Atyrau TV
262 subscribers
604 photos
254 videos
1 file
1.72K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент референдум нәтижесі туралы пікір білдірді

Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады,-деді Мемлекет басшысы.
Аймақтағы референдум учаскелерінде мұғалімдер мен еңбегі сіңген педагогтарды мерекемен құттықтауда

Бүгін елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының референдум учаскелерінде дауыс берушілердің арасында білім беру саласына еңбегі сіңген педагогтер мен білім беру ардагерлері де бар. Олардың кәсіби мерекесіне орай дауыс беру учаскелерінде шағын салтанатты іс-шаралар өтеді. Мұғалімдерді мерекесімен құттықтап, оларға көп жылдық еңбегі мен аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріледі.

Келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар ел үшін осындай маңызды референдумға қатысудың маңызын айтып, олардың жастар тәрбиешісі ретіндегі дауысы демократиялық процестің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
104 жастағы Шәміл әже өз таңдауын жасады

Сәуір айында 104 жасқа толған Бұзауслан ауылының тұрғыны Шәміл Өміржанова әжеміз де өз таңдауын жасады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді

Тұңғыш Президент «Астана опера» театрында орналасқан № 256 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Атырау облысында, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге құқылы азаматтардың 43,94 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген
Атырау облысында, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге құқылы азаматтардың жартысынан астамы, яғни 52,91 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎣БАЛЫҚШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ ДАУЫС БЕРДІ
Атырау облысында, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге құқылы азаматтардың 56,61 пайызы өз таңдауын жасаған
⚡️Қостанай облысында өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

"Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды", – делінген әкімдік хабарламасында.
👩🏻‍🚒Бүгін Құтқарушылар күні

1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі болып белгіленді.

Азаматтық қорғау саласы қызметкерлеріне табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Халық игілігі мен табиғат құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, көптеген адамның өмірін сақтап қалған құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн🇰🇿
Atyrau TV
Video
2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37 шамасында Атырау қаласы Б. Құлманов көшесінің бойында орналасқан сауда ойын-сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Атырау облысы ТЖД күштері дереу оқиға орнына жетіп, 80 адамды оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт балаларға арналған киім дүкенінің қоймасынан басталған.
Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Өрт сағат 21:58-де оқшауланып, сағат 22:50 де толықтай жойылды.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себептері алдын ала болжам бойынша тоқ желісінің қысқа тұйықталуы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 2 шақырту бойынша күштер тартылып, жалпы саны 92 жеке құрам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар оқиға орнында Департаменттің психолог мамандары эвакуацияланған адамдарға және кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдемнің 2 бригадасы, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ 4 қызметкері, Полиция департаментінің 50 қызметкері, 23 бірлік техникасы және шұғыл әрекет ету мекемелері жұмыс жасады.

Орын алған өрт оқиғасына байланысты, 27 қазаннан бастап Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында 45-14-75 нөмірі арқылы қауырт желі іске қосылды.
Казахстан стал лидером среди стран бывшего СССР в привлечении инвестиций

Казахстан стал лидером среди стран бывшего СССР в привлечении инвестиций
Казахстан укрепил свои позиции в привлечении иностранных инвестиций, став лидером среди стран постсоветского пространства, передает ArbatMedia.

На фоне глобального спада инвестиционной активности, вызванного усилением санкционного давления, сбоями в логистике и ростом инфляции, Казахстан выделился как главный реципиент прямых иностранных инвестиций среди стран бывшего СССР, включая Центральную Азию и государства без выхода к морю, сообщает пресс-служба МНЭ РК.

Основная цель, которую преследуют Казахстан в ближайшее время, удвоение национальной экономики, для чего привлечение инвестиций определено одним из основных инструментов. В рамках реализации этой задачи обновлена Концепция инвестиционной политики до 2029 года, которая предполагает новый подход к работе с инвесторами, ориентированный на потребности отдельных секторов экономики.

Особое внимание будет уделено формированию «инвестиционных запросов», которые будут учитывать запросы отечественного бизнеса и квазигосударственных компаний в конкретных производствах. Эти данные лягут в основу региональных инвестиционных программ и будут использоваться казахстанскими заграничными представительствами для привлечения профильных зарубежных инвесторов.

Для стимулирования экономического роста планируется дальнейшее развитие инфраструктуры для новых высокопроизводительных проектов. В этом году был принят Национальный инфраструктурный план до 2029 года, включающий 204 проекта общей стоимостью около $86 млрд. План охватывает развитие четырех ключевых направлений — энергетической, транспортной, цифровой инфраструктуры, а также систем водоснабжения и водоотведения.