🕌 أية قرآن | AYATKORANA
2.15K subscribers
23 photos
316 videos
197 files
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM

Қасиетті Құран Кәрімнен ең таңдаулы дұғалар.Дұғаларды жаттап әрқашан құлшылықтарыңызда айта жүріңіз.

Дұға 7/40 бөлім

[2/286] Уа, Раббымыз! Бізге шамамыз жетпейтін міндеттерді арта көрме! Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің және бізге жанашырлық танытып, мейіріміңе бөлегейсің! Сен біздің Иемізсің, қамқоршымыз әрі қорғанымызсың! Бізге мына кәпірлер қауымына қарсы (күресте) жәрдем беріп, жеңіске жеткізе көр!
🕌 أية قرآن | AYATKORANA
Video
Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

(«Хашр» сүресі 59:22)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
(Уа, Мұхаммед!) Құлдарымға Менің шынымен өте кешірімді, (әсіресе, мүмін құлдарыма) ерекше мейірімді екенімнен хабардар ет!

(«Хижр» сүресі 15:49)
1 Қадір түнінде оқылатын аранайы дұға.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).
   
«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни». 
Ислам ғұлмалары: «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген. 
Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген. 
Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.   
1 Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға.

«Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын». (Муслим)

«Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى، وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ، وَالْغِنَى
2 Жар таңдағанда жаңылыспас үшін, салиқалы әйел, ізгі ұрпақ сұрау және адамдарды абзалы болуды тілеу. 

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ете гөр әрі бізді тақуалардың алды қыл!». («Фурқан» сүресі, 74-аят)   

«Раббәнәә һәб ләнәә мин әзуәәджинәә уә зуррииәәтинәә қурратә әъюн, 
уә-джъәлнәә лил-муттәқиинәә имәәмәә». 

رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا
3 Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған дұғасы. (Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса Алла оның тілегін қабыл етеді)

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят).

«Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин».

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
4 Алладан күнә-қателіктеріңізге кешірім сұрау дұғасы

«Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!». (Бухари, Муслим)

«Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!»
5 Кімде-кім: «Құлшылыққа лайықты одан басқа құдай болмаған, Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Алладан кешірім тілеп және Оған тәубе етемін», - десе, ол тіпті ол (мемлекет басшысы бұйырған) ұрыс алаңынан қашқан болса да Алла оны кешіреді.(Тирмизи)

«Әстәғфируллаһ-әл-Азыймә әлләзи лә иләһа иллә һуәл-Хайюл-Қаййуму уә әтубу иләйһ!»

أَسْتَغْفِرُ اللَّه الْعَظيمَ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ القَيُوُمُ وَأَتُوبُ إِلَيه
6 Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға.

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын». (Бухари) 

«Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَ الْجُبْنِ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَال
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM

Қасиетті Құран Кәрімнен ең таңдаулы дұғалар.Дұғаларды жаттап әрқашан құлшылықтарыңызда айта жүріңіз.

Дұға 8/40 бөлім

[3:8] «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме! (Уа, Раббымыз, Өзіңнің мейірімің болмаса, тура жолда қалуымыз мүмкім емес, олай болса) бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейсің! Шүбәсіз, Сен Уәһһабсың (құлдарыңды мол сый-сияпатқа бөлеушісің)».
فَٱعْلَمْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسْتَغْفِرْ لِذَنۢبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ ۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مُتَقَلَّبَكُمْ وَمَثْوَىٰكُمْ

фәъләм әннәһу лә иләһә иллаллаһу уәстәғфир лиз̃әнбикә уәлилму'миниинә уәлму'минәт [қалә] уаллаһу йәъләму мутәқалләбәкум уәмәс̃уәкум

Ендеше, біліп қой, Алладан басқа құдай жоқ! Сондай-ақ өз күнәң үшін һәм мүмін ерлер мен әйелдер үшін Алладан кешірім, кеңшілік тіле! Алла сендердің барлық жай-күйлерің мен жүріс-тұрыстарыңды және ақырында қайда барып тұрақтайтындарыңды да жақсы біледі.

(«Мұхаммед» сүресі 47:19)
‏"اللهم انك عفوٌ كريم تحب العفو فاعفُ عنّا".