AUEZOV UNIVERSITY
702 subscribers
15.4K photos
862 videos
3 files
710 links
Download Telegram
Талапкерге жадынама!

☑️Шығармашылық емтиханға қажетті ақпаратпен таныс болыңыз.
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сәлем, болашақ студент!

Еліміздегі жетекші оқу ордасы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2025-2026 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауда.

Қабылдау комиссиясы таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.

❇️ Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5. Қабылдау комиссиясы
универсиеттің В ғимаратында орналасқан.

‼️ Талапкерлерге қажетті барлық мәлімет төмендегі сілтемеде толық қамтылған https://t.me/Auezovtalapker
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Шымкент – Алматы – Семей» экспедициясының 5-ші күні.
Студенттеріміз бесінші күнгі сапарында ұлы тұлғалардың туған жеріндегі мәдени-тарихи нысандарда болды. Мұхтар Әуезовтың мұражай үйін жастар университеттің Басқарма-Төрағасы Дархан Ахмед-Закимен бірге аралап, тарихымызбен терең танысты. Содан кейінгі экскурсия Күшікбай кесенесі, Ақшоқы – Құнанбай әулеті жерленген зират, Еңлік-Кебек кесені, Жидебайдағы Абай музей-үйінде жалғасты.
Біздің жастарымыз Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына қанық. Алайда ұлы тұлғалардың ізімен жүріп, әрбір тарихи нысанды, ескерткішті, музейді көзбен көру, сезіну ерекше серпіліс береді, таным көкжиегін кеңейтеді, рухты оятады, бойда мақтаныш сезімі кернейді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Шымкент – Алматы – Семей» экспедициясының 6-шы күні.
Семей –терең тарихы мен мәдени мұрасы бар ерекше қала. Ол Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтің өмірімен тығыз байланысты, қазақ руханиятының алтын бесігі саналады. Семей – тек тарихи мекен ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениеттің, білім мен өнердің ордасы. Әуезов университетінің студенттері Семей еліне сапарда тарихымызбен тынысты, өз білімін тереңдетті.
Экспедиция алтыншы күні Семей елінен шығып Аягөз қаласына бет алды. Ары қарай Алакөлге аялдады.
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 908 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шакенова Майгуль Тулегеновнаға 60200 – "Тіл және әдебиет" ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Ғылыми атақ алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ғылым жолында мол табыстарға қол жеткізе беруіңізге тілектеспіз!
_____

Согласно приказу № 908 от 13.06.2025 г. председателя Комитета по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, кандидату филологических наук, доценту кафедры "Русский язык и литература" Южно-Казахстанского университета им. М.Ауэзова Шакеновой Майгуль Тулегеновне присвоено звание ассоциированного профессора (доцента) по научному направлению 60200 – "Язык и литература".
Поздравляем Вас с присвоением ученого звания! Желаем успехов и дальнейших достижений в научной деятельности!
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР

Әуезов университетінде шығармашылық мамандықтар бойынша білім алу – болашағыңды жарқын бағытқа бұрудың ең тиімді жолы.

📌 Бізде келесі бағыттар бойынша оқу мүмкіндігі бар:

В004 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
В006 - Музыка мұғалімдерін даярлау
В007 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
В027 - Театр өнері
B028 - Хореография
В030 - Бейнелеу өнері
В031 - Сән, дизайн
В033 - Дінтану және теология
В042 - Журналистика және репортер ici
В073 - Сәулет
В092 - Тынығу

💡 Шығармашылық емтиханнан өтіп, өз талантыңды дәлелде!

📚 Оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырып, армандаған мамандығыңа бір қадам жақында!

🔗 Толық ақпарат пен кеңес алу үшін бізге @auezov_talapker парақшасына Direct-ке жазыңыз немесе қабылдау комиссиясына келіңіз!

📍 Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Тәуке хан даңғылы 5, В ғимараты
🎓Ғылым жолын бүгін баста!

📚М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті PhD докторантураға үміткерлерді оқуға шақырады.

📤2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға қабылдау 03.07.2025ж – 04.08.2025ж аралығында жүргізіледі.

📌Толық ақпаратты университеттің Қабылдау комиссиясынан алуға болады.

🚀Сенің орның - біздің қатарымызда!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Шымкент – Алматы – Семей» экспедициясының 7-ші күні.
Бүгін сапардың соңғы күні. Қазақстанның табиғаты керемет ғой, шіркін! Жастарымыз Есік қаласындағы Есік көлі, Түрген шатқалы, Аюлы сарқырамасын тамашалады. Бұл сапарда студенттеріміз тарихи-танымдық көкжиегін кеңейтіп ғана қоймады, табиғат аясында демала да білді.
Бірлесе ұйымдастырылған танымдық іс-шара 3 университет арасындағы достықты нығайтты, бір-бірінің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік берді, жастарды бір-біріне жақындастырды. Ең бастысы ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу мақсатымызға қол жеткіздік деп ойлаймыз.
Сапарды ұйымдастыруға ұйытқы болған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына жастарымыз алғысын жеткізеді!
Келесі сапарда кездескенше!
Әуезов университетіне түсу үшін қажетті құжаттар
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌿 Ауыл шаруашылығы – болашақтың кепілі! 🌿

Бүгін Бозарықтағы “ALARKO Agriculture” жылыжай кешеніне Абай ауданы мансап орталығының басшысы Ордабаева Дария Амангельдиевна, еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мынбаев Нуртаза Абдуллаевич, сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының директоры Аубакирова Таслима Сериковна іссапармен барып қайтты.

🌱 Кешеннің құрылысын жүргізген – «Alsera KZ» ЖШС, жоба жетекшісі – Амерханов Толкын Кулатаевич.

👩‍🌾👨‍🌾 Кешен агрономия мамандығы бойынша білім алған университет және колледж түлектерін жұмысқа шақырады!
Бұл – заманауи, технологиялық жылыжайда тәжірибе жинап, тұрақты жұмыс табуға керемет мүмкіндік!

💼 Болашағыңды ауыл шаруашылығымен байланыстырғың келсе – бүгіннен бастап әрекет ет!