссөзден соң АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеран ядролық қарудан бас тартуға қатысты нақты міндеттеме алуға ниет танытпағанын айтты.
🇮🇷 Иран болса Вашингтонды "шамадан тыс және заңсыз талаптар қойды" деп айыптады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤4🤬4😁2🤔2🤷♂1
🔥 Астанада көпқабатты үйдегі өрттен 3 бала қаза тапты
12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шығып, оқиға орнынан кәмелетке толмаған үш бала өлі табылды.
Күйік шалған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілген. ТЖМ Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен шыққан деп хабарлады.
🔎 Өрт толық сөндірілді. Қазір тұтану себебі анықталып жатыр.
12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шығып, оқиға орнынан кәмелетке толмаған үш бала өлі табылды.
Күйік шалған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілген. ТЖМ Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен шыққан деп хабарлады.
🔎 Өрт толық сөндірілді. Қазір тұтану себебі анықталып жатыр.
😢29😱10
🇺🇸 11 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы "Гранд Сентрал" метро станциясында қолына жүзі ұзын шапқы (мачете) ұстаған ер адам тұтқиылдан жұртқа тап беріп, үш жолаушыны жаралағаннан кейін полиция оғынан қаза тапты.
🔪 Зардап шеккендер — 84 және 65 жастағы екі ер адам және 70 жастағы әйел. Оқиға салдарынан метро қозғалысы кідірген.
👮 Күдікті қаруды тастауды талап еткен полицияның бұйрығына бағынбай, өзін "Люцифермін" деп атаған деп жазды басылымдар. Кейін полиция 44 жастағы күдіктінің аты-жөні анықталғанын хабарлады.
🎥 Қала билігі оқиғаға қатысқан полицейлердің кеудесіндегі камераларға жазылған видеолар жарияланатынын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15😁3
🇺🇦 Украина қарулы күштері 11 сәуір күні сағат 16:00-ден кейін күшіне енуі тиіс атысты тоқтату режимі 469 рет бұзылғанын хабарлады: артиллериядан атқылау және дрон шабуылдары тіркелген.
📊 Жалпы кейін тәулік ішінде 101 қарулы қақтығыс болған.
🇷🇺 Ресей тарапы да бітімнің бұзылғанын мәлімдеп, Курск пен Белгород облыстарына жасалған соққыларды атады.
🏥 Сумы облысында жедел жәрдем көлігі дрон соққысынан зақымданып, 3 медицина қызметкері жараланған.
⚠️ Тараптар бір-бірін бітімді бұзды деп айыптады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣14😡5🤔3😭3❤2👍1
🇰🇿 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі православ діни қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
🗣 Тоқаев "христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналатынын" айтқан. Ол православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өткен.
"Ұлттық бірлікпен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақтыжаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр", деген Тоқаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡13👎6💩4❤3👍2🙏1🏆1
Исламабадта өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ мәмілеге келе алмады. АҚШ вице-президенті Тегеран ядролық қаруға қатысты міндеттеме алғысы келмейді мәлімдесе, Иран тарапы АҚШ-ты шамадан тыс талап қойды деп кінәлады. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Пәкістандағы келіссөзде АҚШ пен Иран мәмілеге келе алмады
Исламабадта өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ мәмілеге келе алмады. АҚШ вице-президенті Тегеран ядролық қаруға қатысты міндеттеме алғысы келмейді мәлімдесе, Иран тарапы АҚШ-ты шамадан тыс талап қойды деп кінәлады. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы әскери…
👍10🤬4❤1🤔1
🇭🇺 Венгрияда парламент сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Венгриядағы 8 млн-нан астам сайлаушы парламентке 199 депутат таңдап жатыр.
Негізгі саяси тартыс — премьер Виктор Орбанның Fidesz партиясы мен Петер Мадияр жетекшілік ететін оппозициялық Tisza партиясы арасында өрбіп жатыр.
📊 Кейінгі сауалнамаларда Tisza партиясын сайлаушылардың 38-50 пайызы, ал Fidesz партиясын 29-39 пайызы қолдайтынын көрсеткен. Оппозиция парламенттегі конституциялық көпшілік орынға (138-142) ие болуы мүмкін.
⚠️ Бірақ сарапшылар Орбан билігі кезінде өзгерген сайлау жүйесі Fidesz партиясына аз дауыс алса да басымдықты сақтап қалуға мүмкіндік беруі ықтимал екенін айтады.
🌍 Сайлау геосаяси таңдау ретінде қарастырылып отыр: Мадияр бұл сайлауды Венгрияның Ресей бағыты мен еуропалық демократия арасынан бірін таңдайтын "референдум" деп атады.
Бүгін Венгриядағы 8 млн-нан астам сайлаушы парламентке 199 депутат таңдап жатыр.
Негізгі саяси тартыс — премьер Виктор Орбанның Fidesz партиясы мен Петер Мадияр жетекшілік ететін оппозициялық Tisza партиясы арасында өрбіп жатыр.
📊 Кейінгі сауалнамаларда Tisza партиясын сайлаушылардың 38-50 пайызы, ал Fidesz партиясын 29-39 пайызы қолдайтынын көрсеткен. Оппозиция парламенттегі конституциялық көпшілік орынға (138-142) ие болуы мүмкін.
⚠️ Бірақ сарапшылар Орбан билігі кезінде өзгерген сайлау жүйесі Fidesz партиясына аз дауыс алса да басымдықты сақтап қалуға мүмкіндік беруі ықтимал екенін айтады.
🌍 Сайлау геосаяси таңдау ретінде қарастырылып отыр: Мадияр бұл сайлауды Венгрияның Ресей бағыты мен еуропалық демократия арасынан бірін таңдайтын "референдум" деп атады.
👍18❤2