Қарағанды облысында вахталық автобус аударылды, 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді
Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жол апаты Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Автобуста 50 адам болған.
Зардап шеккен 3 адам ұшақпен Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілген. 30 адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы орташа екені хабарланды.
Жол апатына не себеп болғаны министрліктің ресми хабарламасында айтылмайды.

😱22😭6🤬1
NASA Айдың арғы жағының бір бөлігі көрінетін сурет жариялады
NASA-ның баспасөз қызметі қазір Айға бара жатқан "Артемида – 2" миссиясының ғарышкерлері түсірген Айдың екі суретін жариялады.
Бірінші сурет 3 сәуірде түсірілген. Онда Айдың Жерге көрінетін жағы бейнеленген. 4 сәуірде түсірілген екінші суретте Айдың арғы жағының бір бөлігі көрінеді.

❤24👍14🔥7🤣5🌚2😁1
5 сәуірде Ватикандағы Әулие Петр алаңында Рим папасы XIV Лео понтифик ретіндегі алғашқы Пасха жолдауын жасап, әлемдегі соғысты ушықтыруға ықпалы бар күштерді бейбітшілік жолын таңдауға үндеді.
"Қолында қаруы барлар оны тастасын. Соғысты бастауға билігі барлар бейбітшілікті таңдасын", – деді понтифик.
Папа қазіргі заманда соғыс пен адам қазасына қоғамның үйреншікті құбылыс ретінде қарай бастағанына алаңдаушылық білдіріп, адамзат немқұрайдылыққа бой алдырмауы керек екенін айтты.
Рим католик шіркеуі тарихындағы АҚШ-та туған алғашқы папа саналатын XIV Лео бұған дейін де Таяу Шығыстағы және өзге аймақтардағы қарулы қақтығыстарды бірнеше рет сынап, шиеленісті тоқтатуға шақырып жүрген.
Өткен сейсенбіде XIV Лео АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесіп, Иранмен қақтығысты тоқтатудың жолын табуға шақырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🤷2👍1
CNN мәліметінше, АҚШ Иранмен соғыс кезінде кемінде 7 әскери ұшағынан айырылған. Олардың ішінде Иран әуе қорғанысы атып түсірген F-15E Strike Eagle, құтқару операциясында өртенген A-10, сондай-ақ KC-135 пен E-3 Sentry ұшақтары бар.
Бұдан бөлек, наурызда F-35 жойғышы да Таяу Шығыстағы базаға апатты жағдайда қонған.
CBS News дерегінше, АҚШ күштері Иран аумағында құлаған F-15 экипажының екінші мүшесін құтқару операциясы кезінде зақымданған екі әскери-тасымалдау ұшағын, Иран қолына түспес үшін, өздері жойған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16👎4👏4❤1🤔1
Ақмола облысы Қорғалжың ауданындағы Шөптікөл бөгеті бұзылды. Төтенше оқиға 5 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Сабынды ауылына тақау жерде болған деп жазды жергілікті басылымдар.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарап жатыр. Куәгерлер Астана – Қорғалжың бағытындағы тасжолдың бір бөлігінде жол бойын тасыған су басқанын айтады.
Жергілікті билік орындары Сабынды ауылына қауіп жоқ, жағдай толық бақылауда екенін және тасқын бұзған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып отыр деп жазды Orda басылымы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔8❤4👍4🔥1
HRW ұйымы Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды
Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы Feminita ұйымының белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға үндеді.
"Қазақстан билігі Секербаеваға тағылған айыптарды алып тастап, оған қарсы қолдан жасалған істі тоқтатуға тиіс" деді HRW ұйымының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Мира Риттман. "Қазақстанда ешкім лесбиян болғаны үшін немесе ЛГБТ адамдардың құқықтарын бейбіт түрде қорғағаны үшін қылмыстық қудалаудан қорықпауы керек".
Ұйымның жазуынша, іс былтыр қарашада Астанадағы бір кафеде болған оқиға бойынша қозғалған. 22 қарашада Секербаева мен оның әріптесі Темірлан Баймаш ЛГБТИК+ қауымы өкілдерімен кездесу өткізбек болғанда оларға қарсы бір топ белсенді сол жерге келіп, дау шығарған, жиын қатысушыларына агрессия танытқан. HRW сол жиында Секербаеваның соққыға жығылғанын айтады. Кейін жиынды бүлдірді деген белсенділердің бірі – Зиуар Жұманова ЛГБТ белсенділерінің үстінен арызданған. Артынша полиция Секербаева мен Баймашты ұстаған.
Жанар Секербаеваның жазуынша, іс қылмыстық кодекстің 109-1 бабы ("Ұрып соғу") бойынша қозғалған. Алғашқы сот отырысы 7 сәуірге белгіленген. Толығырақ...

Азаттық радиосы
HRW ұйымы Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды
Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы Feminita ұйымының белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға үндеді.
"Қазақстан билігі Секербаеваға тағылған айыптарды алып тастап, оған қарсы қолдан жасалған істі тоқтатуға…

💩17👎4🤣2❤1🤬1
Аягөзде мерзімді әскери қызметін атқарып жүргенде ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болған сарбаздың ісіне қатысты сотталған дәрігер жазадан босатылды, деп жазды Tengrinews. Әскери сот оны екі жылға бостандығынан және сондай мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырған, бірақ кейін оған амнистия қолданған.
20 жастағы сарбаз былтыр сәуірде әскерге шақырылып, 16 мамырда Аягөз әскери госпиталінде ауыр халде түскен. Дәрігер оған жедел назофарингит диагнозын қойып, ауруханаға жатқызған. Бірақ жас жігіт жағдайы нашарлап, 19 мамырда қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптама өлім себебін іріңді менингиттің асқынуынан деп көрсетті. Сарапшылар егер әу баста дұрыс диагноз қойылып, ем уақытында басталса, сарбаз аман қалуы мүмкін еді деген тұжырым жасаған.
Сот моральдық, материалдық және өкілдік шығын ретінде айыпкерден 12 миллион теңгеден астам соманы өндіріп алу туралы шешім шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱9💩5🤬3😡1
❗Израиль Иран барлау қызметінің басшысын өлтірді
Израиль Иран ислам революциясы сақшылар корпусының барлау басшысы Маджид Хадемиді өлтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.
Иран революция сақшылар корпусы Tasnim ақпарат агенттігі арқылы Хадемидің өлімін растады. Мәлімдемеде барлау басшысы 6 сәуір таңертең «террорлық әрекеттен қаза тапқаны» айтылды.
Хадеми сақшылар корпусының барлау бөлімін 2025 жылы маусымнан бастап басқарады. Оның алдында бұл бөлімді басқарған Мохаммад Каземи Израильдің шабуылынан қаза болған еді.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс ашқалы Иран режимінің бірнеше жетекшісі мен әскери басшылары қаза тапты. Олардың арасында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи мен жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бар.

❤16😡9👍7🔥3😢1🕊1
Павлодар облысы Көктөбе ауылының 59 жастағы тұрғыны Ақылбек Темірғалинов әлеуметтік мәселе бойынша жалғыз адам пикетін өткізетінін жариялағаннан бір күннен кейін 10 тәулікке қамалды.
Ақсу қалалық соты оны "каннабиноидты медициналық емес мақсатта қолданды" деген айыппен жауапқа тартқан. Сот шешімі медициналық сараптама қорытындысына сүйенген.
Темірғалинов айыпты жоққа шығарып, мұны пикет туралы жазбасымен байланыстырады. Ол Семей полигонынан зардап шеккендердің қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын көтеріп жүргенін, жеңілдік тек зейнеткерлерге ғана берілгенін сынап, сотқа жүгінетінін және пикетке шығатынын жазғаннан кейін үйіне полиция келгенін айтты.
Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев аноним шағым иесі сотта анықталмағанын, ал сараптама құжатында мөр болмағанын айтты. Қорғау тарапы істі домалақ арызға сүйенген күмәнді процесс деп бағалап, апелляцияға бермек.
Темірғалинов бұған дейін де билікті сынаған жазбалары үшін 2024 жылы 6 күнге қамалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬17😱9❤1🤔1
⚡"Атажұрттың" қамаудағы екі белсендісіне "қысым жасалғаны" айтылды
"Атажұрт" ұйымының істі болып жатқан белсенділерінің жақындары Алматыдағы жеке үйде баспасөз мәслихатын өткізіп, қамаудағы туыстарымызға белгісіз адамдар қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, қамауда отырған жақындарына әлдебір құжатқа қол қойдырмақ болған.
🔹"Қысыммен қол қойдырып алған"
Мәселен, қамаудағы Бақытнұр Нұрмұқанға бейтаныс екі адам келіп, әлдебір құжатқа қол қой деп қыстағаны айтылды. Мұны ол әкесіне 2 сәуірде айтқан. 80 жастағы қария науқас баласына "әлдекімдер қастық істегісі келеді" деп қорқады.
– Балама екі бейтаныс адам қол қойып бер депті. Балам не үшін қол қоямын деп қоймапты. Бірталай қыстапты, балам қағазда не жазылғанын айтпады. Баламның құлағы жақсы естімейді. Байрақ өртегеніңе кінәлісін бе, кінәлі емессің бе, қол қой деп айтыпты, – дейді қамаудағы Бақытнұр Нұрмақанның әкесі Нұрмақан Арыстан баспасөз мәслихатында.
Қамауда отырған Батылбек Байғазының анасы Назира Шаймұрат "Соттан екі күн бұрын бейсауат екі адам келіп, менің балама күштеп қол қойғызып алыпты. Балам неге қол қойғызғанын айтпады. Түрме бастығына барып, кірген адам кім деп едім айтпай қойды. Неге бізді кіргізбейді, баламлы алты ай болды көрсетпей отыр. Баламның денсаулығы жоқ, көзіне операция жасамақшы едік, бүйрегі ауырады" дейді.
Баспасөз мәслихатында айтылған жайттар бойынша белсенділер отырған Талдықорғандағы №71-мекеме ішіндегі тергеу изоляторынан түсініктеме алу мүмкін болмады. Азаттық мекеме қарайтын Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жіберіп қойды. Жауап бес күннен кейін келуі тиіс.
🔹"Атажұрт" белсенділерінің ісі
Тіркелмеген "Атажұрт" ұйымына мүше 19 адамға "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы бойынша айып тағылған. Олардың соты Талдықорғанда жабық өтіп жатыр.
Қылмыстық іске былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткен наразылық түрткі болған. Наразылық кезінде олар Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеген.
Наразылар Шыңжаңда қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен

🤬26😡3❤2
🚀 🌚 "Артемида-2" экипажы тарихи рекорд орнатты
АҚШ-тың аэроғарыш агенттігінің (NASA) "Артемида-2" миссиясындағы төрт астронавт Жерден 406 мың шақырымнан астам ұзап ұшып, тарихта адам баласының ең алыс қашыққа ұшу көрсеткіші бойынша рекорд жаңартты. Осылайша экипаж 1970 жылы "Аполлон-13" миссиясы орнатқан рекордтан асып түсті.
Ғарыш кемесі Айды шамамен 7 мың километр қашықтан айналып ұшып, енді Жерге оралу траекториясына түсті деп хабарлады NASA.
Бұл — АҚШ-тың жарты ғасырдан кейін Айға қайтадан адам ұшырған жаңа миссиясы. Ғарыш сапары сәтті аяқталса, келесі кезеңде NASA астронавтарды Ай бетіне қондыруды көздеп отыр.

👏23👍2
⚡️ "Крокус Сити Холл" ісі бойынша өмір бойына сотталғандардың бірі Мәскеу абақтысында көз жұмды
Мәскеудегі "Матросская тишина" тергеу абақтысында 2024 жылы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған теракт ісі бойынша өмір бойына сотталған ер адам суицид жасаған деп хабарлады Ресей билігі.
ФСИН мәліметінше, дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.
Ресейлік БАҚ қазаға ұшыраған адам - 37 жастағы Тәжікстан азаматы Якубжони Давлатхон Юсуфзода деп жазды. Ол терактіні қаржылай қолдады деген айыппен биыл наурызда өмір бойына сотталған 15 адамның бірі болған.
2024 жылғы "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуылдан 149 адам қаза тауып, 600-ден астамы жараланған.

🤬25❤1
Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында үш адам қаза тапқан резонансты жол апатына күдікті ZEEKR жүргізушісі тергеу абақтысына ауыстырылды.
Полиция мәліметінше, ол бұған дейін ауруханада күзетпен жатқан. Бұған дейін сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған.
21 наурызда түнгі мезгілде қатты жылдамдықпен келген ZEEKR жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты. Тергеушілер күдіктің масаң күйде болған дейді.
Резонанс күшейген соң ІІМ Алматы полициясының бірнеше лауазымды жетекшісін қызметтен босатты. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥5
Қостанай соты агросубсидияларға қатысты 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жымқыру ісі бойынша 30 айыпталушыға үкім шығарды.
Іс фигуранттары арасында ет комбинаты басшылары, фермерлер, ветеринарлар және ауыл шаруашылығы басқармасының шенеуніктері бар.
Тергеу дерегінше, күдіктілер жалған құжат, "қағаз бетіндегі мал" және өндіріс қуатын қолдан өсіріп көрсету арқылы мемлекеттен миллиардтаған теңге субсидия алған.
Істегі негізгі фигурант 14 жылға, басқа айыпталушылар 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды, ал бірнеше адамға рақымшылық пен шартты жаза қолданылды.
Сот сондай-ақ 1,3 млн доллар мен 4 мың еуро және 600 млн теңгеден астам қаржыны тәркілеу туралы шешім шығарды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12👍7😁3
Алты жыл бұрын Қазақстанда бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "енді митинг өткізуге рұқсат алу керек емес, тек хабарласа жеткілікті" деген. Бірақ содан бері қоғам белсенділері жиындарды еркін өткізе алмай келеді.
Жергілікті әкімдіктер әдетте түрлі себепті алға тартып, мұндай басқосуларға жол бермейді. Конституциялық сот жергілікті билік бас тартпас бұрын балама ұсыныс білдіруге міндетті дейді. Бірақ сарапшылар мұның ескерілмейтінін айтады. Толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡11🤬6🔥4👎1😡1
⚡Иранның рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи "ес-түссіз жатыр" - The Times
Иранның рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи "ауыр халде ес-түссіз жатыр және қазір ел басқаруға мүмкіндігі жоқ" деп жазды британиялық The Times басылымы.
Барлау қызметінің құжаттарына сүйенген басылым Мұжтаба Хаменеи қазір Кум қаласында емделіп жатыр дейді.
АҚШ пен Израиль барлаушыларының Парсы шығанағындағы одақтастарымен бөліскен ақпаратында Мұжтаба Хаменеидің 28 ақпандағы шабуыл кезінде жарақаттанғаны айтылады. Бұл шабуылдан оның әкесі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан еді.
Әли Хаменеидің қазасынан кейін Мұжтаба Хаменеи рухани көсем болып сайланған. Бірақ ол ел алдына шықпады, тек екі рет жазбаша мәлімдемесі тараған.
Барлаушылардың құжатында Кум қаласында Әли Хаменеидің жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатқаны, бұл қалада үлкен кесене салыну жоспары жайлы да айтылады дейді The Times басылымы.
Мұжтаба Хаменеидің жұрт алдына шықпауы, оның жағдайына қатысты ақпараттардың тарауы Ирандағы билік нақты кімнің қолында деген сұрақ туындатады. Бұған қоса, Иран ислам революция сақшылары корпусы елдегі билікті қолға алған деген де болжамдар айтыла бастады.

👍9🤔7❤2👎1🔥1😁1😱1
🏢 Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады
Қазақстанда биылдан бастап жертөлелер, паркингтер табиғи апаттар мен әскери жағдайлар кезінде және дрондардан бас сауғалайтын бункер ретінде салынуы тиіс. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Жаңа талапқа сай, желтөлелер мен паркингтерде желдету жүйесі, су және электрмен қамту, санитарлық жағдай жасалуы керек. Ғимараттардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажет болса жөнделіп, күшейтіледі.
Министрліктің мәліметінше, қазір бар жертөлелер, төменгі қабаттар, жерасты өткелдері мен метро да бас сауғалайтын орын ретінде бейімделмек. Ведомство мұндай тәжірибе әлем елдерінде көп екенін айтады.
Ресейдің шабуылына жиі ұшырайтын Украина қалалары жертөлелерді, метро станцияларды бас сауғалайтын бункер ретінде қолданып келеді. Иран Израильге ракетамен шабуыл жасағанда да тұрғындар жертөлелерге жиі тығылады.

👍26😁4❤2👎1
2025 жылғы 31 желтоқсандағы дерекке сай, Ресейде еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық келісім негізінде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны 117 144 адам болған.
Мұндай деректі Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл 2024 жылға қарағанда көбірек болғанымен, оның алдындағы жылғымен салыстырғанда аз.
📊 Жылдар бойынша:
• 2022 жылы — 114 500
• 2023 жылы — 162 700
• 2024 жылы — 105 170
СІМ ақпаратында Ресейде қазақстандықтар нақты қандай салаларда еңбек етіп жүргені айтылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤯6😁2😭2❤1
🏗 Өскемен, Семей, Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Ресейдің орнына Сингапур мен Қазақстан салады
Өскемен, Семей және Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Қазақстан мен Сингапурдың консорциумы салады. Бұл туралы 7 сәуірде үкіметтегі брифингте энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов хабарлады.
Бұған дейін үш станцияны Ресей салатыны айтылған еді.
Жоспар бойынша, көмір қолданылатын жылу станциялары 2029 жылы салынып бітуі керек.
Есімханов орталықтарды Қазақстан мен Сингапурдың біріккен консорциумы салатынын, жобада Қытайдың технологиясы да қолданылатынын айтады.
🔹Ресеймен келісім
2023 жылдың соңында "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры мен оған еншілес "Самрұқ-Энерго" компаниясы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭС салу бойынша Ресейдің "Интер РАО – Экспорт" және "Фирма ОРГРЭС" компанияларымен келісімге келген.
"Самұрық-Қазына", "Фирма ОРГРЭС" және "Интер РАО – Экспорт" басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургқа барған сапары кезінде келіссөз жүргізген еді.
Энергетика министрлігі Қазақстанның Ресей компанияларынан неге бас тартқанын айтпады.

👏32👍12😁5❤2
⚡Трамп Иранға тағы да ескерту жасап "бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі" деді
Truth Social желісінде АҚШ президенті "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.
Трамп жазбасын Тегеран АҚШ-пен атысты 45 күнге тоқтатудан бас тартты деген хабар тараған тұста жариялады.
Бұған қоса, ол "Иранның ақылдырақ және қатты радикалданбаған басшылары" бүгін түнге дейін Вашингтонмен келісімге келер деген үмітін де жазды.
"47 жыл тонау, жемқорлық және өлім аяқталады. Иранның ұлы халқын Құдай жарылқасын" деді Трамп жазбасында.

🤣17👍13🤔5🤮5🖕1