🕌 أية قرآن | AYATKORANA
2.16K subscribers
23 photos
316 videos
197 files
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138
Download Telegram
فَٱعْلَمْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسْتَغْفِرْ لِذَنۢبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ ۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مُتَقَلَّبَكُمْ وَمَثْوَىٰكُمْ

фәъләм әннәһу лә иләһә иллаллаһу уәстәғфир лиз̃әнбикә уәлилму'миниинә уәлму'минәт [қалә] уаллаһу йәъләму мутәқалләбәкум уәмәс̃уәкум

Ендеше, біліп қой, Алладан басқа құдай жоқ! Сондай-ақ өз күнәң үшін һәм мүмін ерлер мен әйелдер үшін Алладан кешірім, кеңшілік тіле! Алла сендердің барлық жай-күйлерің мен жүріс-тұрыстарыңды және ақырында қайда барып тұрақтайтындарыңды да жақсы біледі.

(«Мұхаммед» сүресі 47:19)
‏"اللهم انك عفوٌ كريم تحب العفو فاعفُ عنّا".
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлгі құмырсқаның сөзін естіген Сүлеймен (Раббысының өзіне әрі ата-анасына жасаған жақсылықтарына көңілі тасып) езу тартып күлді де: «Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың. Сондай-ақ мені шексіз рақымыңмен игі құлдарыңның қатарына қосқайсың!» – деп дұға етті.

(«Нәмл» сүресі 27:19)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алладан кешірім тіле. Өйткені Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әл-Жаббаар – Бойсұндырушы, Аса құдіретті.
Құран тыңдайық🌸
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Негізінен адам баласы сабырсыз болып жаралған. (Сондықтан да кәпірлер: «Бізді қорқытқан азабың қане?» – деп пайғамбарды мазақ қылады). Олай болса, асықпай-ақ қойыңдар, сендерге азабымды жақында көрсетемін.


(«Әнбия» сүресі 21:37)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
(Уа, Мұхаммед!) Алла (күнәға белшесінен батқан) залымдардың не істеп, не қойып жүргенінен бейхабар деп ойлама. Ол бар болғаны, олардың ісін көздерді шарасынан шығаратын ғаламат күнге қалдыруда.


(«Ибраһим» сүресі 14:42)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сондай-ақ оларға: «Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің (күллі жаратылыстың) Раббысы бір Аллаға арналады».

(«Әнғам» сүресі 6:162)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Айт тәкбірі!

" الله أكبر الله أكبر
الله أكبر، لا إله الا الله
والله أكبر ، الله أكبر
ولله الحمد "
تقبل الله منا ومنكم عيد مبـــــارك 😊🌸
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM

Қасиетті Құран Кәрімнен ең таңдаулы дұғалар.Дұғаларды жаттап әрқашан құлшылықтарыңызда айта жүріңіз.

Дұға 10-шы бөлім

[2:155] Сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер.

[2:156] Олар (сабырлы жандар) бастарына қандай да бір қайғы-қасірет келгенде: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз», – деп айтады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алла (күнәға белшесінен батқан) залымдардың не істеп, не қойып жүргенінен бейхабар деп ойлама. Ол бар болғаны, олардың ісін көздерді шарасынан шығаратын ғаламат күнге қалдыруда.

(«Ибраһим» сүресі 14:42)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM

📚Сүре Рум
🔎Аят 40

[30:40] Сендерді жоқтан жаратқан, жаратқаннан кейін ризықтандырған, кейін (дәм-тұздарың таусылғанда) сендерге ажал таптыратын да, содан кейін қайта тірілтетін де бір Алла. (Әй, мүшріктер!) Қане, айтыңдаршы, Аллаға серік етіп қосқан құдайларыңның арасында осы айтылғандардың біреуін болса да істей алатын бар ма?! Алла – олардың Өзіне серік етіп қосқан жалған құдайларынан аулақ һәм әлдеқайда ұлы.

Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.
[әл-А’раф 7:204]
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
(Алла Т.): "Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін" деді.

·ТаҺа:46аят