⚡Иранның рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи "ес-түссіз жатыр" - The Times
Иранның рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи "ауыр халде ес-түссіз жатыр және қазір ел басқаруға мүмкіндігі жоқ" деп жазды британиялық The Times басылымы.
Барлау қызметінің құжаттарына сүйенген басылым Мұжтаба Хаменеи қазір Кум қаласында емделіп жатыр дейді.
АҚШ пен Израиль барлаушыларының Парсы шығанағындағы одақтастарымен бөліскен ақпаратында Мұжтаба Хаменеидің 28 ақпандағы шабуыл кезінде жарақаттанғаны айтылады. Бұл шабуылдан оның әкесі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан еді.
Әли Хаменеидің қазасынан кейін Мұжтаба Хаменеи рухани көсем болып сайланған. Бірақ ол ел алдына шықпады, тек екі рет жазбаша мәлімдемесі тараған.
Барлаушылардың құжатында Кум қаласында Әли Хаменеидің жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатқаны, бұл қалада үлкен кесене салыну жоспары жайлы да айтылады дейді The Times басылымы.
Мұжтаба Хаменеидің жұрт алдына шықпауы, оның жағдайына қатысты ақпараттардың тарауы Ирандағы билік нақты кімнің қолында деген сұрақ туындатады. Бұған қоса, Иран ислам революция сақшылары корпусы елдегі билікті қолға алған деген де болжамдар айтыла бастады.

👍9🤔7❤3👎1🔥1😁1😱1
🏢 Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады
Қазақстанда биылдан бастап жертөлелер, паркингтер табиғи апаттар мен әскери жағдайлар кезінде және дрондардан бас сауғалайтын бункер ретінде салынуы тиіс. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Жаңа талапқа сай, желтөлелер мен паркингтерде желдету жүйесі, су және электрмен қамту, санитарлық жағдай жасалуы керек. Ғимараттардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажет болса жөнделіп, күшейтіледі.
Министрліктің мәліметінше, қазір бар жертөлелер, төменгі қабаттар, жерасты өткелдері мен метро да бас сауғалайтын орын ретінде бейімделмек. Ведомство мұндай тәжірибе әлем елдерінде көп екенін айтады.
Ресейдің шабуылына жиі ұшырайтын Украина қалалары жертөлелерді, метро станцияларды бас сауғалайтын бункер ретінде қолданып келеді. Иран Израильге ракетамен шабуыл жасағанда да тұрғындар жертөлелерге жиі тығылады.

👍26😁4❤2👎1
2025 жылғы 31 желтоқсандағы дерекке сай, Ресейде еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық келісім негізінде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны 117 144 адам болған.
Мұндай деректі Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл 2024 жылға қарағанда көбірек болғанымен, оның алдындағы жылғымен салыстырғанда аз.
📊 Жылдар бойынша:
• 2022 жылы — 114 500
• 2023 жылы — 162 700
• 2024 жылы — 105 170
СІМ ақпаратында Ресейде қазақстандықтар нақты қандай салаларда еңбек етіп жүргені айтылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤯6😁2😭2❤1
🏗 Өскемен, Семей, Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Ресейдің орнына Сингапур мен Қазақстан салады
Өскемен, Семей және Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Қазақстан мен Сингапурдың консорциумы салады. Бұл туралы 7 сәуірде үкіметтегі брифингте энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов хабарлады.
Бұған дейін үш станцияны Ресей салатыны айтылған еді.
Жоспар бойынша, көмір қолданылатын жылу станциялары 2029 жылы салынып бітуі керек.
Есімханов орталықтарды Қазақстан мен Сингапурдың біріккен консорциумы салатынын, жобада Қытайдың технологиясы да қолданылатынын айтады.
🔹Ресеймен келісім
2023 жылдың соңында "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры мен оған еншілес "Самрұқ-Энерго" компаниясы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭС салу бойынша Ресейдің "Интер РАО – Экспорт" және "Фирма ОРГРЭС" компанияларымен келісімге келген.
"Самұрық-Қазына", "Фирма ОРГРЭС" және "Интер РАО – Экспорт" басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургқа барған сапары кезінде келіссөз жүргізген еді.
Энергетика министрлігі Қазақстанның Ресей компанияларынан неге бас тартқанын айтпады.

👏32👍12😁5❤2
⚡Трамп Иранға тағы да ескерту жасап "бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі" деді
Truth Social желісінде АҚШ президенті "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.
Трамп жазбасын Тегеран АҚШ-пен атысты 45 күнге тоқтатудан бас тартты деген хабар тараған тұста жариялады.
Бұған қоса, ол "Иранның ақылдырақ және қатты радикалданбаған басшылары" бүгін түнге дейін Вашингтонмен келісімге келер деген үмітін де жазды.
"47 жыл тонау, жемқорлық және өлім аяқталады. Иранның ұлы халқын Құдай жарылқасын" деді Трамп жазбасында.

🤣17👍13🤔5🤮5🖕1
Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде "заңға қайшы" пост жазған авторларды анықтауға болатынын мәлімдеп, интернеттегі "жалған, қауесет, тексерілмеген" жазбалар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті
"Цифрлық ортада толық анонимділік жоқ" екенін айтқан прокуратура заманауи технологиялар жазбаның бастапқы көзін, тіпті жасырын аккаунттарды да анықтай алатынын айтты.
Бұл мәлімдеме сайттар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен БАҚ контентін тұрақты бақылауға мүмкіндік беретін жаңа интернет-мониторинг ережелері талқыланып жатқан тұста жарияланды
Бас прокуратура сөз еркіндігі жалған ақпарат таратуға немесе өзгенің құқығын бұзуға негіз болмауға тиіс деген ұстанымын қайталаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩21🤬5🤣4👎1
⏳Трамптың Иранға қойған дедлайндары
7 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "келісімге келмесеңдер түнде тұтас бір өркениетті жойып жіберемін" деді. Ол Тегеранға бұған дейін де бірнеше рет талап айтқан:
⌛21 наурыз: Иран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса Иранның электр станцияларына соққы жасап, қирататынын жазған. Кейін Тегеранмен "келіссөз жүріп жатқанын" айтып, бұл дедлайнды 6 сәуірге дейін ұзартқан. Ал Иран АҚШ-пен келіссөзді жоққа шығарған еді.
⌛3 сәуір: 6 сәуірге қойылған уақыт тақап қалған тұста Трамп тағы да "Иран тозаққа айналмас үшін 48 сағат уақыты бар" деді.
🕗 4 сәуір: Трамп тағы да пост жариялап "7 сәуір – электр станциялары мен көпір күні болады. Сәрсенбі. АҚШ-тың шығысындағы уақытпен кешкі 8!" деп жазды.
🕗 7 сәуір: "Кешкі 8" деген уақытқа бірнеше сағат қалғанда Трамп Truth Social желісінде "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.

😁30🖕10❤6🤬3🤡2🥱2
АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран Ормуз бұғазын дереу ашатын болса, Иранды бомбалауды екі аптаға тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
"Иранды бомбалап,шабуыл жасауды екі аптаға тоқтатуға келісемін", деп жазды Трамп.
Иран тарабынан "10 тармақтан тұратын ұсыныс" түскенін айтқан Трамп оны келіссөз жүргізуге негіз етуге болады деп санайтынын жеткізді. Оның сөзінше, соғыстағы екі апта үзіліс түпкілікті бітім жөнінде келісімге келу үшін қажет.
Тегеран әзірге ресми реакция танытпады. Иран мемлекеттік телеарнасы АҚШ президентінің мәлімдемесі жөнінде: "Трамп Иранның соғысты тоқтату туралы шартын қабылдап, атысты екі аптаға тоқтататынын жариялады" деп хабарлады.
АҚШ-пен бірге Иранға қарсы шабуылдарды бастаған Израиль де ұстанымын әзірге білдірген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣11❤7😁5
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста атысты тоқтату жөніндегі келісімге келуді құптайтынын айтты. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен сол елдің қарулы күштері қолбасшысы фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқасында келісімге қол жеткізілгені айтылған.
"Бұл келісім АҚШ президентіДональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқақатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды", делінген Ақорда ақпаратында.
Қазақстан басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімі ұзақ мерзімді сипатқа ие болады деп үміт білдірген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩12🤡10👍4❤3
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін шамалы уақыт өткенде Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесі Тегеран атысты екі аптаға доғаруға және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіруге келісетінін жариялады.
Арақчидің сөзінше, кемелер бұғаз арқылы "Иранның қарулы күштерінің үйлестіруімен және техникалық шектеулер аясында" өтетін болады.
Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді деп жариялады.
АҚШ-пен бірге Иранға қарсы шабуылдарды бастаған Израиль ұстанымын әзірге білдірген жоқ.

👍20😁7❤3
📍 Алматыда резонанс тудырған жол-көлік апаты туралы әлеуметтік желіде пікір жариялаған соң 10 күнге абақтыға жабылған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды.
Бұл туралы оның туысы әлеуметтік желіде хабарлады. Молдахан үш адамның өмірін қиған жол апатына себепкер тұлғалар арасында полиция қызметкерлері де болуы ықтимал екенін айтып, пост жариялағаннан кейін "жалған ақпарат таратты" деген күдікпен 10 күнге қамалған еді.
🚔 21 наурызда Алматыдағы әл Фараби даңғылы бойында болған жол-көлік апаты қоғамда үлкен резонанс тудырып, қалалық полиция департаментінің бірқатар лауазымды қызметкері қызметтен босатылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱25🤬10😁2😢2🔥1😡1
🔥 Ақтөбеде облыс әкімдігінде өрт неден шыққаны әлі белгісіз
ТЖМ мәліметінше, облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы 300 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндіруге 80-нен астам адам мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.
🚒 7 сәуір кешке облыс әкімдігінің 6 қабатты ғимаратының шатырынан өрт шығып, бастапқыда үш бірдей ошақ анықталған. Құтқарушылар жалынның өзге қабаттарға таралуына жол бермеді, дейді ТЖМ.
✅ Өрттен адамдар зардап шекпеген. Оның неден шыққаны әзірге белгісіз. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, өрттің себептері анықталып жатыр.

🔥4😁4😱2🤬2❤1
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан тексеру жүргізу кезеңінде қызмет міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген. Бұл ақпаратты ІІМ баспасөз қызметінің хатына сүйеніп 8 сәуір күні ҚазТАГ агенттігі таратты.
❗️ Алайда қандай тексеру жүріп жатқаны әзірге нақтыланбады. Данияр Мейірхан бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁11🤬4👍3❤1👎1🔥1
Azattyq - Азаттық
❗Иранның 10 тармақтан тұратын ұсынысы жайлы не белгілі?
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғыс екі аптаға тоқтағаны туралы жазбасында Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс түскенін мәлімдеп, оны "келіссөз бастауға болатын негіз" деп атады.
Иранның 10 тармақтан тұратын ұсынысы ресми жарияланған жоқ.
Бірақ бұған дейін Иранның ақпарат агенттіктері мен халықаралық басылымдар жариялаған Тегеранның ұсынысында мынандай талаптар бар:
🔸Иранға салынған негізгі және қосымша санкциялардың барлығын алу.
🔸Иран Ормуз бұғазын бақылауды жалғастыра береді.
🔸АҚШ Таяу Шығыстағы әскерилерін алып кетуі тиіс.
🔸Иран мен оның одақтастарына шабуылдамау.
🔸Иранның бұғатталған активтерін босату.
🔸Иранның уран байытуы мен ракета жасауына шектеу қоймау.

🤔14🔥11😁5👍1
⚡Қазақстанда биыл 9 мамырда әскери шеру болмайды.
Бұл туралы қорғаныс министрлігіне сілтеп ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Қазақстан былтыр Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өткізген еді. Ал оның алдында бес жыл елде әскери парад болмаған.

👏52👍21😁5❤4🔥3
▪Қазақстан елдің батыс аумағына құлаған дрондарға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Бұл туралы 8 сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты. Оның сөзінше, үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін, қай жақтан келгенін анықтайды.
Вице-министр "Қазақстанда әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен радиоэлектрондық құрылғылар жеткілікті, қазір дрондардан қорғайтын құрылғылар да сатып алынып жатыр" дейді. Мұстабеков Қазақстанның әуе қорғанысы "штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын" айтады.
🔹Қанша дрон құлады?
Министр орынбасары Қазақстанға екі дрон құлады дейді. Бірақ осыған дейін елдің батыс өңірлеріне төрт дрон түскені айтылған. Мәселен, 2025 жылы 18 ақпанда да БҚО Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңынан дрон табылған. Кейбір әскери сарапшылар құлаған дрон "ресейлік "Орлан 10" ға ұқсайды" деп жазған еді.
19 наурызда БҚО Тасқала ауданынан, 26 наурызда БҚО Жәнібек ауданынан, 18 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы "Болашақ" темір жол станциясы маңынан дрон табылған.

🤬15😁4❤2
❗❗ "Атажұрт" ісі бойынша сотқа тартылған 18 адамның барлығына прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру не сол мерзімге шартты жаза сұрады
Бұл жөнінде айыпталған азаматтардың адвокаты Шынқуат Байжанов Азаттыққа хабарлады. Ол айыпкерлердің «жартысына» нақты түрме жазасы сұралғанын айтты, бірақ нақты кімдерге екенін айта алмайтынын хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, 9 сәуірде сотта айыпталушылардың соңғы сөз сөйлеуіне мүмкіндік беріледі, содан соң үкім оқылады.
Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда 19 адамның «ұлтаралық араздықты қоздыру» ісі жабық жағдайда өтіп жатыр. Қатысушылардың іс бойынша ақпарат беруіне рұқсат жоқ.

"Оны кейін үкім шыққан соң ғана айта аламын", – деді Байжанов.
Адвокаттың айтуынша, 9 сәуірде сотта айыпталушылардың соңғы сөз сөйлеуіне мүмкіндік беріледі, содан соң үкім оқылады.
Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда 19 адамның «ұлтаралық араздықты қоздыру» ісі жабық жағдайда өтіп жатыр. Қатысушылардың іс бойынша ақпарат беруіне рұқсат жоқ.
🤬27😡10💩4
Ақтөбедегі облыс әкімдігіндегі өртке электр желісіндегі ақау себеп болған болуы мүмкін. Өрттің нақты себебі өрт-техникалық сараптамадан кейін белгілі болады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі осылай деген алдын ала болжам айтты.
ТЖ мәліметінше, 7 сәуір кешке алты қабатты ғимараттың шатырынан шыққан өрттен әкімдіктің негізгі ішкі бөліктері зақымданбаған, тек шатыры жанып, бүлінген.
Қазір шатырды қалпына келтіру жоспары әзірленіп жатыр, шығын көлемі әлі нақтыланбаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14🔥2🥰1
The New York Times мәліметінше, Иран жариялаған 10 тармақты жоспар Дональд Трамп "келіссөзге негіз" деп атаған құжаттан бөлек. Осы тұста Тегеран Израиль Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы операцияларын тоқтатпаса, екі апталық бітім режимінен шығатынын ескерткен.
Израиль әуе күштері Бейрут пен Ливанның өзге аудандарына шабуыл жасады. Қызыл Крест дерегі бойынша кемінде 80 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған. Израиль бұл шабуылдар бітім шартын бұзбайды, өйткені келісім Ливанға жүрмейді деп отыр.
Оқиға аясында Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерінің өтуі уақытша тоқтатылды. Financial Times Иран транзит үшін әр баррельге 1 доллар алым енгізуді, ал төлемді биткоинмен қабылдау мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔8👍6❤2👎1
❗ "Атажұрт" белсенділері ісі: Талдықорған сотында айыпкер 19 адамның соңғы сөзінен кейін үкім шықпақ
9 сәуір таңертең жалғасқан процессте айыпкерлер соңғы сөзін айтып жатыр.
Бұған дейін прокурор соттан 18 адамға 5 жыл бас бостандығынан айыру не сол мерзімге шартты жаза сұраған.
Жетісу облысының орталығында “ұлтаралық араздықты қоздыру” бабымен айыпталған 19 адамның ісі бойынша сот жабық өтіп жатыр. Процесске қатысушыларға бұл іс бойынша ақпарат беруге тыйым салынған.

🤬18🤔1
Талдықорғандағы 9 сәуірдегі сот отырысына адам аз келді, сыртта сотқа кіре алмаған үш адам бар: екеуі сотталушылардың туысқаны, біреуі — бақылауға келген азамат, деп хабарлады Азаттық тілшісі сот үйінен.
Ғимарат ішінде полицияның арнаулы жасағы, сыртта полиция автобусы, тұр. медициналық, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі көліктері тұр.

🤬15😁2💩2😡1