Azattyq - Азаттық
11.7K subscribers
7.93K photos
3.41K videos
17 files
19.9K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында “Реал Мадрид” (Испания) - “Боруссия Дортмунд” (Германия) командасы кездеспек. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Азаттық тілшісі Руслан Меделбек Уэмбли стадионынан хабарлайды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Реал” командасы “Боруссия Дортмунд” клубының қақпасына екі гол салып, алға шықты. “Реал” фанаттарының екінші голға қуанған сәті.
Испанияның “Реал Мадрид” командасы - биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы. Финалда “Боруссия Дортмунд” командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша “Реал” бұл турнирде 15-рет топ жарды. Бұл - рекорд.
АҚШ, Катар және Египет ХАМАС пен Израильді бейбітшілік жоспарын қабылдауға көндіріп жатыр

Үш елдің 1 маусымда жариялаған мәлімдемесінде Америка президентінің ұсыныстары "Газа секторында атысты тоқтатып, дағдарысты реттеуді" қарастыратыны, бұл "Газа секторы тұрғындары мен секторда тұтқында отырғандарға да пайда әкелетіні" жазылған.

Сенбі күні сәл ертерек АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бейбітшілік жоспарын Египет, Катар және БАӘ сыртқы істер министрлерімен талқылаған.

t.me/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Украина АҚШ-тан Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасауға рұқсат алды. Енді не болады?

Апта басында зымыран қаупі жайлы алдын-ала ескерту беретін ресейлік құрылғыға белгісіз снаряд тиді. Украинаның әскери барлау қызметі украин дрондары түскенін хабарлады. Мұндағы маңыздысы – нысанның орналасу алшақтығы: ол Украина шекарасынан шамамен 1800 шақырым жерде орналасқан.

🔗ОҚУ
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың қараңғы жағына қонды

Бұл туралы "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабарлады. Аппараттың мақсаты – Айдың топырақ үлгілерін Жерге жеткізу.

Бұған дейін бірде-бір мемлекет Айдың қараңғы жағын зерттеп көрмеген. "Чанъэ-6" екі күн ішінде екі кило Ай топырағын жинауға тиіс. Ол ішкі Моңғолия ауданына шамамен 25 маусымда қонбақ.

Айға биыл осымен Жерден жіберілген үшінші аппарат қонып отыр. Қаңтар айында Айға – жапонның SLIM зонды, бір айдан кейін америкалық Intuitive Machines қонған.

t.me/azattyq
Azattyq - Азаттық
🗣 Грузия парламенті 28 мамырдағы дауыс беру нәтижесіне сай, бұған дейін "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заңға ел президенті қойған ветоны еңсерді. Бұл заңды сынайтындар осы құжатты Ресейдегі "Шетел агенті туралы" заңның көшірмесі деп санайды. Енді заң жобасы…
Грузин оппозициясы Батыс елдерін "шетел агенті" туралы заңды қабылдағандарға санкция салуға шақырды

Бұл жөнінде Азаттықтың Грузин қызметі жазды.

Олар Грузиядағы "адам құқығы мен демократиялық процестердің өрескел бұзылу жайттарына келгенде қатаң позиция ұстануға" үндеді.

Мәлімдеме авторларының айтуынша, 1 маусымға қараған түні 60 шақты адам "Біртұтас ұлттық қозғалысының" орталық кеңсесіне шабуылдаған. Күштік құрылымдар оқиғаға кеш реакция білдірген. Бұл Грузиядағы азаматтық және саяси белсенділердің қауіпсіздігіне ірі қатер төніп тұрғандығынан хабар береді дейді олар.

t.me/azattyq
Ресейдің Белгород облысы атқыланды, аудан басшысының орынбасары қаза болды

Корочанск ауданында жарылмай қалған снаряд іске қосылып жарылған. Жарылыс кезінде аудан әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Игорь Нечипоренко қаза болған. Аудан басшысы мен ауылдың екі жетекшісі жеңіл жарақаттанған.

Ресейдің қорғаныс министрлігі түнде Белгород және Курск облыстарында екі дрон атып түсірілгенін хабарлады, тағы бірі Азов теңізі төбесінде жойылған. Жексенбі күні таңертең Белгородчино қаласында да төрт дрон жойылған.

t.me/azattyq
Ирандағы президент сайлауы: Махмуд Ахмадинежад кандидат ретінде тіркелді

Ахмадинежад 2005-2013 жылдар аралығында екі мерзім президент болған. Екінші мерзім тұсында оның қайта сайлануына қатысты елде наразылық тұтанып, күшпен басып-жаншылған, қудалау күшейген. Президент болғанға дейін ол Ардебиль провинциясына жетекшілік етті, Тегеран мэрі болды.

Мемлекет басшысы болып тұрған тұста Ахмадинежад Ресей және араб елдерімен байланысты күшейтуді қолдап, АҚШ әкімшілігін қатаң айыптаған, Израильге қатысты қатаң мәлімдемелер жасаған.

t.me/azattyq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Стамбұлда тұрғын үй опырылып құлап, бір адам қаза болды, жеті адам зардап шекті

Олар ауруханаға жеткізілген, екеуінің жағдайы ауыр. Milliyet басылымының жазуынша, бір адам қаза болған. Құтқарушылар үйіндіні әлі аршып жатыр, онда тағы адамдар болуы мүмкін.

Тұрғындардың сөзінше, үй баяғыда сүрілуі тиіс болған, алайда үй иесі тұрғындарды көшіріп үлгермеген.

Кючукчекмедже ауданындағы үй 1988 жылы салынған.

Видео: anadoluajansi

t.me/azattyq
💬 Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Сингапурда өтіп жатқан "Диалог Шангри-Ла" форумы барысында кездесті

Кездесуден кейін Зеленский телеграм-арнасында Пентагон басшысымен Украинаның әуе қорғанысын күшейту, F-16 жойғыш ұшақтарын тасымалдау, сонымен бірге қауіпсіздік бойынша екіжақты келісімге дайындық мәселелерін талқылағанын жазды.

Украина жетекшісі Ресей аумағындағы нысандарға Америка қаруымен соққы жасауға рұқсат бергені үшін АҚШ президенті Джо Байденге алғыс айтты.

Зеленскийдің сөзінше, соққы жасаудағы мақсат – әскери қимыл аймағын кеңейткісі келетін Ресей әскерінің әрекетіне төтеп беру.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Атырау облысында жоғалған екі адамды құтқарушылар өлі күйінде тапты Бұл жөнінде Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құлсары қаласы Шоқпартоғай ауылының 33 жастағы тұрғыны 23 мамырда Жем өзеніне қайығымен балыққа шығып, қайтып оралмаған.…
🗣 Атырау облысында тағы бір адам суға батып кетті

2 маусымда облыстың төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 20 шақырым жердегі Жем өзенінен жайылған судан 36 жастағы ер адамның денесін тапты. Департамент мәліметінше, ол достарымен балық аулауға барғанда суға батып кеткен.

Өткен аптада Атырау облысында құтқарушылар суға батқан үш адамның денесін тапты. Оның бірі — кәмелетке толмаған бала.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың көмекшісі Тель-Авив АҚШ президенті Джо Байден таныстырған Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы жоспарға келіскенін хабарлады

Дегенмен Офир Фальк жоба әлі піспеген, біраз жетілдіру керек деп мәлімдеді.

Нетаньяхудың сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Израиль ХАМАС кепілде ұстап отырған адамдарды қайтарудан бөлек, "геноцидке жауапты ХАМАС-ты террористік ұйым ретінде жою" туралы шартынан бас тартпайды деп айтты.

Бұған дейін ХАМАС тобы АҚШ президентінің бастамасын алдын ала құптаған. ХАМАС Газа секторынан Израиль әскерін түгелдей шығаруды, палестиналықтардың еркін жүріп-тұруын, аймақты қалпына келтіруге көмектесуді талап етті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ-тың Огайо штатында болған атыстан бір адам қаза тауып, 24 адам жараланды

Оқиға түн ортасынан ауғанда Акрон қаласында болған. Жергілікті БАҚ атыс болған жерден ондаған гильза мен қару табылды деп хабарлады. Тергеу басталған, бірақ ұсталғандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Атыс себебі мен кім оқ атқаны белгісіз.

АҚШ-та қаруға бақылауды күшейту жөніндегі пікірталас жалғасып жатыр. Былтыр елде 40-қа жуық адам атыс салдарынан мерт болған. АҚШ президенті Джо Байден қаруға қатысты заңнаманы "ақылға қонымды" етіп реформалауға шақырады. Дегенмен ұлттық атқыштар қауымдастығы бұған қарсы, олар америкалықтар өзін-өзі қорғау керек деген уәжді алға тартады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Германия канцлері Олаф Шольц "Шығыс Германия экономикалық форумында" НАТО қажет болған жағдайда өзін қорғауға дайын екенін айтып, Мәскеу мұны нақты түсінуі керек деп мәлімдеді

Осы іс-шараға Шольцпен бірге Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните де қатысты.

Германия үкіметінің басшысы НАТО-ның Ресеймен шекарадағы Балтық елдерінде болуына Берлин жетекші рөл атқарғанын айтты.

🔸 Канцлердің айтуынша, НАТО болашақта бұл аймақта тұрақты түрде толық бригада ұстауды жоспарлап отыр. "Қауіпсіздік саясатындағы бұл өзгеріс Ресейге НАТО аумағының әрбір шаршы метрін шабуылдан қорғауға дайын екен көрсетуге қажет" деді Олаф Шольц.

🔸 Путин "НАТО елдерінің өкілдері, әсіресе Еуропадағылар, шағын елдер немен ойнап отырғанын түсінуі керек. Олар аумағы жағынан кішкентай екенін және халқы тығыз орналасқанын есте ұстауға тиіс. Ресейге шабыл жасау туралы бірдене айтпас бұрын осыны білу керек" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Қазақстанда көктемдегі тасқын үйсіз қалдырған мыңдаған отбасының арасында билік уәде еткен өтемақы тезірек берілсе дейтіндер де, оның көлеміне келіспейтіндер де бар. Әлі шығын көлемін біле алмай жүргендер де көп.

Үкімет кей өңірде үй салу басталып кеткенін хабарлаған. Төрт жыл бұрынғыдай жағдай қайталанып отыр. Ол жолы Өзбекстанда су қоймасы жарылып, Қазақстанның Түркістан өңірінде бес ауылда жүздеген үйді құлатқан. Зардап шеккендер бірнеше айдан соң жаңа үйге кірген.

Азаттық тілшісі Өргебас ауылының қазіргі жағдайын көріп қайтты.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM