AUEZOV UNIVERSITY
702 subscribers
15.4K photos
862 videos
3 files
710 links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2025-2026 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки қабылдау комиссиясының жұмысына сәттілік тіледі.
Қабылдау комиссиясына алғашқы болып Португалиядан Эстрела Жаркынбековна құжат тапсыруға апасымен бірге келді. Олар электрондық жүйесі арқылы кезек алып, қиындықсыз құжаттарын тапсырды.
–Ата-анам Португалияда тұрады. Қазақстанда жоғары оқу орындарын таңдағанда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» мамандығын таңдадым, - деді Эстрела.

Құрметті талапкерлер! Құжаттар қабылдау үшін біз Сіздерді М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың В ғимаратында күтеміз!
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан, 5
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
В УНИВЕРСИТЕТЕ ИМЕНИ АУЭЗОВА НАЧАЛСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ОТ АБИТУРИЕНТОВ

Сегодня Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова открыл прием документов от абитуриентов на 2025–2026 учебный год. Ректор вуза, председатель Правления Дархан Ахмед-Заки, пожелал приемной комиссии успешной и продуктивной работы.
Первыми документы подали Эстрела Жаркынбековна и её мама, прибывшие из Португалии. Они заранее записались через электронную систему и без задержек прошли все этапы подачи.
— Мои родители живут в Португалии. Выбирая университет в Казахстане, я остановилась на ЮКУ имени М. Ауэзова в Шымкенте и поступаю на специальность «Международные отношения и международное право», — рассказала Эстрела.
Уважаемые абитуриенты! Для подачи документов просим вас пройти в корпус «В» ЮКУ имени М. Ауэзова.
Адрес: г. Шымкент, ул. Тауке хана, 5.
_

ADMISSIONS OPEN AT AUEZOV UNIVERSITY!

M. Auezov South Kazakhstan University has officially began accepting applications for the 2025–26 academic year. The university's Rector and Chairman of the board, Darkhan Ahmed-Zaki, wished the admissions committee a productive and successful campaign.
The first applicants to submit their documents were Estrela Zharkynbekovna and her mother, who had travelled from Portugal. After registering in advance through the electronic system, they completed the application process without any issues.
“My parents live in Portugal. When choosing a university in Kazakhstan, I opted for M. Auezov South Kazakhstan University in Shymkent and applied for the 'International Relations and International Law' programme," Estrela said.
Dear applicants! To submit your documents, please proceed to Building B of M. Auezov South Kazakhstan University.
Address: 5 Tauke Khan Street, Shymkent.
AUEZOV UNIVERSITY
Video
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Семей еліне жолға шыққан «Шымкент – Алматы – Семей» бағытындағы Әуезов университетінің экспедициясы бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне тоқтады. Қонақтарды Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жақауов Мақсат Дөңесұлы қарсы алды. Студенттеріміз университетпен танысып, мұражайын аралады.

Екі жоғары оқу орнының студенттері бір-бірімен етене танысып, әңгіме барысында рухани-танымдық сапардың маңыздылығын талқылады.

Атап өтейік, Әуезов университетінен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған сапар сегіз күнге жоспарланған. Мақсаты – өскелең ұрпақтың қасиетті орындарға барып, рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихын насихаттауға арналады.
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ OŃTÚSTIK ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Университетіміз өз тарихында талай майталман өнер қайраткерлері және спорт саласында аты әлемге танылып жүрген спортшыларға жоғары білім беріп, түлектеріміз бүгінде мақтанышымызға айналды.
Қазіргі таңда талапкерлер мамандық таңдауда. Ендеше, оқу ордасындағы ғылым және білім саласындағы жаңалықтар, мамандар және ғылыми кадрларды даярлау, қос дипломды білім беру бағдарламалары жайында талапкерлерге қажетті деген кеңестермен
«Мәдениет және өнер» факультетінің деканы, п.ғ.к. профессор Медеубек Тәңірбергенов, «Спорт және туризм» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Мұхамедали Ережепов OŃTÚSTIK телеарнасының «Таң нұры» бағдарламасында бөлісті.

https://youtu.be/y1UvnZ1oJ5A