Azattyq - Азаттық
11.9K subscribers
8.21K photos
3.46K videos
17 files
20.3K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
🗣 Астанада Садықовтың сүйегін Ақтөбеге жеткізуді талап етпек болған белсендіні полицияға апарды Белсенді Орынбасар Жәнібек кеше, 2 шілдеде WhatsApp-тағы чатта түстен кейін Қазақстан президентінен Киевте көз жұмған оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың сүйегін…
🗣 Бұл — Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орналасқан Қарағайлы саябағы. Қазір оны полиция қоршап тұр.

Белсенділер Украинада қастандыққа ұшырап, екі аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатып көз жұмған Айдос Садықовтың қазасына байланысты ескерткішке гүл қойып, үндеу түсірмек болған. Бұл жөнінде олар кеше, 3 шілдеде желіде хабарлаған.

👮‍♂️ Азаттық тілшісі сөйлескен полиция қызметкері "саябақта абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, сол себепті адамдарды өткізбей тұрмыз" деді.

Полиция белсенді Жәмила Бурабаеваны саябаққа қарай өткізбеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Полиция Азаттық тілшісі мен операторын да саябақтан шығарып жіберді Полиция қызметкері "саябақты қоршап тұрған жоқпыз, [белсенділер жиналатынын] білмеймін" деді. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Оппозиция белсендісі, "Бәсе" YouTube-арнасының негізін қалаушы журналист Айдос Садықовтың қазасына байланысты Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қоюға барған белсенділер "полиция саябаққа өткізбеді" деп шағым айтты

Сағат Күлжахановтың сөзінше, полиция қызметкері одан құжатын көрсетуді сұраған.

"Айдос Садықовты еске алуға келдік. Бірақ жүйенің адамдары оған рұқсат бермеді" деді белсендінің бірі. Олар қамауда жатқан журналист әрі азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрім туралы да айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Оппозиция белсендісі, "Бәсе" YouTube-арнасының негізін қалаушы журналист Айдос Садықовтың қазасына байланысты Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қоюға барған белсенділер "полиция саябаққа өткізбеді" деп шағым айтты Сағат Күлжахановтың…
🗣 Алматыда белсенді Абзал Достияровты полицияға шақырды

Ол да бүгін Айдос Садықовтың қазасына байланысты белсенділер жиналамыз деген қаладағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке бармақ болған. Бірақ таңертең оны Әуезов ауданының полиция басқармасына шақырған.

🗣 "Билік үрейде отыр. Саябаққа барып, гүл шоғын қойып, қайтыс болған азаматқа құрмет көрсету биліктің ұйқысын қашырып отыр. Бұл биліктің қорқақтығын көрсетті. Онда тұрған не бар? Ол жерде ешқандай бұзақылық болмайды. Мыңдаған адам жиналып кетейін деп тұрған жоқ" деді Достияров.

👮‍♂️ Полиция қызметкері Азаттыққа белсендіні "профилактикалық әңгімеге" шақырғанын айтты. Полицей "одан артық сұраққа жауап беруге құқығым жоқ, баспасөз қызметі жауап береді" деп, шақыру себебі жайлы сұрақты жауапсыз қалдырды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴"Бюджетті кеміру ме әлде..." Қазақстанда 500 адам қатысқан сауалнамадан кейін елтаңбаны өзгерту ұсынысы айтылды Әлеуметтік желіде ұсынысты қолдағандардан гөрі сынағандар көп. Ұсынысқа елтаңба авторы мен геральдикалық кеңес мүшелері де пікір білдірді. Мемлекеттік…
🗣 "Елтаңба ауыстыру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ" — Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Власть" сайтына елтаңбағы өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді.

Министрліктің жауабында елтаңба ауыстыру "күн тәртібінен алынып тасталғаны" жазылған.

🔸 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны өзгерту туралы ұсыныс айтқан. Президент елтаңбаны "кеңес заманындағы гербке ұқсататындар" бар, "тым эклектикалық, күрделі" деп санайтындар да кездеседі деп мәлімдеген.

Тоқаев ортақ келісімге келген жағдайда арнайы комиссия құруды, қоғамдық талқылау өткізуді, жаңа елтаңба жобасына ашық байқау жариялауды ұсынған. Бірақ кейбір адам елде басқа мәселелер тұрғанда елтаңбаны ауыстыру артық шығын деп сынға алған.

🔸 Сәуірдің басында қаржы министрі Мәди Такиев елдегі тасқынға байланысты елтаңбаны ауыстыру мәселесін кейінге қалдыру керек деп мәлімдеген.

Қаржы министрлігі "Власть" сайтына берген жауабында мәдениет министрлігі биыл елтаңбаны ауыстыруға қосымша ақша сұрамады деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қытайдың жағалау күзеті Тайвань бұғазында Тайваньнан балық аулауға шыққан кемені тұтқындады

Қытайдың екі патруль қайығы кемені Вэйтоу портына апарды. Кеме экипажында Тайваньның екі теңізшісі және Индонезияның үш азаматы болған. Тайбэй Пекинді кеме мен экипажды босатуға шақырды.

🔸 Қытай тарапының айтуынша, "Дадзиньман 88" кемесі Қытай жағалауынан небәрі 20 шақырым жерде кальмар аулаған, ал мамырдан тамыздың ортасына дейін судың осы аймағында балық пен теңіз өнімдерін аулауға мораторий жарияланған. Пекиннің ақпаратынша, кеме теңіз фаунасына зиян тигізетін ұсақ торлар қолданған, оған Қытай тыйым салған.

🔸 Тайвань тарапы мұны мойындайды, бірақ кеме Қытайдың аумағынан тыс жерде балық аулады дейді.

Қытай кемені ұстағаннан кейін Тайваньның жағалау күзеті оған көмекке қайықтарын жіберген, бірақ қытайлық әріптестері олардан бұл іске араласпауды талап еткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Алматыда белсенді Абзал Достияровты полицияға шақырды Ол да бүгін Айдос Садықовтың қазасына байланысты белсенділер жиналамыз деген қаладағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке бармақ болған. Бірақ таңертең оны Әуезов ауданының полиция басқармасына…
🗣 Белсенді Абзал Достияров полициядан ескерту алды

Бұл туралы Азаттыққа белсендінің өзі хабарлады. Айтуынша, Әуезов ауданының полиция басқармасындағы "профилактикалық әңгімеде" Достияровты "халықты дүрліктірмеуге" шақырған, кейін ескерту беріп, босатқан.

Достияров бүгін Айдос Садықовтың қазасына байланысты белсенділер жиналамыз деген Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке бармақ болған. Полиция саябақта абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр деп, онда барған белсенділерді ескерткішке өткізбеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды

Ол бұл қызметті 2025-2027 жылдары атқарады. Ермекбаев бұған дейін Қазақстан қорғаныс министрі болған еді, кейін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан соң министрліктен кеткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Бүгін Днепрде қаралы күн

3 шілдедегі Ресей шабуылынан Днепрде алты адам қаза тапты. 53 адам зардап шеккен, төртеуінің жағдайы ауыр.

Днепр билігінің ақпаратынша, Ресей армиясы қаланы ракеталармен атқылап, дрондармен шабуыл жасаған. Бірнеше жерде өрт шыққан, көліктерге, ғимараттар мен жанармай құятын станцияға зақым келген. Үш мектеп пен үш балабақшаның терезелері шағылып, сырт жағы бүлінген. Балалар мен мекеме қызметкерлері бас сауғалайтын орында болған деп хабарлады "Суспильне" сайты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қазақ-өзбек шекарасында контрабандалық дәрі-дәрмек таситын туннель табылды

Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады.

🔸 Ақпаратқа қарағанда, жедел іс-шара кезінде Делиден (Үндістан) жіберілген дәрі-дәрмектің кезекті партиясы транзитпен Ташкент арқылы алдымен Алматы қаласына жөнелтіліп, кейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы өзбек шекарасына жақын Достық ауылына келіп, құпия туннель арқылы Ташкент облысы Ташкент ауданының "Урикзор" махалласына жеткізілгені анықталған.

🔸 Ұзындығы 310 метр туннель 49 жастағы тұрғынның үйінен шықты. Туннельдің ішіне желдету аппараты мен жарық қойылған, жүк тасымалдауға арналған арбалар мен арқандар да бар дейді Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі.

Осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалған, күдікті ретінде бірнеше адам ұсталды. Арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы нақтыланбаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Reuters: Джо Байден сайлауға түспейтін болса, оның орнына үздік үміткер АҚШ вице-президенті Камала Харрис болмақ Бұл туралы агенттікке Байден кампаниясындағы, Ақ үйдегі және Демократиялық партияның ұлттық комитетіндегі жеті дереккөз айтқан. 🔸 Байденнің…
🗣 АҚШ президенті Джо Байден жақтастарымен өткен сайлау алдындағы телеконференцияда Дональд Трамппен өткен дебаттағы сәтсіздікке қарамастан, президент сайлауына қатысатынын айтты

Бұл жөнінде CBS арнасы дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

🗣 "Мұны мүмкіндігінше анық әрі тура айтайын, мен сайлауға түсемін. Демократиялық партия атынан кандидатпын. Ешкім мені қуып жатқан жоқ. Мен кетпеймін" деп айтқан Байденнің сөзін телеарнаға сұхбат берген дереккөздің бірі жеткізді.

Телеконференция кезінде президент дебатта жеңілгенін мойындаған, CBS-тің жазуынша, Байденнің сайлау кампаниясы қазір оның салдарын жеңілдетуге жұмыс істеп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🎾 Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 35-ракеткасы) Лондонда өтіп жатқан Уимблдон жарысының екінші айналымына шықты. Ол алғашқы айналымда германиялық Анжелика Керберді (221-ракетка) 7:5, 6:3 есебімен жеңді. 36 жастағы Кербер бұрын 2016…
🎾 Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 35-ракеткасы) Лондонда өтіп жатқан Уимблдон жарысының үшінші айналымына шықты. Ол екінші айналымда чехиялық Катержина Синякованы (38) үш сетте жеңді - 6:0, 4:6, 6:2.

Путинцева қатарынан 29-рет Үлкен дулыға жарыстарында ойнап жатыр. Ол үшінші айналымда Ига Швентек (Польша, әлемнің бірінші ракеткасы) мен хорватиялық Петра Мартич (85) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Уимблдон жарысында Путинцевадан бөлек Елена Рыбакина мен ерлер арасында Александр Бублик екінші айналымға шыққан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Белсенді Абзал Достияров полициядан ескерту алды Бұл туралы Азаттыққа белсендінің өзі хабарлады. Айтуынша, Әуезов ауданының полиция басқармасындағы "профилактикалық әңгімеде" Достияровты "халықты дүрліктірмеуге" шақырған, кейін ескерту беріп, босатқан.…
🗣 Қазақстандық оппозиция белсендісі, журналист Айдос Садықовты жұма, 5 шілде сағат 9-да (Астана уақытымен таңғы 11-де) Киев облысы Чайки ауылындағы мешітте ақтық сапарға шығарып салады

Бұл жөнінде оның әйелі Наталья Садықова Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Сағат 10.30-да жаназа намазын оқиды. Айдосты жақын маңдағы мұсылман зиратына жерлейді" деп жазды ол.

"Шекарасыз тілшілер" (RSF) ұйымы Украина мен Қазақстан билігін Садықовты өлтіргендерді тез тауып, жауапқа тартуға шақырды.

🗣 "Киевтің ортасында оппозициялық блогер Айдос Садықовты қасақана атып кеткендер жазасыз қалмауы керек. RSF Қазақстан билігін Украина билігімен бірге жұмыс істеп, бұл қылмыстық артында тұрғандарды тауып, ашық және жан-жақты тергеу жүргізуге шақырады" деді ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Жанна Кавелье.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы елдерінің кезекті саммиті аяқталды. Шарада қандай маңызды мәселелер талқыланды, қандай шешім қабылданды? Жиыннан тыс недей оқиғалар болды?

Қысқаша шолуды оқи отырыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM