Azattyq - Азаттық
11.1K subscribers
7.57K photos
3.31K videos
17 files
19.3K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
12 мамырда Астанада оппозициялық белсенді Эльвира Бекзадина президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бес жылдығына орай сауалнама жүргізбек болған. Алайда полиция оны ұстап әкеткен. Полицияның өзін ұстаған сәтінен түсірілген видеоны белсенді әлеуметтік…
💬 "Қауіпсіздік органы қызметкерінің талабына бағынбағаны" үшін сот белсенді Эльвира Бекзадинаға 110 760 теңге (250 доллар) айыппұл салды. Бұл туралы 14 мамырда #NotExtremists телеграм-арнасы жазды.

Жексенбі, 12 мамырда полиция Бекзадинаны Астанадағы "Серуен" көпірінен әкетіп, учаскеде бірнеше сағат ұстап отырған.

Qaharman құқық қорғау қорының мәліметінше, белсенді сол күні "президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бес жылындағы бес жетістігі" тақырыбында сауалнама жүргізбек болған.

🔸 Белсенді Бекзадина полицияның өзіне күш қолданғанын мәлімдеді. Айтуынша, олар құжаттарын көрсетпеген, ұстау себебін де түсіндірмеген. Сол сәтті тікелей эфирде көрсеткен белсендінің телефонын қолынан тартып алғаны видеода көрінеді. Полиция оны Сарыарқа ауданындағы басқармаға жеткізіп, бірнеше сағат ұстаған.

🔸 Qaharman мәліметінше, полиция белсендінің үстінен 24 сәуірдегі басқа оқиға үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырған, белсенді ол күні жақтастарымен бірге "Алға, Қазақстан!" бастамашыл тобын партия ретінде тіркеуге Астанадағы әділет министрлігіне құжат тапсыруға барған. Сол жерде олар өз мәселесі жайлы журналистерге айтпақ болғанда, полиция оларды "өзгелерге кедергі жасадыңыздар" деп сыртқа шығарып жіберген.

Полиция белсендінің ұсталғанына, құқық қорғау тобының айыбына қатысты түсініктеме бермеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Алматыда феминистік белсенділер Қуандық Бишімбаевқа өмірлік жазаны талап етіп наразылыққа шықты “Власть” сайтының хабарлауынша, “Феминита” бастамасы өкілдері қаладағы Арбаттан Қазақ ұлттық опера және балет театрына дейін шерулетіп жүрген. Олар өз әйелін қатігездікпен…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Бишімбаев үкімінен кейін Алматы қаласында шеру өткізген феминист белсенділер "бейбіт митинг өткізу тәртібін бұзды" деген күдікпен полицияға шақырылып жатыр

14 мамырда полиция Гүлзада Сержан мен Ясмин Агулиеваны ұстап әкетті.

Кеше Астанадағы сот "әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты 24 жылға бостандығынан айырды. Ал "қылмысты жасырды" деп айыпталған Бақытжан Байжановты 4 жылға соттады.

Кешкісін Алматыдағы феминист белсенділер Бишімбаевқа өмірлік жазаны талап етіп наразылыққа шықты. Олар Арбаттан Қазақ ұлттық опера және балет театрына дейін шерулеткен.

Бейбіт шеруге шыққандар әкімдікке алдын ала ескерту жібермеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
14 мамырдағы негізгі жаңалықтар:

🔸 "Әскерде әлімжеттік көрдім" деген сарбаздың сөзіне дәлел табылмай, іс тоқтап қалды

🔸 Тасқыннан көшкен жұрттың жартысына жуығы үйіне оралды

🔸 АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Киевке барды

🔸 Қырғыз блогерінің "некесіз жыныстық қатынас" жайлы сөзі дау тудырды

Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻

🔺 Жайық деңгейі қауіпті межеден асты. Атырау мен облыстағы қазіргі ахуал қандай?

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
9 мамырда Совет одағының туын көтерген адамдармен шекісіп қалған белсенді Жанболат Шәйзада бес тәулікке қамалды. Алматы қалалық әкімшілік соты оны “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін белсенді Азаттыққа өзіне тағылған айыппен келіспейтінін…
⚡️ 9 мамырда Алматыда Совет одағының туын көтерген адамдармен шекісіп қалып, кейін "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сот шешімімен бес тәулікке қамалған белсенді Жанболат Шәйзаданы күтіп алуға қалалық полиция департаментінің алдына 50-ге жуық адам жиналды.

Бұған дейін Шәйзаданың сағат 23.00-де қамаудан босап шығатыны айтылған.

Белсенді Жанболат Шәйзада 9 мамырда көшеде СССР туын іліп жүрген көлікті тоқтатып, ондағы адамдармен шекісіп қалғанын, балағат сөз айтқанын растады. Бірақ өзіне тағылған айыпқа келіспейтінін айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ 9 мамырда Алматыда Совет одағының туын көтерген адамдармен шекісіп қалып, кейін "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сот шешімімен бес тәулікке қамалған белсенді Жанболат Шәйзаданы күтіп алуға қалалық полиция департаментінің алдына 50-ге жуық адам жиналды. Бұған…
📹 Белсенді Жанболат Шәйзаданы күтіп алуға жиналғандардың кейбірі Қазақстан туын ұстаған. Азаттық тілдескен адамдар Шәйзаданың қамалғанын "әділетсіз" деді. Олардың сөзінше, "Кеңес одағының туын көтеріп жүру ел тәуелсіздігіне қауіпті".

Жанболат Шәйзаданы уақытша ұстау изоляторынан үш сағатқа ерте шығарып жіберген. Ол полиция департаментінің алдына келіп, өзін алдымен Алатау ауданының полиция бөлімшесіне апарғанын айтты.

Белсенді "тағылған айыпқа келіспеймін. Бірақ ашуға бой алдырып, тәртіп бұзғаным рас" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Настоящее Время арнасы қазір Тбилисидегі "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" даулы заң жобасына қарсы наразылықтан тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

14 мамырда Грузия парламенті соңғы үшінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Сыншылар оны Ресейдегі "Шетел агенті туралы" заңға теңейді.

Құжатты қолдап 150 депутаттың 84-і дауыс берді, олар — заң жобасын ұсынған "Грузия арманы" партиясының өкілдері мен олардың одақтастары. Заң жобасына 30 депутат қарсы дауыс берген.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣14 мамырда Түркістан қалалық соты азаматтық тәртіппен Отырар аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар Есжановтың "Аманат" партиясы Түркістан облыстық филиалының саяси кеңес бюросының өзін партия тізімінен шығару туралы қаулысының күшін жою туралы берген шағымын қарай бастады.

Есжанов "Аманат" партиясы "партияда жоқ адамды ұйым қатарынан шығарды" дейді. Ал партия өкілі депутатқа партия мүшесінің билеті берілгенін айтады.

Мұхтар Есжанов 2023 жылы наурызда аудандық мәслихат депутаттығына "Аманат" партиясынан түсіп, жеңген. Жарты жылға жетпей аудандық мәслихаттың сессиясын өткізу күнін белгілеу тәртібі бұзылып, мәслихат төрағасының бұл шешіміне Есжанов қарсы болған. Дау сол кезде басталған.

🗣 "Аманат" атынан депутаттыққа түскенім болмаса, партияға мүше болу туралы өтініш жазып, билет алған емеспін. Партияның облыстық филиалының саяси кеңес бюросы заңдылықты талап еткенім үшін шара қолданып, партиядан шығарды. Артынан депутаттық өкілеттігімді тоқтатты" дейді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Айгүл Сержанова былтыр жыл соңына қарай тұмауратып, дәрігерден антибиотик салдыру туралы нұсқау алады. 49 жастағы әйел ауылдағы ем-дом бөлмесінде укол салдырып, бірер уақыттан соң көз жұмады.

Оқиға Алматы облысындағы Көксай елді мекенінде болған. Туыстарының сөзінше, сынамасыз салынған екпеден әйелдің ағзасы анафилактикалық шок алған. Марқұмның артында күйеуі мен төрт баласы қалды.

Марқұмның қызы Салтанат Қарабаева "анамның өлімі бойынша іс баяу тергеліп жатыр" деп наразы. Ол бес айдан бері сот-медициналық сараптамасының қорытындысын ала алмай жүр. "Тергеушілер де іс туралы сұрағыма жауап бермейді" дейді.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ қауіпсіздік саласы бойынша Украинамен 10 жылға келісім жасаспақ. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 14 мамырда Киевтің политехника институтында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, келісім бойынша АҚШ Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздігін бірқатар салада – "авиациядан әуе шабуылына қарсы қорғанысқа шейін, дрондардан минадан тазалауға дейін" қолдамақ.

Блинкен екі ел арасындағы қауіпсіздік келісімі Украинаның әскери-өнеркәсіп кешенін тезірек дамытуға көмектеседі және болашақта Киевке оқ-дәрілер мен артиллерия шығаруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мәдениет үйіне жиналды

Олардың бірі бүгін, 15 мамырда өздерін жергілікті әкімдік шақырғанын айтты. Тұрғындар жөнделетін немесе жарамсыз үйлер бағасын және өтемақы сомасын білуге келіп отыр.

Бұған дейін тұрғындар 2 мамырда баспана шығынын өтеуді талап етіп, орталық алаңға жиналған. Кешкі сағат сегізде жиналған жұрт түнгі бірге дейін тарамады.
Олар бір шаршы метр үшін 400 мың теңге төлеуді талап етті және ақша қолға берілсін не "есепшотымызға аударылсын" деді.

Кейін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов 15 мамырдан бастап бағалау комиссиясының алғашқы есебі беріледі деп уәде берген. Жұрт содан кейін барып тараған.

Тұрғындар әкімнің уәдесінен шаршағанын, енді тек президент Тоқаевқа қайырылатынын айтады. Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мәдениет үйіне жиналды Олардың бірі бүгін, 15 мамырда өздерін жергілікті әкімдік шақырғанын айтты. Тұрғындар жөнделетін немесе жарамсыз үйлер бағасын және өтемақы сомасын білуге келіп отыр.…
🔴 Құлсары тұрғындары мәдениет үйінен шығып, Жылыой ауданы әкімдігіне барды

Олар аудан әкімі орынбасарының баспана шығыны бойынша жауабына көңілі толмай, әкімдіктен өтемақы сомасын қолына беруді талап етіп жатыр.

Әкімдік алдындағы халыққа аудан әкімі Жұмабек Қаражанов шыққан.

Жағдайды полиция бақылап тұр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴 Құлсары тұрғындары мәдениет үйінен шығып, Жылыой ауданы әкімдігіне барды Олар аудан әкімі орынбасарының баспана шығыны бойынша жауабына көңілі толмай, әкімдіктен өтемақы сомасын қолына беруді талап етіп жатыр. Әкімдік алдындағы халыққа аудан әкімі Жұмабек…
📹 Құлсары тұрғындарының айтуынша, әкімдік "баспана шығынын тұрғындар қолына бермейміз" деп айтқан

🗣 "Ол ақшаға басқа үй аласың немесе соған белгіленген жерден үй салып береміз дейді. Жаңа Қаратон ауылы мен Болашақ ықшам ауданынан немесе Атырау облысынан таңдаған үйді алып береміз деді. Халық бұған наразы. Ақшасын қолға бер, өзіміз саламыз деп отырмыз" дейді тұрғын Гүлби Қуанышқызы.

Жұрт "мердігерлер үйді сапасыз салады" деп алаңдап отыр. Олар үйлерін өзі күреп, өздері қалағандай сапалы салғысы келетінін айтты.

🗣 "Бізге берген ақшаны құртып жібересіңдер дейді. Біздер қалай қаңғып жүреміз, адамдар ол ақшаға үй алады ғой" деді Азаттық сөйлескен Құлсары тұрғыны Гүлби Қуанышқызы.

Айтуларынша, аудан әкімінің орынбасары Құлсарыда 570-ке жуық үй апатты жағдайда деп танылған деген. Әкім орынбасары Азаттық сұрағына әзірше жауап бермеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті

Оның орнына міндетін атқарушы болып Асхат Хасенов тағайындалды. Ол 2022 жылғы қаңтардан бері энергетика вице-министрі болған.

41 жастағы Хасенов 2019-2022 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Құлсары тұрғындарының айтуынша, әкімдік "баспана шығынын тұрғындар қолына бермейміз" деп айтқан 🗣 "Ол ақшаға басқа үй аласың немесе соған белгіленген жерден үй салып береміз дейді. Жаңа Қаратон ауылы мен Болашақ ықшам ауданынан немесе Атырау облысынан…
📹 Құлсары тұрғындары талаптары орындалмайынша әкімдік алдынан кетпейтінін айтты. Азаттыққа видео жіберген тұрғынның сөзінше, халық әлі де жиналып жатыр.

Тұрғындар "президент Тоқаев Құлсарыға да келсін!" деген талап айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Украинаны соғыста жеңуді көксеген Путин қорғаныс министрін ауыстырды. Бұл нені білдіреді?

Ресей президенті Владимир Путин президент қызметіндегі бесінші мерзімін үкіметте көптен болмаған ауыс-түйістен бастады. Сарапшылар пікірінше, бұл Украинаға қарсы ұзаққа созылған әрі аса қымбатқа түскен басқыншылық соғысты одан ары жалғастыру қажеттігінен туындады, оған қоса Батыс елдерімен арадағы шиеленістің күшеюінің салдары.

12 мамырда Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметтен алды. Ол көп жылдан бері Путиннің ең жақын әрі сенімді адамы болып келді. Көбі Путин билігін Шойгуге сеніп қалдыруы мүмкін деп топшылаған.

Қорғаныс министрі қызметіне премьер-министрдің бірінші орынбасары, 65 жастағы экономист Андрей Белоусов тағайындалды. Ол бұрын экономикалық даму министрі болған.

🗣 Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының сарапшысы Александр Баунов телеграмда "қорғаныс министрлігіне Кремльдің бас экономисін басшы етіп тағайындау Путиннің соғыста қорғаныс өнеркәсібі кешені мен халықаралық нарық есебінен жеңіске жеткісі келетінін көрсетеді. Бұл – логикалық тұрғыдан дұрыс шешім, өйткені соғыс барысында қауіпсіздік саласына қарағанда, экономика әлдеқайда тиімді жұмыс істеді" деп жазды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM