🕌 أية قرآن | AYATKORANA
2.16K subscribers
23 photos
316 videos
197 files
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз сол күнге дайындалдық па?

Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады.

«Хабарламаны қосыңыз, осылайша біздің жазбалардың ешқайсысын жіберіп алмайсыз».

«Біздің жазбалармен бөлісіңіз, сонда сіз Алланың қалауымен сауапқа ие боласыз». Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Жақсылыққа жетелеген адамға сол істегенмен бірдей сауап бар», - деген (Муслим).

@ayatkorana
IMG_0644.MP4
27.2 MB
Сүре Һуд [Һұд пайғамбар] – Аят 43

Күпірлікте қасарысқан ұлы: «Биік тауға шығып, судан аман қаламын», – деді. Нұх оған: «Бүгін Алланың жойқын пәрменінен аман алып қалатын бірде-бір қорған жоқ. Тек Алла кімді мейіріміне бөлесе, сол ғана аман қалмақ», – деді. Сол сәтте араларын алып толқын бөліп кетті де, ұлы суға батып, құрдымға кеткендердің бірі болды.

Қари: Mishary Rashid Alafasi.

«Біздің жазбалармен бөлісіңіз, сонда сіз Алланың қалауымен сауапқа ие боласыз». Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Жақсылыққа жетелеген адамға сол істегенмен бірдей сауап бар», - деген (Муслим).

@ayatkorana
IMG_2811.MP4
15.8 MB
Сүре Әл-Бақара [Сиыр] Аят 153

Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге.

Қари: Abdullah Al Mousa.

«Хабарламаны қосыңыз, осылайша біздің жазбалардың ешқайсысын жіберіп алмайсыз».

«Біздің жазбалармен бөлісіңіз, сонда сіз Алланың қалауымен сауапқа ие боласыз». Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Жақсылыққа жетелеген адамға сол істегенмен бірдей сауап бар», - деген (Муслим).

@ayatkorana
IMG_4905.MP4
20.2 MB
Rabbana дұғасы 10/40

Сүре Әли Имран [Имран жанұясы] – Аят 16

Тақуа жандар: «Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре көр һәм бізді тозақ азабынан сақтағайсың!» – деп жалбарынады.

Қари: Khalifa Al-Tunaiji.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Ән-Ниса [Әйелдер] – Аят 103

Намазды өтегеннен кейін, түрегеп тұрып, отырып немесе бір бүйірлеп жамбастап жатып (тіпті, соғыс жағдайында болса да) Алланы еске алыңдар. (Жорық тамамдалып немесе үрейлерің сейіліп) қауіпсіз жағдайда болғандарыңда намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (яғни әр намаз өз уақытында өтелсін деп) парыз етілді.

Қари: Salah Bukhatir.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Ән-Нұр [Нұр] – Аят 26

Пасық әйелдер пасық ерлерге лайық, сондай-ақ пасық ерлер де пасық әйелдерге лайық. Ал ізгі әйелдер ізгі ерлерге лайық, сондай-ақ ізгі ерлер де ізгі әйелдерге лайық. Міне, осынау ізгі жандар жалақорлардың жапқан жалаларынан пәк, ада. Оларға Алланың кеңшілігі мен берекелі де қайырлы ризық нәсіп болады.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Әл-Бақара [Сиыр] Аят 185

Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай. Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Шынында, Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді. Ендеше қаза болған күндерді толықтырып, өздеріңді тура жолға салғаны үшін Алланы құдіреті күшті ұлы жаратушы деп танып, (Рамазан айын ораза ұстап, намаз оқып, зекет-садақа беріп, Құран оқып өткізу арқылы) шүкіршілік етерсіңдер.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Әл-Бақара [Сиыр] Аят 183

Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғы-ларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
Сүре Бақара, Аят 184.png
1.6 MB
Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы.

(«Бақара» сүресі 2:184)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Rabbana дұғасы 13/40

Сүре Әли Имран [Имран жанұясы] – Аят 191

«Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»

Қари: Mansur as Salimi.

@ayatkorana