Azattyq - Азаттық
11.1K subscribers
10.9K photos
4.29K videos
17 files
24.3K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
❤️ "Ту өртеу акциясына қатысқандар". Талдықорғандағы сотта айыпталған 19 адам кім?

Олар Қытайда қамалған қазақстандық жігіттің мәселесіне назар аудартып, кезекті видеоүндеу жазамыз деп ойлаған. Оның аяғы "19-дың" соты деген үлкен дауға ұласып, халықаралық мәселе тудырарын білді ме? Талдықорғанда "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен сотталып жатқандар кімдер? "Ту өртеу" қалай ұйымдастырылды? Оның егжей-тегжейін Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯4🤬4💘3🤔2
⚡️️️️️БАҚ: Қазақстандағы ең бай 25 іскер әйелдің капиталы 8,1 млрд долларға жетті

Forbes Women Kazakhstan басылымы Қазақстандағы ең ауқатты іскер әйелдердің алғашқы рейтингін жариялады. Оған енген 25 әйелдің жиынтық байлығы 8,1 млрд доллар, ал жалпы капиталдың 67% бір ғана әйелге тиесілі.

👑 Рейтинг басында экс-президенттің қызы Динара Құлыбаева ($5,4 млрд) тұр. Одан кейінгі орындарға Мұқадасхан Ибрагимова ($650 млн) мен Дариға Назарбаева ($550 млн) жайғасыпты.

📊 Басылым мәліметінше, жалпы байлықтың 87% тізімдегі алғашқы бес адамға тиесілі. Капиталдың негізгі бөлігі отбасылық және серіктестік активтермен байланысты.

🏦 Негізгі секторлар: қаржы, шикізат, энергетика, коммерциялық жылжымайтын мүлік, премиум ритейл және агробизнес.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12🤡10🤷‍♀3👍2👎1😱1
⚡️ Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-қа тағы да барды

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Вашингтонда Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен келіссөз өткізбек. Күн тәртібінде Украинамен бейбіт келісімге келу және Ресей-АҚШ экономикалық әріптестігі мәселелері талқыланбақ.

🛢️ Дмитриев АҚШ-қа Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша жеңілдету мерзімі аяқталуға аз уақыт қалғанда барып отыр. Бұған дейін ол 12 наурызда АҚШ-қа барғаннан кейін Вашингтон шамамен 100 млн баррель мұнайға қатысты шектеуді уақытша жұмсартқан еді.

📌 Reuters мәліметінше, санкциялар тақырыбы бұл жолы да келіссөздегі негізгі мәселелердің бірі болуы мүмкін.

🗣️ Әзірге Мәскеу де, Вашингтон да ресми пікір білдірген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩13🤮5
🗣 Израиль мен Ливан тікелей келіссөзге дайындалып жатыр

Израиль премьері Биньямин Нетаньяху үкіметке Ливанмен тікелей бейбіт келіссөзді "мүмкіндігінше қысқа мерзімде" бастауды тапсырған. Келіссөз басталған жағдайда "Хезболла" тобын қарусыздандыру және екі ел арасындағы бейбіт қатынастарды реттеу мәселелері талқылануы мүмкін.

📌 "Хезболла" — АҚШ пен Израиль террористік ұйым деп таныған, алайда Ливанда заңды саяси күш ретінде әрекет ететін шииттік топ.

🗣 Reuters Ливан президенті Жозеф Аун бұған дейін жағдайды реттеудің шешімі "Израильмен атысты тоқтату және тікелей келіссөз" екенін мәлімдеп, дипломатиялық жол қарастырылып жатқанын айтқан.

📍 Axios дерегінше, Израиль-Ливан келіссөзі келесі аптада Вашингтонда басталуы мүмкін, алайда әзірге атысты тоқтату режимі енгізілмеген.

🔺 Апта басында АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келіскен соң, Израиль оны қолдайтынын, алайда оның шарты Ливанға жүрмейтінін айтқан.

❗️ Тегеран егер Израиль "Хезболлаға" шабуылды жалғастырса, бітімнен бас тартуы мүмкін екенін ескерткен.

⚔️ Израиль армиясы 9 наурызда ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде “шектеулі құрлық операциясын” бастаған.

📊 Ливан билігі Израиль шабуылдарынан шамамен 1700 адам қаза тауып, 1 млн астам тұрғын үй-жайын тастап кеткенін айтты. Reuters дерегі бойынша, кемінде 400 “Хезболла” мүшесі өлтірілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🤔6🤬21
Тамыз айында Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
👎9🖕5👍3💩3😡3🔥2😁2
Azattyq - Азаттық
Тамыз айында Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек» деді Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесуінде.
🤮7👍4😁2💩2
Трамп Иранның Ормуз бұғазына қатысты әрекетіне наразы

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазынан мұнай танкерлерінің еркін өтуін қамтамасыз ету міндетін бұзып отыр деп кінәлады. Оның сөзінше, Тегеран бұғаздан өтетін танкерлерден ақы алып жатыр деген ақпарат бар.

🛢️ Трамп егер Иран шынымен танкерлерден төлем алып жатса, онысын дереу тоқтатуы керек деді.

📌 Апта басында АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келіскен. Вашингтон егер Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасына ашатын болса, онда Иранға шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін айтқан.

⚠️ Келіспеушіліктің тағы бір түйіні — Израильдің Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы жүргізіп жатқан операциясы. Израиль АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімді қолдағанымен, оның Ливанға жүрмейтінін және операция жалғасатынын айтқан. Тегеран бұған жауап ретінде, егер операция тоқтамаса, бітімнен бас тартуы мүмкін екенін жеткізген.

🕊️ 11 сәуірде Пәкістанда АҚШ пен Иран келіссөзі өтпек, америкалық делегацияны вице-президент Джей Ди Вэнс бастап барады. Келесі аптада Израиль мен Ливанның өкілдері кездесуі мүмкін.

🌍 Таяу Шығыстағы шиеленістің негізгі түйіні қазір Ормуз бұғазы, Ливан және "Хезболла" мәселелерімен тығыз байланысып отыр.
🤔9👍73👎1🔥1
🏘️ "Отбасы банк" екі ипотека бағдарламасына АДБ-дан 90 млрд теңге тартпақ

Қазақстанның "Отбасы банк" Азия даму банкінен (ADB) 90 млрд теңге қарыз алу туралы келісімге қол қойды. Қаржы "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларына жұмсалмақ.

🏠 Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам ипотека беру жоспарланған. Бұған дейін "Ұмай" арқылы 3 660 әйел баспаналы болған.

📌 "Ұмай" бағдарламасымен:
— дайын және салынып жатқан үй алуға;
— нарықтан 2016 жылдан бергі кезеңде салынған баспана алуға;
— сатып алу + жөндеуге бір несиемен қаржы алу мүмкіндігі бар.

💸 Негізгі талаптар:
— ең жоғарғы несие - 50 млн теңге (25 жылға дейін)
— жөндеуге 15 млн теңгеге дейін
— депозитте болуы шарт бастапқы жарна: 0–50%

🌱 "Жасыл ипотека" бағдарламасымен:
— баспана OMIR "жасыл" сертификатына сай болуға тиіс;
— коммуналдық шығынды азайтуға бағытталған.

📊 Барлық қатысушы:
— кейінгі 6 айда ресми табысы болуы керек;
— үйді кез келген өңірден алуға болады;
— бұрыннан баспанасы болуы шектеу емес.
🤔115🗿2👍1
⚡️Владикавказдағы жарылыс: кемінде 2 адам өліп, 14 адам жараланды

Ресейдің Солтүстік Осетия республикасының астанасы Владикавказда 10 сәуірде болған жарылыстан кемінде 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланды, деп хабарлады ТЖМ. Зардап шеккендер арасында екі бала бар, бәрі ауруханаға жеткізілген. Төрт адамның жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

🔥 Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйлер маңындағы пиротехника заттары сақталған қоймада жарылыс болған. Құтқарушылар қираған ғимарат үйіндісі астынан қаза тапқандар мен екі жаралыны алып шыққан.

🚑 ТЖМ оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын, үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін екенін, қоймада пиротехника сақталғандықтан, жарылыс қаупі сейілмегенін айтады.

🎓 Жарылыс болған маңдағы медициналық факультет студенттері эвакуацияланған.

📹 Әлеуметтік желіде тараған видеоларда қойманың бір бөлігі қирап, жанындағы автотұрақтағы көліктерге зақым келгені көрінеді.

🕵️ Тергеу нұсқасы бойынша, жарылыс пиротехника сақталған қойманың ішінде болған. Кей дереккөздер алдымен қойма жарылып, кейін көрші пиротехника дүкені өртенгенін айтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4😨41
⚡️️️️ "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Ресейдегі жұмысын доғаратынын жариялады

🚫 Ресейдегі ең көне құқық қорғау ұйымдарының бірі – "Мемориал" адам құқығын қорғау орталығы ел аумағындағы қызметін доғаратынын мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, оны "экстремистік ұйым" деп тануды сұраған Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша, "өте құпия" белгісі соғылған істі сот жабық режимде қараған, адвокатты сотқа қатыстырмаған.

⚖️ 9 сәуірде Ресейдің Жоғарғы соты "Мемориалды" "экстремистік ұйымдар" тізіміне енгізіп, Ресейде оның қызметіне тыйым салды.

📌 Құқық қорғаушылар бұл шешімді Ресейдегі азаматтық қоғамға саяси қысымды күшейтудің жаңа кезеңі деп атады.

📚 "Мемориал" — 1989 жылы әйгілі совет диссиденті академик Андрей Сахаровтың қатысуымен құрылған, Совет одағындағы қуғын-сүргінді және Ресейдегі саяси қудалауды зерттеумен айналысқан.

🇰🇿 Совет одағында билікке Михаил Горбачев келгеннен кейін басталған қайта құру мен жариялылық саясаты кезеңінде дүниеге келген ұйымның идеялық ықпалы советтік Қазақстанға да жеткен: оның бейресми бөлімі негізінде кейін "Әділет" тарихи-ағарту қоғамы құрылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға маңызды үлес қосты.

⚠️ Ресей заңы бойынша, "экстремистік" деп танылған ұйымды қаржыландыру, қызметіне қатысу немесе символикасын пайдалану әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡14😢32🔥2💩2👎1
🔴 Айды айнала ұшқан "Артемида-2" экипажы Жерге оралды

NASA мәліметінше, төрт астронавт мінген ғарыш кемесі капсуласы Калифорния маңындағы Тынық мұхитына жоспарға сай сәтті қонған, экипаждың төрт мүшесінің де жағдайы жақсы. Олар 11 сәуір күні Астана уақытымен таңғы сағат 5:08-де Жерге оралған.

🌕 Осылайша адамзаттың жарты ғасырдан астам уақыттан кейінгі Айға қайта жасаған сапары сәтті аяқталды.

📍 NASA басшысы Джаред Айзекман мұны "Айға адам ұшырып, оларды аман қайтару дәуірінің қайта басталуы" деп атады.

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп "Артемида-3" экипажын ғарыш сапарынан аман-есен оралуымен құттықтап, "келесі қадам – Марс" деп мәлімдеді.

👨‍🚀 "Артемида-2" миссиясы экипажының құрамы: NASA астронавтары Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық астронавт Джереми Хансен. Олар Айды шамамен 8 мың шақырым қашықтан айналып ұшып өтті.

📌 Адамзат тарихында Айды жақыннан көрген адам саны енді 28-ге жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
18👏10👍2
❗️Иран АҚШ-пен келіссөзге дейін екі шарт қойды

Иран парламентінің спикері Мохаммад Бақер Ғалибаф АҚШ-пен келіссөз бастау үшін екі талап орындалуы тиіс деп мәлімдеді:
▪️ Ливанда атысты тоқтату;
▪️ Иранның бұғатталған активтерін босату.

🗣 Ғалибаф бұл талаптар АҚШ жағымен алдын ала келісілген, сондықтан олар орындалмайынша келіссөз басталмайды деді.

🇮🇷 СІМ басшысы Аббас Арақчи де осы ұстанымды қолдады.

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп бұл талапқа байланысты берген жауабында Иранның "қолында қысқа мерзімді бопсалаудан басқа дәнеңе жоқ" деп мәлімдеді.

📍 АҚШ-Иран келіссөзі 11 сәуірде Исламабадта өтеді деп жоспарланған. АҚШ делегациясын вице-президент Джей Ди Вэнс бастап барады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🤔4👎32
Azattyq - Азаттық
🔴 Айды айнала ұшқан "Артемида-2" экипажы Жерге оралды NASA мәліметінше, төрт астронавт мінген ғарыш кемесі капсуласы Калифорния маңындағы Тынық мұхитына жоспарға сай сәтті қонған, экипаждың төрт мүшесінің де жағдайы жақсы. Олар 11 сәуір күні Астана уақытымен…
🗣 Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысымен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хат жолдады. Тоқаев "адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты", делінген Ақорда хабарламасында.
💩19👍15🥱1
❤️ Төрт жігіттен зорлық көрген қыздың 30 жыл ішке бүккен жан жарасы

Саяхат, әдемі табиғат, шетелдегі бақуатты өмір. Тайланда тұратын қазақ қызы Наташаның желідегі парақшалары Қазақстандағы қым-қуыт тіршіліктен алыс, әдемі әлем болып көрінетін. Бірақ, ол биыл 31 наурызда 30 жыл бойы айта алмай келген сырын ақтарды: 17 жасында Наташаны ауылындағы төрт жігіт зорлап, Жайық өзені жағасына тастап кеткен. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢18👎2🤯2🤷2
⚡️️️ Ақтөбеде курсант өліміне байланысты екі әскери қызметкер сотталды

Ақтөбе облыстық әскери соты парашютпен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан курсанттың ісі бойынша екі әскери қызметкерді "қызмет міндетіне салғырт қарағаны үшін кінәлі" деп танып, үкім кесті:

⚖️ Нұржан Айденов – 4 жыл 6 айға;
⚖️ Заманбек Төлеген – 5 жылға бостандығынан айырылды.

💸 Сот Қазақстанның қорғаныс министрлігін жәбірленуші тарапқа 20 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

🙅‍♂️ Соңғы сөзінде екі айыпталушы да тағылған айыпты мойындамады. Айденов парашютті жинаған адам мен қойма жетекшісінің әрекетіне құқықтық баға берілмегенін, "дайын емес парашютті қалай берген?" деген сұрақ жауапсыз қалғанын айтқан.

📌 Былтыр шілде айында Ақтөбеде парашютпен секіру жаттығуы кезінде Талғат Бигелдинов атындағы Әскери әуе күштері институтының курсанты қаза тапқан. Тергеу аясында әскери майор Нұржан Айденов пен сержант Заманбек Төлеген күдікті деп танылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔10👍81
⚡️️ БАҚ: Еуроодақ ресейлік сұйылтылған газ импортын арттырған

Таяу Шығыстағы соғыс аясында Еуроодақ елдері 2026 жылдың бірінші тоқсанында Ресейдің сұйылтылған табиғи газын импорттауды арттырған, деп жазды Financial Times. Басылым Kpler талдау компаниясы деректеріне сүйенген.

📈 Қаңтар-наурыз аралығында ЕО-ға шамамен 5 млн тонна ресейлік сұйылтылған газ жеткізілген, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17 пайыз көп.

💵 Жеткізілген газдың жалпы құны 3 млрд доллардан асқан.

📍 Негізгі қабылдау порттары: Бельгия, Франция, Испания және Нидерланд елдері.

⚠️ Бұл өсім ЕО-ның 2027 жылға дейін Ресей газынан толық бас тарту жоспарына қарамастан тіркеліп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎21🔥4💩2
❗️ АҚШ пен Иран делегациялары келіссөз өткізуге Пәкістанға барды

🇵🇰 АҚШ пен Иран делегациялары қарулы қақтығысты тоқтату бойынша өзара келіссөз өткізу үшін Исламабадқа жетті.

🇺🇸 Вице-президент Джей Ди Вэнс бастаған АҚШ делегациясы құрамында президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және күйеу баласы Джаред Кушнер де бар.

🇮🇷 Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад Багер Ғалибаф бастап барды. Құрамына СІМ басшысы Аббас Арақчи, қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиян және Орталық банк төрағасы Абдолнасер Хеммати енген.

🕒 Tasnim мәліметінше, Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер бүгін күннің екінші жартысында өтуі мүмкін.

⚠️ Бұған дейін Иран келіссөзге дейін Ливанда атысты тоқтату және бұғатталған активтерді босату туралы шарт қойған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🤔3
⚡️ Ресейдің түнгі шабуылдарынан Украинада бірнеше адам қаза тапты

🇺🇦 11 сәуірге қараған түні Ресей Одессаға жаппай әуе шабуылын жасап, 2 адам қаза тауып, кемінде 2 адам жараланған. Балабақша, жатақхана және инфрақұрылым нысандары зақымданды.

📍 Полтава облысы Лубны ауданында дрон түсіп, 1 адам мерт болды, тағы 1 адам жараланды.

📍 Херсон облысы Федоровка ауылында ресейлік "Молния" дроны шабуылынан 73 жастағы әйел көз жұмды.

📍 Никопольде жанып кеткен екі жүк көлігінің бірінің 67 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

⚠️ Херсонның Корабель ауданынан да шабуыл салдарынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬261
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев күтіп алған.

"Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20💩51🤡1
Azattyq - Азаттық
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев…
Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада Нақышбандидің басына зиярат жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен бірге Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне барып, зиярат жасады. Мемлекет басшылары мемориалдық кешенді аралап, құран оқып, екі халыққа бейбіт өмір мен береке тіледі, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
👍24🤮2💩1🕊1
Azattyq - Азаттық
🔴 Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев…
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық серіктестікті кеңейтуге уағдаласқан

Бұхарадағы келіссөздерде Тоқаев пен Мирзияев Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасын қабылдауға келіскен. Тараптар сирек металдар, көлік-транзит, су-энергетика және IT салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласқан.
👍16🤔7💩2