🎓 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ең көп қойылатын TOP-5 сұраққа тікелей эфирде жауап береді!
📌 Маңызды даталар
📌 Университет жеңілдіктері
📌 Шекті балл және төлемақы
📌 Шетел азаматтарын оқуға қабылдау
📌 Грант конкурсы
🗓 Эфир күні: 27 маусым | 11:00
📍 Платформа: Instagram @auezov_university парақшашында
🔔 Қосылып, маңызды ақпаратты тікелей эфирде бірінші болып біліңіз!
📩 Сұрағыңыз болса, пікірге жазыңыз – біз міндетті түрде жауап береміз!

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің қоғаммен байланыс орнатудағы, халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізудегі еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Әрбір сөзіңіз бен жарияланған материалыңыз елдің рухани, мәдени өміріне оң ықпал етіп келеді.
Шығармашылық шабыт, мызғымас серпін, ел мүддесі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Қаламдарыңыз мұқалмасын, ақпараттарыңыз әрдайым шынайы әрі өзекті болсын!

НАДИРА АҚШ-ТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Студентіміз Надира тағы бір жеңісімен қуантып, ел абыройын асқақтатты!
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Спорт және туризм» факультетінің СТ-23-3Р1 тобының студенті Надира Ахмедова АҚШ-тың Шарлот қаласында өткен таеквондодан World Taekwondo Crand Prix Challenge халықаралық турнирде 49 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Надира Ахмедованы жеңісімен Әуезов университетінің басшылығы және ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!!! Біз сені мақтан тұтатамыз!
Алар асуларың көп болсын!

❤3
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Мәжіліске Ғылыми кеңес мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Ғылыми кеңестің төрағасы Дархан Ахмед-Заки 2024-2025 оқу жылында «профессор» ғылыми атағын иеленгендер Боранбаев Сандыбай Режеповичке, Изтлеуов Ғани Молдакуловичке, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын иеленгендер Асылбекова Дина Дүйсенбекқызына, Сарыпбекова Нурсулу Кошеновнаға, Бектуреева Гульжан Устемировнаға, Еркебаева Сапаркуль Умиртаевнаға, Мауленкулова Гульбана Ержигитовнаға және философия докторы (PHD) дәрежесін иеленген Курганбеков Жангелди Нурумбетовичке салтанатты түрде дипломдарын табыстады.
Мәжілісте күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша төмендегі баяндамалар жасалды:
1. 2024/2025 оқу жылында бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім алушыларының көктемгі емтихан сессиясының нәтижелерін талдау және оқыту сапасын арттыру жолдары (Баяндамашы: Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Болысбек А.Ә.)
2. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша КРІ сәйкес факультеттердің/жоғары мектептер мен кафедралардың қызметін бағалау (Баяндамашы: Стратегиялық даму департаментінің директоры Джунусбекова С.Ш.)
3. Ғылыми кеңестің 2024/2025 оқу жылының екінші жартыжылдығындағы шешімдерінің орындалуы туралы (Баяндамашы: Комиссия төрағасы Жантасов М.К.)
4. 1 курсты есептемегенде 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін бекіту (Баяндамашы: Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Наукенова А.С.)
5. Университет студенттерінің ғылыми - зерттеу қызметінің жай-күйі мен негізгі нәтижелері туралы (Баяндамашы: Академиялық ғылым департаментінің директоры Назарбек У.Б.)
Сонымен қатар университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну; университет ОПҚ-ның дайындаған оқулықтары мен оқу құралдарын ҚР ҒЖБМ жанындағы ОӘБ гриф алуға және баспаға ұсыну; ҚР Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлерді ұсыну; диссертациялық кеңестердің ашылуы және олардың тұрақты мүшелерін бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

«Профессор» ғылыми атағы берілді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 994 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Абдикеримова Гульжанар Иманбаевнаға 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ғылыми атақ алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
____
Согласно приказу № 994 от 25.06.2025 года председателя Комитета по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан кандидату экономическую наук, доцент Южно-Казахстанского университета им. М.Ауэзова, Абдикеримовой Гульжанар Иманбаевне присвоено ученое звание профессора по научному направлению 50200 – Экономика и бизнес.
Сердечно поздравляем Вас с присвоением ученого звания!

YILLI NORMAL UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ
2025 жылғы 1 шілдеде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қытай Халық Республикасының YILLI Normal University делегациясының ресми сапары өтті. Бұл сапар білім және ғылым салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында ұйымдастырылды.
Сапардың негізгі мақсаты – серіктестіктің нақты бағыттарын, академиялық алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу мәселелерін талқылау.
YILLI Normal University делегациясының бұл сапары 2025 жылдың көктемінде Қытай Халық Республикасына ОҚУ делегациясының, Басқарма төрағасы-Ректор Д.Ахмед-Закидің жетекшілігімен жасаған сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің заңды жалғасы болды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті дамытуға жоғары баға береді және бұл бастамаларды жоғары білімді интернационалдандыру бойынша мақсаттарды іске асыруға маңызды үлес деп санайды.