Azattyq - Азаттық
11.8K subscribers
8.13K photos
3.45K videos
17 files
20.2K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🗣 Қостанайда әйелін өлтірді деп айыпталған экс-полицей 9 жылға сотталды

"Прокурор айыптау актісінде сотталушының жасаған ісіне шын өкінгенін және қылмыстық іске жәбірленушінің адамгершілікке жат мінез-құлқы себеп болғанын жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп көрсетеді. Ауырлататын мән-жай – оның антты бұзып құқық бұзушылық жасағаны. Аталған жайттарды сот назарға алды" деп жазылған сот хабарламасында.

Іс материалдарында ерлі-зайыпты арасында жанжал болып, ер адам әйелін тұрмыстық электр құралдың кабелімен қылқындырып өлтіргені, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті гаражға апарып, оны өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысқаны айтылған деп жазды соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы "полиция аға лейтенанты" шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Қостанайда әйелін өлтірді деп айыпталған экс-полицей 9 жылға сотталды "Прокурор айыптау актісінде сотталушының жасаған ісіне шын өкінгенін және қылмыстық іске жәбірленушінің адамгершілікке жат мінез-құлқы себеп болғанын жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп…
💬 "Бишімбаев ісі" Қазақстан қоғамында әлімжеттіктен жапа шегетін әйел мәселесін қызу талқылауға түрткі болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң да қабылданды.

Алайда серігінің әңгіртаяғына төзіп, іштен тынып жүрген, кейбірі өз құқын қалай қорғауды да білмейтін әйел әлі де көп дейді мамандар. Кейде жағдай әбден ушығып, ауыр салдарға апарып соққанда ғана өзгелер назар аударады.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің дені күйеуін кешіріп, татуласатынын айтады.

Серігінен теперіш көрген әйел, кейде өзіне қандай қатер төніп тұрғанын біле тұра, жеке басының қауіпсіздігінен отбасын сақтап қалуды жоғары қояды дейді олар.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 6 маусымда Алматы қаласы сотында ProTenge жобасының авторы, журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымын қарауды аяқтады. Судья Қанат Молдашев шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бірінші сатыдағы сот Маричеваның Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған ақпарат" деп тауып, айыппұл салған.

4 маусымдағы сот отырысында адвокат Әсел Тоқаева бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюды және әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты Маричеваның үстінен ашылған әкімшілік істі жүргізуді тоқтатуды сұрады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Ресей президенті Владимир Путин Батыс зымырандары Ресей аумағына шабуылға қолданылған жағдайда, Мәскеу "қарымта ретінде" Батыс елдерінің қарсыластарына алыс қашыққа жететін қару-жарақ бере бастауы мүмкін деп мәлімдеді

Путин бұл туралы 5 маусымда шетелдік ақпарат агенттіктерінің редакторларына сұхбат бергенде айтты, РБК сайты оны тікелей эфирде көрсетті.

Ресей президенті Батыстың алыстағы нысанаға жететін ракеталарын ұшыруға солардың әскери өкілдері қатысады деп есептейді. Путиннің сөзінше, олар нысананы таңдауға қатысуға міндетті.

🗣 "Егер біреу-міреу біздің жерімізге шабуыл жасау үшін, бізге қиындық туғызу үшін соғыс аймағына сондай қару жеткізуге болады деп санаса, Ресейге қарсы осыны істеп отырған әлем елдерінің сезімтал нысандарына соққы беретін аймақтарға қару-жарақ жеткізуге неге біздің құқығымыз жоқ?" деді Путин.

Ол Ресей зымырандары нақты кімге, қай жаққа берілуі мүмкін екенін ашып айтқан жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Ресей президенті Владимир Путин Батыс зымырандары Ресей аумағына шабуылға қолданылған жағдайда, Мәскеу "қарымта ретінде" Батыс елдерінің қарсыластарына алыс қашыққа жететін қару-жарақ бере бастауы мүмкін деп мәлімдеді Путин бұл туралы 5 маусымда шетелдік…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Путиннің айтуынша, Ресей Украинаның 6465 тұтқынын ұстап отыр. Оның сөзінше, Украинада ресейлік 1348 тұтқын бар. Украина бұл туралы әлі пікір білдірмеді.

Путин ядролық қарумен әлемге қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Кейін ол ресейлік тактикалық ядролық қарудың қуаты 70-75 килотонна екенін айтты. "Оны қолдануға дейін ғана емес, солай ойлауға да жеткізбеуге тырысайық. Бірақ Батыста Ресей оны ешқашан қолданбайды деп санайды" деді ол.

Путин "НАТО-мен арада әскери қақтығыс болуы мүмкін бе?" деген сұраққа Ресей шабуыл жасауы мүмкін емес деп жауап қатты. "Олар Ресей НАТО-ға шабуыл жасағысы келеді дегенді ойлап тапты. Ақылдан алжастыңыздар ма? Мына үстел сияқты ақымақсыздар ма? – деді Путин үстелді ұрып. – Бұл бос сөз, түсінесіз бе, сандырақ".

Ресей Украинаға әскери басқыншылық жасар алдында Мәскеу Киевке шабуылға дайындалып жатқанын үнемі жоққа шығарып келген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 6 маусымда Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы медиасарапшылар мен журналистер сынаған "Масс-медиа туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасы сәуірде мәжілістен сенат қарауына жөнелтілген. Енді парламент қабылдаған заңды президентке қол қоюға жібереді.

Заңға сәйкес, азаматтар бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған ақпаратты немесе ар-намысына нұқсан келтіретін ақпаратты терістеуді материал жарық көрген сәттен бастап бір жыл ішінде ғана талап ете алады.

🔸 Мемлекеттік мекемелер журналист сұраған ақпаратты бес жұмыс күні ішінде беруі керек.

🔸 Сенаторлар мақұлдаған құжатқа журналистерге белгілі бір шарттармен берілетін "баспасөз картасы" ұғымын енгізу және "дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға" тыйым салу туралы ұсыныстар енгізілмеген.

Бұдан бөлек, отандық контентті дамыту үшін мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына грант беріледі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 6 маусымда Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы медиасарапшылар мен журналистер сынаған "Масс-медиа туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады Заң жобасы сәуірде мәжілістен сенат қарауына жөнелтілген. Енді парламент қабылдаған заңды президентке қол…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов сыртқы істер министрлігі заңға сәйкес, шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредитация бермеуге, ұзартпауға немесе кері қайтарып алуға заңнама тәртібімен құқығы бар деді

"Отандық БАҚ-ты заңмен реттесек, неге шетелдік БАҚ-ты бұйрықпен реттейміз? Бұл кішкене қарама-қайшы. Бұйрықтағы нормаларды заңға әкеліп, ауыстырып, оны енгіздік. Яғни, отандық және шетелдік БАҚ жұмысы бір ғана заңмен реттеледі. Бұл дұрыс емес пе? Жалпы шетелдік БАҚ өкілдеріне ешқандай кедергі, қудалау, жабу деген қарастырылып жатқан жоқ" деді Ысқақов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 6 маусымда Алматы қаласы сотында ProTenge жобасының авторы, журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымын қарауды аяқтады. Судья Қанат Молдашев шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бірінші сатыдағы сот Маричеваның Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Журналистер ақпарат вице-министрінен Жәмила Маричеваның ісі туралы сұрады

ProTenge жобасы қаңтарда аккредитация алмаған Азаттық тілшілерін қолдап, телеграм-арнасында пост жариялады. Ақпарат министрлігі "сол жазбада көрнеу жалған ақпарат бар" деп, ішкі істер министрлігіне хат жолдаған.

Журналистер вице-министр Қанат Ысқақовтан "неге алдымен журналистің өзіне хабарлама жіберілмеді?" деген сұрақ қойды. Ол хабарландыруды БАҚ-қа жібереді, ал "Жәмила – БАҚ емес" деп жауап берді.

🗣 "БАҚ мәртебесі блогерлерден несімен жоғары? БАҚ-қа заң бұзғаны жөнінде хабарлама жібереді. Онлайн-платформалар туралы заңға сәйкес, блогерлерге хабарлама жібермейді, жіберілмеген және жіберілмеуге тиіс" деді Ысқақов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 6 маусымда Қарағанды облысындағы Шахтинск қалалық сотында Ленин атындағы шахтада кеншілер қазасына себеп болған жарылысқа байланысты айып тағылған адамдарға үкім шықты

Бұл – кейінгі жылдары бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" (қазіргі Qarmet) компаниясы кеншілерінің өндірістегі қазасына байланысты қозғалып, сотқа және үкімге жеткен бірінші қылмыстық іс.

🔸 2022 жылы қарашада Ленин атындағы шахтада болған жарылыстан 5 адам қаза тапқан. Тағы төрт шахтер қатты зардап шекті.

Сот айып тағылған төрт адамның бәрін кінәлі деп тапты, бірақ прокурор сұрағаннан аз мерзімге жаза тағайындады:

🔸 Ленин шахтасындағы техникалық қызметтің бас инженері Петр Ли бес жылға сотталды, прокурор оны жеті жылға бас еркіндігінен айыруды сұраған;

🔸 желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Аблов төрт жылға бостандығынан айырылды;

🔸 ауаға қауіпті заттар тарайтын учаскелерді болжау қызметі басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Талғат Баекенов пен өндірістік қызмет ауысымының басшысы Андрей Завьялов төрт жарым жылға сотталды. Прокурор үшеуін де алты жылға бас еркіндігінен айыруды сұраған.

Үкімнен кейін сотталушыларды сот залынан қолына кісен салып алып кетті. Сот оларға көмір өнеркәсібінде басшылық лауазымда жұмыс істеуге үш жылға тыйым салды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 6 маусымда Қарағанды облысындағы Шахтинск қалалық сотында Ленин атындағы шахтада кеншілер қазасына себеп болған жарылысқа байланысты айып тағылған адамдарға үкім шықты Бұл – кейінгі жылдары бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" (қазіргі Qarmet) компаниясы кеншілерінің…
🗣 Жәбірленушілер сот үкіміне келіспейтіні жөнінде шағым түсіретінін айтты.

"Cот шешіміне көңіліміз толмайды. Жаза мерзімі аз. Олар кейін бостандыққа шығады, ал біз туыстарымызға тек зиратқа баратын боламыз" деді Азаттыққа қаза тапқан кеншінің анасы Галина Инкина.

Сотталушылардың бірінің әйелі Елена Ли айыпталушылардың жақындары да сот үкіміне келіспейтінін, шағым түсіретінін мәлімдеді.

Бұған дейін сотталушылар тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген. Олар да, адвокаттары да журналистерге пікір бермеді және өздерін фото-видеоға түсіруге қарсы болды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Бейбарыс Сүлеймен 7 ай бұрын "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды", "заңсыз қару сақтады", "заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды" деген күдікпен Шымкенттегі №69 абақтыға қамалған. Қант диабеті ауруымен есепте тұрған. Қамауда дерті асқынған Бейбарыс 22 қарашада ауруханада…
💬 Шымкент соты абақтыда дерті асқынып, ауруханада көз жұмған тұрғынды кінәлі деп тапты

Сот марқұм Бейбарыс Сүлейменді "Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Бұзақылық", "Өзінше билік ету" баптары бойынша айыпты деп таныды.

Айыпталушының қайтыс болуына байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Марқұмның туыстары сот үкіміне келіспейді.

Сүлейменмен бірге қамауға алынған бес адам үшеуі шартты жаза алды, сот қалған екі адамды бас еркіндігінен айыруға үкім етті.

Ата-анасы тергеу органдарын Бейбарысты "азаптады, уақытылы дәрі бермеді" деп кінәлаған. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұтқынды азаптау туралы айыптарды жоққа шығарған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ақтауда "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау операторының мердігері — "Зевс Энерго" компаниясының 70 өрт сөндірушісі алты күннен бері жалақыны көбейтуді талап етіп жатыр

Ереуілшілер шүберектен күнқағар жасап, қаладағы жұмыс беруші кеңсесінің алдында отыр.
Өрт сөндіруші Саламат Хайтпаевтың Азаттыққа айтуынша, қазір олардың жалақысы — 130 мың теңге, еңбек демалысына 70 мың теңге алады. Олар жалақыны 350 мың теңгеге көбейтуді, әлеуметтік көмек және еңбек демалыстарына сауықтыру пакеттерін қосып беруді талап етеді.

Өрт сөндірушілер бұл талапты биыл ақпанда да қойған. Бірнеше күн жұмысты тоқтатып, компания басшылығының "талап орындалады" деген уәдесінен соң қайта жұмысқа шыққанын айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Ақтауда "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау операторының мердігері — "Зевс Энерго" компаниясының 70 өрт сөндірушісі алты күннен бері жалақыны көбейтуді талап етіп жатыр Ереуілшілер шүберектен күнқағар жасап, қаладағы жұмыс беруші кеңсесінің алдында отыр.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Өрт сөндірушілер ереуіл басталғалы президентке, үкімет басшысы мен облыс әкіміне бірнеше рет үндеу жолдаған. Әзірге ешбірі жауап берген жоқ.

Олардың сөзінше, мекеменің Ақтаудан бөлек Жаңаөзен, Қаражанбас пен Қаламқас кеніштеріндегі өрт сөндірушілер де жұмысқа шығудан бас тартқан.

Ереуілшілерге 5 маусымда жұмыс беруші мен "ҚазТрансОйл" өкілі барған. Олардың бірі "талапты орындай алмайтынын" айтса, екіншісі "жалақы тендерден соң отыз пайыз көтеріледі" деген.

Олардың жауабына наразылардың көңілі толған жоқ. Өрт сөндірушілер "350 мың теңге жалақы төлеу талабы орындалмайынша кеңсе алдында жатамыз" дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴 Апелляция "Айкөркем ісі" бойынша айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айырды 28 наурызда Астанадағы әскери сот ақтау үкімінің күшін жойды. ❗️ Бұған қоса, сот қорғаныс министрлігіне жеке ұйғарым шығарған. Ол "қаруды пайдалану…
🗣 Жоғарғы сот Қаңтар кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның қазасына байланысты сотталған әскери қызметкер Арман Жұманға шыққан сот үкімінің күшін жойды

Кассациялық шағымды екі тарап та түсірген. Сот алқасы шағымдарды ішінара қанағаттандырып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге шешім қабылдаған.

🔸 Жұманның адвокаты Оксана Мусохранова Азаттыққа берген жауабында кассациялық шағымында айыптау үкімінің күшін жоюды, әскери қызметкерді ақтауды сұрағанын айтты.

Оның айтуынша, Жұман 28 наурыздан бері Астанадағы тергеу изоляторында отыр.

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан Азаттыққа Жоғарғы сот шешіміне келіспейтінін айтты.

🗣 "Талаптарым бұрынғыдай. Кінәлілердің бәрі жауапқа тартылсын, айыптауды "Адам өлтіру" бабына ауыстырсын. Әзірге бір адамды ғана соттады, оның өзін "Билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша. Сол кезде үш балам зардап шекті. Үлкен ұлыма үш оқ, үлкен қызыма жеті оқ тиді. Айкөркем көз жұмды, оның басына оқ тиді. Төртіншісі психологиялық шок алды. Соттың әділ және ашық өткенін талап етемін" деді Айдос Мелдехан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Талибан" режимін "Ауғанстандағы ұзақ мерзімді фактор" деп атап, ҰҚШҰ-ға мүше елдерге Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсене тартуды ұсынды Бұл туралы ол 3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Заңгер, азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев бас прокурор Берік Асыловты сотқа берді

Ол шағымда "Асыловтың өтінішімен "Талибан" ұйымын террористер тізімінен шығару заңсыз" деп жазған.

Бұл ұйымды Асыловтың өтінішімен Жоғарғы сот былтыр 20 желтоқсанда террористер тізімінен шығарған. Ильяшев "Талибан" қозғалысын террористер тізімінен алып тастауды әрі тізімнен шықпай тұрып "Талибанмен" сауда қарым-қатынасын орнатуды заңсыз деп санайды.

🗣 "Қазақстан билігі диалог жүргізу үшін кімді дұрыс деп санайды? Сонда Тоқаевқа қолында қаруы бар, қарсыластарын өлтіре салатын, оппоненттер жетекшісін асып өлтіретіндер, билік үшін қан төгетіндер дұрыс адамдар ма? Ал билікке бейбіт жолмен қарсы шыққан, түрмеде жатқан, конституциялық құқығын пайдаланып, сот арқылы өзінікін дәлелдеуге тырысып жүрген адамдар кім онда? Осы басты қайшылық болып отыр" деді Ильяшев.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Саид Максимов Instagram желісінде Қазақстандағы ұйғырлар қауымының басын қосуды көздейтін Digital Yurt ("Цифрлы киіз үй") жобасын бастаған. Бұл жоба аз ғана уақыт ішінде көптің қолдауына ие болады деп ойламағанын айтады.

🗣 "Жастар тарихын білгісі келеді. Бірақ оларға үлкен кісілер баратын жерлер мен дәстүрлі шаралар қызық емес. Цифрлық технологияларды қолдануымыздың себебі – осы. Бір жағынан қобалжыдық, екінші жағынан қиын болды. Өйткені біздің қауымдастықтың қандай мәселелері барын білмейтінмін" дейді ол.

Ұйғырлардың басындағы осындай көп мәселенің бірі Қазақстанның шығыс шекарасының арғы бетіндегі Қытайда болып жатыр.

Шыңжаң өңірінде 12 миллион ұйғыр тұрады. 2017 жылы Қытай басшысы Си Цзиньпин елдегі діндердің бәрі қытай дініне қарай бейімделуі керек деген жарлық шығарғаннан кейін аз ұлттарға қарсы қуғын-сүргін басталды. Белсенділер мен құқық қорғаушылар бұл шараны ұйғыр мәдениетіне қарсы науқан деп бағалады.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Куба билігі Гаванаға келесі аптада ресейлік төрт кеме, оның ішінде "Казань" атом сүңгуір қайығы мен "Адмирал Горшков" ракета фрегаты келетінін хабарлады

Reuters мәліметінше, Ресей әскери-теңіз күштері кемелерінде ядролық қару жоқ екенін және олар аймаққа қауіп төндірмейтінін айтқан.

🗣 "Бұл сапар Куба мен Ресей арасындағы тарихи достық қарым-қатынасқа және халықаралық ережелерге сәйкес келеді" деді Куба сыртқы істер министрлігі.

Осы хабардан бұрын АҚШ әкімшілігіндегі дереккөз Ресей әскери-теңіз жаттығуларын өткізу үшін Кариб теңізі аймағына, соның ішінде Венесуэла мен Кубадағы одақтастарына әскери кемелер жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

АҚШ Гаванаға келгелі отырған ресейлік аздаған ұшақ пен кемені қауіп деп санамайтынын айтты, бірақ Америка әскери-теңіз күштері жаттығуларды бақыламақ.

Куба басшылығының мәліметінше, Ресей кемелері Гаванаға 12-17 маусым аралығында бармақшы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Video
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Ақтөбеде 13 жастағы Кәрім есімді баланы іздеп жатқанына төрт күн болды

Аутизм диагнозы қойылған бала 4 маусымда ата-әжесінің үйінде ашық қалған есіктен шығып кеткен.

Кәрім – отбасындағы бес баланың үлкені. Сөйлей алмайды, айналасынан көмек сұрауға да қабілетсіз. Судан, көліктен, қараңғыдан қорықпайды. Өз есімін естіген кезде мойын бұрып қарауы мүмкін.

❗️ Бала жоғалған жер Елек өзені жағалауына жақын. 5 маусымнан бастап іздеуші топқа сүңгуірлер де қосылған. Кәрімді 500-ден астам адам күні-түні іздеп жатыр.

Ақтөбе полициясының мәліметінше, баланы іздеуге полиция мен төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, еріктілер жұмылған.

Іздеушілер тобы иісшіл иттер мен 40 түрлі техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы мен ұшу аппараттарын да пайдаланып, әр шұңқырды, әр бұтаның түбін қарап жүр. Сол маңдағы үйлердің шатырлары мен аулаларын, кәріз желісі люктерін де тексерген.

Видео: Ақтөбе полициясы

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Швейцариялық Glencore компаниясы Қазақстандағы "Қазмырыш" кәсіпорынының 70 пайыз үлесін сату жолдарын қарастырып жатыр. Мұны Bloomberg агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеп хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, "Қазмырышты" сатып алуға қытайлық инвестор ықылас білдірген.

🔸 Кәсіпорынға қызығып отырған қытайлық компанияның аты әзірге беймәлім. Glencore өкілі шынымен сатыла ма деген сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Бас кеңсесі Өскеменде орналасқан "Қазмырыштың" баспасөз хатшысы да Азаттық тілшісіне ақпарат бере алмайтынын айтты.

🔸 "Қазмырыш" — Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Көкшетау облыстарында мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс сынды қымбат түсті металдар өндіретін ірі компания.

Bloomberg жазған келіссөз жасалса, Қазақстанның тау-кен өндірісінде жұмыс істейтін қытайлық компаниялар саны артуы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Израиль әскері Газа секторындағы мектепке шабуылдады. Олар ХАМАС пен "Ислам жиһады" топтары осы нысанды шабуылдарын жоспарлауға және іске асыруға пайдаланды деп, "барлау мәліметіне сүйеніп, 20-30 содырға әуеден шабуыл жасағанын" айтты.

BBC Израиль әскері Газа секторы орталығындағы Нусейрат босқындар лагерінде орналасқан БҰҰ-ға қарасты мектепке шабуылдаған деп хабарлады.

ХАМАС өкілі Израиль шабуылы салдарынан 40 адам қаза тапты, оның ішінде әйелдер мен балалар бар деп айтты.

АҚШ пен басқа да бірнеше ел бірігіп, Израиль мен ХАМАС-ты ымыраға келуге шақыратын мәлімдеме жариялады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ "Грузияда демократияны бұзғандарға" виза беруге шектеу енгізетін ниеті барын хабарлады

Ондай тұлғалардың арасында биліктегі "Грузин арманы" партиясы мүшелері, заң шығарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер Вашингтон грузин басшылары шешімін қайта қарайды деп үміттенетінін айтты. "Егер олай болмаса, АҚШ қосымша қадамдар жасауы мүмкін" деді Миллер.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Тбилиси "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заң қабылдағанына байланысты Вашингтон Грузиямен қарым-қатынасын қайта қарауы мүмкін деп мәлімдеген еді. Оппозиция бұл заңды Ресейдегі "Шетел агенті туралы" заңның көшірмесі деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM