Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5 наурыздағы негізгі жаңалықтар:
🔸 Украина "Қырымда Ресейдің патруль катерін батырып жібергенін" мәлімдеді
🔸 Министрлік көптің наразылығын туғызған утилизация алымы арзандамайтынын айтты
🔸 43 мемлекет Навальный қазасын халықаралық тәуелсіз тергеуді талап етті
🔸 Алматы әкімдігі әйелдер митингісіне рұқсат берді. Бейбіт жиынға рұқсат ала алмаған феминистер бұл шешімге наразы
Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻
🔺 "Суық үйде тоңғанымыз аздай, өсімпұл артып қойды". Шығыс ауылындағы қандастарды қинаған жағдай
❤️ Азаттыққа жазылыңыз
Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурор Марат Арыстанов "Исахов қала әкімінің бірінші орынбасары қызметінде жүріп аса ауыр қылмыс жасаған" дейді.
"Ұсталғаннан қысым көрсетті, әлі де түрлі қысым жалғасып жатыр" деді ол сот залында. Исахов қолдан пара беру операциясы ұйымдастырылды деп пайымдайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұл туралы Астанадағы брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов хабарлады.
Министрдің мәлімдемесін «Интерфакс» агенттігі жариялады.
Құдайбергеновтің айтуынша, үкімет шетел компанияларын елге көшіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тізімде 30-дан астам елдің 400-ге тарта компаниясы бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда Еуразия құқық қорғау ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетов өзіне "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қорғануға құқығы бар куәгер атанғанын, полиция үйі мен кеңсесін тінткенін хабарлады.
—Үй мен кеңсені тінтуге шамамен 30 полиция қызметкері қатысты. Олар флешка, ұялы телефон, ноутбукты тәркілегісі келетінін айтты. Мен оларды беруге келістім. Олар заттарды тәркілеп, тінтуді жалғастырды. Діни әдебиет іздеді: Құран мен бұрынғы қызметкерден қалған шағын Библияны алды. Палестина елшілігі берген алғыс хат болатын, оны да тәркіледі, - деді Айтмағанбетов брифинг кезінде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Қарағандыда құқық қорғаушы үйі мен кеңсесінде тінту болғанын хабарлады
Қарағандыда Еуразия құқық қорғау ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетов өзіне "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қорғануға құқығы бар куәгер атанғанын, полиция үйі мен кеңсесін тінткенін хабарлады.
"Қадір-қасиет" және Құқық қорғаушылардың…
"Қадір-қасиет" және Құқық қорғаушылардың…
Қазақстандық сейсмологтар 6 наурыз сағат 5:09-да жер сілкінісін тіркеген.
Эпицентрі – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында болған (афтершок)
Энергетикалық классы — 12.6. Магнитудасы — 5.4.Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Украина барлау қызметінің хакерлері Ресей қорғаныс министрлігінің серверіне шабуылдады. Бұл туралы "РБК-Украина" барлау қызметіне сүйене отырып хабарлады. Мәліметті The Insider растады.
"РБК-Украина" мәліметінше, кибершабуылдан Ресей қорғаныс министрлігінің сайты, домендері және IP-телефония жүйесі, сонымен бірге электронды құжат алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламасы да бұғатталған. Министрлік сайты шынымен жұмыс істемей тұр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қамаудағы белсенді, журналист Әйгерім Тілеужанға жаңа қылмыстық іс қозғалды
Бұл жөнінде адвокат Айнара Айдарханова “Власть” басылымына хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, белсендіге “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” (107-бап) бабы бойынша іс қозғалған. Бұл іс бойынша Әйгерім қорғануға құқығы бар куәгер атанған. Іс “өзге сотталушымен арада болған кикілжіңге” байланысты ашылған деп айтылады.
"Әйгерімнің айтуынша, кикілжің болған, бірақ ешқандай қол жұмсау болмаған. Сөзге келіп қалған, [дау] сол жерде біткен" деді Айнара Айдарханова.
Әйгерім Тілеужан сотталушы әйел өзі арандатпақ болғанын айтқан.
Іс Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірер алдында ашылып отыр.
👉Қамаудағы белсенді Әйгерім Тілеужан және "әуежайды басып алу" ісі бойынша материалды оқыңыз: "Бас имеймін, бұл – әділетсіздік!" Алматы әуежайын "басып алу" ісі бойынша сот қалай аяқталды?

Ұзақ уақыт оппозициялық газет шығарып, сол үшін талай қуғындалған Ермұрат Бапи қазір парламент мәжілісінің депутаты болып отыр. Азаттыққа берген сұхбатында Бапи парламенттегі жұмысы, азаматтық позициясы, елдегі тәуелсіз медиа және "жаңа" және "ескі" Қазақстан арасындағы текетірес туралы әңгімеледі.
🔗Сілтемеден өтіп көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Ермұрат Бапимен сұхбат
Азаттық оппозициядан парламентке барған мәжіліс депутаты, журналист Ермұрат Бапимен сұқбат құрды. Бапи билікті сынау көзқарасынан тайғанын, ендігі жерде билік пен қоғам арасында көпір болғысы келетінін жеткізді. Одан бөлек Қазақстандағы демократия, сөз еркіндігі…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Бәрін қамап жатыр. Әкімдіктің алды” дейді видеоны алыстан түсіріп тұрған адам.
Жаңаөзен әкімдігі полицияның аштық жариялаған азаматтарды ұстағанын растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5 наурызда Жаңаөзен әкімдігі алдында көптен бері наразылық жасап тұрған жұмыссыз азаматтардың біраз бөлігі (кей мәліметке қарағанда 15 адам) аштық жариялап, тұрақты жұмыс талап еткен еді.
Жаңаөзен тұрғыны Есберді Арсалы Азаттыққа ондаған адам ұсталғанын, кейбіріне айыппұл салынғанын айтты. Оның сөзінше, ұстау кезінде күш қолданылған.
“Қазір ғана құрдасыммен сөйлестім. Қазір ғана полициядан шығыпты. 110 мың теңге айыппұл салған. Жұмыссыз болғандықтан 30 пайызға қысқартып, ақыры 77 мың теңге төлеуге міндеттелген. Аштық ұстаған 15 жігітті Ақтауға жауып жатыр дейді. 30 жігітке айыппұл салған” дейді Есберді Арсалы.
Жаңаөзен әкімдігі аштық жариялағандарды полиция ұстағанын растады, бірақ күш қолданғаны туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді. “Жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу үшін аштық жариялағандар полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарынан кейін заңсыз әрекеттері тоқтатылды” деп жазылған әкімдік хабарламасында. Әкімдіктің айтуынша, 23 адам аштық жариялаған.

6 наурызда таңертеңгі сағат 8 жарым шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шы шақырымында екі көлік (Ларгус және Хайлюкс) соқтығысып, соның салдарынан Ларгус өртенген. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 8 адам қаза болғанын хабарлады.
3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілген. Олар ауруханаға жатудан бас тартқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Ресми ақпаратқа қарағанда, жол апатында қаза болған 8 адамның кемінде үшеуі – бала. Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалиннің сөзінше, 12 жастағы ер бала әкесімен бірге мерт болған. Екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге Ақтөбеге бара жатқан.
Ауыл әкімінің сөзінше, ересектер балаларды жеке шаруаларымен әкеткен. Ал көлік жүргізген жігіт Саркөлге жақын Кеңқияқ ауылының тұрғыны екен. Ол да қаза болған. Жол апатынан қайтыс болған өзге екі адамның кім екені әзір белгісіз.
❤️ Азаттыққа жазылыңыз
Ауыл әкімінің сөзінше, ересектер балаларды жеке шаруаларымен әкеткен. Ал көлік жүргізген жігіт Саркөлге жақын Кеңқияқ ауылының тұрғыны екен. Ол да қаза болған. Жол апатынан қайтыс болған өзге екі адамның кім екені әзір белгісіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңаөзенде әкімдік алдында бір күн бұрын аштық жариялаған жұмыссыз азаматтарды арнайы жасақ 6 наурызда таңғы сағат 4-5 шамасында ұстап әкеткен еді. Кей тұрғындардың айтуынша, ұстау кезінде күш қолданылған. Жаңаөзен әкімдігі полиция наразыларды ұстағанын растағанмен күш қолданғаны жөнінде ақпаратқа әзірге түсініктеме бермеді.
Тұрғындардың айтуынша, ұсталғандардың кейбіріне айыппұл салынған, кейбірі қамалған. Кейбірінің соты өтіп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Голливуд "жұлдызы" Оливер Стоун мен Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатын ұйымдастырған режиссер Игорь Лопатенок өз қызметін өзге де автократ басшыларға да ұсынған. Бұл туралы құпия құжаттарды қолға түсірген OCCRP ұйымы мен "Власть" басылымы мәлімдеді. Жағымсыз имиджді жағымды етуді көздейтін мұндай ұсыныстар Беларусь, Әзербайжан және Түркия президенттері мен өзге де авторитар басшыларға жасалған. Зерттеуде құпия құжаттар туралы тағы не айтылған?
OCCRP мен "Власть" өз дереккөзіне сілтеп, Стоун мен Назарбаев сұхбатына сценарийстер 150-ге тарта сұрақ жазғанын, оны Назарбаев өкілдерімен кемі бес рет талқылағанын, олар өткір сұрақтарды алып тастауды сұрағанын айтады.
🔗Сілтемеден өтіп көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Зерттеу: Назарбаевты мадақтайтын фильм және Оливер Стоунды "саудалаған" режиссер
Голливуд "жұлдызы" Оливер Стоун мен Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатын ұйымдастырған режиссер Игорь Лопатенок өз қызметін өзге де автократ басшыларға да ұсынған. Бұл туралы құпия құжаттарды қолға түсірген OCCRP ұйымы мен "Власть" басылымы мәлімдеді. Жағымсыз…
Үндістанның жеті азаматы бейнеүндеу таратып, Украинада Ресей әскері жағында соғысуға мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.
Видеоны NDTV үндістандық басылымның журналисі Ума Судхир X желісінде жариялады.
Жеті азаматтың айтуынша, олар Ресейге 2023 жылы желтоқсанның аяғында турист ретінде барған. Содан кейін бір туристік агенттігі оларға Беларусьқа да баруды ұсынған. Үндістандық азаматтар келіскен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Үндістан азаматтары Ресейде өздерін Украинаға қарсы соғысуға мәжбүрлеп жатқанын хабарлады
Үндістанның жеті азаматы бейнеүндеу таратып, Украинада Ресей әскері жағында соғысуға мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.
Видеоны NDTV үндістандық басылымның журналисі Ума Судхир X желісінде жариялады.
Жеті азаматтың айтуынша, олар Ресейге 2023 жылы желтоқсанның…
Видеоны NDTV үндістандық басылымның журналисі Ума Судхир X желісінде жариялады.
Жеті азаматтың айтуынша, олар Ресейге 2023 жылы желтоқсанның…
Ақпанда Ресей түрмесінде көз жұмған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная және Украина президентінің әйелі Елена Зеленская АҚШ президенті Джо Байден қатысатын конгресс жиынынан бас тартты. Бұл жөнінде The Washington post және "Украинская правда" басылымдары жазды.
Джо Байден 7 наурызда Вашингтонда кезекті жолдауын жасайды. The Washington Post басылымының жазуынша, Навальная және Зеленская АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байденнің қонағы болуы керек болған. Жоспар бойынша, Навальная мен Зеленская Ресей президенті Владимир Путинге қарсылықтың бейнесі болуы керек еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда төтенше жағдай кезінде дабылды естімей қалған немесе онда не айтылғанын түсінбеген адам да көп. Дабыл дыбысы жер қатты қозғалғаннан кейін шықты дейді болған жайттың куәгерлері. Жер сілкінгені туралы SMS-хабарлама да 20-30 минут кешіккен.
Facebook қолданушы Екатерина Андрусевич жер сілкінген кезде перзентханада болыпты. Оның айтуынша, хирург эвакуация жасауға уақытым жоқ депті.
"Жер бірінші сілкінгенде медбикелер бала босандыратын хирургтен "эвакуация жасаймыз ба?" деп сұрады. Бірақ дәрігер "бала босандырып жатырмын, эвакуацияға уақыт жоқ, жер сілкінісі күте тұрсын!" деп жауап берген. Осындай рухы мықты адамдардың, әсіресе дәрігерлердің өз ісіне адалдығына тәнті болдым", – деп жазды Алматы тұрғыны Екатерина.
🔗 Сілтемеден өтіп оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Алматыда бір жарым айда екі рет қатты сезілген жер сілкінісі нені аңғартты?
Алматы қаласында биыл екі рет қатты сезілген жерасты дүмпуі билік пен қоғамның төтенше жағдайға дайындығы қай деңгейде екенін көрсетті. Екі жолы да биліктің жұмысы қоғам сынына қалды. Елдегі ең ірі мегаполистің халқы да табиғат тосын мінез танытқанда өзін…
Azattyq - Азаттық
💵 Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылдан бері құны 732,8 млрд теңге болатын заңсыз активтерді мемлекетке қайтарған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.
"2022 жылдан бастап 1 триллион теңгеден аса ақша қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қозғалған қылмыстық істің аясында қайтарылды" деді Тілеукенов.
Ведомство Сатыбалдының ақшасы қалай және қайдан қайтарылғанын айтпады.
❤️ Азаттыққа жазылыңыз
"2022 жылдан бастап 1 триллион теңгеден аса ақша қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қозғалған қылмыстық істің аясында қайтарылды" деді Тілеукенов.
Ведомство Сатыбалдының ақшасы қалай және қайдан қайтарылғанын айтпады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇦🇲 Армения Еревандағы Звартноц әуежайынан ресейлік шекарашыларды шығаратынын мәлімдеп, Ресейге ресми хат жолдады.
Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, мұны Армения ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян мәлімдеген.
Оның сөзінше, Армения Звартноц әуежайын енді өз бетінше бақылауда ұстай алады. Ереван бұл әуежайдағы толығымен Армения әскері қызмет көрсетуі керек деп санайды.
Звартноц – Арменияның негізгі халықаралық әуежайы. 1992 жылы Мәскеу мен Ереван келісімге келіп, 30 жылдан аса уақыттан бері бұл әуежайды ресейлік шекарашылар бақылайды.
2024 жылы ақпанда ресми Ереван Армения Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелікті тоқтата тұратынын мәлімдеген. Артынша Армения парламентінің спикері Ален Симонян Звартноц әуежайынан ресейлік шекарашыларды шығаруға шақырған. Ресей сыртқы істер министрлігі Симонянның сөзін "достыққа сай келмейтін қылық" деп атаған еді.
Армения "ҰҚШҰ Таулы Қарабақта Әзербайжанмен қақтығыста көмек көрсетпеді" дейді.

🇺🇲 АҚШ-та республикашылар атынан президент сайлауына түсуге талпынып көрген Никки Хейли сайлау науқанын аяқтайтынын мәлімдеді.
Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы ресми өкілі болған Хейли 77 жастағы Дональд Трамппен бірге республикашылар атынан президенттікке кандидат болуға талпынып көрген.
Бірақ кеше, 5 наурызда болған "супер сейсенбідегі" праймеризде Хейли 15 штаттың біреуінде ғана (Вермонт штаты) жеңіске жетті. Ал қалған 14 штатта экс-президент Дональд Трамп басым түсті. Хейли сайлауға түсуден бас тартатынын мәлімдегенімен, Трампқа қолдау білдірген жоқ.
5 наурыздағы "супер сәрсенбіде" демократтар атынан 81 жастағы Джо Байден 14 штаттағы праймеризде басым болды.
Сонымен қарашада болатын сайлауда республикашылар атынан Дональд Трамп, демократтар атынан Джо Байден кандидат болуға жақын.
Сарапшылар Джо Байденнің жасы келіп қалғанын, ал Дональд Трамптың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтып, нақты болжам жасауға асықпайды.