Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
358 subscribers
292 photos
5 videos
12 links
Download Telegram
10 қараша ІІМ ардагерлері күніне орай Ақтөбе заң институтында салтанатты іс-шара өтті. Алдымен институт басшылығы мен ардагерлері қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиында институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М. Алғожаев оқу ордасының іргетасын қалауға үлес қосқан ардагерлерді мерекемен құттықтап, жас ұрпақты патриотизмді рухына тәрбиелеуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді. Салтанатты шара институт курсанттарынан құралған өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
1
Қылмыстың алдын алу, болдырмау, кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын-алу, өскелең ұрпақтың бойында азаматтықты, патриотизмді, болашақта ішкі істер органдарының қызметіне кәсіби қызығушылықты және полиция қызметіне саналы көзқарасты дамыту бағытында және қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Жас сақшы» кадет сыныбы оқушыларына «волейбол» секциясы жүргізілуде.
1
Тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті, полиция подполковнигі М.Д. Жолдықараев және осы басқарманың бас криминалисті, полиция майоры Б.Т. Бейнов арнайы шақырылды. Бұл зертхана заманауи криминалистикалық техникамен жабдықталған, оның ішінде бейнетіркеу, дактилоскопиялық зерттеу, фотофиксация, портреттік сәйкестендіру және іздерді зерттеу құралдары бар. Тыңдаушыларға криминалистикалық зертхананың құрылымы мен мүмкіндіктері таныстырылып, нақты мысалдар арқылы адам тұлғасын тану және сипаттау әдістері көрсетілді.
Іс-шара қорытындысында кафедра оқытушылары мен полиция департаменті қызметкерлері мұндай бірлескен сабақтардың болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы маңызын атап өтіп, өзара серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
1
12 қараша өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімімен байланысты. Бүгін институтта 2011 жылы қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің есімін ұлықтау мақсатында 1 курс курсанттарына патриоттық кеш өткізілді.

Курсанттар есімі ел есінде сақталатын батырға құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Танымдық шара кезінде азаматтардың қауіпсіздігі жолында қызметтік міндеттерін адал атқарып, өмірден өткен қаһарман тұлға жайында ақпарат беріліп, ерлік эпизодтары суреттелетін бейнероликтер көрсетілді.

Бұл жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануға септігін тигізері сөзсіз.
1
2025 жылғы 10–14 қараша аралығында Институт қабырғасында алғаш рет Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының психологтары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Аталған курстар аясында 11–12 қараша күндері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылармен (агрессорлармен) жұмыс істеу тақырыбында екі күндік оқу семинары ұйымдастырылды.
Оқыту жұмыстарын Германия елінің Фридрих Эберт қорының шетелдік және қазақстандық сарапшылары, сондай-ақ Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен, алдын алу шараларымен және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс жүргізу бойынша практикалық дағдыларды дамытуға өз үлесін қосады.
13 қараша күні Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының “Жас
сақшы” кадет класының оқушыларына арнайы тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А. Алимжанов “Саптық даярлық” пәнінен тәжірибе сабағын өткізді. Практикалық сабақ барысында кадеттер әскери тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру,
саптық элементтерді үйлесімді орындау, саптық қозғалыстың үйлесімділігін арттыру дағдылары бойынша білімдерін жетілдірді.
Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттарымен «Нәзіктік пен қайсарлық – курсант қыздың келбеті» атты әдеби-танымдық кездесу–пікір алаңы өткізілді.
Бұл шарада ұлттық құндылықтар мен әйел болмысының маңыздылығы кеңінен талқыланып, курсант қыздардың рухани дамуына назар аударылды.
Аналар кеңесінің мүшелері қыз бала тәрбиесіндегі нәзіктік, парасаттылық және жауапкершілік жайлы тағылымды ойларымен бөлісті.
Курсанттар да өз пікірлерін ортаға салып, бүгінгі қоғамдағы қыздың рөліне қатысты өз көзқарастарын білдірді.
Кездесу барысында рухани тәрбие, адамгершілік қасиеттер және кәсіби қызметтегі қайсарлықтың мәні ашылды.
Шара жас арулардың бойында ұлттық болмыс пен кәсіби абыройды ұштастыруға бағытталған тағылымды басқосу болды.
2025 жылы 13 қарашада Ресей Федерациясының халықаралық заң институты “Қылмысқа қарсы іс-қимыл: жас зерттеушілердің көзқарасы” тақырыбында IV Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция (онлайн форматта) өткізді, оған біздің институттың магистранттары, курсанттары мен тыңдаушылары қатысты және сөз сөйледі, олардың ғылыми жетекшілері қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы болды, өзекті тақырыптарда баяндамашылар сөз сөйледі, олардың проблемалары атап өтілді және оларды шешу жолдары ұсынылды, Ресей өкілдері, сондай-ақ басқа да елдер тарапынан сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар берілді.
Жалпы, іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенді қатысқандары және қызықты баяндамалары үшін бір-біріне алғыстарын білдірді.
2025 жылғы 03-08 қараша аралығында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген учаскелік полиция инспекторлары мен ӘЗЗҚБ қызметкерлері үшін «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқыту барысында полиция қызметкерлері гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алудың теориялық білімдерін жетілдіріп, халықаралық құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік мәселелерін реттейтін ұлттық заңнамасын зерттеді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық психологиясы және отбасы-тұрмыстық жанжал қатысушыларының мінез-құлқының ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.
“Психологтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс істеу әдістеріне оқыту” курсы бойынша психолог - мамандарға 2025 жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.А.Мергалиев, “Жеке қауіпсіздік негіздері және өзін-өзі қорғау әдістері, психологиялық және физикалық өзін-өзі қорғау: агрессивті мінез-құлықты төмендету және жанжалды жағдайлардан қауіпсіз шығу” тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Іс-шара мазмұнды да мағыналы ахуалда өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін нақты сеніммен жеткізіп, жоғары белсенділік танытты. Тақырыпқа деген шынайы қызығушылық пікірталастың қарқынды әрі әсерлі болуына ықпал етті.
Пікірталастың негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңның қоғамдағы орнын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастарды өз құқықтары мен міндеттерін саналы түрде ұғынуға баулу болды. Бұл жауапкершілігі жоғары, әділдік пен адалдықты ту еткен, құқықтық мәдениеті орныққан тұлғаны тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам. Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ұйымдастырушылар мен оқушылар өзара алғыс білдіріп, мұндай шаралардың тәрбиелік әрі қоғамдық маңызын атап өтті. Осындай мазмұнды кездесулер жастарға шабыт беріп, ынталандыратыны сөзсіз. Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясына көрсеткен қонақжайлығы мен ықыласты қабылдауы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Ағымдағы жылғы 18 қарашада Халықаралық студенттер күніне орай Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алатын талантты жастарды бір сахнаға біріктірген Unifest Aqtobe 2025 фестивалі өтті. Шығармашылық конкурс өнер мен шабыттың, дарын мен достықтың үлкен мерекесіне айналып, студенттер “Үздік жүргізуші”, “Эстрадалық және дәстүрлі ән”, “Аспапта орындау шебері”,
“Хореография”, “Көркем сөз оқу”, “Фан-клуб”, “Видеоролик, “Мобилография”, “Ерекше жанр” номинациялары бойынша өзара мықтыларды анықтады. Ақтөбе заң институының курсанттары бұл фестивальге бірнеше номинация бойынша қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2025 жылғы 26 қарашада Институттың кәсіби даярлық факультеті Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, 1-курс курсанттарымен «Цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында семинар-кездесу ұйымдастырылды.
Спикерлер ретінде Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Жадан Амирханович Бисенбин және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Айгүл Мұратовна Имангазина сөз сөйледі.
Кездесу барысында спикерлер цифрлық гигиенаны сақтау, онлайн-ресурстарды саналы пайдалану және әрбір пайдаланушының жеке деректерді қорғаудағы жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
2025 жылғы 26 қарашада Байшев Университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына және университеттің 30 жылдығына арналған «Заң және тәртіп: жастардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігі» атты ғылыми іс шара өтті.
Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1–2 курс курсанттары жалпы заң пәндері кафедрасының “Заңгер” ғылыми үйірмесі аясында белсенді түрде қатысып, өз ойларын ортаға салды, заң және тәртіп, құқықтық мәдениет пен жастардың азаматтық жауапкершілігі жөніндегі талқылауларға атсалысты.
Іс-шара соңында институт курсанттары жоғары белсенділігі мен үлгілі дайындықтары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер» академиясы ұйымдастырған республикалық «Үздік студент» байқауында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының 2-курс, 3-взвод курсанты, полиция кіші сержанты Күлмұханова Дария Захарқызы I дәрежелі дипломға ие болды.
Жетекшісі: ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Мухтарова А.К.

Дария оқу жылы бойы ерекше белсенділік танытып, ғылыми конференцияларға қатысып, мақалалар жариялап, өз білімін үнемі жетілдіріп келеді. Курсанттық ғылыми қоғамының төрағасы, оқу озаты ретінде институттың ғылыми және шығармашылық дамуына елеулі үлес қосты.
Жеңімпазды марапаттау рәсімі Астана қаласында өткен «Егемендік тірегі – адал азамат» республикалық форумында салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Құттықтаймыз, Дария! Жаңа белестерің тек сәттілікке толы болсын!
2025 жылдың 17–21 қараша аралығында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары үшін «Процестік даярлық» пәні бойынша көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды.
Тәжірибе сабақ барысында Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі жұмыс бағыттарымен жан-жақты таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жедел-криминалистикалық басқарма мамандары бірқатар арнайы бағдарламалардың жұмыс істеу механизмдерін көрсетіп, олардың қолдану тәртібі мен мүмкіндіктерін толыққанды түсіндірді.
Сонымен қатар тыңдаушыларға «Папилон», «Образ++», «Оқ-гильзотека» сияқты іздестіру және сәйкестендіру жүйелерінің, сондай-ақ криминалистердің күнделікті тәжірибесінде қолданылатын өзге де ақпараттық-техникалық кешендердің жұмыс қағидалары таныстырылды.
20 қараша 2025 жылы Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жаксыбаева К.К. 108-оқу тобына «Русский язык» пәнінен «В аэропорту. На вокзале» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа институтымыздың профессорлық-оқытушылық құрамы және 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнін оқу аясында, педагогикалық тәжірибені талдау және тиімді оқыту әдістерін зерделеу мақсатында қатысты.
Сабақ барысында білім алушылар жоғары белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әдістемелік тұрғыдан ұтымды ұйымдастырылған ашық сабақ өз мақсатына толық жетіп, қатысушыларға мазмұндық, тәжірибелік және кәсіби тұрғыда пайдалы әсер қалдырды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Республикалық акциясы аясында Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы біліктілікті арттыру курсы бойынша «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі» тақырыбында білім алып жатқан учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдауышылары үшін «Жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы: себептері мен алдын алу әдістері» және «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
👍1
Channel name was changed to «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында»
Channel name was changed to «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты»